Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПсихология "ҰБТ- ге психологиялық тұрғыда дайындау. "

Психология "ҰБТ- ге психологиялық тұрғыда дайындау. "

Скачать материал

ҰБТ- ге психологиялық тұрғыда дайындалу.

1.  «Менің эмоциям» жаттығуы

Мақсаты: артистік қабілетті белсенді ету, өзін еркін сезінуге жету, эмоциясын ситуацияларға пара-пар етіп көрсете білу іскерлігін қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Материал: Адам тәнінің мүшелері және эмоциясы белгіленген түрлі эмоция топтамалары. Топтамаларда түрлі эмоциялар  берілген, олар: «Қайғы бет», «Қуаныш ерін», «Ренжу оң қол», «Көкіректік арқа», «Қорқыныш аяқтар», «Таңқалу  Қастар».

Нұсқау: Мен қазір сіздерге адам тәні мен эоциялық жағдайы белгіленген топтамалар таратамын. Сіздер оны мұқият қарап, эмоцияны бейнелеңіздер.Мысалы «Қайғы қолдар» топтамасы нені білдіреді соны қолдың көмегімен көрсету қажет. Топтың міндеті – сол эмоцияны анықтап табу.

Талдау:

Эмоцияның сіздер үшін қандай маңызы бар?

Адам өмірінде ол қандай роль атқарады?

Ол қандай өмірлік ситуацияларда туындауы мүмкін?

2. «Өз эмоциянды қалай басқару керек»  мини-лекция

Мақсаты: эмоцияны басқаруға үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Жағымсыз эмоцияны қалай кетіруге болады?

Сізді түсінетін достарыңыздың арасында жағымсыз эмоцияңыздан арылу. Егер сіз бір жағымсыз эмоцияңыздан арылғыңыз  келсе, онда жастықты ұрыңыз, бет орамалды құрғақ болса да сығыңыз. Ашу энергиясы иық, қолдың жоғарғы бөлігінде және саусақтарда жиналады. Кез келген дыбыс шығарыңыз, ашу күші мойныңызға тығылып қалуы мүмкін. Толыққанды арылу қандай да бір спорт түрімен айналысуда шығады. Сондықтан да нағыз спортшылар дене және жан  саулығына ие.Адамға табиғаттың жақсы әсері мол. Қиын жағдайда серуен жасау, өзен ағысынап және көлдің мөлдірлігіне қарау, таза ауамен тыныстау көп көмектеседі. Тыныс алу арқылы эмоцияны реттеу. 3-4 қысқа тыныс алу мен оны шығару миға баратын импульстар ағыны жақсарып, стреске әсер етеді. Сосын терең тыныс алу қажет.

Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады. Осы жаттығуда жылау мен күлкінің, емдік қасиеттері бірігеді. Ал енді эмоцияны реттейтін бірнеше жаттығулар жасаймыз.

1.     Бас бармақты ішіне қаратып, жұдырықтаңыз. Тынысыңызды жаймен ішке жинап, жұдырығыңызды қысыңыз. Сосын жұдырығыңызды біртіндеп босатып, тынысыңызды шығарыңыз. 5 рет қайталаңыз. Енді осы жаттығуды көзді жұмып жасаймыз. Бұл тиімділігін арттырады.

2.     Екі грек жаңғағын алақанда айналдырыңыз. Екі алақанға кезекпен жасаңыз.

3.     Кішкентай бөбек саусағыңыздың басына массаж жасаңыз.

4.     Жаңғақты кішкентай бөбек саусағыңызға жақын орналастырып, екінші алақанмен 3 минуттай айналдырып қимыл жасаңыз.

3. «Бұзық телефон» жаттығуы

Мақсаты: Зейінді дамыту, эмоциялық қатаюдан арылту, көңіл-күйді көтеру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Сіздер аспан және жер принципі бойынша екі топқа бөлінесіздер. Ең соңында тұрған адам алдағы тұрған адамның иығынан түртіп қаратып алып, би қимылын көрсетеді. Қайырылып қараған адам би қимылын есіне сақтап, келесі адамға адамды қаратып, осылайша жаттығу жалғасады. Сосын топ аяқталғанда, бидің алғашқы нұсқасы мен соңғысы салыстырылады. Сөйтіп, алғаш би қимылын көрсеткен адам топтың бас жағына барады.

Талдау: Көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз. Қимылды ойлап тауып, оны қайталау қиын болды ма? Ойынның мағынасы не?

4. Кіші топтағы пікір-сайыс

Мақсаты: теориялық  материалды бекіту.

Уақыты: 25 минут.

Нұсқау: кіші топқа төмендегідей бөлесіздер.

Сіздердің  құлақтарыңызға бір-бір эмоция жазылған сөздер айтылады. Міндеттеріңіз: дәл сондай сөз айтылған адамды дауыс шығармай, вербальды емес тәсілмен табу. Әрбір құрылған топ өз сөздерін ым-ишарамен көрсетеді. Сөздер: таңқалу, қорқыныш, қөұмарлану, қуаныш.

Ал енді 4 кіші топтар құрып, таймер, хатшы, спикер, төрайым немесе төраға таңдайсыз. Қазір емн сіздерге сұрақтарды талқылауға беремін. Пікір-сайыс кезінде ми шабуылын пайдаланып, топ қағидасын сақтаңыздар. Жұмысқа 2 минут беріледі.

1-    Топқа тапсырма: Қорқынышты қалай жеңуге болады?

2-    Топқа тапсырма: Жолы болмаушылықты қабылдаудың жағымды және жағымсыз тәсілдері.

3-    Топқа тапсырма: «мынадай сәтте жолым болады...» және «мынадай сәтте жолым болмайды...» деген сөйлемдерді аяқтаңыз.

4-    Топтың тапсырмасы: Өз эмоцияңызды қалай жеңуге болады?

Ал енді спикерлерге өндейтін топтың идеяларын айтуын сұранамыз.

4. «Кім өзін бәрінен күшті мақтайды» немесе «қара күнге жадынама».

Мақсаты: өзі туралы позитивті ішкі диалогты жүргізу дағдысын дамыту, өзіндік талдау қабілетін дамыту.

Уақыты: 15 минут.

Материалдар: әр қатысушыға арналған бланк қағаздары.

Нұсқау: айнала отырыңыздар. Әр адамда көңілі жабырқау, көңілсіз сәттері болады. Мұндай сәттерде өз жетістіктеріңіз, жеңістеріңіз, қабілеттеріңіз, қуанышты кездеріңіз ұмытылып кетеді. Әрқайсымызда жақсы қасиеттер бар. Психологиялық кеңес беруде осындай тәсіл бар. Психолог келген адаммен  адаммен бірге оның жетістіктерінен, қабілеттерінен , жеңістерінен тұратын жадынама жасайды. Көңіл күйіңіз болмағанда, аталған жадынаманы оқысаңыз, сергіп, өзіңізді әділ бағалайсыз. Осындай жұмысты жасайық. Егер қаласаңыздар, жадынамаларды оқысаңыздар болады. Толтырылған жадынама сіздерде қалады. Дайындық: Тақтаға бланкідегі үлкен таблицаны салу.

«Менің жақсы қасиеттерім» жадынама бланкісі

Менің жақсы қасиеттерім

Менің қабілетім мен талантым

Менің жетістіктерім

 

 

 

Нұұсқау: «Менің жақсы қасиеттерім» бағанына ең жақсы деген қасиеттеріңізді жазыңыздар. «Менің қабілетім мен талантым» бағанына өзіңіз кез келген салада мақтан тұтатын қабілет талантыңызды жазыңыз.

«Менің жетістіктерім» бағанына барлық жетістіктерді жазыңыздар.

Жаттығуды талдау: Бұл жаттығуды орындаудың маңызы қандай болды? Не сізді ойландырды, болашақта нені пайдаланасыз?

5. «Менің өзіндік бағамның декларациясы» жаттығуы.

Мақсаты: өзіндік бағаны арттыру, өз  күшін тексеруге мүмкіндік алу.

Уақыты: 15 минут:

Нұсқау: Мен қазір сіздерге «Менің өзіндік бағамның декларациясын» оқып беремін. Бұл өз-өзіме арналған ұран. Мен сіздерді менімен бірге дауыстап оқуды сұранамын.

«Мен – бұл мен мен. Бүкіл әлемде мен сияқты, маған ұқсас адам жоқ. Маған кейбір жері ұқсас адамдар бар, бірақ олар дәл мендей емес. Сондықтан да менен шыққанның барлығы менің ғана төлтумам, өйткені оны мен таңдадым. Өзімдегі барлық нәрсе, маған тиесілі; менің тәнім, оның барлық әрекеті; менің санам, ондағы ойлар мен жоспарлар; менің көзім, оның көрген барлық образдары; менің сезімім, қобалжу, құмарлану, қатаю, махаббат, тітіркену, қуаныш сияқты қандай сезім болмасын; менің ауызым және ол айтатын барлық сыпайы,  мейрімді,дөрекі, дұрыс, дұрыс емес сөздер; менің қатты және жай дауысым; менің басқа адамдарға және өзіме бағытталған қимылым, тек маған ғана тән.

Барлық қиялдарым, армандарым, үміттерім және қорқыныштарым маған ғана тән. Барлық жеңістерім мен жетістіктерім, қателерім маған ғана тән. Мұның барлығы маған ғана тән. Сондықтан да мен өзіммен өте жақын таныса аламын. Мен өзімді жақсы көре аламын, достаса аламын және мен барлық ерекшелік менің қызығушылығыма қарай әрекет етуіне ықпал жасаймын.

Мені кенеттен таңқалдыратын және мен білмейтін кей нәрсе бар екенін білемін. Мен өзімді жақсы көріп, өзіме дос болғандықтан, өзімдегі кенеттен таңқалдыратын және мен білмейтін нәрселердің қайнар көзін шыдамдылықпен біртіндеп ашуға мүмкіндігім бар. Дәл осы сәттегі менің көргенім, сезінгенім, түйсінгенім, сөйлегенім, жасағаным, ойым менікі және бұл маған осы сәтте менің кім және қайда екенімді білуге нақты мүмкіндік береді. Мен өткеніме қарағанда, менің не көріп, не түйсінгенімді не айтып, не істегенімді, не ойлап, не сезінгенімді ойланамын, менің бұған көңілім толмайтынын көремін. Мен өзіме сәйкес келемейтіннен бас тартып, қажет дегенді сақтап, өзіме жаңа нәрсені аша аламын.

Мен көріп, естіп, сезіп, ойлап, сөйлеп, әрекет ете аламын.

Мен өзіме ғана тәнмін, сондықтан да мен өзімді құра аламын. Мен – бұл мен және Мен – бұл тамаша!»

Талдау: Өзіңізді қалай сезінудесіз? Топ қатысушыларымен өз көңіл-күйіңізбен, ішкі жан дүниеңізбен бөлісіңіз. Бұл жаттығу не білдіреді?

6. «Емтиханда кездескенше» жаттығуы.

Мақсаты: тренинг сабақтары жайында қатысушылардың ойын тыңдау.

Уақыты: 5 минут.

Материал: жанып тұрған балауыз.

Нұсқау: Менің қолымда ыстық балауыз. Мен сіздердің қолдарыңызда барлық нәрсе әрқашан да жанып тұрғанын және барлығы ойдағыдай болатынын қалаймын.

Жанып тұрған балауызды кім ұстаса,ол осы тренингтер барысында өзінің ашқан жаңалықтары мен жетістіктерімен бөліседі.

Талдау:

Бұл күн сізге не әкелді?

Сіздер жаңа не білдіңіздер?

Өздеріңізге қандай қорытынды жасадыңыздар?

7. «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы.

Мақсаты: босаңсу мүмкіндігін  алу, мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту.

Уақыты: 5 минут.

Нұсқау: Міне, қоштасатын да сәт жетті! Дегенмен де тренинг барысында жарық берген біздің жұлдыздары қалды. Бұл жұлдыздар бізбен бір ай бірге болды. Қараңыздаршы, олар қалай жанып тұр. Егер жұлдызды жандырса, яғни оның біреуге  қажет болғаны! Олар біздің энергиямызбен, мейрімізбен, ертеңгі күнге деген үмітімізбен, жетістіктерімізбен толы. Енді әркім өзінің білім, даналық, жетістік, бақыт, махаббат жолында оны бағыттап, жарық беретін жұлдызын алсын. Егер өте қиын болса, біздің тренингті, біздің жұлдыздарды еске алыңыз, олар сіздерге дұрыс жол сілтеп, сіздің проблемаңызды шешуге көмектеседі.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психология "ҰБТ- ге психологиялық тұрғыда дайындау. ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 773 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.10.2016 767
    • DOCX 18.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салимова Айгерим Уалитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салимова Айгерим Уалитовна
    Салимова Айгерим Уалитовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 184243
    • Всего материалов: 50

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС для обучающихся с умственной отсталостью (интеллектуальными нарушениями) в общеобразовательных организациях

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Основные аспекты психоанализа детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов