Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Психологиялық тренинг "Сыр сандықты ашайық"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Психологиялық тренинг "Сыр сандықты ашайық"

библиотека
материалов















ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Тақырыбы: «Сыр сандықты ашайық»























Дайындаған: педагог-психолог А.Ермекова








Өзгеріп жатыр дүние, өзгеремін өзім де,

Аталғанмен есімім, білдірер атым өзімді

Мен жалғыз емеспін. Біз көппіз.

Мен тірімін.

(Н.Заболоцкий)

Тренингтің мақсаты

  1. Мұғалімдердің өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді дамыту.

  2. Өзіне-өзі сенімділікті және кез келген жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру.

  3. Өз құндылықтарын және жағымды «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру.

  4. Педагогтардың ішкі әлемін қалыптастыруға ықпал жасау, ішкі психикалық күшін дамыту, кәсіби өзіндік саналауын кеңейту, кәсіби қызметте жетістікке жету.

  5. Өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру.

Әдістемелік жарақтау: интерактивті тақта, бланкалар, фломастерлер, қарындаштар, ватмандар,А4 қағаздар, қағаздан жасалған қатпарлар.

Тренингке қатысушылар: мұғалімдер

Өткізілу уақыты: 1 сағат



Тренингтің кезеңдері

Сәлемдесу салты

Өзін-өзі жағымды қабылдау, көңіл-күйін көтеру.

Топтың жеке мүшесіне жағымды сөз, көңілін көтеретін сөз айту ұсынылады.

2мин.


Танысу


Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, бір-бірін жетік таныстыру.

Қағаздан жасалған қатпар беріледі, ол 4 бөліктен тұрады. Оған есімін, нені білдіреді, кім қойды, өз есімімен нені атағысы келетіндігін жазады. Қасындағы көршісімен сұхбаттасады. Сұхбаттасқаннан кейін өз жұбын таныстырады.


5 мин


Топтық жұмыс ережесі

Біртұтас жұмыс кеңістігін қалыптастыру.

Сана-сезім шабуылының әдісі:

  • «қазір және мұнда» ережесі;

  • шынайы болу ережесі;

  • сөзді және әрекетті бағалауға болмайды;

  • жауапкершілік ережесі;

  • тыңдап ал, содан кейін айт ережесі;

  • белсенді болу ережесі.

1 мин.



Негізгі бөлім.


«Менің жағдайым» жаттығуы

Өзін-өзі тану процесін тереңдету, «Мен» – жағдайлардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды орнату.

«Мен оларды қаншалықты білемін?», «Мен оларды қаншалықты жақсы көремін?» бланкілердегі бағандарды толтыру.

Талқылау - тапсырманы орындау барысында қандай сезімде болдыңыз?

10 мин


«Мен кіммін ?» жаттығуы

Мұғалімдердің өзін-өзі бағалауын жоғарлату, кәсіби шеберліктерін дамыту.

Қатысушыларға ақ парақтағы бланкілерге (қосымша 1) әр қатар бойынша сұрақтарға жауап беру ұсынылады. 1-қатарға «Мен – қандай мұғаліммін» деген сұраққа мұғалімнің кәсіби сапаларын жазады; 2-қатарға «Мен – қандай мұғалім болғым келеді?» мұғалім қандай кәсіби сапаларға ие болу керек; 3-қатарға сол жақтағы көршісі «Ол – қандай мұғалім?» ол мұғалім қандай кәсіби сапаларға ие екенін жазады.

Талқылау:

Талқылау барысында мына мәселелерге көңіл аударған жөн:

  • қаншалықты адам өзін жақсы біледі;

  • өзіне деген қатынасы

  • өзіндік «Мен-тұжырымдамасы» басқалардың айтқанымен сәйкес келе ме

7 мин


«Ең – ең» жаттығуы

Мұғалім-оқушы қарым-қатынасын орнату,

Мұғалімдер 2 шағын топқа бөлінеді. Мұғалім мен оқушының бір-бірін қабылдауы. 1 топ – мұғалімдер, 2 топ – оқушылар. 2 топқа ватман қағазы, фломастер беріледі. Тапсырма: Мұғалімнің моделін жасау.

1 топқа: Мұғалім деген мамандыққа қандай талаптар қоясыңдар?

2 топқа: Оқушылардың көзқарасымен мұғалім қандай болу керек?

Талқылау:

- тапсырманы орындау барысында қандай сезімде болдыңыз?

10 мин


Сергіту жаттығулары


«Поезд» жаттығуы

Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру.

Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Біріншілер – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екіншілер – екі шапалақ, бір тоқылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші – екінші – бірінші – екінші жәнет.с.с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі.

3 мин.


«Тірек нүктесі» жаттығуы

Мұғалімдердің асыл қасиеттерін дамыту, өзіне-өзі сенімділікті қалыптастыру.

Әр қатысушы өз бойындағы өзі бағалайтын, өзіне ұнамды, өзі жақсы көретін қасиеттері, жақсы жақтарын, тірек нүктесін атап кетеді. Қатысушылардың бойындағы аталған жақсы қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті. Әр қатысушыға 1 минут уақыт беріледі.

Талқылау:

Пікірталаста әр қатысушының сөздерінде не қайталанды

және осы тапсырма барысында қандай сезімдерде болғандары туралы талқылау қажет.

5 мин


«Менің жетістігім» жаттығуы

Мұғалімдердің өмірлік мақсатарын саналау.

Тренингке қатысушылар «Мен өмірде неге қол жеткізгім келеді?», «Менің өмірлік мақсатым» сұрақтарға ауызша жауап береді.

Әңгіме –сұхбат

7 мин


«Біз не үшін жақсы көреміз» жаттығуы

Ұжым бірлігін қалыптастыру, өзгені тани білу, бір-біріне жылулық сезімдерді дамыту.

Қатысушыларға өзінің көріністері арқылы өте ұнайтын адамды топ ішінен таңдап алады. Сол адамда ерекше ұнайтын 5 асыл қасиетті таңдайды. Адамды көрсетпей сол қасиеттерді ауа-райға, жыл мезгілдеріне, қандай да бір затқа т.с.с теңеп, бейнелейді. Қатысушылар кезекпен мінездемені айтады, қалған қатысушылар осы мінездеме кімге лайық екенін анықтайды.

10 мин


«Өз-өзіне деген сенімділік» жаттығуы

Күнделікті әңгімелесуде өз-өзіңе сенімділік пен кез келген жағдайда жақсы бейімделуге дағдыландыру.


Өзіндік анализ. Қатысушылар бланкідегі кестеде берілген тұжырымдарға сәйкес келесі түстерді таңдайды:

Жасыл – иә, мен бұған сенімдімін.

Сары – мен сенімді емеспін.

Қызыл – бұл мен үшін мәселе.

Талқылау:

Егер де түстер спектірінде жасыл түс басымырақ болса –онда мұғалімдер өзіне сенімді, мақсатқа бағытталғыш тұлға. Сары түс - өзіне деген сенімділіктің жетіспеуін білдіреді. Қызыл түс – индивидуалды дамуына кедергі келтіретін мәселелер барын білдіреді және өзіңе көңіл қоюды талап етеді.

Нәтижесінде ұжымда мұғалімдердің өзіне-өзі сенімділіктердің деңгейін көруге болады.

7 мин


Релаксация

«Маяк»

Елестету арқылы өзіндік «Мен» бейнесін бейнелеу.

«Маяк» атты релаксациялық әуен ойналады.


Талқылау

  • Не сездіңіздер?

  • Елестете алдыңыздар ма?

3 мин


Қорытынды бөлік.


«Менің көңіл-күйімнің түсі» жаттығуы


Көңіл-күй жаңалықтарын сезіну.


Санамен қозғау әдісі:

  • Бүгінгі тренингте не нәрсеге үйрендіңіз?

  • Не нәрсе есіңізде қатты қалып қойды?

Қатысушылар тренингтік жаттығудан алған әсерлерін, сезімдерін, көңіл-күйлерін бейнелейді, суреттейді.

Талқылау. Әр қатысушы өз суретіне талдау жасайды, сезімін айтады.

7 мин


«Шырақ» жаттығуы

Тренингке қатысушылардың қарым-қатынастарын үйлестіру

Қатысушыларға бір-бір шырақтан алып сол жақтағы көршісіне тілек айтып, көршісінің шырағын жағады.

5 мин


Кері байланыс.


«Ашық айтқанда»

Тренингке қатысушылардың қанағаттану деңгейін анықтау.

Қатысушыларға «Ашық айтқанда» деген аяқталмаған сөйлемдер бланкісі беріледі.

5 мин


Қоштасу

«Сыйлық»

Жағымды сезім орнату.

Психологтың тренингке қатысушыларға, келген қонақтарға «10 раушан гүлдері сіздер үшін» атты презентациясы ұсынылады.

5 мин


«Мен оларды қаншалықты білемін?»

hello_html_1fb646b5.pnghello_html_1fb646b5.pnghello_html_1fb646b5.pnghello_html_1fb646b5.png




Мен-қазіргі Мен – идеал менің ойымдағы – Мен Мен-басқалардың көзқарасымен



«Мен оларды қаншалықты жақсы көремін?»

hello_html_1fb646b5.pnghello_html_1fb646b5.pnghello_html_1fb646b5.pnghello_html_1fb646b5.png





Мен-қазіргі Мен – идеал менің ойымдағы – Мен Мен-басқалардың көзқарасымен

Менің индивидуалдылығымды құрушылар

Мен өзімді ұнатам

Өз сырт келбетіме көңілім толады

Достарымның, әріптестерімнің арасында өзімді сенімді ұстаймын

Аудитория алдында сөйлегеннен қорықпаймын

Өз жұмысыма көңілім толады

Мен өз мақсатыма сенем

Менің қалжың сезімім жақсы дамыған

Мен тез әңгімелесіп кете алам

Мен шешім қабылдай алам

Өз сәтсіздіктерімді жеңіл уайымдаймын


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров70
Номер материала ДБ-401438
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх