Инфоурок Другое Рабочие программыӘр баланың құқығы бар 8 сынып

Әр баланың құқығы бар 8 сынып

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әр баланың құқығы бар ....»  (зияткерлік-ойын)

Мақсаты: оқушыларды «бала құқығы», «адам құқығы», «құқық» терминдерінің, балалардың құқықтары туралы Конвенция ережесінің қабылдаған, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру
Міндеттері:

ü Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру.

ü Адамгершілікті дамытудағы осы қабылданған халықаралық құжаттың көкейкестігін сезінуді қалыптастыруға ықпал ету.

ü Заңды тұрғыдан өзін қорғай алатын дағдыларды дамытуға көмектесу.

ü  Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;

ü Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

ü  Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,   шығармашылық қабілеттерін шындау.

 

Қатысатын сыныптар: 9 ә, в сыныптар арасында

Көрнекіліктері: Слайдтар.презентациялар, Бала құқықтары туралы конвенция, нақыл сөздер

Өтілу түр: зияткерлік-ойын, топпен

 

Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,оқушылар. Сіздер бүгін «Әр бала құқығы бар ....»  атты ашық тәрбие сағаты, зияткерлік-ойын сайысымызға келіп отырсыздар.

 

Бала құқықтары туралы Конвенцияжәне оның тарихына үңілейк.

 

 I.   Ең алғашқы бала құқығын қорғайтын құжат 1923 жылы Халықаралық бала құқығын қорғайтын одақ қабылдаған болатын. Құжат 5 баптан тұрды: бала еңбегі, құлдық, бала саудасы және ерекше қамқорлық туралы айтылды. Бірақ  II Дүниежүзілік соғыс бұл қабылданған құжаттың мәнін жойды, себебі балалар соғыстың құрбанына айналды.Сондықтан да соғыс аяқталысымен БҰҰ ең алдымен бала құқығы мәселесін  бірден күн тәртібіне қойды.

II.   1959 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Бала құқығының декларациясын жариялады, ол 10 баптан тұрды. Декларацияның басты тезисі – «Адамзат бар жақсылығын балаға сыйлауы керек»

  БҰҰ-ң  Бала құқықтары туралы Конвенциясы- әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

   Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану мндетін мемлекет өзіне алады..  Бұл заң жаңа айтылып кеткендей, 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы»,  міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданып.Содан бері бүкіл әлемдік балалар қорғау күні болып саналады.

Зияткерлік-ойын сабағының жүру барысы:

1.     Таныстыру

2.     Сұрақ-жауап

3.      Ойды аяқта (мақал- мәтел айту жарысы)

4.     Құқықтық театр ойны (баптарды табу)

5.     Бір-біріне сұрақ жасыру

 

 І кезең. Енді әр топ өздерін таныстырсың.

1-топ: «              »

2-топ:  «             »

Балл «5» ұпай

 

   2. кезең.Сұрақ-жауап ойындары: Кезекпен әр топ сұрақ қойылады, әр топтың жетекшісі тақтадағы сұраққа жауап жазады, дұрыс жауап «1» ұпай беріледі.

1. ҚР-ның «Балалар құқығы туралы» заңы қай  уақытта қабылданды? (2002 жыл 8 тамыз)

2.Құқық деген  не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

3.Орта мектеп бітіргендігі туралы берілетін құжат? (Аттестат)

4.Бір ата баласы ішіндегі дауды кім шешетін болған? (Ақсақалдар алқасы)

5.Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» Заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» деп аталатын Заң жүйесін енгізген хан? (Тәуке хан)

6. Дүниеге келген сәбиге қандай құжат беріледі? (Туу туралы куәлік)

7.Адам арасындағы қарым-қатынас құралы? (Тіл)

8.1-маусым  қандай күн?  (Балаларды қорғау халықаралық күні).

9.Үкіметті   кім басқарады? (Премьер-министр)

10.Жасөспірім бала неше жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылады?    

(14 жастан)

11.Дүниежүзілік балалар күні? (20 қараша)

12.Адам құқығының күні?  (10 желтоқсан)

13.Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ).

14. БҰҰ -ның мақсаты не? (БҰҰ-ның мақсаты: әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).

15.Құқық немен қорғалады? (Заңмен қорғалады).

16.Бала болып кімдер саналады? (18жасқа толмағандар бала болып саналады).

17.Құқық немен қорғалады? (Заңмен қорғалады).

18.

19.

20.

 

 3.кезең«Ойды аяқта» (Мақал-мәтел айтудан жарыс)топтарға  кезекпен мақал-мәтел жасыралды. әр дұрыс жауапқа «1» ұпай беріледі.

1.Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)

2.Қолыңмен істегенді... (мойыныңмен көтер)

3.Өтірікшінің құйрығы ...(бір-ақ тұтам)

4.Әр елдің... басқа, иттері қарақасқа  (Заң)

5... істің арты игі (Әділ)

6.Би екеу болса ... төртеу (Дау)

7.Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ... табар. (Куә)

8.Мен ...қылған күні ай жарық болды.  (Ұрлық)

9.Еңбек түбі...(зейнет)

10.Біреуге ор қазба.. (өзің түсерсің)

11.Ұрлық түбі ...(қорлық)

12.Тура биде...(туған жоқ)

13.У ішкен бір өледі... ішкен мың өледі. (Ант)

 

    4.кезең. Әр топтан жетекшісі мен көмекшісі шығып Конвенцияның баптары жазылған парақтарды алып, оларды өз топтарына жасырады сөзсіз қимылмен, топ қандай бап екенін табу керек. 3-минут уақыт беріледі. Дұрыс, толық жауапқа «5» ұпай, толық емес жауапқа 2 ұпай.

1-топ:

1.      1-бап. 18 жасқа толмаған адам бала деп есептеледі.

2.      6- бап. Бала өмір сүруге құқылы

3.     2- бап. Құқық теңдігі

4.     37-бап. Жазықсыз тұтқынға алудан, заңды көмекке құқылы.

5.     28-бап. Білімге құқылы.

2-топ:

1.     2-бап.Баланың барлық құқығын құрметтеп, қорғайтын мемлекет

2.     24-бап. Медициналық тексеріске құқылы

3.     31-бап. Демалыс мәдени өмір сүруге құқылы

4.     9-бап. Отбасында тұруға құқылы

5.     7-бап. Азаматтық, есім алуға құқылы

 

5.кезең. Бір-біріне сұрақ жасыру. Оқушылар өздері дайындап келген сұрақтарын жасырады. 10 сұрақ  бір дұрыс жауап «5» ұпай

 

Жеңген топқа мақтау қағазы мен марапаталады.

  Қорытынды:Сонымен біз өз құқығымыз жөнінде бүгінгі зияткерлік-ойын сабағымызда біраз нәрсе ойымызға түйдік деп ойлаймын. Б.Момышұлы  «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыз болып өсейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әр баланың құқығы бар 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 093 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.08.2016 4660
    • DOCX 24.2 кбайт
    • 85 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аскарова Жазира Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аскарова Жазира Аскаровна
    Аскарова Жазира Аскаровна
    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16004
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой