Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Скачать материал

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Адамзат қоғамның дамуы тарихының қай кезеңінде болмасын, жастарға өмір талабына сай білім беру және білім беру ісін жетілдіріп отыру аса маңызды міндеттердің бірі болып келді. Бұл жөнінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында. «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деп арнайы бөлімді қарастыруы қозғалып отырған мәселенің өзектілігін нықтай түседі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім беру заңында бұл мәселе «баршаның сапалы бiлiмі мен бiлiм беру жүйесiн дамытудың басымдығы» деп қарала отырып. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың алғы қағидаларының бірі ретінде танылған.

Осындай алғы шарттарды негізге алған еліміздегі орта білім беру жүйесі, білім беру ісінің тиімділігін еселеуді негізгі бағдары ретінде ұстанып отыр. Осы мақсатта елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұған мысал ретінде елімізде арнайы бағытта жұмыс атқарып жатқан мектептерді, гимназия, лицей,  гимназиялық  және  лицейлік  сыныптары  бар  мектептер,  жеке  пәндерді  тереңдетіп  оқытатын білім беру мектептері мен  сыныптарын, авторлық  және  жеке  меншік  мектептерді келтіруге болады. Тіптен бүгінгі күні Республикада оқытушылардың  заманауй уақыттың талабына сай біліктілігін көтеру мақсатында, шетелдік озық тәжірибелерді жинақтаған «Өрлеу» бағдарламасы жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта  нарықтық қоғамдағы көптеген қиындықтарға қарамастан, мектеп бала тәрбиесі мен білім беру жұмыстарын ұйымдастырушы, негізгі институттардың бірі болып қала береді. Осындағы педагогикалық үрдістің нәтижелі болуының бала тәрбиесіндегі орыны ерекше екендігі айтпасада белгілі. Дегенменде ондағы жұмыстардың нәтижесін талдап, педагогикалық үрдістің барысына түзетулер енгізіп отыру үшін арнайы бақылау және бағалау жұмыстары қажет. Себебі, жалпы педагогикалық жұмыстың нәтижесі, мұғалімнің педагогикалық үрдіс жөніндегі ақпаратты тікелей игерумен байланысты болып отырады.

Педагогикалық үрдістің барысында педагог қажетті сапаларды сіңіруі арқылы, бала бойындағы қабілеттерді дамытып отырады. Адам қабілеттерінің қалыптасу және дамуы жөнінде заңдылықтарды, олардың оқушының бойында қалыптасу деңгейінен хабардар болуы, педагогқа оқу-тәрбие үрдісінде қажетті деген әдіс-тәсілдерді дәл, тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Осы мәселе төңірегінде Р.С.Немов өзінің «Психология» деген еңбегінде педагогикалық үрдіс барысындағы психологиялық жұмыстар, оның ішінде зерттеу жұмыстардың қажеттігіне қатысты біраз мәселені қозғап  өткен.

Психологиялық зерттеу жұмыстарының жүйесін мектептегі білім және тәрбие беру ісінде мына негізгі екі бағытта ұйымдастыруға мүмкіндік жоғары.

 

 Психологиялық зерттеу жұмыстарын педагогикалық процестің тиімділігін арттыруда пайдаланудың мазмұны

 

Психологиялық зерттеу жұмыстары

 

Негізгі зерттеу жұмыстары  Байқау,бақылау

 

Қосалқы зерттеу жұмыстары

 

Сурет 1.  Психологиялық зерттеу жұмыстарын педагогикалық процестің тиімділігін арттыруда пайдаланудың мазмұны

Психологиялық зерттеу жұмыстары мектеп оқушыларының білім, тәрбие деңгейін анықтай отырып, олардың таным, ерік сапаларын, мінез қасиеттерін, ақыл – ой әрекеттерін белсенді жұмыс жасауға бағыттау үшін зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйенуі тиімді болмақ. Зерттеу жұмыстары сонымен қатар оқушы топтар арасындағы қарым – қатынасты, топтағы психологиялық ахуалды жүйелі анықтауға мол мүмкіндік береді.

Психологиялық зерттеу жұмыстарының мақсаты оқушылардың психикалық даму ерекшеліктерін, олардың кәсіби маман ретіндегі білімі мен іскерлік дағдылар жүйесін, алған білімдері мен іскерліктер жүйесінің қоғам талабына сай келуін анықтау болып табылады.

Біз жоғарыда зерттеу жұмыстарының мынадай бір қатарын көрсетекен болатынбыз: Негізгі зерттеу жұмыстары – бұл зерттеу әдістері құрамына байқау және бақылау, эксперименттік зерттеу жұмыстарын біріктіре отырып болашақ мамандарды даярлау ісіне қатысты ақпараттардың мол қорымен қамсыздандырады.

Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы әдістер деп атайды. Нақтырақ айтар болсақ, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші студенттің жеке дара ерекшелігін, қызығушылықтары мен қарым – қабілеттерінің бағыт – бағдарын, деңгейін анықтай алады. Әңгіме әдістерін қолдану үшін зерттелушінің білім көлеміне қарай, жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды. Әрине мұнда зерттелінушіге күдік тудырмай әңгімені көбінесе жанама түрде ұйымдастырған дұрыс, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі.

Оқыту мен тәрбиелеу ісінде психологиялық зерттеу жұмыстарының орыны ерекше. Педагогикалық үрдіс барысында психологиялық зерттеу жұмыстарын пайдалану көзделген мақсаттың сапалы жүзеге асуына оң ықпалын тигізеді.

 

Резюме

В этой статье рассматривается, возможности психологической исследований оптимизаций педагогического процесса

 

Summary

This article examines the possibility of psychological studies of optimization of pedagogical process

Әдебиеттер

1.   «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты  Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.

2.   Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256

3.   Р. С. Немов. Воспроизводится по: Немов Р. С. Психология. – 4-е изд. – М.: ВЛАДОС, 2003. – Кн. 1. Общие основы психологии

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 590 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 1173
    • DOCX 17.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хайруллаева Шаира Октябреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хайруллаева Шаира Октябреевна
    Хайруллаева Шаира Октябреевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 138410
    • Всего материалов: 44

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологическое сопровождение детей-спортсменов

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Нейропсихология детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 959 человек из 81 региона

Курс повышения квалификации

Логопедическая ритмика в коррекции речевых нарушений у детей и подростков

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе