Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Психология пәнінен сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Психология пәнінен сабақ жоспары

библиотека
материалов

Пәні:

Психология

Тобы:


Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Зейін

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:

А) ақпараттық





Б) коммуникативтік




В) проблеманы шешу



А) Зейіннің анықтамасы, зейін түрлері, зейіннің қасиеттері, балада зейіннің дамуы және қалыптасуы туралы ақпарат беру, талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеме, ұқсастығы бойынша дәлелдеме, моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) колдана отырып, ақпараттарды өндеу;


Б)Ырықты, ырықсыз, үйреншікті зейін түрлерін ажырату, қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін акпараттарды қолдануға, тұлғаны қалыптастыратын зейіннің маңызды тұстары мен аспектілерін түсіну, ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдану;


В) Зейіннің қасиеттерін ескеріп, байқағыштық қасиеті қалыптасып, өз іс - әрекетінде белсенділік көрсете алу, өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайын болу, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға дайын болу;

Сабақ типі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың әдісі:

СТО әдістері: топтастыру, репродуктивтік, Джик Со, Венн диаграммасы, кубизм стратегиясы, Инсерт стратегиясы, миға шабуыл

Пәнаралық байланыс:

Физиология, педагогика, жаңа педагогикалық технология

Оқыту құралдары:

Плакат, маркерлер, кесте

Сабақ жоспарының жобасы

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі


Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгендеу

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Амандасу

Оқулықты, дәптерді әзірлейді.


Сабаққа әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады.

ІI. Жаңа материалды түсіндіру





















































Қызығушылықты ояту

Оқушылармен «сабаққа келе жатқанда өздеріңізді елеңдеткен, өзіне еріксіз қаратқан жағдайлар болды ма?» - деген сұрақ төңірегінде әңгіме жүргізу.

- Біздің алдымызда тұрған мақсат – осындай жағдайлар біздің санамызға қалай әсер ететінін ғылыми тұрғыдан ұқрап, психологиялық сырын аша отырып, психологияның жаңа ұғымдарымен танысу.


Мағынаны тану

Топтастыру:

Студенттерге «зейін» дегенді қалай түсінетіндіктері туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру тапсырылады.

Зейіннің пайда болуына қажетті шартарды атап айтады.

Олар:

  • Нысанды бөліп алу;

  • Оған назар шоғырландыру;

  • Басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау.

К.Д.Ушинскийдің сөзіне тоқталады: «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек бұл есікке ілімнің бірде – бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».



Топқа бөлу

Бір айналым сөйлесу:

Студенттерді 1,2,3,4 топқа бөледі, мәтіндер жазылған үлестірмені таратады.

1-топ: Зейін туралы түсінік, физиологиялық негізі.

2-топ: Зейіннің түрлері.

3–топ: Зейіннің қасиеттері.

4-топ. Балада зейіннің дамуы және оны тәрбиелеу.


hello_html_m15f224f1.jpg

Тахистоскоп - зейін көлемін зерттейтін аспап


Тапсырмалар

Әрбір топқа сұрақтар беріледі

«Кубизм стратегиясы»:

  1. Зейін дегенді қалай түсінесіңдер, таным процестерімен байланысы неде?




  1. Доминанта теориясының мәнін сипаттаңдар.




  1. Зейіннің ырықты, ырықсыз, үйреншікті түрлерінің ерекшеліктері қандай, олардың пайда болуына қандай жағдайлар әсер етеді?

  2. Зейіннің әрбір түріне мысал келтіріп, сипаттаңдар?

5. Зейіннің қасиеттерінің қандай ерекшеліктері бар?


Студенттер өз ойларын айтып, ортаға салады.













Әр студент жеке және жұппен, кейін топпен талқылай отырып, қағазға өз ойларын түсіреді.








Студенттер осы ойдың мазмұнын талдайды










Әр топтан бір оқушы келіп, үлестірме қағазды алады.


1-топ: Зейін туралы түсінік, физиологиялық негізі.

2-топ: Зейіннің түрлері

3–топ: Зейіннің қасиеттері.

4-топ. Балада зейіннің дамуы және оны тәрбиелеу.

Инсерт.

Студенттер мәтінмен танысып, белгілермен жұмыс жасайды

«+» - мен үшін жаңалық

«-» - білмеймін

«V» - білемін

«?» - білгім келеді









Студенттер берілген сұрақтарға жауап береді, талдайды.

1. Зейін – адам санасының белгілі бір объектіге тұрақтала бағытталуы

2. Доминанта теориясының негізін салушы А.А. Ухтомский. Ол «үстемдік ету» деген мағынаны білдіреді.

3. Зейіннің 3 түрі бар, олар: ырықты, ырықсыз, үйреншікті.



4.

Ырықты зейін: талап ету арқылы өзінің ерік күшін жұмсау арқылы әрекет жасау;

Ырықсыз зейін: оқыс шыққан дыбыс, өткір иіс, жаңалықтарға, қанық бояулы заттарға, нәрсенің өзгеруіне, қызығушылығы мен қажеттілігіне сәйкес ерік күшін жұмсамай – ақ зейін аудару;

Үйреншікті зейін: күнделікті қайталанатын әрекеттер – ұйқыдан тұру, өз орнын жинастыру, сабаққа бару, тамақ ішу т.б.

5. Зейіннің негізгі қасиеттері мыналар: тұрақтылығы мен жинақтылығы, көлемі, бөлінушілігі, аударылуы, алаң болушылық.


Өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын, өз қарым-қатынастарын дәйектейді. Өз ойын ресімдейді. Студенттермен бірлесе отырып, практикалық психологияға ғылыми тұрғыдан түсініктеме береді.






Зейіннің пайда болуына керекті шарттар анықтайды.




















Топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап береді.

Әңгімені нормаға сәйкес бастап, аяқтайды, сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.

оқушылар топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап береді (іс-әрекетті орындайды).














Әр студент топпен жұмыстана алады.


Әр жанұя мүшелері өз алдына жұмыс тобымен жұмыс жасап, кейін өз жанұяларына келіп, білгендерін үйретіп зейін тақырыбы туралы толық мәлімет алады.

Ақпаратты адамға сұрақ қоя отырып алады.


Түсінуге және нақтылауға арналған тапсырмалармен, сұрақтармен топ болып жұмыстанады, өз ойын жеткізеді.

III. Жаңа білімді бекіту



Ой толғаныс

Венн диаграммасы:

Венн диаграммасы бойынша зейін түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға тапсырма береді.











Миға шабуыл:

Топ бойынша тапсырмалар беріледі

1-тапсырма.

Техникалық бақылау бөлiмiнде екi тексерушi жұмыс iстейдi. Бiреуi жұмысты жаңадан бастаған, екiншiсi тәжiрибелi. Жас тексерушi бөлшектерiн бiр-бiрден алып, тексерiп тұрса, тәжірибелiсi қолына екеуiн алып тексеруде.

Сұрақ: Екеуiнiң бiр-бiрiнен зейiн айырмашылығы қандай?





2-тапсырма.

Сахнагер әрекетi өте күрделi. Ол зейiнiн тек рөлге бағындырып қоймайды. Сахнада өз мiндетiн орындай жүрiп, серiктерiне де көңiл бөледi.

Сұрақ: Сахнагерге өз мiндетiн ойдағыдай атқаруы үшiн зейiнiнiң қандай қасиеттерiн дамыту пайдалы?


3-тапсырма.

Балалар белгiлi уақыттың iшiнде айналасында шашылып жатқан геометриялық фигураларды түстерi бойынша есiнде сақтап, оларды артынша қайта жаңғыртуы (қайталап айтып беруi) керек. Мерзiмдi уақыт өткен соң, белгi берiлiп, жан-жаққа қарау тоқтатылып, ойын жүргiзушi әр қайсысының жауабын тыңдайды. Жауап берген баланың тастап кеткенi болса, басқалары толықтырып отырады. Ойын шарты бойынша кiм есiнде көп сақтап, айтып берсе, сол жеңiмпаз болады.

Сұрақ: Ойын үстiнде зейiннiң қандай қасиеттерi байқалады? Оларды қандай белгiлерi бойынша ажыратуға болады?


4-тапсырма.

Мынадай пiкiрталас бойынша зейiн сапасын анықтаңыз:

  1. Мұрат өте зейiндi бала. Ол кiтап оқып, не әңгiме тыңдаған кезде оған бөгде бiреудiң бөлмеге келуi, сөйлеген сөзi, радио дауысы ешқандай әсер етпейдi. Өйткенi оның зейiнi шұғылданып отырған iсiне ауған.

  2. Қанат одан да зейiндiрек. Ол мұғалiм сабақ түсiндiрiп тұрғанда, кластың iшiнде болып жатқандардың бәрiн көрiп, бiлiп отырады.

  3. Ал Асылан екеуiнен де зейiндi. Бiрде көзге түрткiсiз қараңғыда келе жатыр едiк, көшедегi электр шамы жарқ етiп жанды да қайта өштi. Бiз тек бiр адамның көлбеңдеген бейнесiн байқап үлгердiк. Ал Асылан сол ер адамның қолындағы мылтығын да, жанында тұрған итiн де, тiптi бас киiмiндегi жұлдызды да көрiптi. Шындығында бiзге жолыққан адам шекарашы екен.

Сұрақ: Осы балаларда зейiннiң қандай қасиеттерi қалыптасқан?

5-тапсырма.

Балалардың зейiн көлемiн анықтау үшiн оларға мынадай тапсырма беруге болады. Iшiнде бiрнеше геометриялық фигуралар орналасқан шеңберлер 2-3 минут көрсетiлгеннен кейiн көздерiнен тасаланады. Содан соң, сондай бос шеңберлер сызылған қағаз берiлiп, оларға үлгi көрген геометриялық фигураларды мүмкiндiгiнше сол көрген қалпында салып шығуы керек.


6-тапсырма.

Зейiннiң бөлiну, алаң болу тәрiздi сипаттарын анықтау мақсатында бала өлең жолдарын жазып отырған кезде, оған мынадай тапсырма берiледi:

1.Бақылаушы қаламын үстелге қанша рет тықылдатқанын.

2. Өлең жолдарындағы дауысты дыбыстарын астын сызу.

Шыңнан сырғып түстi де,

Келдi етекке қыс мiне,

Ақ қарлап - ақ көбелек,

Қонды үйдiң үстiне.

3.Бөлiмдегi бөгде дыбыстарды сезiну.


Студенттер зейіннің түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.



Венн диаграммасы:

hello_html_66be6d57.gif


Студенттер топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап беріп, тапсырмалармен жұмыстанады, өз ойларын жеткізеді.

Тапсырмаларды орындау үшін мәтіндерді қолданады.



Жауап: Тәжірибелі жұмысшының зейіні үйреншікті, бөлінушілік қасиеті басым, жас тексеруші зейіні ырықты, бөлінушілігі әлсіз.




Жауап: көлемі, бөлінушілігі, аударылуы


















Жауап: бөлінушілігі мен көлемі



































Жауап: Мұрат – зейіннің тұрақтылығы мен жинақтылығы, Қанат – зейіннің бөлінушілігі, Асылан – зейіннің көлемі жақсы дамыған.






Осы тапсырманы өзара жүргізеді.





Шыңнан сырғып түстi де,

Келдi етекке қыс мiне,

Ақ қарлап - ақ көбелек,

Қонды үйдiң үстiне.


Алынған мәліметті нақтылайды, зейін түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алады












Шынайы және ойлаған жағдаяттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсете отырып, сипаттайды.


Проблеманы өз беттерімен шеше алады.

Педагогикалық жағдаяттарға қажетті ресурстарды атайды.


Жоспарланған және алынған өнімнің сипаттамаларын салыстырады және өнім сапасына сәйкес қорытынды жасайды


Әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болады;


Берілген негізге сүйеніп жіктейді.


Ұсынылған жағдаяттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады



Оқушылар өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын өз қарым-қатынастарын дәйектейді.


ІҮ. Қорытындылау

Оқытушының бағалауы.


Өз әрекетінің нәтижесін бағалайды.

Студенттер бірін – бірі бағалайды


Өздерінің және өзге студенттердің іс- әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді;

Өз қызметіндегі қызығушылығын анықтайды.

Ү. Үйге тапсырма

Зейін тақырыбы бойынша сөздік қорын толтыру.


Оқушылар қажетті жерлерін жазып алады.


Анықтамалықтарды қолданады, мазмұны бойынша кітаптарға бағдар жасайды




Краткое описание документа:

Психология пәнінен "Зейін" тақырыбындағы сабақ жоспары құзыреттілікке бағытталған құрылым негізінде дайындалған.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат  - міндеттері мыналар: 

1. Ақпараттық: Зейіннің анықтамасы, зейін түрлері, зейіннің қасиеттері, балада зейіннің дамуы және қалыптасуы туралы ақпарат беру,  талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, тікелей және  жанама  дәлелдеме, ұқсастығы   бойынша  дәлелдеме,   моделдеу, ойлау эксперименті, материалдарды жүйелеу) колдана отырып, ақпараттарды өндеу;

 

2.  Коммуникативтік: Ырықты, ырықсыз, үйреншікті зейін түрлерін ажырату, қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін акпараттарды қолдануға, тұлғанықалыптастыратын зейіннің маңызды тұстары мен аспектілерін түсіну, ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі    құралдарын қолдану;

3. Мәселені шешу: Зейіннің қасиеттерін ескеріп, байқағыштық қасиеті қалыптасып, өз іс - әрекетінде белсенділік көрсете алу, өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті   жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайын болу, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға дайын болу;

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров3021
Номер материала 306312
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх