Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Психологиялық тренинг "Талапқа сай көшбасшы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Психологиялық тренинг "Талапқа сай көшбасшы"

библиотека
материалов

«Талапқа сай көшбасшы»

Психологиялық тренинг

Мақсаты: оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру.

Ұйымдастыру: Психологтың сөзі.

«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін, құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық». Н.Ә.Назарбаев.

Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.

Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсатмүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.

Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан, жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйренумен болады.

Міне, бүгін сізге де осындай дағдыларды мүмкіндігінше көрсеткім келіп отыр.

«Өзін-өзі таныстыру» жаттығуы.

Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін сезінуі үшін. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы:

  • Өмір ағымынан қалмау;

  • Әрдайым білімге талпыну;

  • Әрқашан жақсылық жасау;

  • Биікке ұмтылу т.б.

«Ой қозғау» жаттығуы.

Ең алдымен «Көшбасшы деген кім? Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Қалай көшбасшы болуға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, Күн сәулесінің шуағына жазайық.

Түйін: Көшбасшы Күндей айналасына жылу береді.

«Менің бойымдағы сіздер білмейтін қасиет ...» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың қабілеттері мен өнерлерін шыңдау. Оқушылар ортаға шығып өздерінің таң қалдыратын қасиеттерін ортаға салады.

Түйін: Бойымыздағы бар жақсы қасиеттерімізді бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп, әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.

Ақпарат «Талапқа сай көшбасшы».

Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс.

Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:

  1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.

  2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.

  3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жәбермейді.

  4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.

  5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.

  6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғына нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.

  7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.

  8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.

  9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.

  10. Әдеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.

  11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкігің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.

  12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.

  13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.

Олай болса, іске сәт!

«Сіз көшбасшы болуға лайықсыз»

«Жақсылық тамшысы» жаттығуы.

Оқушылардың санына сәйкес алдын-ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Тақтаға тамшыларды іліп, әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.

  • Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен теңізге айналды. (Психолог тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек теңіз суретін апарып іледі). Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

«Жинақтаушы қол шапалақтау» жаттығуы.

Балалар, сендердің бүгінгі жұмыстарыңа рахмет айтамын. Бір-бірімізге қол шапалақтау арқылы алғыс білдірейік. Барлығымыз шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды дәл осылай біріктіреміз де, бәріміз бірге «Біз біргеміз», «Біз көшбасшымыз» деп айтамыз.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров371
Номер материала ДБ-079449
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх