Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПсихологиялық түзетудегі ойын мен суреттеу техникалары

Психологиялық түзетудегі ойын мен суреттеу техникалары

Скачать материал

Ойын психологиялық түзетудің әдісі ретінде бала тұлғасының танымдық, эмоционалды, әлеуметтік, шығармашылық, әрекеттік және мотивациялық сфераларын дамытады. Ойын балалардың  негізгі  іс–әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған баланың дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екітүрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Бала  ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. 

Ойын барысында бала рөлге кіріп, сыпайылық пен қаталдық, сезімталдылық, адалдық, т.б қасиеттермен танысады. Сонымен қатар ойында бала ережелерді сақтау, ұжымның көзқарасын есепке алу, тәртіптілік, уақыт пен кеңістікте бағдарлану сияқты әрекеттерді меңгереді. Ойын кезінде бала өзін шынайы байқатады. Ойнау арқылы бала біртіндеп дамиды, жаңашылдықты ойлап тауып, фантазиясын, ой операцияларын дамытады.

Ата-аналар мен ересектердің міндеті - балаларға ойын ойнауға тыйым салмау, керісінше сол ойынға қатысып, оны басқару.

Ойынның түрлері өте көп, олардың мақсаты баланың дағдыларын қалыптастыру және дамыту, әлем жайында жаңа ақпарат беру, мінез-құлқының жағымды жақтарын тәрбиелеу. Ал енді сол ойындар жайында айтып кетейік, бау байлайтын ойындар қабылдау, шыдамдылықты дамытады, саусақ және қол (ұсақ моторика) жетілдіріледі. Бұл - баланы жазуға дайындаудың ең тиімді тәсілі. Топтық ойындар балаларды бірлесуге, өз ойын білдіруге, түрлі ситуацияларды шешуге үйретеді. Рөлдік ойындарда балалар өз эмоцияларын бақылауға үйренеді. Өз қуанышын білдіріп, қобалжуды жеңуге әсер етеді. Саусақ ойындары сөйлеу, ойлау, қабылдау, қиял процестерін дамытады. Конструкторлар көмегімен баланың шығармашылығы, құрылымдау икемділіктері дамиды. Логикалық ойындар баланың ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге, сөйлеуге үйретеді.

Ойынның қай түрі болсын баланың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиелерінің дамуында үлкен рөл атқарады. Әсіресе, түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою сияқты таным үрдістері дамуына жол ашады.

Балаларға ойын түрлерін таңдағанда ескеретін жайт, ол баланың психологиялық жас ерекшеліктерін есепке алу.

 

 

 

Суреттеу – балалармен жұмыс жасаудың ерекше әдісі, ол психологиялық түзетуде өзекті, әрі перспективті бағыт болып есептеледі. Сурет салудың дәстүрлі техникасы қарындаш және бояулар көмегімен сурет салу, ал дәстүрлі емес техникалары «саусақпен суреттеу», «коллаж», «бастыру» (оттиск), «қатты қылқаламмен нүктелеу» болып табылады, мұнда сурет салудың құралдары жіп орамасы, штамптар,  майшам қолданылады. Бұл балалардың еңбек және сурет салу дағдыларын дамытады, баланың бойында сурет салу процесіне эмоционалды жағымды қатынас туғызады. Танымдық, эмоционалды – еріктік, әрекеттік сфераларының ауытқуларын түзетуге көмектеседі, баланың қоғамда тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді.

Баланы дәстүрлі емес сурет салу техникаларынмен таныстыруды 3 кезеңге бөлуге болады: бірінші кезеңнің мақсаты баланың әрекетке жән сурет нәтижесіне эмоционалды қызығушылығын дамыту. Бұл кезеңде педагог баланы қажетті құрал – жабдықтармен, әдіс-тәсілдермен таныстырады. Бала тек педагогтың әрекетін бақылайды. Екінші кезеңде түрлі суреттерді (қағаз бетін нүктелермен, іздермен толтыру) салу кезінде бала педагог көмегімен құралдарды ұстауға үйренеді (қылқалам, штамп, саусақ бояулары, кепкен жапырақтар, аппликация қиындылары). Үшінші кезеңде образдарды жасау кезінде сурет салудың дәстүрлі және дәстүрлі емес техникаларын қолданып дағдылар мен икемділіктер дамиды.

Барлық кезеңдерде педагог суреттелеген объектілер жайындағы сұрақтарға жауап беруге, сенсорлы ерекшеліктерін (түс, форма, көлем) көрсетуге бағыттайды.

Ал енді осы сурет салудың дәстүрлі емес техникаларына жайында айтатын болсақ, «саусақпен суреттеу» техникасы саусақ немесе алақан көмегімен бояулар арқылы сурет салу. Мысалы, «Жаңбыр, кап-кап-кап», «Шөп өседі», «Шыршаны түрлі шамдармен безендендіру».

Штамппен бастыру техникасы бірізді әрекеттер тізбегі  ретінде көрініс табады, мұнда құрғақ жапырақтар, пенопласт, түрлі қақпақтарды қолдануға болады.  Мысалы «Күз сыйы», «Жемістер вазасы», «Гүл шоғы» тақырыптарында сурет салуға болады.

«Коллаж» техникасы түрлі элементтерді (фотография, түрлі түсті қағаз, ағаш, металл) жапсырудан құралады. Мынадай тақырыптарда жұмыс жасауға болады, мысалы, «Кірпі», «Күннің көзі», «Аквариумдағы балықтар».

«Қатты қылқаламмен нүктелеу» техникасы бұл баладан техникалық икемділіктер мен дағдылардың дамуын талап етеді. «Аңдардың үйіне жол көрсет», «Жіптер тарқатырлы», «Қыс келді. Көп қар әкелді».

Жалпы, суреттеудің дәстүрлі емес техникалары баланың түрлі эмоцияларын көрсетуге мүмкіндік береді, сурет салу және ойын әрекеттерінің қалыптасуына, шығармашылықты дамытуға, тұлға ретінде жетілуіне, мінез – құлқы мен қарым – қатынасының дамуына зор әсерін тигізеді.

Қорыта келе, ойын және суреттеу әдісін балалармен жұмыс барысында қолдану өте маңызды, баланың психологиялық дамуы мен танымдық қасиеттерін жан жақты дамытуда әсері зор.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологиялық түзетудегі ойын мен суреттеу техникалары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 207 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2015 1236
    • DOCX 33.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыздыкова Гульсинай Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыздыкова Гульсинай Канатовна
    Сыздыкова Гульсинай Канатовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5855
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Технологии взаимодействия психологов с усыновляющими семьями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Основные вопросы профессиональной деятельности по оказанию психологической помощи, коррекции и поддержки в особых условиях

Кризисный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Школьные службы примирения и восстановительная медиация

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 708 человек

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов