Инфоурок Школьному психологу КонспектыПсихология тренинг сабақ мұғалімдерге

Психология тренинг сабақ мұғалімдерге

Скачать материал

Тақырыбы: «Жақсы мінез-адам өмірінің сарқылмас байлығы»

Мақсаты: Ұстаздардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Көрнекілігі: түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар ақ қағаз, қалам, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Жүргізілу барысы:

Ұйымдастыру:

  1. Ережемен таныстыру;

  2. Эмоциялық жаттығу;

  3. Топқа бөлу;

  4. Релаксация;

  5. Рольдік ойын

  6. Ертегі терапиясы;

  7. Ойын жаттығу: «Молекула»;

  8. Қорытындылау.

Тренингімізді бастау үшін өз еркімен қатысамын деушілер ортадан орын алсын.

Алдымен эмоциялық жаттығу жасайық.

Шаршадым «Уһ!» дедім

Ренжідім «Туһ!» дедім

Қорқыттым «Ой!» дедім

Өкіндім «Аһ!» дедім

Шарасыз «Еһ!» дедім

Таңырқап «О!» дедім

Кейідім «Е!» дедім

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

Мына столдан өздеріңізге ұнаған түстерді таңдап алуларыңызды сұраймын.

Ұстаздар өздері таңдап алған түстер бойынша топқа бөлінеді. (Қызыл түсті жүрекше алған топқа «Еркем-ай!», сары түс жүрекше алған топқа «Атамекен-ай!» тобы.

Ұстаздарға таңдаған түстері туралы мағлұмат беру.

Қызыл түс – өте ерекше сұрақты көп қоятын, ойларын еркін айтатын белсенді адамдар. Бұл топ «Еркем-ай!» тобы. Таныс болыңыздар! (Қошемет көрсетіліп, қол шапалақтайды).

Сары түс – оптемизм. Бейбітшілікепен шешуді жақтайтын, ақжарқын адамдар. «Атамекен-ай!» тобымен таныс болыңыздар! ! (Қошемет көрсетіліп, қол шапалақтайды). (Өздерінің аттарына байланысты әндер айтып топтарын қорғайды.).

«Нұр сәулесі» релаксация

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».



Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Рольдік ойындар:

Әр топбасшы келіп өз таңдауларымен жасырылған тапсырмаларды таңдап алады.

1. Ғашық жігіт

2. Базардағы сатушы

3. Сыған қызы

4. Ұрысқақ зейнеткер

5. Атақты әртіс

6. Мейірімді ана


Ертегі терапиясы: «Жүзіктегі жазулар». Баяғыда бір хан болыпты. Оның перзенті болмапты. Хан қартайып, өлер шағына жеткен соң: - Мен өлгеннен кейін, менің ауламның есігін бірінші болып ашқан адам менің орныма хан болсын,- дейді уәзірлеріне. Хан өлген соң уәзірлері қақпа алдында тұрса, бірінші болып қақпаның есігін бір диуана ашыпты. Ханды жерлегеннен кейін диуананы хан етіп сайлайды. Басқа диуаналар оны көре алмайды да:

Сендер мені күндемей – ақ қойыңдар. Менің өмірімнен сендердің өмірлерің жақсы. Сендер өз пайдаларыңды өз бастарыңа жұмсайсындар, өз бастарыңды ойлайсыңдар. Ал мен болсам, халқымды ойлаймын, халқым үшін қызмет етемін дейді.

Осы сөзді айтып хан диуаналарды шығарып салады. Арада біраз уақыт өтеді. Хан диуаналарды ұмытып та кетеді. Ханға қапа болған диуаналар жиналып әңгімелеседі. Сонда бір диуана тұрып:

-Бұл хан бізді менсінбей барады. Біз былай істелік, барлық жиған ақшамызды қосып, бес күміс жүзік істелік. Сол жүзіктердің бетіне бес түрлі өсиет жаздырып, ханға сыйлайық. Сосын патша уәзірлеріне сөйлеген кезде, сол өсиеттерді оқып, менменсімейтін болады дейді.

Топтық жұмыс. Диуаналар ханға қандай өсиет сөздерді жүзікке жаздырды.

Әр топ өздері жазған өсиет сөздердерін топ алдында оқиды. Бұл жүзікте:

Ұлық болсаң кішік бол,

Менмен болма.

Ең жақсы әдет жомарттық

Кішіпейіл бол.

Кем болма, кең бол,- деген өсиеттер жазылады.

Бұл жүзіктерді тағуға барғанда, диуаналар былай дейді:

  • Әр кезде осы жүзіктерге қарап, өсиеттерді оқып тұр. Сонда ғана сені халқың сыйлайтын хан боласың. Хан жүзіктерді өмірінің соңына дейін тағып өтеді де, оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға өсиет етеді.

Ойын жаттығу: «Молекула»

Музыка қойылғанда барлық топ ортада бейлейді. Тоқтағанда жүргізушінің

нұсқауымен 2-3-4 т.б топтасады. Ойын соңында бәрі бірігіп атом құрайды. Ұстаздарға ойын барысында алған әсерлері туралы ой бөлісу. Әрқашанда ортада өздерін дұрыс ұстай білу керектігін түсіндіру. Ынтымақшыл, бірлікте, сыйласып жүру керектігін ойын арқылы түсіндіріп өту.

Қорытындылау. «Жақсы мінез – адам өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй-жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып жұмысты аяқтау.






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психология тренинг сабақ мұғалімдерге"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 1192
    • DOCX 24.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзахметова Гуляим Рахымбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11684
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 189 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Курс профессиональной переподготовки

Основные вопросы деятельности психолога по профилактике негативных последствий, связанных с выполнением профессиональных задач

Психолог (специалист) (по профессиональной психологической подготовке)

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции