Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Психологиялық тренинг "Мен және біз!"

Психологиялық тренинг "Мен және біз!"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы

«Балдаурен» бөбекжай балабақшасы













Психологиялық тренинг тақырыбы:

«Мен және біз»













Дайындаған: Г.Козыбаева

















2015-2016

«Балдаурен» бөбекжай-балабақшасы педагог-қызметкерлеріне арналған психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Мен және біз».

Мақсаты: Тренингке қатысушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, психоэмоционалдық жағдайларын өзгерте алу дағдыларын қалыптастыру, қызметкерлердің өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу. Мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру.

Пайдаланылатын қажетті заттар: қалам, А4 парағы, қағаз майлық, ноутбук, тақтайшалар.

Барысы:

  • Сәлемдесу (әр елдің сәлемдесуі, өз есіміңіз ұнайды ма, әркім өз есіміне эмблема жасау);

  • Интеллектуалдық икемделгіштікті (лабильдікті) анықтау әдістемесі;

  • Түрлі ойындар («Шашылған таяқшалар», «Екі сурет»);

  • Педагогикалық жағдаяттар;

  • Релаксация;

  • Рефлексия «Шаттыққа толы жүрекпен».

1. Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер! Бүгінгі тренинг сабағымыз «Мен және бәріміз» деп аталады. Яғни, педагогтың өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған. Қазағымыздың ұлы ғұлама ақыны Абай Құнанбаев жырлағандай:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
Бір – бірімізбен сәлемдесеміз.
1. Есіміңіз сізге ұнай ма?
2. Есіміңіздің мағынасын айту, эмблема жасау.
Жаттығу: «Әр елдің сәлемдесуі»
Италияда бір-бірімен құшақтасып амандасады. Бразилияда бір-бірінің иығын қағады. Македонияда адамдар бір-бірімен шынтақтарымен амандасады. Корей халқы иіліп амандасады. Латино–американдықтар құшақтасады.

2. Интеллектуалдық икемделгіштікті (лабильдікті) анықтау әдістемесі. Мақсаты: әр түрлі тапсырмаларды орындауға икемділікті, бір әрекеттен екіншіге ауысудың жеңілдігін және зейін аударуға қабілеттілікті зерттеу. Орындау ережесі: әдістеме жүргізу үшін тапсырмалар арнайы бланкке түсіріліп, зерттелінушілердің қолына беріледі де, орындау тәсілі түсіндіріледі. Орындау ережесі: «Сіздерге, онша қиындығы жоқ, 40 тапсырма берілген. Олардың әрқайсын орындауға 2,3,4,5 секунд уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде тапқан жауаптарыңызды бланкінің номері аталған жеріне толтырасыздар. Тапсырмаларды тез және зейіндеріңізді жинақтап отырып орындаңыздар.» Мен сіздерге әр тапсырманы асықпай оқып беремін, орындау уақыты аяқталған соң, келесі тапсырма орындалады. Зерттелінушілер жауаптарын қолындағы бланкіге толтырып отырады.

3. Түрлі ойындар. «Шашылған таяқшалар» ойыны.

Мақсаты: педагогтардың ойлау, құрастыру қабілеттерін арттыру.
Шарты: ортаға әртүрлі пішіндегі тақтайшалар таратылады. Педагогтар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне тиесілі тақтайшаларды құрастырып, сөйлем құрап шығаруы керек. Ойын музыка әуенімен ойналады.

«Екі сурет» ойыны.
Бір бет таза қағазды вертикаль бойымен сызық сызып, екіге бөліңіз. Сол жағына сізді көптен мазалаған, шешімін таба алмай жүрген мәселеңізді, сезімдеріңізді толтырған жағымсыз ойларды жазыңыз. Ішіңізден сол сөздерді айтып, денеңіздің оны қалай қабылдайтынын бақылаңыз (демалысыңыздың өзгеруі, бұршықеттеріңіздің жиырылуы, ауырпалықты сезінуіңіз т.б )
Сол жағына күйзелісіңізге қатысты қарама-қарсы нандырушы сөздер жазыңыз. Негізгі міндет қазіргі жағдайыңыздың сондай нашар емес екендігін,өзіңіздің сана сезіміңізді сендіру болып табылады. Ішкі құрлысыңызды ең жақсы сезімге толтырып, құмартушы, белсенді, дүниеге сеніммен қарайтын адамға айналыңыз. Сол жағында жазылған жағымсыз сөздерді жыртып немесе өртеп, ал оң жағыңыздағы жазылған сөздерді әрдайым өзіңізде сақтағаныңыз жөн.


4. Педагогикалық жағдаяттар.

1. Бала тәрбиешімен әңгімелесіп тұрып: «Сіз меннен көрі басқа балаларға жақсы қарайсыз, сіз Жаннұрды жақсы көресіз, неге апай?» тәрбиеші ретінде не деп жауап бересіз?
2. Есіктен кіріп кележатқан тәрбиешіні көріп, бала: «Апай сізге не болды, көңіл-күйіңіз жоқ па, әлде шаршап тұрсыз ба?» тәрбиеші әрекеті.....
3. Інжу мен Кәусар қарым-қатынасының нашар екенін көрсете отырып: «Мен онымен ойнағым келмейді, қасында да отырмаймын», - деді.Сіздің жауабыңыз.....
4. Тәрбиеші балаға тапсырма берді. Бала берген тапсырманы орындағысы келмей: «Сурет салмаймын», - деді. Тәрбиеші әрекеті....
5. Тобыңызда әр қашан көңіл күйі жарқылдап жүретін, сабаққа белсенді қатысатын балаңыздың көңіл күйі жоқ. Сіздің әрекетіңіз......
6. Бала тәрбиешімен әңгімелесіп тұрып: «Сіздің басқа балаларға қарағанда маған жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын», - деді. Сіздің жауабыңыз......
7. Тобыңыздағы баланың атасы сізге күнде бір ескертпе айтып келеді. Жаман сөздер айтып балағаттайды, «Жұмыстан шығартамын», - деп қорқытады Сіздің әрекетіңіз.....
8. Бала анасынан айырылмай жылап тұрады. Сіздің әрекетіңіз......



5. Релаксация: ( Баяу музыка әуені ойналады)
Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Судың әуелгі шуағын құлағыңызға жағып, күн шуағын құлағыңызға жағып, күн шуағын денеңізді қыздырып барады. Сіз орындарыңыздан тұрып, ыстық құмның үстімен жалаң аяқпен жүріп келесіз. Ыстық құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Сіз салқын су ішіп денеңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінесіз. Жан-жағыңызға қараңыз, өте әдемі көрініс көріп отырсыз. Қандай ғажап табиғат, таза ауа, жұмсақ құм. Кең дем алып, ақырындап демімізді сыртымызға шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарады. Біз бойымызға күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді керемет жандармыз!

6. Рефлексия. «Сезімге толы жүрекпен!» Әр қатысушы жапсырмалы қағазға бүгінгі тренингтен алған жақсы әсерін немесе тілегін жазып жүрекшенің ішіне жапсырады. Ойларын ауызша айтуға да болады.

Назарларығызға үлкен рахмет!!!






























































































































































Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров154
Номер материала ДВ-462118
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх