Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Логопедия / Рабочие программы / «Р дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

«Р дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы сабақ

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: «Р дыбысы мен әрпі»


Мақсаты:артикуляция мүшелерінің дұрыс қалпын бекіту, дыбысты буында, сөздерде анық айту, дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын қалыптастыру.


Кезеңі:машықтандыру кезеңі


Көрнекіліктер: жануарлар мен құстар бейнеленген суреттер, ойыншықтар.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.


-Балалар , қәнекей,бәріміз жануарларға айналамыз.

Логопед:- Жолбарысты бейнелейік, ол қалай ақырады, салайықшы.

Балалар: –ррррр.

Логопед: -тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады

Балалар: – тр-р-р, тр-р-р.

Логопед: -мысық қалай дауыстайды, көрсетейікші

Балалар: - мур-р-р-р.

Логопед: -Қарғаның кішкентай баласы қарны ашып анасын жіңішке дауыспен шақырады.

Балалар: - кар-р-р, кар-р-р.

Логопед: -Енді бүгін біз сабақта қай дыбысты айтып үйренетінімізді білген шығарсыздар?

Балалар: -ия, Р дыбысы.

Логопед: - Мені мұқият тыңдаңдар. Мен сендерге ертегі айтып беремін. Баяғы бір заманда биік таудың басында «Р» дыбысы өмір сүріпті.

Кәне, дыбысты айтып көрейік. Қандай дыбыс екен? Жабыраңқы ма, әлде қуанышты дыбыс па? Дауысты ма, әлде дауыссыз ба? Үнді ме, әлде үнсіз бе?

Балалар: дауыссыз, жуан дыбыс.


ІІ. Дыбысты жеке айтуын машықтандыру.


Логопед: -«Р» дыбысының айналасында жануарлардың ырылдаған дауысы естіледі. Олар қалай ырылдады?

Балалар: -р-р-р

Логопед: -Күн күркіреп қорқытты

Балалар Р дыбысын бірде қатты бірде ақырын дауыспен айтады.

Бұл дос болуға жарамайтын дыбыс еді. «Р» дыбысының көңіл күйі түсіп кетті

(р дыбысы көңілсіз айтылады). Жанынан торғай ұшып бара жатып оған: «Неге көңілсіз отырсың? Мен бір ғажайып білім ордасы мектепті білемін.Онда барлық дыбыстар сиқырлы сарайда тұрады. Балалар оларды дұрыс айтып үйренді. Сонда бар» - деп ақыл айтты. «Р» дыбысының қуанышы қойнына сыймай, жолға жиналды. Ал, біз «Р» дыбысына көмектесейік.




ІІІ. Дыбысты буындар мен сөздерде айтуын машықтандыру.


Тақтаға таудың суреті ілінеді.

  • Мынау не?

  • Тау.

  • «Р» дыбысына осы таудан өтуге көмекке «А» дыбысын жіберейік. Қандай буын шықты?

  • Ра.

Осылай балалар басқа дауысты дыбыстармен қосып басқа да буындарды айтып жаттығады. ру-ро-ры.

Бhello_html_5d3b0112.gifhello_html_7dfea1a0.gifарлық буын тіркестерін бірге айтып, «р» дыбысына таудан өтуге көмектесейік: ра-ро- ру-ры ры

hello_html_m1a406c11.gifhello_html_3378b961.gifру

hello_html_6488fe32.gifhello_html_mf9a133e.gifро


hello_html_mebda11b.gifhello_html_m4e4680bd.gifра


(балалар бірнеше рет қайталап, қолдарын екі жаққа ажыратады).Тау жылжып, «Р» дыбысына жол ашылады. Бірақ алдында шау-қор кездесті. Балалар, мен бірдеңені шатастырып алдым ба? Қоршау сөзі дұрыс айтылады.


ІY. Дыбыстың талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту.


  • Қоршауды алу үшін ерекше сөздер айтуымыз керек. Мен сендерге сөздер айтамын, сендер оған қарама-қарсы сөздер айтыңдар: жаман (жақсы), қорқақ (қайсар), еріншек (еңбекқор). Алақай! Қоршау ашылды. Қоршау ішінде-жануарлар. Олардың аттарын тапсаңдар «Р» дыбысына жол көрсетеді.

Тапсырмалар: Аңның атауы Ж дыбысынан басталып, С дыбысымен аяқталады. Бұл не? (Жолбарыс). Неше дауысты дыбыс бар? Неше буыннан тұрады? «Р» дыбысының орнын анықтаңдар.Бұл сөзде неше дыбыс бар?

  • Шашылып қалған дыбыстарды жинап, сөз құрастырыңдар: «к», «р», «і», «е», «к» (керік).

  • Буындарды шатасып кеткен сөздерден жануарлардың аттарын құрастырыңдар: ра-зеб, қыр-қас, (зебра, қасқыр). Балалар, «Р» дыбысы қандай жануарлармен достасты? (керікпен, жолбарыспен, қасқырмен, зебрамен).

  • Сөздің схемасы беріледі. Осы торкөздер біз білетін аңның атын жасырып тұр.Аңның атын тауып, айтыңдар (қасқыр). Бұл сөзде неше буын бар? Неше дауысты дыбыс бар? Бірінші буынды, екінші буынды атаңдар. Р дыбысы сөздің қай бөлігінде орналасқан?






Y.Сергіту сәті.


- Р дыбысының көңілі көтеріліп, өлеңдете бастады. Бізде оған қосылып оның өлеңін айтайық.

- Ра-ра-ра Ар-ар-ар Ыр-ыр-ыр\

Ұшып келді ара. Тауға жауды қар. Шаршап қалсаң отыр.


Р әрпімен таныстыру.

Жұмбақты тыңдап, қай дыбыс туралы айтылғанын шешіңдер.


Қарда бар, Жарда бар,

Мұзда жоқ. Құзда жоқ. (Р)


- «Р» дыбысы, бұл сен туралы жұмбақ қой! Қара, мынау сенің таңбаң. Ол Р әрпі , танысайық.

Жылқышының құрығындай,

Тіп-тік тұруын-ай.

(балаларға Р әрпін ауада, дәптерге жазуын сұраймын).


YІ.Сабақтың қорытындысы



Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы

163 орта мектебі

Мұғалім-логопед

Абдрахманова Толқын

Рысбекқызы






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.10.2015
Раздел Логопедия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров903
Номер материала ДВ-092710
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх