Кайыржанова Асель Бауыржановна
БҚО, Орал қ.
№20 ЖОББМ
Педагог – психолог
Психологиялық
тренинг
Тақырыбы: «Мен
және менің ортам... »
Мақсаты:
·
Сынып
ұжымын біріктіру;
·
Қолайлы
психологиялық климат орнату;
·
Тұлғааралық
қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Міндеті: сынып
ұжымын біріктіру, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйрету.
Сынып: 5
Көрнекіліктері: суреттер,
ватман, бояулар.
Тренингтің кезеңдері.
1. Қызығушылықты
ояту.
Сәлемдесу
Балалар көңіл
күйлерің қалай?
Оқушылар ортаға
шақырылады. Көшеде жүрген адамдардың қарбалас жүрісін саламыз. Сіз көптен
кездеспеген ескі досыңызды немесе сыныптасыңды көрдіңіз, сіз ол кісімен қалай
амандасар едіңіз?
Суретте – әр түрлі
көңіл күйдегі адамдардың суреттері бейнеленген. Суреттегі көңіл күйлеріне
қарап, олардың әрқайсысына ат қой. Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді
белгілеңіз. Өзіңе ұнаған суретті дөңгелектеп сыз. Және не себепті сол суретті
таңдағаныңды түсіндіріп береді.
Суреттегі
бет-бейне баланың шынайы базалық құндылықтарын көрсетеді. Мимика арқылы басқа
адамдардың эмоцияларын тани алуға бола ма?
2. «Менің есімім »
жаттығуы.
Мақсаты: оқушылармен
танысу, жағымды эмоциялық көңіл-күй орнату.
Нұсқау: Әр оқушы
өзінің есімін атап, есімінің бас әріпінен басталатын адамға тән жақсы
қасиетттерді айтады. Мыс., Алия – ақылды т.б.
3.« Молекула»
жаттығуы.
Жаттығу барысы: Қатысушылар
атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар
молекула құрайды. Мыс., «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3
атомнан тұратын молекула құрайды.
4.«Екеуміздің
ұқсастығымыз сонда...» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар
екі топқа бөлінеді. Бір топ сыртқы шеңбер жасайды, екінші топ ішкі шеңбер
жасайды. Бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Сыртқы шеңбердегі әр бала, өзінің ішкі
шеңбердегі сыңарына: «Екеуміздің ұқсастығымыз...», деп айтқан кезде, ішкі
шеңбердегі сыңары «Екеуміздің айырмашылығымыз... » деп жауап қайтарып,
шеңбер бойымен келесі адамға қадам жасайды. Барлығы өзінің сыңарына
жетпейінше, ойын жалғаса береді.
5. Қоштасу рәсімі
«Күнбағыс» .
Барлығы
шеңбер құрып, аяқтарының ұшымен тұрып, күнге қол жеткізетіндей қолдарын
жоғарыға көтереді, жақсылыққа, жетістікке, позитивке, мейірімділікке ұмтылады.
Қорытынды: Осымен
бүгінгі психологиялық сабағымыз аяқталды, бір-біріңізбен тату болыңыз,
көмектесіңіз, құрметтей біліңіз, сау болыңыздар.
Педагог
– психолог: Кайыржанова А.Б.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.