Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Логопедия / Рабочие программы / Р ға тілің келе ме
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

Р ға тілің келе ме

библиотека
материалов

«Р»-ға тілің келе ме, сөздің сәнін бере ме?

[Р] дыбысын қоюда жас мамандар әртүрлі жағдайларға жиі тап болады. Қолданылып жүрген бірнеше әдіс-тәсілдер кейде ешқандай нәтижесіз болып жатады. Осы мақаладан сіз өз керегіңізді тауып, оны тәжірибе жүзінде кеңінен пайдалана аласыз.

Ротацизмді түзетудегі бірінші талпыныс еліктеу негізінде құлақпен қабылдау болып табылады. Сосын оны төңіректегі дүрілді дыбыстармен /мотор үні, күн күркіреу/ бекітіп, осымен бірге тілдің қалпы мен қызметін бақылап отыру қажет. [Р] дыбысын айтқанда қолды ауызға тақап, дем ауасы үздікті екенін балаға байқату керек.

Алайда қарапайым еліктеу ең жеңіл кемшіліктерде ғана көмектеседі, [Р], [Рь] дыбыстарын дұрыс айтып үйрену үшін мынадай жинақталған жаттығулар қажет, олар:

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып, төменгі жақты басып, ауызды кең ашып ұстау;

«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тұру, сосын тілді таңдайға жапсыру, айыру немесе таңдай қағу;

«Күрек» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге 5 – 10 сек. ұстап тұру керек;

«Дабылшы» - тілдің ұшымен жоғарғы тісті соғу, «д-д-д» деп айту. Басында «д» дыбысын жаймен айту, сосын тездету, бірақ жақ қозғалмау керек. Тіл ұшының бұлшық еттерін күшейту, жоғары көтере білуге үйрету;

«Сөзшең» - жоғарғы ерінді тіл ұшына жылдам тигізіп, мынадай дыбыс шығару керек бл-бл-бл;

«Сырлаушы» - ауыз ашық, тілдің ұшымен таңдайды «сипау», тілдің қимылы алдыдан-артқа жасалынады. Тіл қимылын жетілдіру және жоғары көтере білуге үйрету;

«Әткеншек» - жалпақ тілді шығарып 10 рет жоғары-төмен көтеріп-түсіру;

«Тәтті тосап» - ауызды ашып, тілінің алдыңғы жағымен жоғарғы – төменгі еріндерді жалау керек. Тілдің алдыңғы жағының қозғалысын, тілдің «шәшке» түріне келтіре алуын қадағалау қажет;

Егер кемшілік қатаң [Р] дыбысының жұмсақтануы [Рь] болса, ол дыбысты созып айтқанда ауызды біртіндеп кең аша отырып автоматты түрде тіл алды артикуляциясын кейін ығыстыра отырып қатаң дыбыс алуға болады, ол үшін ауызды ашып, иекті бармақпен басады, тілді ығыстыру үшін астына шпатель немесе №5 зондты қоюға болады.

[Р] дыбысын қоюдың 1 түрі :  осы әдіс бойынша [Р] дыбысын қою — өте тез әрі нәтижелі. Бұл әдіс тіл ұшы тербелісін тез қалыптастырады. Бала басын төмен қарай түсіріп логопедтің тізесіне қояды, тілін сорып таңдайына жабыстырып («Саңырауқұлақ жаттығуын есіне салыңыз»), осы уақытта логопед бас немесе сұқ саусағымен (таза) тілдің екі бүйірін таңдайға қарай қысады (тіл ұшы емес!), бала тілге қатты үрлейді осы кезде тіл ұшында тербеліс пайда болады.

[Р] дыбысын қоюдың 2 түрі: баладан тілді жалпақ етіп ұстап, оны жоғары тістің үстіне қарай апарып «зж»  деп айтқызыңыз (осы дыбыстарды айту барысында [з] дыбысы [ж] болып естіледі немесе керісінше) және [д] дыбысын үздіксіз айту керек (осы кезде тіл ұшы жоғарғы тіс артындағы қызыл иек альвеолада тұру керек, сондықтан [д] дыбысы анық емес).

[Р] дыбысын қоюдың 3 түрі: тіл жалпақ әрі өте қатыңқы болуын қадағалаңыз. Осы кезде (таза жуылған, тырнағы алынған, тілге зақым келмейтіндей) сұқ саусағымен баланың немесе өзіңнің, тілді таза дәкемен орап, тіл ұшының астыңғы жағынан тез-тез оңға-солға қимылдату керек. (Еміздіктің ішіне мақта толтырып салуға, пластмассадан жасалған шпатель, оны тіс щеткасынан да жасауға болады, басындағы қылшықтарын алып тастау арқылы, өткір ұштары болмауын қадағалаңыз.) Баланың қолы өздігінен үйреніп алғанша немесе тілі еміздіктен, саусақтан (шпательден) тайғанамайтын болғанға дейін, тіл ұшы қозғалысын бала өзі қалыптастыра алады. Осы кезде тіл жалпақ әрі қатаң болмаса, онда діріл пайда болмайды.

Тіл саусақпен бірге тербелген жағдайда ғана, «дл» дыбысына ұқсас дыбыс тіркесі шығады. Ерекше көңілді баланың тіліне бөлу керек, ол тіл қаққан қазықтай қатып өз орнынан ешқайда жылжымау керек. Тілді кергішпен салыстыруға болады. Егер кергіш қатты тартылған болса, енді оған саусағыңды сәл ғана тигізсең онда тербеліс пайда болады да дыбыс шығарады, ал егер ол кергіш бос болса, онда ешқандай дыбысты есту мүмкін емес. Бұл жаттығу балаларға өте ұнайды және олар қызыға орындайды. Балаға қазір «мотордың гүрілін» шығарамыз деңіз, сол кезде тіл ұшы тербелісін механикалық ықпал арқылы қалыптастырған бала сол тербелісті ұзақ айтып сақтайды және де механикалық ықпалсыз да жалғастырады . Уақыт өте келе, бала бір саусағын ауызына салса болғаны, тіл ұшы өз еркімен тербелетінін байқайды (бала өз күшіне әлі де сенімсіз болғандықтан, өз саусағы баланы тыныштандырады), уақыт өте келе бұл қажеттіліктің бәрі қалпына келеді. Егерде өздігінен тіл ұшы тербелісі ұзақ уақытқа дейін болмаса, онда механикалық ықпалмен қатар буын және сөз арасында [р] дыбысын айтып машықтандыруды бастау керек.

[Р] дыбысын қоюдың 4 түрі:   тіл ұшы тербелісін тағы былай келтіруге болады: балаға ауызды ашық қалпында ұстап, тілді таңдайға қарай сорып жапсырып, сосын жібермей ұстаған қалыпта үрлеу керек. Осы уақытта тілдің таңдайдан ажырауы, қатты шыққан ауа ағынымен қосылып қысқа ғана тіл ұшы тербелісі пайда болады. Осы жаттығуды бекіту механикалық ықпалсыз да балада тіл ұшы тербелісін сезінуді, одан әрі де дыбысты өз еркімен меңгеруін дамытады. Осыған ұқсас екінші бір жағдай (механикалық ықпал). Тілді таңдайға көтеріп, «тіл асты желбезегін» созылғанша созу керек. Сұқ саусағымен қатты қысып тілдің екі бүйірін таңдайға жақындатамыз. Тілдің орта тұсы мен «тіл асты желбезегі» қысылмай өз қалпын сақтап қалу керек. Енді терең демалып, күшпен ауаны үрлегенде дауыс қосылады . Тіл «ісінгендей» қалыпта болып, «тж» дыбыстарынан басталатын тіркестер естіледі (кейбір бала бірден «тр» (др)) деуі де мүмкін. Жаттығу кезінде тіс арасы бір жарым-екі саусақ сиятындай ашық. Жаттығуларды бірнеше рет қайталап, ауа ағынын ақырындап көбейтеміз. «тж» дыбыстарынан басталатын тіркестер жайлап «тр» (др) ауысады, тіл ұшы тербелісін қалыптастырғанда тілдің таңдайда тұруын , тілдің екі бүйірі азу тістің шетінде жатуын міндетті түрде қадағалаңыз. Осы уақытта қатты ауа ағынымен өздігінен «тр-тр» (др — др) деп естілгендей болады . Кейде бала дәл осылай жасамауы да мүмкін: саусақты қойып «тіл асты желбезегін» үрлеген кезде тербеліс болмаса; ауа тіл мен таңдай арасында емес, мұрыннан болуы мүмкін , сондықтан да тіл «ісінбейді» және де «тр немесе др» деп айтылмайды ; күшті ауа ағыны жетпегендіктен ; дыбыс тіркесімен қатар «тр» (др) орнына естіледі «тл», бұл нені білдіреді, тіл өздігінен жұмыс жасайды деген сөз (жұмыс істеу, т. б. тербеліс,тіл қатты ауа ағынымен), тілдің өзі қатыңқы, арқа тұсы көтеріңкі; [Р] дыбысын қоймас бұрын еліктеуі керек. Дыбысты дұрыс айтудан бұрын тіл ұшы тербелісі, ал дұрыс еліктемеген жағдайда «кішкентай тілдің» тербелісі жиі кездеседі, тіл тамырын жұмсақ таңдайға тигіземіз. Бекіту кезінде дыбысталған қысқа «тр» (др) ұзақ «тр» (др) — жаттықтыру қажет, алдымен саусақтың көмегімен, кейіннен өздігінен. Осы тәсілдердің барлығын орындау барысында асығудың қажеті жоқ. Біріншіден балада «қарқылдағандай» болады , оны түзетуге бірнеше ай уақыт кетуі мүмкін. Біздің алдымыздағы негізгі міндет, осы жаттығуларды үнемі , күн сайын орындау керек. Ең алдымен [Р] дыбысын қоюдың бір тәсілін орындаудан бастаймыз, дыбыс қойылмаған жағдайда еңсемізді түсірмей берілген тәсілдердің басқасына ауысып кете береміз. Бұл жұмыс барысында шыдамдылық керек.

[Р] дыбысын қоюдың 5 түрі: [З] дыбысын қолдану арқылы [Р] дыбысын қою. Негізі [Р] дыбысын [З] дыбысы арқылы қоймайды, өйткені олар артикуляциясы жағынан сәйкес емес және де бір –біріне тірек бола алмайды. Бірақ қолданып көруге болады. Құпиясы осы, бала [З] дыбысын өте қысқа айтса, сонда ғана тіл альвеолаға тиеді де тілге сол уақытта ғана қатты үрлейді.  Бұл уақытта [Р] дыбысы бір қарқынды болып естіліп, жеңіл тербеліске ұқсап кетеді. Бұл жеңіл әрі жылдам тәсіл, әсіресе тамақтан айтылатын [Р] дыбыс қою кезінде. Осы әдістерді қолдану барысында сәттілік тілеймін!

[Р] дыбысын қоюдың 6 түрі: опырауыз: тіл ұшын қысып төменгі ойыққа қарай түсіріп дауысты «ААААА» созып айту керек, осы кезде ауызды кезекпен ашып-жабамыз. Ауыздың жабық кезінде бала тіл ұшын жоғарғы ойыққа қыса отырып, сосын төменгі ойығына жақындатып барып тіл ұшын жоғары қарай көтеріп соғады.   Бұл классикалық әдіс болғанмен [Р] дыбысын қоюға әлі де күші жетпейді.

[Р] дыбысын қоюдың 7 түрі:    [Р] дыбысын классикалық әдіспен қою барысында жоғарыдағы аталған жаттығулар аздық етеді.

Сонымен қатар мына буындарды ырғақты түрде жылдам айту қажет : дыдыдыдыдыды….адыдыадыды….тыдытыдытыды. дыдадыдадыда…адыдаадыда…тыдытыдытыды…. дыдодыдодыдо…адыдоадыдо…

Кейіннен дыбысты ашық, тұйық, бітеу буында айтуға машықтандырукерек. Сосын дыбысты сөздің басында, ортасында, сөздің аяғында, сөз тіркестерінде айтуға машықтандыру қажет.

[Р] дыбысын қоюдың 8 түрі: [Р] дыбысын ойын іс-әрекеті жаттығулары арқылы қоюға болады. Жақсы әрі өте қарапайым жаттығулар тілді альвеолаға дейін көтере білуге, сонымен қатар ұсақ моториканы да жақсы дамытады. Қажетіне қарай өлеңдерді де түрлендіріп алуға болады.

а) «Жаңбыр жауды» өлеңін саусақтарын қимылдата отырып айту, ол саусақтары мен тілін дамытады. (Жаңбыр тамшыларының дыбысын шығару. Жаңбыр қалай жауды? Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін жәйлап соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады.)

Жаңбыр жауады.Тырс!

Жаңбыр жауады.Тырс!Тырс!

Жаңбыр көп жауады. Тырс!Тырс! Тырс! Тырс!Тырс!

Терезе қағады.

-Тырс-тырс!

Жылғалар ағады,

Сылдырап әуенге салады.

[Р] дыбысын қоюдың 9 түрі: тісаралық [Р[ дыбысын қою. «Тілді жоғарғы ерінге» көтере білуді және ауа ағынын дұрыс қалыптастыруды үйрету.

Бала жалпақ тілді жоғарғы ерінге апарып қойсын да, осы қалпында мұрынның ұшына қарай «В-В-В» әндетіп үрлесін.

Осы уақытта логопед сұқ саусағымен баланың төменгі ернімен «ойнайды» сонда ауа ағыны тербеліске ұшырайды. Осы қалыпты есінде мұқият сақтап жаттығу керек. Ересек балаларға саусағын өз ерніне қойып өздігінен «орындатуға» да болады.

Кейіннен саусақтың тию ұзақтығын азайтып, одан алып тастап, сосын қайта қойып жасату керек. Бала кейіннен төменгі ерінге сәл тигеннің өзіңде тербелістің дыбысталуына қол жеткізеді (ол дыбыс «в-в-р-р-э-э…» осыған ұқсағаны дұрыс)

Тілдің кескін үйлесімін сақтай отырып, тербелісі қалыптасқан соң, жеңіл түрде жоғарғы тіске көтеріледі. Ең бастысы тіл өз қалпын жоғалтпауы керек! Бұл дизартриясы бар балаларға аса қажет, өйткені ол балаларда бұлшық еттерінің қатты зақымдануы және сөйлеу тілі мүшелерінің жұмыс істемейтіндігі «бізге» белгілі.

[Р] дыбысын қоюдың 10 түрі: [Р] дыбысын демін ішіне тарта отырып қою. Шарт бойынша – [С] дыбысын дұрыс және анық айту керек . Бала ұзақ ССССС, сосын қысқа әрі терең дем алып, тілді бірден көтеріп альвеолаға қысып, тілін сорады «ұлу сияқты ». Егер бала тілі ауаны ішке тартқан кезде альвеолоға тимесе онда дыбыс шықпайды. Бұл бір ерекше әдіс, кез келген «дені дұрыс » логопед дем шығару кезінде қойса, ал бұл әдіс керісінше.

[Р] дыбысын қоюдың 11 түрі: [Р] дыбысын қоюда балалар «Кімнің тісі таза?», «Сырлаушы», «Алтыбақан » жаттығуын орындайды. Жаттығудың бұл түрі кез келген жас мамандарға қол жетімді.

[А] дыбысын айтқандағы жалпақ тіл, алға-артқа қимылын қатты таңдайға сырғанау арқылы орындайды.  Сол кезде тіл альвеолаға тигенде [Р] дыбысын айтқызса, бір қарқынды болып естіледі. Енді осы қалыпты сақтау арқылы [Р] дыбысын айтуға машықтандыру қажет. Ереже бойынша жасатса бір қарқынды дыбыс тез арада өздігінен тіл ұшы тербелісіне ауысып кетеді.

[Р] дыбысын қоюдың 12 түрі: [Р] дыбысын қоюда, осыдан 30-40 жыл бұрын пайдаланған әдістің бір түрі. Кез келген логопед [Р] дыбысын қоюда тіл ұшы тербелісін «мотордың гүрілі» көмегімен қалыптастырады. Ал кейбір балалар зондтардан, таяқшалардан, еміздіктен, қасықтан т.б. заттардан өте қатты қорқады. Олар үшін келесі әдісті көрейік: ауызын сәл ашықтау етіп, ернін жиырмай жазық қып ұстап, тілдің ұшын аздап алға жылжытыңқырап, үстіңгі тістің қызылиек етіне арасынан болмашы саңылау қалатындай тоқтатып ауа ағынын айтарлықтай қатты қарқынмен үрлеткен кезде дауыстың үнімен қоса салқын лептің ызылын да анық естілетіндей қылып [Ж] дыбысын ұзақ созып айтқызады. Дем шығарған кезде тіл ұшын ауыз қуысы (таңдай) тереңіне апарып қояды, бірнеше секундтан соң бір қарқынды [Р] дыбысы естіледі. Осы әдіспен [Р] дыбысын алғаннан соң оқшауланып дыбысталатын бұл дыбысты бірден ТР, ДР, НР, ЖР буындарымен айтқызу керек. Бұл бір қарқынды [Р] дыбысын жылдам тіл ұшы тербелісіне қалыптастырады. Бұл тәжірибе дүние жүзінде дәлелденген әдіс.

[Р] дыбысын қоюдың 13 түрі: [Р] дыбысын қоюдың ескі тәсілдерінің біреуі —әрі өте оңай. Балаға 3 түрін орындату қажет:

1) тілді таңдайға жапсырып сору («саңырауқұлақ жаттығуын есіне салыңыз»)

2) мұрын арқылы терең дем алып (тіл сол қалпында)

3) ауыз арқылы бірден қысқа ауаны шығарып, ауа ағынын тілге қарай дауыспен шығару керек. Бәрін тізіп жазу өте ұзақ, бірақ өте қарапайым әдіс. Нәтижеге жету үшін қарама-қарсылық қажет (сору кезінде тіл қатты, дем шығару кезінде тілді босаңсыту керек). Осы кезде тіл ұшында тербеліс пайда болады.

[Р] дыбысын қоюдың 14 түрі: ауа қарқыны жоқтарға [Р] дыбысын қою. Әдістің бұл түрі, ауа қарқынының жоқтығынан, тіл ұшы тербелісін қалыптастыруды қажет ететін балаларға қолданады. Өте қолайлы әрі нәтижелі әдіс. Түйіршігі бар зонд арқылы дәстүрлі амалды қолдану арқау бола алады. Ерекшелігі, балаға ауызды жартылай ашып, тілдің алдыңғы шеті күрек тіске емес, жоғарғы қызыл иекке тәнті альвеолаға көтеріліп, [Д] дыбысын /дд, дд, дд ... ддд, ддд, ддд .../ бірқалыпты ырғақпен айтқызу керек оны одан әрі қарай жалғастыра отырып, бірте-бірте соңғы дыбыстарға дауысын көтере салып, ол дыбыстың үнін күшейтіңкіреп қайталайды. [Т] дыбысынан бастап айтуға да болады /тд,тдд/. Бұл кезде төменгі жақ қозғалмай, тіл ғана жұмыс істеуі керек. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!



Сарсекенова Кульзира Жеткенбаевна ,

4 ЖББОМ мұғалім-логопед ,

Теміртау қаласы.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров220
Номер материала ДВ-429974
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх