Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыПсихологиялық ағартушылық сабақ: "Доссыз өмір - тұзсыз ас"

психологиялық ағартушылық сабақ: "Доссыз өмір - тұзсыз ас"

Скачать материал

Дәріс: «Доссыз өмір – тұзсыз ас»

     Өзің жақсы болсаң - досың көп,

                                                                      Жаман болсаң - досың жоқ,

                                       Орташа болсаң –

 бір жақсыға ілесе аларсың.

       Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Ол туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбағаны кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зор маңызына байланысты екені даусыз. Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Ол қайда барсаңыз да сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды, ол  сәттілікке жаңа сәулет әкеледі, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады»,- дейді. Достық – сан бояқты, көп қырлы қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес.

      Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай сын сағатта «мұнан менің қай жерім аяулы?»,-деп қасында бірге тұрып қала алатын адам ғана «дос» деген атқа лайық. Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл өте қажет те табиғи тілек. Әрине достық әшейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне ықылас-пейілі түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Бала кезден басталған достық өте ыстық және өміршең келеді. Соның арқасында о бастағы көкөрім екі баланың достығы келе-келе, олардың жұбайларының, балаларының достығына айналып, жалғасан табатын жағдайлар аз болмайды.

      Ата-бабаларымыздан келе жатқан қатаң қағида, рухани өсиет – достыққа адалдық. Достыққа адалдық туралы жан тебірентерлік сұлу аңыздар, өлеңдер, ой-маржаны – мақалдарымыз бен мәтелдеріміз қаншама? Міне, осының арқасында біз халқымыздың бойында достықты, адалдықты ардақтап, көздің қарашығындай сақтау дәстүрі орын тепкен. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Яғни, Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып-қағуды керек етеді.

Достықтың нәрі – оның қадіріне жете білу. Ол үшін, Абай атап көрсеткендей, «Достыққа достық – қарыз іс» екенін жадыда ұстаған жөн. Достықтың тағы бір тіреуі – теңдік. Бұл жөнінен: «Достыққа құл да, қожа да қажет емес. Достық – теңдікті сүйеді,» -деп орыс жазушысы И.А.Гончарев өте дұрыс айтқан. «Дос – досқа айна» деген сөз де соған мегзейді. Ол үшін досыңның хал-жағдайына назар аударып, жетістіктеріне қуанып, талпыныстарын қолдап, қуаттап, қиын сәтте қасынан табылып, өзіңіді толғандырып жүрген жағдайларың мен жайттарыңнан хабардар етіп отыр. Досқа жалған көлгірсу, сыртынан ғайбат сөз айту, ділде жоқ, тілде бар сүйіспеншілік оған жат; оған жоғарыда айтылған адалдыққа қоса, ең алдымен ашықтық, бүкпесіздік тән. Халқымыздың «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады»,-деген мақалының мазмұны да соған саяды. Әрине, жылатып айтқанның жөні осы екен деп, орнын, айтар кезін, жағдайды есептемей, ойыңа келгенді бетің бар, жүзің бар екен демей, қойып қалу – қате. Досыңның қатесін, кемшілігін айту керек болғанда, ақылға салып, оңашада, таза, жанашырлық, жақындық көңілден іселіп отырған іс екеніне иландыра, көзін жеткізе, салмақпен айтқан жөн. Өз атыңа арналған сондай сөзді сен де жақындықтан, жамандыққа қимағандықтан, жанашырлықтан айтып отыр деп қабылдап, ризашылық, алғыс пейіл білдіруің қажет. Мұндайда секемшілдік, күманданғыштық, ренжу – екі жаққа да бірдей зиянды. Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ», дейді халық даналығы. Қапыда немесе білместіктен қателескен екенсің, дос алдында кінаң бар екен, онда ашық мойындауың керек, ол да қанша қиын болса да, қатесін, кінәсін мойындап тұр екен, оны кешіре білуің, түк болмағандай жуып-шаюың керек. Мұндай қылық достарға жарасады. Демек, кешірімділік, кек сақтамау, уақ-түйекке мән бермеу, өз ақылың мен жүрегің әбден иланбай, өзгелердің арамзалық сөзіне сеніп, алданып қалмау – шынайы достарға тән мінез. Нағыз достықтың бір белгісі – шыдам, сабыр. Ежелгі грек философы Биастың: «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады»,-дегені рас.

    Достықтың үлкен белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек, пәтуасыз жандарға «досым ғой» деп сыр ашу – жамандыққа апарып соқтыруы ықтимал. Дос-жолдастарымен бірге жүрген адамның көңілі тоқ, сенімі берік болады. Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсіністіктерінің ұқсастығы, бірлігі. Ондай бірліксіз кездейсоқ достықтың өмірі ұзаққа бармайды. Басқалардың өзіңе құрметпен қарауын, сыйлауын қалар болсаң, өзің де оларға солай қарауың қажет екендігін естен шығармаған жөн.

Ұлағатты сөздер

·        Өзің жақсы болсаң, досың көп,

Жаман болсаң, досың жоқ,

Орташа болсаң, бір жақсыға ілесе аларсың

·        Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді.

(М.Қашқари)

·        Досы жақсының - өзі де жақсы.

(А. Иүгіники)

·        Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас                                                                                                                  

                                                                              (Абай)

·        Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

                                                                                                 (Махамбет)

·        Адал достық - өмірлік нұсқа болады,

Амал достықтың - өрісі қысқа болады

                                                                                      (Әйтімбет шешен)

Жаднама: «Досым - өмірімнің тірегі»

·        Досты асықпай таңда (мінез-құлық, мақсаттың сәйкестігі, адамгершілікті адам);

·        Достыққа адал бол;

·        Досыңның сыртынан ғайбат сөз айтпа;

·        Досыңды алдама;

·        Достың сырын сақтай біл;

·        Досыңмен тең дәрежеде бол (өзіңді одан биік немесе төмен ұстама);

·        Әркез(қуанышта, қайғыда ) қасынан табыл;

·        Досыңның мерейі өссе қуан;

·        Досыңа өзіңдей сен;

·        Достықтың қадіріне жете біл!

1.          «Карандаш» тренингі

Мақсаты: адамдардың бір-біріне сенімін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту, татулыққа баулу.

Жүргізілуі: қатысушыларды жұптап, бір-біріне 70-90 см қашықтықта қарсы тұрғызып, сұқ саусақтарының басымен карандашты ұстап жаттығады. Тапсырма: карандашты түсірмей, қолдарымызды қозғау: жоғары-төмен, алға-артқа, қайталайды. Енді қатысушылар шеңбер құрып, карандашты сұқ саусақтарымен ұстап, жаттығады:

1.     қолды көтеріп, түсіріп, өз қалпына келтіру;

2.     қолды алға созу, артқа созу;

3.     бір қадам алға, екі қадам артқа, бір қадам алға (шеңбердің кеңейіп, тарылуы);

4.     алға еңкею, артқа еңкею, тіктелу;

5.     отыру, тұру. Жаттығуды бұдан әрі күрделендіруге болады.

Жаттығу соңынан алған әсерлерін бөліседі.

                                        2. «Сыйлық» тренингі

Мақсаты: мимикалық сөйлеу, жағымды көңіл-күй сыйлау қабілеттерін қалыптастыру.

Жүргізілуі: қатысушыларды жүргізуші екі қатарға бөліп, бір-біріне қарама-қарсы отырғызады. Бірінші жұптан бастап, бір-бірінің туған күніне сыйлықтар сыйлауы керек, тек вербалды емес түрде. Бірінші адам не сыйлайтынын мимика түрінде көрсетіп, екіншісі сыйлықты қабылдаушы ретінде көңіл білдіруі тиіс. Осылайша бірінші жұптар ұсынып шығады да, екінші жұппен орын ауысады. Соңынан кімнің не сыйлағанын анықтап, ең өнерлі жұп шығады.

3. «Гүлбақша» тренингі

Мақсаты: әр адамның тұлғалық қасиеттерінің айырмашылығы, бір-біріне жағымды эмоция сыйлау.

Жүргізілуі: қатысушылар тізіліп отырып, әркім бір парақ қағаз алып, өзіне ұнаған гүлдің суретін салады. Сурет біткен соң, қолдарына салған суреттерін алып шығады, бәрі қатарға тұрып суерттерін бір-біріне көрсетеді. әрқайсында өзіндік ерекшеліктері байқалады. Салған суреттерін бір-біріне сыйлайды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологиялық ағартушылық сабақ: "Доссыз өмір - тұзсыз ас""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.05.2015 1065
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темірғалиева Гүлнара Мақсотқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31163
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нейропсихологические технологии раннего вмешательства

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с антивитальными переживаниями и самоповреждающим поведением методом когнитивно-поведенческой терапии

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 139 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические основы организации безопасной образовательной среды

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе