Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыПсихология " ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ " (Люшер тесті)

Психология " ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ " (Люшер тесті)

Скачать материал

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ (Люшер тесті)
Нығметова Қ.Н. аға оқытушы Қазмемқызпу
Балалардың психикалық денсаулығының эмоциялық компонентін зерттеу үшін эмоциялық күштенуді анықтайтын Люшер тестісі қолданылады. Люшердің түрлі-түсті тестілерінің қысқартылған “Сегіз түсті қатары” сынағы жүргізіледі.
Люшер сынағы классикалық нұсқада қолданылады. 73 түс кестесі көмегімен және 8 түс қатарын қолдану арқылы қысқартылған сынақ бойынша өтіледі. Олардың біріншісінде ауқымды сынақ өткізіліп, психодиагностикалық зерттеудегі негізгі құрал болғанда құнды болып табылады.
Люшердің түстерді таңдау тесті сыналушының белгілі бір әрекетке, көңіл күйге, функционалдық жағдайға көбірек бейім екенін және тұлғаның барынша тұрақты сипаттарын айқындауға негізделген.
Шетел психологтары Люшердің тестін кейде кәсіптік бағдар бойынша іріктеу, өндірістік ұжымдарды жасақтау, этникалық, геронтологиялық зерттеулер, жар таңдауға кеңес беру кезінде қолданады.
Психологиялық интерпретациялаудағы түстердің маңызды әр түрлі сыналушылардың көптеген тобын жан-жақты зерттеу барысында айқындалады.
Түстердің сипаттамасы (Люшер бойынша) 4 негізгі және 4 қосымша түстерден тұрады (2.12 кесте)

Негізгі түстер:

1.      көк –орнықтылықты, көңіл толғандықты білдіреді;

2.      көк- жасыл – сенімділік, табандылық, кейде бір беткейлік сезімі;

3.      қызғылтсары-қызыл – ерік күшін агрессивтілікті, шабуылға бейімділікті, қызбалықты білдіреді;

4.      ашық сары - белсенділік, қоғамдық қатынасқа ұмтылыс, экспансиялық, көңілділік. 

5.      Жанжал болмаған кездегі тиімді жағдайда негізгі түстер, негізінен алдыңғы бес позиция болуы тиіс.
   Қосымша түстер: 5) күлгін; 6) қоңыр; 7) қара 8) нөлдік (0). Бұлар: алаңдаушылық, стресс, қорқыныштан мазасыздану, жабығу секілді жағымсыз сипаттарды білдіреді. Осы түстердің (негізгілердің де) маңызды көп жағдайда олардың ықпалдаса орналасуымен, орындарға бөлінумен айқындалады, ол төменде беріледі.
Түстерді негізгі түстерге (1 қара-көк, 2 көк-жасыл, 3 қызғылт сары, 4 ашық сары) және қосымша түстерге, оның ішінде 7 қара, 0 сұр, ахроматикалық, 5 күлгін, 6 аралас қоңырға бөлінеді.
   Негізгі түстер: Люшер қанағаттанушылық пен талаптануға деген қажеттелік (көк), өзін танытуға, жеке бас тәуелсіздігіне деген қажеттелік (жасыл), «әрекет ету мен табысқа жетуге» деген қажеттілік (қызыл) және «алға ұмтылу мен үміттенуге» деген қажеттілік (сары) деп белгілеген негізгі психологиялық қажеттіліктерді білдіреді. Сондықтан олар автордың пікірінше белгілі бір мөлшерде әрі толық теңдікте алғашқы ұстанымда болуы тиіс. Қосымша түстерге мән берілмейді, олар психологиялық «алғашқы элементтер» болып табылмайды және негізінен алғанда негізгі түстердің әрекет ету сферасын кеңейту үшін, оларды қандай да бір қатар ұстанымына еркін араластыру үшін енгізілген.2.12 кесте.
Сегіз түрлі сынағында қатарда орналасуына қарай ретімен тыңдау мәні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түс
тер


Тақырып


«+» ұстаным


«х» ұстаным


«═» ұстаным 


«−» ұстаным


1


    2


3


4


5


6

 

сұр


Ұжымға қатынасы, әлеуметтік
ықпалдастық


Тасалану, қалтарыста көрінбей
қалу, 

ұстамды, тұйық, сыр бермейтін, әлеуметтік оқшаулану


Білімі таяз-
өресіз дау-дамай, ұрыс, дауыс көтеруден 
аулақ болуға
эмоциялық 
дайындық
Ұсынысты
қабыл алмау 


Қарым- қатынасқа эмоция
лық дайын
дықпен 
қатысу


өзінің жетістік 
уәжіне
эмоциялық 
қозғыш
тықпен
дәлелдеп 
қатысады.


көк


Тылсым тыныштық күй байқала

ды,

Серіктесіменіштей рухани
байланыста


Тыныштыққаұмтылу. Жағымды қарым-қатынаспен қанағаттануға деген қарқынды қажеттілік, үйлесімділікке ұмтылу, сезімталдық


Тылсым 
тыныштыққа
дайындалу,күш жұмса-май-ақ дайындалу,
жанға жағым
ды қарым-қатынаспен байланыс
жасау

 

 

 


Қатынасын
шын көңілден
емес, сезім-
талдықпен,
күйзеліс
пен 
білдіреді


Тынышсыз,
беймаза, шын ықылас жоқ.Серіктестікке
қатынасы
бұзылған, шын жүректен ынтығуға кедергі бар.

жасыл

Қиналыс, ерік білдіру, өзіне
мендік баға 
беру, өзін-өзі
көрсетіп
танытуға
ұмтылу 

Ерік қиналысы
өзін-өзі таныту,
өз еркін, өз ісінің
дұрыстығын
дәлелдеу, мансап
құмарлық. Белгілі бір ролде ойнауды еркін

қалау

Өз тағдырын
өзі шешу,
сабырлық
сақтап, өзін-
өзі ұстай білу

Талапта-ну
де
ңгейі төмен
әлеумет
-тік 
тәртіпке 
қатынасы 
енжар

Істен шығарған
бұйымын
көтеріңкі
талап қойып
қабылдау.
әлсіздіктен
қозғышты-ғы өте
жоғары


қы-
зыл


өмірлік д
инамика деңгейінің
қозғыштығы,
белсенділік


Эмоцияға
ұмтылыс, белсен-
ді қатысу,
жоғары белсен-
ділік


Біреумен
жалғасып
жұмыс істеу-
ге дайын


Сын тұрғысы-
нан қарап,
қызыға бірле
сіп жұмыс 
жасау


өзін-өзі танытуы
шектеулі, білімі
таяз, өз қателігін
мойындағы
сы
келмейді




1

2

3

4

5

6


сары


Босаңсып өзгеру, ой-өріс

мүмкіншілігі,сыртқы ортаға қатысы


Белсенділігі

орташа


Ішкі ниет, 
тітіркенуші

ліктің тоқыр-
ауы, қынжылыс


Тітіркенушілік
жүйке жүйесі
функция
қорының
нашарлауы,
ықыласпен 
қарауға 
қажеттілік,
тілектерінің
жоқтығы


Мазасызданып,
ынтамен үміттену
тақырыптық
фиксация, 
ой-өрісінің, 
эмоциясының
тарлығын
ашу, қайта
қозу


күл

гін


Тітіркендіргіш
әрекеті
ерекше
ықпалы
мен сезгіштік-
тің
артуы, теңдес
тіру


Таңқалуға 
ұмтылыс,
сезімдік
иланушылық


Сезімдік
Ниеттену-шілік


Сезімін тежейді. Оларды өз түйсігіне
қарай бағыттайды
және оған
кінәмшілдікпен жауап қайтарады,
сезімталдық
-пен өздігінен
қабылдау


Саралау. Басқару
қажеттілігіне
ұмтылу, салыстырып байқау,
ұрыс-керіс, қауіпқатер
ден қорғану
серіктесінің
іске аспаған
мұратын,
сезімталдық
ты бақылау.
Эстетикалықлогикалық тәртіпке
ынталану 


қо-
ңыр


Тәннің
Физикалық
өмірлік
қажеттіліктері
және оған
бағыт беру


Тәнді қалпына
келтіру. Келелі
мәселелерден
қашу 


Тәндік және
рухани
қажеттіліктерді
барынша
қанағаттан-
дыру


Қанағаттан
-дыру арқылы
импульсив
-тілік шиеленісті басқысы
келеді


Еңсесін түсіріп
ығыстыру және
физикалық
қ
ажеттіліктерін тежеу


қара


(бедел, тағдыр
өлім) ешқандай
шартқа бағын-
ышсыз
қатынас


Наразылық білдіру, қасарысу,
агрессивті қалыпты құрылымыныңбұзылуы
импульсивті
әрекет


Қарсылық 
көрсету, 
жағдаяттан
немесе кісіліктен кету


Тауқымет-

ке шыдауға
қабілетті-лік талап-танудың
шектелуі,
ымыраға
келуге
дайындық


Ұялу, бөгелуде
кездесетін
қауіп-қатерді
қабыл алмау,
жігерлілік

      2-3 минуттан кейін таңдалынған түстерді аударып, үлестірмелерді қайта қойыңыз да, алдыңғы әрекетті қайталаңыз. Бұл ретте тәжірибеге қатысушы алғашқы таңдаудағы ретті есте ұстауы қажет емес екенін және алдыңғы тәртіпті саналы түрде ауыстыруы керектігін түсіндірген жөн. Таңдалынған түстер алғашқы таңдалынғандай болуы міндетті емес.
Алғашқы таңдау көңіл қалауын, екіншісі шынайы қалыпты (жағдайды) сипаттайды. Зерттеу мақсатына байланысты тестілеуге сәйкес келетін нәтижелерді интерпретациялауға болады. 
М.Люшер түрлі позициядағы түстер сәйкестігі белгіленген арнайы кесте құрастырды. Онда тәжірибе жасалушы сезінген шиеленістер көрсетілген (бұл шиеленістердің себептері, мотивтері қаралмаған). Елеулі шиеленістерді көрсететін түстер жиынтығы бар екі алдыңғы, екі соңғы позицияларды қарастырамыз.
Кішкентай балалардың эмоциялық жай-күйі жиі ауысатындықтан, олардың көңіл-күй ширығуларын анықтау үшін Люшердің түрлі-түсті тесті (8 түсті қатар қолдану) 2002 жылдың наурыз-сәуір және маусым айларында 2 рет жүргізілді. Алғашқы тесттің мақсаты Арал мен Ақши ауылы балаларының мазасыздану деңгейін салыстырып бағалау және соның негізінде кейінгі зерттеулерге қажетті топтарды анықтап алу.
5-8 жасар балаларға жүргізілген алғашқы тесттің қорытындысы Аралда мазасыздану деңгейі жоғары балалардың үлесі 1,8 есе көп екендігін көрсетті.
Психологиялық аспект сыналушылардың қандай да бір түсті немесе түстер тобын қабылдамауына байланысты жорамалданатын мінез-құлқы мен қасиеттерін сипаттаудан көрінеді. 5-8 жасар балаларды зерттеу нәтижелері (Арал қаласы) 2.13 кестеде көрсетілген. Біздің мәліметтер бойынша, барлық зерттеушілерде бірінші орынға жасыл, ал екінші орынға сары түс қойылған.
Барлық зерттелінген балалардың 25 %-і бірінші ұстанымға негізгі түстерді (1,2,3,4,) қойған. Сыналушылардың 45 %-нен агрессивтілік, қозғыштық, пікір айтуда тәуелсіздік байқалған. Егер 2.13 пен 2.14 кестелердің мәліметтерін салыстыратын болсақ, Арал қаласында зерттелген балалардың шамамен 60 %-і жұмысқа қабілеттіліктің төмен деңгейінде және стресс жағдайында екендігін көруге болады, ал Ақши ауылының балаларына қарама-қарсы көрініс тән, бұл жерде балалардың тек 30 %-інен ғана жоғары мазасыздану деңгейі мен өзіне сенімсіздік байқалады.
2.13 кесте- Люшер тесті бойынша зерттеу нәтижелері (5-8 жас, Арал қаласы)

Р/с

Түс 

Түсіндірме

Эмоциялық күйлер

1

Жасыл 

Көкшіл-жасыл ерік-жігерінің иілімділігін

көрсетеді, пассивті, қорғанушылық тенденциялары, автономдық(тәуелсіздік), өзін-өзі бекіту, меншіктілікке ұмтылу. Оның аффективті аспектілері- табандылық, өзіне сенімділік, бірбеткейлік және өзін-өзі сыйлау 

а) 20% жұмысқа қабілеттілігі төмен

б) 41,8 % стресс жағдайында

2

Сары 

Күйзелісті жою үшін қабылдауды қоздыру.Кездесуді күту, ашылуға үлкен мүмкіндіктердің болуы, проблемалардан қашу, болашақты күтудегі иллюзия

Эмоциялық тұрғыдан дербестігі жоқ, қарым-қатынас жасаудағы белсенділіктің төмен деңгейі

2.14 кесте- Люшер сынағы бойынша зерттеу нәтижелері (5-8 жас, 70 бала, Ақши ауылы) 

Түс

Эмоциялық күйі

1

Қаракөк түс сезімдердің тереңдігін білдіретін 
шоғырлану (яғни ішкі мәселелерге көрсететін),енжар, сезімталдық, гетероном-дылық ретінде сипатталады 

25%- де белсенді қатысу, 
жоғары белсенділік 
байқалады

2

Көк-жасыл 

45%де қорғаныс беталысы дербестік байқалады

3

Негізгі түстермен үйлескен қоңыр (6) және қара түс (7)

10%-де жоғары мазасыздық, қатты шаршау байқалады 

4

Сары 

20%-де өзіне сенімсіздік 
байқалады

Люшер тесті бойынша бастауыш сынып оқушыларының зерттеу нәтижелері 2.15 және 2.16 кестелерде келтірілген.
2.15 кесте - Люшер тесті бойынша бастауыш сынып оқушыларының зерттеу нәтижелері (Ақши ауылы)

Түсті таңдауы

Эмоциялық күй, %

1

Негізгі түстер соңында

14,3- мазасызданудың аса жоғары деңгейі

2

Негізгі түстер басында

40,5-масызданудың орташа деңгейі 

3

Басында таңдалған қосымша түстер

45,2- агрессивті, мазасыз 

2.16 кесте – Люшер тесте бойынша бастауыш сынып оқушыларының зерттеу нәтижелері (Ақши ауылы)

Түс

Эмоциялық күй, %

1


2



3

Жасыл- табандылық, қажырлық,
мақсатқа талпынушылық, көзқарастардың тұрақтылығы
Көк-тыныштықты, сабырлықты білдіреді, сезімдердің тыныштығынтуғызады, сезімталдық пен ренжігіштіктіанықтайды
Қызыл-сары- белсенділікті, табысқа, жетістікке жаңа нәрсеге, қоғамдық өмірге ұмтылуды білдіреді 

14,3-мазасызданудың аса жоғары деңгейі

55,8-сабырлылық, тұрақтылық, белсенділік

4

Сұр, қара, күлгін, қоңыр

44,2- мазасыздық, стресс



8-11 жас, әсіресе жас кезеңінің соңына қарай- бұл жасөспірімдік шақтың қарсаңы, сол себепті, бұл, шамасы эксперименттік топтағы кіші сынып оқушыларының мазасыздануына себепші болады (45,2 %- Арал қаласы, 44,2%- Ақши ауылы), дегенмен 55,8 % Ақшидегі балалар сабырлы, белсенді, тұрақты болса, Аралдағыларда 40,5 % мазасызданудың орташа деңгейі байқалады, яғни олардың эмоциялық деңгейінде деп анықтауға негіз бар.

Келесі 2.17 және 2.18 кестелерде жасөспірімдерді зерттеу нәтижелері келтірілген.2.17 кесте – Люшер тесті бойынша зерттеу нәтижелері (эксперименттік топтағы жасөспірімдер, Арал қаласы)

Түс 

Эмоциялық күй, %

1

Негізгі түстерді басында таңдау

32- мазасызданудың орташа деңгейі

2

Негізгі түстерді соңында таңдау

21- мазасызданудың жоғары деңгейі

3

Ортасында күлгін түсті таңдау

7- стресс, жалғыздық

4

Қосымша түстерді басында таңдау

27-агрессивтілік, мазасыздану

5

Қосымша түстерді соңында таңдау

13- тыныштық, сабырлық

2.18 кесте- Люшер тесті бойынша зерттеунәтижелері (жасөспірімдер, Ақши ауылы)

Түс

Эмоциялық күй, %


1


Негізгі түстерді (көк, жасыл, қызыл, сары) 130 адам таңдады


65- жағымды эмоциялық күй

2

Қосымша түстер (сұр, қара, қоңыр, күлгін)

25- мазасыздану, стресс

3

Негізгі және қосымша түстердің жиынтығы (+0+2, +0+5)

10- белсенділіктің төмендігі,
жауапкершіліктен қашу

2.17 мен 2.18 кесте мәліметтері бойынша Арал қаласының сыналушыларының барлығы дерлік мазасыздану жағдайында (қандай да бір деңгейде) жүреді, ал Ақши ауылы сыналушыларының арасында жасөспірімдердің 35 %-нан ғана мазасыздану байқалады деп қорытынды жасауға болады, яғни жасөспірімдердегі мазасыздану деңгейі Аралдағыларда анағұрлым жоғары деңгейде (2.19 кесте).Сонымен, барлық зерттеуге қатысқан балалардың 25 % негізгі түстерді анықтады. Тексерілген балалардың 45 %- нда ашушаңдық, тез өозушылық, өз пікірін білдірудегі тәуелсіздік анықталған. 2.13, 2.15, 2.17 кесте көрсеткіштерін Арал қаласы бойынша қарастырсақ, тексерілген балалардың 60 %-і жұмыс қабілеті төмен деңгейде екені және үнемі жүйке қозуы жағдайында жүретіні анықталған, ал Ақши ауылында балалардың 30%-нда ғана үрейлену және өзіне сенбеушілік байқалған. Сонымен барлық жастағыларға экологиялық қолайсыз жағдайдың әсері бар екені балалардың эмоциялық сферасынан да көрініс табады. 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психология " ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ " (Люшер тесті)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 073 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 6091
    • DOCX 35.7 кбайт
    • 118 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салимова Айгерим Уалитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салимова Айгерим Уалитовна
    Салимова Айгерим Уалитовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 183573
    • Всего материалов: 50

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с онкологическими заболеваниями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Технологии взаимодействия психологов с усыновляющими семьями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе