Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / "Пуантилизм" тақырыбында ашық сабақ 3 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

"Пуантилизм" тақырыбында ашық сабақ 3 класс

библиотека
материалов

Қызылорда қаласы

197 қазақ орта мектебі

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Әлібекова Нұргүл Орынтайқызы


1. Сабақтың тақырыбы: Пуантилизм деген не?

2. Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: пуантилизм туралы түсінігін тереңдету; акварель, гуашь бояуларын мақта таяқшалары арқылы нүктелеп сурет салуға үйрету;

ә) Дамытушылық: оқушылардың көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту; шығармашылық ойлау қабілетін, ой-қиялын арттыру;

б) Тәрбиелік: эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

3. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

4. Сабақ көрнекілігі: пуантилизм техникасымен салынған шығармалар, суретші шығармалары көрсетілген слайд-шоу, «Нүктемен сурет салуды кезең бойынша орындау» әдістемелік кестесі, бояумен салынған суреттер.

5. Қажетті құрал-жабдықтар: акварель және гуашь бояулары, су құйылған құтылар, мақта таяқшалары, сурет дәптері.

6. Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма – пуантилизм. Фломастер арқылы нүктелеп сурет салу. Оқушылардың жұмыстарын қарап шығып, талқылау. Бағалау.

3. Жаңа сабақ

Өткен сабақты еске түсіру.

Өткен сабақта пуантилизм – кескіндемедегі сурет салудың ерекше әдісімен таныстық, жалпы мағлүмат алдық.

Сұрақтар қою:

  • «Пуантилизм» сөзінің мағынасы не?

  • «Пуантилизм» сөзінің француздың «пуант» - «нүкте» сөзінен шыққан, яғни нүктелермен сурет салу дегенді білдіреді.

  • Сонымен қатар «пуант» сөзі «пуанта» яғни балерина аяқ киіміне де қатысты мағынаны білдіреді. Балет бишісінің қауырсындай жеңіл қимылмен билеген іздері нүктедей екендігі даусыз.

http://nsportal.ru/sites/default/files/2014/01/08/images_2.jpghttp://nsportal.ru/sites/default/files/2014/01/08/shipulina.jpg

  • Пуантилизм сөзінің екінші бір атауы бар. Ол дивизионизм – бөлінген, майдаланған дегенді білдіреді.

  • Пуантилизм бағытының негізін салушы кім?

  • Бұл бағыттың негізін салған француз суретшісі – Жордж-Пьер Сера (1859-1891).


Кескіндемедегі бұл бағыт 19 ғасырдың 2 жартысында пайда болған. Пуантилизм бағытымен жұмыс жасаған суретшілер кенеп бетіне таза араласпаған бояуларды жағып отырған. Бөліктермен қатарлап жағу арқылы сурет салған. Олардың түрлі түсті боп араласып көрінуі картинаға жалпылай қарағанда білінеді. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады.


Біз өткен сабақта пуантилизм техникасын үйрену үшін фломастерлерді қолданған едік. Енді акварель немесе гуашь бояуларын қолданып нүктемен сурет салып көрейік.

Үлгі суреттер көрсету.

http://ped-kopilka.ru/upload/blogs/12464_37d6578c72a1a2e4c5b7c0822f35a34d.jpg.jpghttp://www.sadik97.ru/attachments/article/1181/17---1.jpg

Бізге қажетті құрал-жабдықтар:

1. сурет дәптері

2. Жай қарындаш

3. Өшіргіш

4. Акварель немесе гуашь бояулары

5. Су құйылған құты

6. Мақта таяқшалары


Пуантилизм техникасын бояу және мақта таяқшаларымен сурет салу кезеңдерін түсіндіру.

Салып көрсету

http://stranamasterov.ru/img4/i2014/03/10/img_7299.jpghttp://kladraz.ru/upload/blogs/5996_26d09c4a5d2dbc74c2a86515ca794e16.jpg

Балалар түстер жайлы білеміз бе?

Негізгі түстерді атаңдаршы (қызыл, көк, сары)

Олай болса осы үш түске сәйкес үш топқа бөлінейік.

1 топ – қызыл түс тобы

2 топ – көк түс тобы

3 топ – сары түс тобы

Топтарға тапсырма беріледі.

4. Өзіндік жұмыс

Тапсырма – нүктелермен сурет салу, пуантилизм әдісімен әр топ тапсырма орындайды.

1 топ – гүлдер суретін салу

2 топ – жемістер суретін салу

3 топ – ыдыстар суретін салу

5. Сабақты қорытындылау

Балалар сабағымызды тест сұрақтармен қорытындылайық.

1. “Пуантилизм” сөзінің мағынасы
а) бояумен сурет салу
ә) нүктемен сурет салу
б) тырнап сурет салу


2. Пуантилизм бағытының негізін салушы
а) Жорж Сера
ә) Анри Матисс
б) Ван Гог


3. Пуантилизм бағыты қай уақытта пайда болды?
а) 17 ғасырда
ә) 18 ғасырдың аяғында
б) 19 ғасырдың ІІ жартысында


Оқушылардың дайын жұмыстарына шолу жасап, үздік жұмыстарды мадақтау.


6. Үйге тапсырма.

Жұмысты аяқтап келу.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров316
Номер материала ДВ-532829
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх