Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Психологиялық тренинг тақырыбы "Ата-ана махаббаты"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Психологиялық тренинг тақырыбы "Ата-ана махаббаты"

библиотека
материалов

Ата-ана махаббаты

Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету

Міндеттері:

  • Жаттығулар мен ойындар арқылы ата-аналарға балаларының ішкі жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік беру, өз перзентін терең тануға тәрбиелеу;

  • Тапсырмаларды орындату, ата-ана махаббатын сезіну, балаларымен бірге жұмыстану;

Тренинг барысы: - Сәлеметсіздер ме? Құрметті ата-аналар! Сіздерді көргеніме сондай қуаныштымын. Бүгінгі өткелі отырған «Ата-ана махаббаты» атты тренингке қош келдіңіздер!

1.Танысу.

Ата-аналарды шаттық шеңберіне шақыру. Әр ата-ана өз баласының есімінің бас әрпінен басталатын әріпке сәйкес баласының бойындағы жақсы қасиеттерді айтады.

2.Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
3 . «Сиқырлы тәттілер» психологилық диагностикалық ойын

Мақсаты: баланың отбасындағы психологилық жай-күйін анықтау.

Ережесі: балаларға ортаға бір ыдыспен кәмпиттер ұсынылады. Балалар ешқандай ойын ережесінен бейхабар тәттілерді жейді. Ата-аналар мен психологтар бұл процесті бақылап отырады. Балалардың кәмпитті жеп болғасын оның қағазын қайда қойғанын көңіл бөлу қажет.

Ойын кілті:

  1. Кәмпиттің қағазын үстелдің үстінде қалдырса, баланың отбасында ешқандай қысым көрмейтінін білдіреді;

  2. Қағазды тәрелкенің астына жасырса, отбасында балаға қысым болғанымен, бала ол қысымды қабылдамайтынын көрсетеді;

  3. Қағазды қалтасына жасырса, отбасындағы қысымның бала психологиясына әсер ететінін білдіреді;

  4. Қағазды мүлдем жоюға әрекет болса, отбасындағы балаға деген қысымның өте жоғары және оның бала психологиясына қауіпті екенін білдіреді.

Қортынды:

Әрбір бала өз отбасында еркіндікті сезініп, барлық жақсыны, әдеміні көріп,татып өсуге құқылы. Өз отбасында барлық жақсыға көзі тойған бала ешқашан аш көз болмайды, үйден тыс жерде өзін ондай игіліктерден тәуелсіз ұстайды, өзгенің затына қызығушылық танытпайды. Барлық тәттіге еркін қолы жеткен бала, өз бойындағы жақсы қасиеттерін де еркін көрсетеді. Ал жақсы, тәттілер баладан жасырылса, ол да өз жақсы жақтарын жасырып өседі.


4. «Ата-анаңды қолынан таны»

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы махаббатты сезіну. Көзі байланған бала анасының қолдарын сипап сезу арқылы танып білу.

5. «Жанұя шашуы» ойыны

Мұнда баласы шар түсін таңдайды. Ата-ана шарды жарып, сұраққа жауап береді және тапсырманы орындайды.

1.Балаңыздың туған күні Қоянның қимылын салу

2. Балаңыздың сүйікті тағамы Балаңыздың сізді шектен шығып тыңдамаған кездегі ашуыңызды көрсетіңіз. 3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді? Балаңызды еркелетіңіз

4. Балабақшаға неше жасында келді? Таңертеңгі балабақшаға жинақталуды көрсетіңіз, қандай жылы сөздер айтасыз?

5.Балаңыздың сүйікті мултьфильмі Аюдың қимылын салу

6. Балаңыздың ең жақын досы кім? Түлкінің қимылын салу

6 . Шығармашылық жұмыс: «Қол көмек»
Нұсқау: Ақ параққа оң қолыңызды басып саласыз. Содан кейін «балаңызға қандай көмек бере аласыз?» деген сауалға жауап жазамыз.
7. «Жан жүрек сыры»

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді беріп, оған балаларына қандай жылы сөздер айтады соны жазу тапсырылады.(айналайын, ботам, жұлдызым, т.б.) Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен? Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата- аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралады
8. Шығу парағы:
1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)
________________________________________________________________________________________________________________________
2. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________
3. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров493
Номер материала ДВ-255755
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх