Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Публикация на тему "Бесікке бөлеуді жаңғыртудың маңызы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Публикация на тему "Бесікке бөлеуді жаңғыртудың маңызы"

библиотека
материалов

Бесікке бөлеуді жаңғыртудың маңызы

Мамедярова Роза Момыновна

«№23ЖББОМ» қазақ тілі мен

әдебиеті мұғалімі


«Әр тәрбияшының қолданатын жолы-ұлт тәрбиясы. Әрбір ұлттың бала тәрбия қылуы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар...» деген Мағжан Жұмабаевтың ойлы пікірінен көзіқарақты тәрбиеші, ұстаз, ата-ана, тіпті қарапайым оқырман да кең ауқымда түсінік алары сөзсіз.

Қай ел, ұлт болмасын оның тек өзіне тән салты, дәстүрі болатыны баршамызға аян. Өмірге келген сәбиді өсіру, тәрбиелеу ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр мен тәжірбиелерге негізделе іске асырылады. Ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз-бесік, бесікке бөлеу, бесік жыры деген ұғымдардың бүгінгі таңда қазақ жастарына мәлім болуы-қазақ ұлтының өсіп, өркендеуіне өз ықпалын тигізеді.

Әдебиетіміздің алыбы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»деп, қазақ ұлтына қарапайым бесіктің ұлт үшін, ел болашағы үшін маңыздылығын айқындап бергендей. Қазақ бесігінің қасиеттілігін, оның ертеңгі ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін, баланың дұрыс, сымбатты өсуіне тигізетін пайдасын қазақ жастарына, әсіресе, бүгінгі жас аналарда қандай жауапкершілік жатқандығын осы мақала арқылы түсіндіру мақсаты көзделіп отыр.

Елдің ұрпақ тәрбиелеудегі ең киелі бұйымы - бесік. Мағжан Жұмабаев: «Қазақ бесігі аса ұсталықпен жаслған нәрсе-жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегі баланың таза, жинақы жатуына көп себепші»деген еді. Жалпы қазақ ұсталары бесікті емдік қасиеті бар ағаш түрінен яғни, исі жағымды, емдік қарағай, берік, арша, қайың сияқты ағаш түрлерінен жасаған.

Бесік-баланың жататын орны. Бала астындағы тақтайды дәрет өтетін етіп ояды да, түбекті (қыштан, киізден жасап) кигізеді. Оның орта беліне дейін күл салады. Баланың кіші дәретке отыруына қолайлы етіп қойдың асық жілігінен тесіп шүмек жасайды. Бесіктің түбегі мен шүмегін күніне бір рет суға қайнатып, сабынмен жуып, әр түрлі заласыздандыру заттармен тазалайды.

Бесіктің екі басын қосатын ұзыннан салынған керме ағаш-арқалық, ашық та әдемі бояумен боялады. Әр түрлі бояуға көзі түскен бала бесікте жатып қолын созып, сылдырмақтарды қаққылап, өзі оған қосылып үн қатып ойнайды. Психологтардың тілімен айтқанда, баланың сенсомоторлық жетілуіне әсерін тигізеді. Арқалық басына тіл-көзден сақтау үшін үкі қадап, тоғыз моншақ, «қыран бүркіттей алғыр болсын» деп бүркіттің немесе қаршығаның тырнақтарын іліп қояды.

Бала сымбаттылығына оң ықпал жасайтын бесік бөлшектерінің бірі - төсбау мен аяқбау. Төсбаумен баланың кеуде тұсы, аяқбаумен тізенің ұршықтарынан бір суйем төмендеу, сәл қаттырақ байланады. Кеуде тұсы бала еркін тыныс алатындай бостау, қолдары екі қапталына ұзыннан созыла байланады. Ал, бесіктің көрпе, жабу (қалың, жұқа) сияқты бөлшектері – баланы суықтан, желден сақтап, ыңғайлы жатуына себепші.

Халық дүнеиетанымының сырлы руханияты, дәуірлер тоғысқан замана өзгерістері, түркі елінің ұлы көштері алаш халқының салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Әрбір салт, әрбір дәстүр көшпенді қазақ өмір салтына, халық болмысындағы белгілі бір өмір жағдайына байланысты туындаған, яғни олардың пайда болуы негізсіз, себепсіз емес. Ендеше бесікті аластау, шілдехана, қырқынан шығару, балаға ат беру рәсімдері мен ырымдар белгілі бір өмір шындығына, халықтың көптеген ғасырлар тәжірбиесіне негізделе туған еді. Солай қазақ елінің ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірбиесі арқасында бесікке бөлеу дәстүрін жаңғырту мақсатында көптеген мейрамдар мен ырымдар пайда болған.

Мысалы, бесікті аластау деген ырымның да өзіндік мәні бар.

Бұл аластау рәсімінде бесікті адыраспан немесе арша сияқты емдік, заласыздандыру қасиеті бар шөптер мен ағаш бұтақтарын тұтатып жағу арқылы:

«Алас, алас, алас...

Көздің көзіне,

Тілдің тіліне,

Жас нәрестеден.

Алас, алас, баладан алас

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас » - деп, бесікті аластайды. Бұл аластау ырымы негізінен үш себепке байланысты орындалады:

  1. Діни ұғымғы байланысты, яғни жын-шайтанлардан сақтау үшін,

  2. бесіктегі микробтарды өлтіріп,заласыздандыру мақсатында,

  3. жағымсыз иістерден арылту үшін туындаған.

Бұл ырым тек бесікке ғана емес,сонымен қатар жаңа үйге кіргенде т.б. кездерде де қолданылады,яғни адамды жағымсыз нәрселерден сақтайды.

Бесікті негізінен баланың нағашы жұрты даярлайды.Бала игілігіне жаралсын деген ниетпен бесікті саудаласпай алады екен.Сол себептен екі жұрт өмірге келген жаңа бір адамды мерекелеп,бесікке бөлеу тойы туған екен.Бесікке бөлеу рәсімін әжелер басқарады.Баланы бесікке салар алдында түбек тесігі арқылы тәттілерді тастап,шашу шашумен балаға құт дарсын деген ниетпен «тышты ма»ырымы жасалады.Сосын баланы жатқызады да ,шүмекті салып,екі аяғын түзулеп,жаялықпен орайды,бір ұшын бесіктің төменгі белағашына бекітілген жплпақ белбаумен,кейін аяқ бауымен байладйы.Екі қолы мен кеудесі жаялықпен оралып,оны тағы да төсбаумен байладйы.Бала бесікте тоқ жатсын деген ырыммен анасы баланы емізіп отырып,оған деген мейірімін:

«Күнім, айым, еркетайым, бөлейін енді.

Жұмсақ бесік, жылы төсек, жата ғой, қозым...»-деп бесік жыры арқылы жеткізеді.Өйткені,баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін-бесік жыры .Бала сөзін ұқпаса да күйінен әсерленеді де ,баланың балқып тәтті ұйқы құшағына енеді.Бесік жырының күйі де,сөзі де тәтті.

Бесіктің үстіне жақсы ниетпен жеті нәрсе-дастархан, жайнамаз, тон, шапан , жүген, қамшы жабу сияқты бұйымдарды жабады.

Бесікке бөленген бала тойларының бірі-шілдехана. Бала туылғанда щілдехана ,«шілде күзет» атты мейрам-той болады.Тойдың негізгі мақсаты – жаңа туылған баланы жын-шайтандардан қорғау, сәбидің кіндік жарасының тез жазылып, бесігіне жатуын ойын-сауық, ән- күймен тездету, әлсіреген ана көңілін көтеру. Бұл тойға күй тартып,ән салып, ақ ниет білдіру арқылы келген ата-ана құрдастары және жастар жиналады.

Қазақ мейрамдарының арасында көптеген ырымдармен ерекшеленетін той-баланы қырқынан шығару.Бұл мейрамға дейін бала әжептәуір ширап, шашы мен тырнағы да өседі. Рәсімде бір еркек қарын шашын алады және ұрпағы мол әрі жақсы үлкен ұрпақ иесі қарт бәйбіше қырық қасық суды бала үстіне құйып, отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деген тілек айтады. Сол рәсімнен кейін ғана баланы далаға шығарып, жұртқа көрсетуге рұхсат етіледі. Бұл көз тимесін деген ырыммен және үлкен әжейдің балаларындай аман- есен өсін деген ниеттен туған дәстүр. Сол сәттерден бастап, той тойланып, би биленіп, күй тартылып жұрт қуанышқа бөленеді.

Баланы шомылдыруды да қазақ өзіндік рәсім етіп орындаған. Баланы күнде тұзды суға күміс білезік, не сақина не жүзік салып жуындырады. Сонда су әрі таза, емді заласыздандырғыш болып келеді, әрине бұның негізгі себебі – судағы күміс зергер бұйымдары мен тұз. Бұл қазақ халқының жан – жақты білікті ,иәдениетті екенін көрсетеді. Жуушылар қасықпен балаға су шашып, тілек айтады:

«Өс, өс, бөпем, өс, бөпем»

«Батыры бол, балуан бол білікті,

Қол-аяқты созайын,

Саусағыңды жазайын,

Етті болсың балтырың,

Епті боп өс, жарқыным.

Ақылменен батыл бол.

Ағайынмен тату бол,

Жағасы мол көлдей бол.»

Қазақтың қандай той-мейрамы болмасын жайдан-жай, себепсіз, негізсіз тойланбаған. Яғни, әрбір тойдың өзіндік мәні, маңызы бар екенінде күмән жоқ. Бұны біз жаңағы бесікке бөлеу,шілдехана, қырқынан шығару тойларынан, шомылдыру, аластау ырымдырынан білдік.

Жалпы айтқанда баланың өсуін бақылап,ақ бата, тілек айтып, ойын-сауық ойналатын, күй тартылып, ән шырқалатын бұндай тамаша мейрамдар балаға сол күндерден қазақ ұлтының ерекшеліктерін, халық тұрмысын, мәдинеттілігін, ақындылығы мен әншілігін танытады, әрі санасына тек осындай жағымды қасиеттерін «тоқи берсін, үйрене берсін» деген оймен жасалады. Мұндай тойлар мен ырымдар қазақтың басқа ұлттардан ерекшелігін, яғни балажандылығын, қонақжайлығын, мейірімділігін, ақкөңілдігін айдан анық айтады.

Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде аналарға, әдетте, нәрестені кіндігінің жарасы әбден жазылған соң бөлеу керектігін, баланы күні бойы бесікке таңып тастауға болмайтының, ол бала денесінің, ой-өрісінің дұрыс жетілмеуіне әкеліп соқтыруы мүмкіндігін, сондықтан баланы ұйықтар кезде ғана бөлеуді қатты ескертеді.

Алматы медицина университетінің доценті Әбдісабыр Өмешұлы қазақ жамағатына бесіктің тиімділігі және бесік баланы бірнеше аурулардан сақтайтыны туралы ғылыми тұрғыдан көп дәлелдер келтіреді. Мысалы, ұйқыдан оянған баланы шешіп алып, аяқ-қолын созып, жауырыны жабыспау үшін гимнастика, массаж жасайды. Таза ауада серуендетіп, күн көзіне шығарып тұру керек.

Жас нәресте күніне орта есеппен 15-20 рет кіш етуі керек. Сонда бесікке бөленбеген сәбидің жаялығын күніне неше рет ауыстыру және қанша рет жаялық жуу, оны өтектеу қажет екендігіне көз жеткізуге болады.

Медицинада неонтология (жаңадан туған жас нәрестелер жөніндегі ғылым) саласы бар. Неміс пен жапон сияқты дамыған елдердің неонтологтары жаңадан туылған нәрестелерді кьювезге (темір бесікке) жатқызады да, электр желісіне қосады екен. Сонда ол өздігінен бесік сияқты тербеледі. Мұның өзі қимылдамай көп жатып қалған нәрестелерде кездесетін өкпе қабынуын болдырмайтындығын дәлелдеп отыр. Сондықтан қазақ бесігі гигиеналық жағынан таза болатындығын былай қойғанда, ұрпағымызды көптеген қауіпті дерттерден сақтап қалуда атқаратын зор қызметі бар.

Біріншіден, бесікке бөленген бала шүмек пен түбектің арқасында құрғақ та жылы жатады. Сондықтанда балаға суық тимейді. Мұның өзі жас нәрестелерде жиі кездесетін созылмалы тыныс долдары мен өкпе ауруларының алдын алу деген сөз.

Екіншіден, үнемі құрғақ жатып үйренген сәбиде, жоғарыда айтылғандай, су төсекке қарсы шартты рефлекс түзіледі. Кейін баланың манежге не керуетке ауыстырғанның өзінде, кіші, үлкен дәретке отырғысы келсе оянып, мазасыздана белгі беріп, жылай бастайды. Үлкейе келе ондай бала тосуға тез үйреніп, таза өседі. Осыдан келіп, балаларда жиі кездесетін энурез ауруының алдын алу мүмкіндігі туады. Ал, керісінше, кейінгі жылдары жиі қолданыла бастаған памперс киген балаларда ондай рефлекс түзілмейді. Сондықтан есейгенде де олар бұтына «кіш» етіп жүре береді. Бұл пікірді кез келген педиатр дәлелдеп бере алады.

Үшіншіден, ересек адамдарда кездесетін мезгілсіз белден қалу (импотенция) бедеулік те, адамның сол бала кезінде несеп жолдарына және бүйрегіне суық тию салдарынан екені жұртқа мәлім.

Төртіншіден, жас нәрестенің терісі нәзік, әрі жұқа болғандықтан, әр түрлі зәрдің құрамында болатын химиялық және биологиялық факторлардан тез бозданып, қабынып, бөртініп кетеді. Мұның бірден-бір себебі-баланың су төсегі, яғни сәбидің кіші дәреті. Дененің бозданып, бөрткені онша қауіпті емес сияқты, ал асқына келе қатерлі ауру-нәрестелер флегмонасына және микробтардың қан арқылы бала ағзасына жайылуына әкеп соқтырады. Біздің тілге тиек етіп отырған бесігіміз баланы осындай аурулардан сақтайды.

Бесіншіден, ең бастысы-жаңадан босанған әлсіз ананың жаялық жуып-өтектеуден едәуір қолы босап, өзін-өзі күтуге, дәрумені, минералды заттары мол тамақты ішуге уақыты жетеді. Тыныққан ананың емшек сүті де молаяды. Шеше сүтімен келген нәр бала ағзасына оң әсер етеді. Баланың асы тез сіңеді. Көңілі бесік жырымен тербеліп, сабырлы, дені сау бала қалыптасады. «Жас бала-жас бір шыбық, жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейтмін десең, сындырып аласың», «Баланы жастан...» деген халық даналығы адамға керемет ой тастайды. Өмірдің жалғасы-жас ұрпақ, қуатты ел ертеңі, ізгілікті, саналы жаңа буын қолында. Қай халық болмасын оның болашағы дені сау, мәдениетті, көзі ашық, есті жас буынсыз дами алмайды. Мұндай ұлттық дәрежедегі маңызы бар мәселелерді шешу - бүгінгі қазақ ұрпағы, жұрты алдындағы киелі борышы. Сондықтан Қазақстан Республикасының демографиясы мен рухани байлығын жаңғырту барысында бесік, бесікке бөлеу мәселелері елеулі роль атқарады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы, «Жазушы» 2003.

2. Қ.Жұмалиев «Әдебиет теориясы». Алматы, 1969.

3. Қазақ энциклопедиясы баспасы, Алматы, 1998

4. А.У.Асылов,Т.К.Жумажанов, Г.Б.Бейсенбаев. Қазақ әдебиеті,Алматы, 2005.

5.М.Жұмабаев. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы, «Жазушы» 2003.




Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров174
Номер материала ДВ-184238
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх