Инфоурок Школьному психологу КонспектыПсихологиялық тренинг “Мен ғажайыппын”

Психологиялық тренинг “Мен ғажайыппын”

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  «Көңіл күй. Эмоция».

Сабақтың мақсаты:  Балаларды өз көңіл күйлерін сезіне білуге,  айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлай білуге, комплимент – мадақтау сөздерді айта білуге және эмоциялық жағдайларды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету.

    Сабақтың барысы: 

    І.  Психологиялық дайындық.

    - Балалар, ыңғайлы отырып,  бір-біріміздің көзімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Сағат  тілі бойынша бір-біріне жақсы тілек айтып шығындар. Әрқашан сендердің көңілдерің көтеріңкі болсын!

    ІІ.  «Сенімен араласқаныма мен қуаныштымын» жаттығу.

    - Балалар,  сәлемдесу сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.  (Амансыз ба, сәлеметсіз бе,  деніңіз сау ма, қалыңыз қалай, т.с.с.,  сонымен қатар бір-біріне басқа да тілектер айтады:  қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш 

    - Дұрыс айтасыңдар, адамдар бір-бірімен кездескенде осы жылы сөздермен амандасып,  бір біріне денсаулық,  жақсылық тілеп жатады.  Сондықтан адамдар әрқашанда осындай жылы сөздерді естігісі келеді.  Енді әр түрлі амандасайық: бір-бірімзге қарап басымызды иіп амандасу;  екі қолды беріп амандасу; қолды кеудемізге қойып, иіліп амандасу; қол көтеріп амандасу.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы психикалық денсаулықпен байланысты «Көңіл күй. Эмоция» деп аталады.

   - Денсаулық дегеніміз не?

   - Денсаулық дегеніміз ауырмау және психикалық толықтай дені сау болу. Бұл дегеніміз стрестік жағдайды болдырмау,  кикілжіңді шешу, алдын алу. 

- Балалар, тақтадағы суреттерге (смайликтерге) назар аударыңдар. (Таң қалу, қорқу, ашулану, қайғыру, тұнжырау, қуану, сезімдері бейнеленген суреттер көрсетіледі).  Әр қайсында қандай көңіл-күй бейнеленген? ал енді көңіл күйді әр түрлі бет әлпет өзгерісімен салыстырып көрейік. Әр түрлі эмоциядағы адамның бет әлпеті қалай өзгеретінін ойланып, соны өздерің қайталаңдар.

     - Балалар, тақтадағы күнге назар аударыңдар,  ол сендерге әдемі күлкі сыйлап тұр.,  Әйтсе де күнімізге бір нәрсе жетіспейді?  (Күннің шуағы).

    Сабақ барысында әр тапсырманы орындаған сайын біз күнге  шуақты қыстырып отырамыз,  сабақ соңында күн бізге әдемі күлкісімен бірге шуағын да сыйлайтын болады.  Сонымен көңіл күй дегеніміз не?

Психолог оқушыларға эмоция негізінде көңіл күйі қалыптасатындығына тоқталады.  Бір нәрсеге қуанады, ренжиді, жақсы көреді, жек көреді, жақтырмайды. Осылайша адам көңіл күйі өзгеріп отырады. Оған қазір көптеген жағдайлар әсер етеді.  Олар:

    - ақпараттың шамадан тыс көп болуы;

    - адамның тіршілік жағдайы;

    - өмір жағдайының тез өзгеруі, т.б.

 

    Біз әр түрліміз. Біздің көзіміз, шаш үлгіміз, бойымыз, жасымыз әр түрлі.  Әйтсе де бір жағдайда барлығымыз ұқсаспыз: көңілді болғанда күлеміз, көңілсіз жағдайда жылаймыз.  Көңілдің әр түрлі күйі – мазасыздану, бір қалыпты күй, көңілдену, ренжу көңіл күй деп аталады, ол адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді., ал эмоция жанның сезімі. Ал енді өзіміздің көңіл күйімізді түсінуге тырысайық (ашық аспан, шуақты күннің,  бұлтты күннің,  жауынды күннің суреттері).

    Шуақты күн сияқты адамның көңіл күйі кейде өте көтеріңкі болады, ондай кезде адам айналысына қуанышты көзбен қарап, құстай ұшып, барлық іске қиналмай кіріседі,  ән салғысы, би билегісі келеді.

    -Ал кейде адамның көңіл күйі бір қалыпты болып,  ұшып-қонбайды,  көңілсізденіп салы суға кетпейді,  тек тыныш оқшауланып өз ісімен болады,  бұл бұлтты күнге ұқсайды.

    - Кейде көңіл күй тұнжырап,  ешнәрсеге көңіл соқпай,  көзге жас келеді, мұндай көңіл күй жауынды күнге ұқсатуға болады.

    - Балалар, қазіргі өздерінің көңіл күйлерінді жоғарыдағы суретке қарап бейнелеп беріңдерші. (Оқушыларға уақыт беріледі).

    - Сонымен балалар өздерінің көңіл күйлеріңді суреттеп беруді үйрендіңдер,

    Адамның ішкі сезімінің сырт көрінісі – бет әлпеті арқылы көп жайтты аңғаруға болады. Мұны – мимика деп атайды, мимика бет әлпеттің тілі. Көңіл күйдің, адам жанының көрінісі эмоцияның әр түрі болады:  жағымсыз,  жағымды.

     - Балалар адамның жағымды эмоцияларын атап беріңдер. (Бақыт, қанағаттану,  келісу, қуаныш т.б.).

     Жағымсыз эмоциялар – көңілсіздік, қайғы, стресс, келіспеушілік және т.б.

    - Дұрыс айтасыңдар, жағымсыз эмоциялар ағзаға өте зиян, әр түрлі ауруға себеп болады. Сондықтан онымен күресе білу керек, ең бастысы жағымсыз эмоцияға байсалды реакция таныту қажет.

    Мимикадан, бет әлпеттен адамның көңіл күйін білуге болады деп жоғарыда айтып кеттік. Өз өзіне сенімді, қуанышты, көңілді адамның бет әлпетінен оның сенімен танысқысы келетінін,  достық ниетін сеземіз,  ондай адаммен тез тіл табысып, араласу оңай, қарым-қатынас жеңіл. Әр балаға қағазға жазылған әр түрлі көңіл-күйді бет-әлпеті арқылы көрсету  тапсырма беріледі.Басқа балалар  баланың көңіл-күйін табады.    Ал мынау қандай кескін? (Өз өзіне өте сенімді, менменсіген, дандайсыған адамның суреті көрсетіледі?).

    Дандайсыған, өзінен басқа ешкіммен санаспайтын, менсінбейтін адаммен ешкімнің достасқасы келмейді,  себебі онымен қорым қатынас жасау қиын.

    -Енді Дарын деген баланың басынан кешірген мына бір оқиғаны тыңдаңдар.

     Бірде Дарын әжесіне қонаққа келді. Аулаға шықса сол ауланың балалары ойнап жатыр екен. Олармен танысқысы келген Дарын балаларға жақын келіп:

    -Сәлем.  Мен – Дарынмын, мен сендермен ойнаймын – деді.

    Қалай  ойлайсыңдар, балалар онымен ойнады ма?  Неге?

   - Балалар Дарынның өз өзіне сенімді, бұйыра сөйлегенін,  менменсіген түрін ұнатпай , онымен достаспады.  Ренжіген бала әжесіне келді. Ал әжесі немересі өзінің білетін әдеп сақтау құпиясын  әңгімеледі. «Тұмсығыңды көтерсең – досыңнан айырыласың», - бұл қағида сендердің де естеріңде болсын (оқушылар мәтелді дәптерлеріне жазады).

    - Мына ақ қағаздарда әр түрлі жағдай жазылған, осы жағдайды оқып, әр түрлі эмоцияны қимыл, мимика арқылы көрсетіңдер. (Көтеріңкі көңіл күй, ойлану, ренжіскен достар, т.б.).

    - Қай жағдайды бейнелеу оңай болды, керісінше қай жағдайды орындау қиын болды?

    - Балалар, сендердің көңіл күйлеріңдіне бұзуы мүмкін?

    - Егер көңіл күй нашар болса, оны қалай көтеруге болады,  не көмектеседі?

    Айнаға қарап, мынадай жаттығу жасаңдар. Қасты көтеріп,  қайта түйіп, көзді қатты жұму, одан соң көзді барынша ашу.  Ауызға ауа толтырып,  ұртты томпитып,  ауаны шығару, ерінді алға созып, күлу.

     Күлкінің көмегімен көңіл күйді жақсартуға болады. Адам күлгенде  қанға көтеріңкі көңіл күйге көмектесетін ерекше гормондар келіп түседі. Сонымен бірге жылы сөздер де көңіл күйді жақсартады.  Қазір бір бірімізге комплимент айтуды үйренеміз.

     Комплимент деген не? Бұл өзге біреуге арналған жағымды , мақтау, жылы сөздер және ол сөздер шын жүректен, таза ниетпен айтылуы керек. «Бір бірімізге комплимент айтайық» ойынына кезек  беріледі. Балалар, бір бірлеріңе жиі жылы сөздер айтыңдар.

    Сонымен шаршағанда , эмоциялық күй жағдай  төмен болған кезде  қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл-күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз:

      Денеңізді бос ұстап отырыңыз.  Деміңізді мұрныңызбен ішке тартып,  демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен «А» дыбысын айтыңыз – ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.

       «Е» – қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.

       «И» – миыңызға,  көзіңізге,  құлағыңызға.

       «О» – жүрегіңіз бен өкпеңізге.

       «У» – қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге.

       «Х» – денеңіздің тазаруына.

       «ХА» – көңіл-күйіңіздің көтерілуіне.

Осы жаттығуды жаттап алып,  әр кезде орындап отырыңыздар,  денсаулығыңыз өз қолыңызда,  эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.

    - Балалар, сендердің сабаққа ынталарыңның арқасында күн шуағы молайып, бізді өзінің жылуымен жылытты. Сендердің көңіл күйлерің үнемі көтеріңкі болсын,  ол үшін жаныңдағы достарыңның жанын түсіне біліңдер, бір бірлеріне көмектесіп, қолдап  жүрсеңдер, достық қарым қатынастарың нығаяды, өздеріңе сенімді боласыңдар. Ал көтеріңкі көңіл күй, достық қарым қатынас, түсіністік денсаулықтың негізі, адамға рухани күш береді. Өзгеге сүйіспеншілік сезімімізді сыйласақ, ол сезім міндетте түрде өзімізге қайта келеді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологиялық тренинг “Мен ғажайыппын”"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ата-аналардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Ожеговтың сөздігінде “ғажайып” сөзіне анықтама бар - бұл “барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет”. Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 245 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2018 1206
    • DOCX 20.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чолпанкулова Лязат Имашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Чолпанкулова Лязат Имашевна
    Чолпанкулова Лязат Имашевна
    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19011
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Логотерапия в семейном консультировании. Практический подход в работе с утратой смысла жизни

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Основы конфликтологии: конфликты, их разрешение и профилактика

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 150 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с антивитальными переживаниями и самоповреждающим поведением методом когнитивно-поведенческой терапии

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 28 регионов

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 38 регионов

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе