Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Психология пәні туралы түсінік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Психология пәні туралы түсінік

библиотека
материалов


Күні:

Топ: ББМ-02

Пән: Психология

Сабақтың тақырыбы: Психология пәні, оның тарихы.

Сабақтың мақсаты:

Психология пәні ,оның тарихы тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.

Білімділік мақсаты:

Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.

Дамытушылық мақсаты:

А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.

Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.

Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.

Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.

Пайдаланылған әдебиеттер: Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010. - 462 б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен амандасу.

Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.

3.Білімді жан-жақты тексеру.

Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

А)жаңа сабаққа назарын аударту.

Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

Жоспар:

  1. Психология пәні

  2. Жан қуаттарының топтастырылуы.

  3. Психология пәнінің тарихы


Психология- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.

6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу.

1-тапсырма.«Жан мәңгі өлмейді,өшпейді»,-деп тұжырымдаған ойшыл?

А. Демокрит

В. Платон

С.Әл-Фараби

Д.Аристотель

Е.Декарт

2-тапсырма. Психология пәні бойынша ең фантастикалық оқу құралын ойлап табыңыздар.

3-тапсырма. Психология пәнін жарнамалау үшін мәтін құрастырыңыз.

7.Бекіту сұрақтары.

1.Психология ғылымының қалыптасу кезеңдері қандай?

2. Р.Декарттың психологияға енгізген жаңалығы және ол сол кездегі ғылымның дамуына қалай әсер етті?

3.Психология салалары қандай?

4.Психология ғылымы дегеніміз не?

5.Психикалық құбылыстарға не жатады?

6.Психология ғылымы қай тілден аударғанда «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді?

7.Психологияның қандай салалары бар?

8.Психологияны білудің қандай маңызы бар?

8.Үй тапсырмасын беру.

Ерте балалық шақ тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.

9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау














































Автор
Дата добавления 27.12.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров1830
Номер материала ДВ-292118
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх