Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Психологиялық тренинг "Оқушылар арасындағы қарым-қатынас"

Психологиялық тренинг "Оқушылар арасындағы қарым-қатынас"

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқушылар арасындағы қарым-қатынас

(психологиялық тренинг )

Треннинг мақсаты:

1. Дау жанжалдың туындау себептері, оның адам өміріне әсері, жүйкеге әсер ететін жағдайлардың алдын – алу туралы оқушылардың білімдерін тереңдету.

2.Оқушыларға зерттеу, жаттығу жұмыстарын жасату арқылы жағдайды талдауға, саналы шешім қабылдауға баулу.

3.Салауатты өмір сүруге, айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым – өатынас жасауға, үлкендерді сыйлауға, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Тренингтың әдіс – тәсілі: әңгіме, сұрақ – жауап, ойын, жаттығу, іскерлік ойын элементтері, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: кестелер, тірек сызбалар, доп, магнитофон.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. «Сәлемдесу».

Мақсаты: Оқушыларды біріктіріп өзара сенім жағдайын құру.

Ойын барысы: Білім алушылар шеңбер құрып тұрады. Амандық сөздерін әндетіп айтады.

Педагог:

- Сәлеметсіңдер ме балалар?

- Сәлеметсіз бе, апай?

- Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге (қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді)

III.Танысу.

Шеңбер бойымен тұрып, ойыншықты бір – біріне лақтыру арқылы өзі білгісі келетін сұрақты қояды.

Мысалы: Сенің алға қойған мақсатың қандай? Сен қандай кино көруді ұнатасың? Сенің сүйікті әншілерің? Сенің сүйікті пәндерің? т.б. шеңбер бойымен балалар өздері білгіліері келетін сұрақтарын бір – біріне қояды.

-Балалар бүгінгі сабағымызда біз адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас жасау барысында туындайтын әртүрлі жағдайлар туралы әңгіме жүргіземіз.

Қарым – қатынас арқылы адамдар ақпарат алады, білім алады, айналадағы дүниені танып біледі. Бұл сөздің ауқымы өте кең. Адамдармен дұрыс қатынас жасай білу шеберлік, адамның ішкі мәдениетіне, біліміне байланысты десек артық емес.

Сұрақ – жауап.

- Балалар қарым – қатынастың қандай түрлерін білеміз? Ол үнемі кикілжіңсіз, тартыссыз, жанжалсыз бола ма?

IV.Карточкамен жұмыс.

1 карточка

Қазір сендер кикілжің, тартыс түсінігімен байланысты сөздерді шкала бойына бөліп жазасыңдар (ұрыс – керіс, жанжал, төбелес, сөз таластыру, салғыласу, әдепсіздік, тәртіпсіздік)

2 карточка

Осы деңгейде өз орныңды көрсет.

Жоғары Норма Төмен

Қарап отырсақ, балалар, ешкім де өзін төмен санамайды екен, ал өзін жоғарымын деп есептеуге, өзіне деген сенімі, интелект деңгейі келмейді деп ойлайды. Мұндай жағдайда төменге емес, жоғарыға ұмтылу керек.

V.Ситуация. I топ. Автобуста екі қыз келеді, өзара қызу әңгіме үстінде, аузында сағыз, қасында тұрған үлкен әкейді қағып, итеріп жібереді де, ештеңе айтпастан тұра берді. Атай ашуланып қыздарға, қандай тәрбиесі жоқ балаларсыңдар, үйде ата – аналарыңа солай жасайсыңдар ма? – деді. Осы жерде дау басталды. Бұған кім кінәлі? Сендер қалай ойлайсыңдар?

II топ.Колледжге асығыс жүгіріп келдіңдер, асыққандарың сондай баспалдақпен келе жатқандарыңда алдарыңда келе жатқан 2 – 3 ұстазды қағып кеттіңдер де, түк болмағандай кете бердіңдер. Арттарыңнан тоқта деген ұстаздар сөзіне құлақ аспадыңдар. Топқа кіргенде куратордың жасаған ескертуіне құлақ аспадыңдар. Осы жерде дау басталды, не істеу керек?


VI. Бөлім.

Қандай да бір кикілжіңнен шығудың жолдары бар.


Жарысу


Ыңғайлану


Бірлесу




Позицияны беру


Бір – біріне жоламау




Басқа жағдайда екі жақтың біреуі немесе екеуі де зардап шегеді.

VII. Бөлім «Қиындықты жеңе білу» (музыка ойнап тұрады)

Өмір – күрес. Кейде қуанышты, жақсылық жағдайлармен бірге қиындықтар да кездеседі. Соңғы кезде болған қиындық немесе шешуін тапқан мәселені еске түсіру. Ол мәселені қиындықты қалай жеңуге болады? Оқушылардың ойларын ортаға салып тыңдау.

VIII. Сергіту сәті. «Жағымды эмоцияларды қалыптастыру».

I топқа. Оқушыларға бір шоқ гүл ұстап кезек – кезек қатар бойынша бір – біріне ұнайтын қасиеттерін атап, тілектер айтады да, қолындағы гүл шоғын сыныптасына ұсынады (бір шоқ гүл бір қолдан бір қолға өтіп, бүкіл сынып оқушыларын аралап, мұғалімнің өзіне келеді).

I топқа. Жағымсыз эмоциялар туралы айту.

IX. Қоштасу


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров455
Номер материала ДВ-475704
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх