Инфоурок Другое Другие методич. материалыПубликация на тему "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-бүгінгі заман талабы"

Публикация на тему "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-бүгінгі заман талабы"

Скачать материал

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы

 

Мамедярова Роза Момыновна

 

«№23 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

 

Қарағанды қаласы

 

       

         Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудегі үздіксіз үрдіс. Бүгінгі таңда ұстаздар алдындағы басты мәселе - жас ұрпаққа жан-жақты сапалы білім мен саналы тәрбие беруде педагогикалық жаңа технологияларды ұтымды пайдалана отырып, жеке тұлғаның  функционалдық сауаттылығын дамыту.                                                                                                                     

       Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті  және  сол ортаға  барынша  тез  бейімделе  алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.

       Оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуда  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық  т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті  қуатты  құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда  грамматикасын үйрету – қазақ тілі пәнінің басты міндеті болып танылады.                                                       

         XI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихындағы әйгілі шығарма «Кабуснамада»  «Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі - сөз, сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Ей, перзентім, сөздің оңы мен терісіне, өңі мен астарына айрықша мән беріп, мағыналы етіп сөйлеу үшін әрекет істе. Шешен кемеңгерлердің кеңесінде болып, сөзді сөйлей білудің өнерін үйрен. Қай кезде  болсын шешендік өнерінің шегінен шықпа. Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға, тыңдаушының жүрегіне қонымды, жеңіл болсын. Сөз үйренуден жиренбе»  делінген.[4 с, 7].   

         Бүгінгі ғылым мен техниканың озған заманында  сенімді сөйлеу өнерін меңгеру әрбір адамға керек. Қазақ тілі пәнінен берілетін білімді зерделеп, саралап, оқушы жадына сақтауға, алған теориялық білімін тұрақтандыруда мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі - тілдік талдаулар.         

Осы тұрғыда  Н.А. Оразақынова: «Сатылай кешенді талдау дегеніміз-оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшеліктері бар және балаға білімді ғылыми негізге сатылай, жүйелей кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалап, қолдана білуге машықтандыратын оқыту» - дейді. [1 с, 287].   Жаңашыл педагогтың төл технологиясын өз тәжірибемде қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда  оның тиімділігіне көз жеткізіп келемін. Оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерінің бірі    сатылай кешенді талдау сызбаларын негізге ала отырып, 5 сыныпта өткен «Дауысты дыбыс, оның түрлері», «Дауыссыз дыбыс, оның түрлері» тақырыптарынан алған теориялық білімдерін дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру арқылы бекітеді. Мақсаты: оқушыларға тіл білімінің фонетика саласын меңгерту.

Мысалы:  Берілгені: Өнерпаз=O= □+∆

Шешуі: Өнерпаз =7O=3□(ө, е, а) +4 ∆(н, р, п, з). Өнерпаз  сөзінде жеті дыбыс бар, оның үшеуі – 3□(ө, е, а) дауысты дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамай, еркін шығады. Ал 4 ∆(н,р,п,з) дауыссыз дыбыстар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден  шыққан ауа ауыз қуысында әр түрлі кедергіге ұшырап шығады.

         Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың біреуі (а) тілдің қатысына қарай  жуан дауысты, себебі, бұл дыбысты айтқанда тіл кейін шегініп, үсті сәл дөңестенеді. Ал, екеуі  (ө,е) жіңішке дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тіл ілгері қарай созылады.

а) Тілдің қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =__1□ (а)  жуан □

                                                              2□ (ө,е) жіңішке □

       Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың үшеуі (а,ө, е) жақтың қатысына қарай ашық  дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылады да ауа еркін шығады. Ал, қысаң дауысты жоқ.

ә) Жақтың қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =__3□ (а, е ,ө) ашық  

                                                                  қысаң □ жоқ  

    Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың біреуі (ө)  ерін мен езудің  қатысына қарай еріндік дауысты дыбыс, себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін сүйірленіп ілгері қарай созылады. Ал, екеуі (е,а)  езулік дауысты, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда езу тартылып, ерін кейін қарай  жиырылады.

б) Ерін мен езудің қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =_1□ (ө) еріндік□_

                                                                          2□ (е,а) езулік  □

     Осындай математикалық тәсілмен мінездеме беру арқылы оқушылар сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру дағдысын игереді.

Еркін жазу стратегиясы бойынша оқушыларға мәтіндер беріледі. Онда әр түрлі жеке, жұптық жұмыс түрлерін орындау көрсетілген.

Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтіндегі негізгі ойды анықтау арқылы дұрыс жауапты белгілеу. Өздеріне ұнаған төрт немесе бес буынды сөздің біріне фонологиялық талдау жасап, ауызша баяндау.

Мысалы: Тегінде қай мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент дәрежесіне жету үшін әдебиетті білу - жалпыға ортақ шарт. Әр адамның жақын досы - бала күннен өмір досы – кітап болған-ды. Сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады.

Дұрыс жауабын белгілеңіз

А)Мамандығыңа байланысты болмаса әдебиет кітабын оқудың қажеті жоқ;

В)Кітап оқу арқылы адам интеллигент дәрежесіне жетеді;

С)Әр адам мамандық иесі болу керек;

Д)Әдебиетті оқу үшін интеллиген болу керек.

Е)Әр адамның жақын досы – өз мамандығы.

 «Кітабымен» деген сөзге оқушылардың жасаған фонологиялық талдау   сызбасы

1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына                                                            қарай – аралас буынды сөз. Себебі, бұл сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар (а,ы) жуан дауысты және (і,е)жіңішке дауыстылар.

2.Бұл сөз: кі-та-бы-мен болып төрт буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар. кі-та-бы-мен  а.б.  а.б.    а.б.    б.б.   

Бұл сөз 3 жағдайда буын жігіне сәйкес тасымалданады

3. Кі-

    та-

    бы-

   мен                                                              

4.Кі-та-бы-мен

Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады, сондықтан бұл сөзде екпін - мен  буынындағы е дауысты дыбысына түседі.

5.Кітабы –мен сөзіндегі соңғы буын жуан, оған  - мен көмектес септік жалғауы жалғанып, буындар үндеспей тұр. Көмектес септігі – мен буын үндестігіне бағынбайтын қосымша.

6. Өнерпаздар + мен сөзінде дыбыс үндестігі, түбір мен қосымшаның арасындағы ілгерінді ықпал.

Сабақ барысындағы әр түрлі тақырыптық жұмыс түрлерін орындау арқылы оқушы өзін-өзі реттейді,  қорытындылайды, бағалайды. Ауызекі сөйлеу  әдебімен бірге тыңдау әдебі де артады. Бірін-бірі сыйлауға, біріне-бірі сын айтуға, өзіндік көзқарасын білдіруге төселеді.

 Оқулық - білім алудың қайнар көзі. Оқушының  жүйелі жұмыс жасауын, саналы ойлауын, сауатты сөйлеп, сауатты жазуын  қалыптастыратын қуатты құрал. Баланы іздендіру, өз бетінше еңбек ету арқылы жетістікке жетуге  дағдыландыру барысында жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру өте тиімді тәсіл. Сабақта  алған білімдерін нақтылауда орфографиялық, орфоэпиялық, диалектологиялық, синонимдік, фразеологиялық т.б. сөздіктермен жұмыс  жасатудың ықпалы зор.                                                                                                                              

Түйін сөз: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын  дамыту – бүгінгі заманның басты талабы. Сондықтан сабақты жоспарлаудағы мұғалімнің шеберлігі оқушыны үлкен жетістікке жеткізеді. Атақты тіл білгірі, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан тусын?» деген ойлы пікірі әрбір ұстазға үлкен ой салары сөзсіз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері. (монография). Алматы, 2007. –287 б.

2.      Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

3.     Н.Оразақынова, Н.Әміреев Қазақ тілі сөз мәдениеті,  10-сынып оқулығы Алматы, Мектеп, 2010ж – 28 бет.

4.      Г.Қосымова Қазақ тілі  шешендік өнер, 11-сынып оқулығы Алматы, Мектеп, 2015ж – 7 бет.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Публикация на тему "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-бүгінгі заман талабы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2015 730
    • DOCX 42.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамедярова Роза Момыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамедярова Роза Момыновна
    Мамедярова Роза Момыновна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70994
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе