Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / Психология "Айзенк темпераментті анықтау тесті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Психология "Айзенк темпераментті анықтау тесті"

библиотека
материалов

Айзенктің темпераментті анықтау тесті
Нұсқау: Сізге өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «ИӘ» немесе«ЖОҚ» жауабы үшін орын қалдырылған.

Тез және мұқият жұмыс істеуге тырысыңыз. Бір сұраққа ойланып, кеп уақыт жұмсаудың қажеті жок. Сіздің тез қайтарылған жауабыңыз кымбат. Барлық сұрақтарға бірнеше ғана минут арнағаныңыз жөн. Еш сұрақ жауапсыз қалмасын. Парақты аударып, жұмысқа кірісіңіз. Тез қимылдаңыз және жауаптың «жақсы», «жаман» болып бөлінбейтіні естен шықпасын. Бұл Сіздің ақыл-ой немесе қабілет сыны емес, тек темперамент ерекшеліктеріңізді анықтау ғана.
1. Сіздің бұрын кездеспеген әсерлерге еліктеп, көңіл-күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?
2. Өзіңізді жақсы түсініп, ақыл айтып, істеген ісіңізді құптап, жұбатып тұратын достардың сізге қажеті бар ма?
3. Сіз өзінізді еш нәрсемен ісі жоқ адаммын деп есептейсіз бе?
4. Өз ойыңыздан (алған беттен) кайту сізге қиын тимей ме?
5. Сіз іске кірісер алдында көп ойланып, артын күтіп барып, іске кірісесіз бе?
6. Істің ақыры нәтижесіз аяқталатынын көре тұра, сіз берген уәдеңізде тұрамысыз?
7. Көңіл-күйіңіз жиі өзгере ме?
8. Сіз кеп ойланып жатпай, тез сөйлеп, жиі қимылдайсыз ба?
9. Алып бара жатқан себеп болмаса да, өзіңізді бақытсызбын деп сезінген кездеріңіз болды ма?
10.Ерегісте сіз еш нәрседен тайынбайтыныңыз рас па? 
11.Ұнайтын адаммен сөйлескіңіз келгенде қымсынасыз ба? 
12.Қатты ашуланғанда, өзіңізді ұстай алмай кететін жағдай бола ма? 
13.Минуттық сезімнің әсерінде кететін жайыңыз жиі бола ма? 
14.Істеген ісіңіз бен айтқан сөзінізді артынан ойлап, «әттеген-ай» дейтін уақыттарыңыз жиі кездесе ме?
15.Жұртпен қатысып, сөйлескеннің орнына. оқығанды дұрыс көремісіз?
16.Тез ашуланып қалатыныңыз рас па? 
17.Көпшіліктің ортасында жиі болғанды қалайсыз ба? 
18.Басқаға білдіргіңіз келмейтін ойларыңыз бола ма? 
19. Кейде бастаған істі жылдам орындап тастап, кейде ісіңіздің өнбейтін кездері бола ма?
20.Жаныңызға жақын адамдардың аз болуын қалайсыз ба? 
21.Көп армандайсыз ба? (Арманыңыз көп пе?) 
22.Сізге біреу айғайлап жатса, сіз де айғаймен жауап беремісіз? 
23.Кінәлі екендігіңізді сезіп, мазаңыз кетпей ме? 
24.Өз істеріңіздін бәрі дұрыс және орынды деп білесіз бе? 
25.Көпшілік арасында сезім тізгінін босатып, қатты көңілденіп, еркінсіп кетесіз бе?
26.Сіздің жүйке жүйеңіз қатты жұқарып кетті деуге бола ма? 
27. Сізді көнілді және пысық деуге бола ма?
28.Біткен іске ойша қайта оралып, «дұрысырақ, жасауға болатын еді» дейтін кездеріңіз бола ма?
29. Көпшілік ортасында сіз өзіңізді еркін сезінесіз бе?
30. Біреуден естігеніңізді біреуге жеткізетін әдетіңіз бар ма?
31. Әр нәрсені ойлап, ұйықтай алмайтын уақыттарыңыз бола ма? 
32.Бір нәрсені білгіңіз келгенде, достарыныздан сұрап алғаннан да, кітаптан оқып алғанды дұрыс көресіз бе?
33.Жүрегіңіздің қатты соғатын кездері бола ма?
34. Аса үлкен ықтиярлықты қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?
35.Қалтырап кететін жағдай сізде жиі бола ма?
36.Айталық, сіздің бұрын оңаша жерде артық айтқан сөзінізді ешкім есіне алмай-ақ қойсын. Кейіннен, басқа ойда бола тұра, жұрттың дегеніне қосылып жүре беремісіз?
37.Бірін-бірі іліп-шалып, қалжыидап отыратын жұрт арасында болу сізге онша ынғайлы емес. Солай ма?
38.Ешқандай ауыр жұмыс жасамасаңыз да, алқынып қалатын кездеріңіз бола ма?
39.Жиі ашуланасыз ба?
40.Тез қимыл-әрекет қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?
41.Сәтті аяқталғанымен, әртүрлі кемшіліктері болған іс қайта оралып, мазаңызды ала ма?
42.Сіз асықпай, жай қимылдайсыз ба?
43.Жұмысқа, кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?
44.Сіз сөзшеңсіз, ашықсыз, таныс емес адаммен де тез тіл табысып, сөйлесіп кетесіз, солай ма?
45.Жанға батып жүрген ауруыңыз бар ма?
46.Достарынызды көп уақыт көрмесеңіз, өзіңізді «бақытсызбын» деп сезінесіз бе?
47.Сіз өзіңізді «жүйке жүйесі тозған адаммын» деп есептейсіз бе?
48. Өзіңіз танитындардың ішінде сізге ұнайтын адамдар бар ма?
49. Сіз өзіңізді «сенімді адаммын» деп есептейсіз бе?
50.Сіздің өзіңізді немесе қызметіңізді сынаған кезде тез ашуланып қаласыз ба?
51.Кешкі ойын-сауықтан ләззат алу қиын деп есептеймісіз?
52.Сіз өзіңізді өзгеден кем санап, мазасызданатын кездерініз бола ма

53.Көпшілік ортасына келіп, әңгіме-думанды жандандырып жіберу сізге қиын емес пе?
54. Өзіңізге беймәлім мәселелер туралы сіз кейде әнгіме-дүкен құрасыз ба?
55.Сіз өз денсаулығыңызды сақтауға тырысасыз ба?
56.Сіз өзге адамды келемеждеуді ұнатасыз ба?
57.Ұйықтай алмай, мазасызданасыз ба?
Нәтижелерін өндеу:
Сұрақтар тізбегін қорытындылау үшін белгілер. 
1) «Жалған» өлшемі:
6, 24. 36 - сүрақтарга «ИӘ» жауабы.
12, 18, 30, 42. 48, 54 - сүрақтарға «ЖОҚ» жауабы. 
Жалпы балл сандары қосылып есептелінеді (Ж):
Ж — 9-ға тең болған жағдайда қорытынды жасалынбайды.
Ж — саны көбейген сайын нәтижелер растығы төмендей түседі.
2) «Экстраверсия-интроверсия» елшемі:
Мына сұрақтарға «ИӘ» жауабы берілгенде: 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56.
Мына сұрақтарға «Жоқ» жауабы берілгенде: 5, 15, 20, 29, 32, 34, 37,
41, 51.
Балл қосындысы шығарылады (Э). «Э» саны көбейген жағдайда (0-ден 24-ке дейін) адамның экстраверсиялық қасиеті молая түсті.
3) «Эмоциялық тепе-тендік — нейротизм» өлшемі:
Мына сұрақтарға «ИӘ» жауабы болғанда: 2. 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28. 31, 33, 35, 38, 40, 43, 45, 50, 52, 55, 57.
Жалпы (Н) — Нейротизм балл косындылары шығарылады. (Н) саны көбейген жағдайда (0-ден 24-ке дейін) адамның эмоциялық тепе-тендік қасиеті (нейротизм) көбейе түседі.
4.Төменде көрсетілгендей график жасалынады:

НЕЙРОТИЗМ
4 1 ИНТРОВЕРСИЯ ———— 12 ————ЭКТРОВЕРСИЯ
Эмоциялық тепе-теңдік (тұрақтылық)
Бір-біріне перпендикуляр жүргізілген сызықтарға (өлшемдерге) қолдағы бар нәтижелер жазылады - Э және Н. Сызық шетіндегі нүктелер бір-біріне қосылады. Пайда болған (үшбұрыш, сызық, нүкте) фигура сынаққа түскен адамның классикалық қай темперамент түріне жататынын көрсетеді.

1-холерик, 2-сангвиник, 3-флегматик, 4-меланхолик.
Г.Айзенктің анықтамасына орай, қолдағы алынған нәтижелерге сүйене отырып, әр типтің өзіне тән қасиеттері болатынын айта кеткен жөн. Мысалы:
1. Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен карайды), белсенді, пысык, байқам, сенгіш, ашуланшақ т.с.с.
2. Сангвиник — ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т.с.с.
3. Флеглштик — сак, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т.с.с.
4. Меланхолик — беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден түңілгіш), түйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (керітартпа) қасиеті бар, т.с.с.
Темперамент типінің (түрінін) салыстырмалы тұрақтылық, қасиеті жөнінде пікір қорытып, мінез және темперамент ара қатынасын ажыратып алған жөн. Оқушылар мен оқытушылардың мінез ерекшеліктерін анықтау жолындағы әр темпераменттік типтің атқарар ролі орасан зор.
Б.Басстың «Тұлғаның бағыттылығын анықтау» анкетасы
Анкета 27 пункт – түсіндірмелерден тұрады, әрқайсысына үш түрлі жауап нұсқалары берілген, жауаптар тұлғаның бағыттылығына сәкестендірілген.
Респондент өзінің ой пікірін білдіретін, шынайы өмірге сәйкес жауапты таңдап алады және керісінше, шындыққа сәйкес емес, өзінің ой пікіріне қайшы келетін жауапты таңдайды. Жауаптар: «көбінесе» - 2 ұпай, «сирек» - 0 ұпай, таңдалмай қалғаны – 1 ұпай. Барлық 27 пункт бойынша жинақьалған ұпай әрбір бағыттылық бойынша жеке есептелінеді.
Әдістеме көмегімен тұлғаның мынандай бағыттары анықталады: «өзіне» (М), «сөйлесуге» (Қ), «іске» (І).
Нұсқау: сұрақ парағы 27 пункттен тұрады әрқайсысында А, Ә, Б деген жауаптың үш нұсқасы бар.
1.Жауаптардың ішінен өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретінін таңдайсыз. Кейбір жауаптардың мазмұны бір-біріне ұқсас көрінуі мүмкін. Алайда, өзіңіздің көңіліңізден шығатынын таңдаңыздар, (А,Ә,Б) әріптің бірін «бәрінен де көп» деген сәйкесті номер тұсына жазыңыздар.

2.Сіздің көңіліңізден шықпайтынын таңдап «бәрінен де аз» деген пункт тұсына жазыңыздар. Жауабыңызды білдіретін әріпті сәйкес номер тұсына жазып көрсетіңіздер.

3.Сөйтіп, әрбір сұрақ жауабына сіз 2 әріп қолданасыз және оны сәйкесті бағанаға жазасыз. Қалған жауаптар ешжерге жазылмайды. Барынша шынайы болуға тырысыңыз. Жауаптың «жақсы», «жаман» дегені жоқ. Сондықтан «дұрыс» жауап іздеп әуреленбеңіз. Жауаптың тиісті жерге жазылуын қадағалап отырыңыз. Егер қате кеткенін байқасаңыз айқын көрінетіндей етіп жөндеңіз.






2. егер де футбол )волейбол, баскетбол) ойнасам, онда мен:
А. Ойынның тактикасын құрушы бапкер болар едім;
Ә. Белгілі ойыншы болар едім
Б. Команданың таңдаған капитаны болар едім





3. Меніңше, жақсы оқытушы деген мынандай болуы керек:
А: Оқушыларға қызығушылық танытып және әрқайсысымен жеке тіл табыса алатын;
Ә. Балаға білімін тереңдететіндей пәнге қызығушылығын оятатын;
Б. Ұжымда өз пікірін айтуға қорқпайтын жағдай қалыптастыратын. 





4. Маған ұнайды, егер адамдар :
А. Атқарға ісіне қуанып жатса;
Ә. Ұжымда бірлесіп жұмыс істесе;
Б. Өз жұмысын басқалардан артық істеуге тырысса;





5. Мен достарымның мынындай болғанын қалар едім:
А. Мүмкіндігінше, бір-біріне қол ұшын беріп көмектессе;
Ә. Сенімді және сенетін адам болса;
Б. Ақылды және қызықты адамдар болса





6. Ең жақсы достарым деп санайтындарым:
А. Қарым-қатынасым жарасындарды;
Ә. Барлық уақытқа сенуге болатындарды;
Б. Өмірде көп нәрсеге қол жеткізе білетіндерді.





7. Маған бәрінен де ұнамайтыны:
А. Бір нәрсе қолымнан келмегенде;
Ә. Достарыммен араздасқанда;
Б. Мені сынағанда.






8. Бәрінен де жаманы, егер оқытушы:
А. Кейбір оқушыларды ұнатпайтынын ашық айтып оларды мазақтаса;
Ә. Ұжымда бақталастық тудырса;
Б. Өз пәнін жеткілікті белмесе.





9. Бала кезімде маған өте қатты ұнайтын:
А. Достарыммен бірге уақыт өткізген;
Ә. Жұмыс атқарғанымды сезінген;
Б. Орындаған ісім үшін мақтаған.





10. Мен ұқсағым келеді:
А. Жетістікке жеткекн адамдарға;
Ә. Өз ісіне шын берілген адамдарға;

Б. Өзінің достық қарым-қатынасымен ерекшелінетін адамдарға.





11. Ең алдымен мектептен :
А. Өмірлік мақсаттарды шеше білуді үйрету керек;
Ә. Оқышының жеке қабілетін жетілдіре білу керек;
Б. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға көмектесетін қасиеттерді тәрбиелеу керек.








Кілті


Нәтижелердің интерпретациясы:
Жауаптар мен түйінін салысытырып дұрыс жауапты табыңыздар (М, Қ, І). Көрсеткіш белгілеріне қарай бағыт бағдар түрін анықтаңыздар:
1.Өзіне бағыттылық (М) – атқарылған жұмыстың бәрін өзіне аудару, мәртебеге таласу, билік құмар болу, бақталасу, тынышсыздану.

2.Қарым-қатынасқа бағыттылық (Қ) - барлық жағдайда адамдармен қарым-қатынасты сақтай білу, ортақ жұмыс істеуге бейімділігін көрсету, адамдарға шынайы көмек көрсетуге талпыну;

3,Іске бағыттылық (І) – іскерлік мәселелерді шешуде, жұмысты нәтижелі орындауға ұмтылу, ортақ мақсатқа жету үшін пайдалы пікірді жақтау.



Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1673
Номер материала ДБ-037680
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх