Инфоурок Социальному педагогу Другие методич. материалыӘр өлеңі-бір әлем атты М.Мақатаевқа кеш

Әр өлеңі-бір әлем атты М.Мақатаевқа кеш

Скачать материал

Тақырыбы: Әр өлеңі- бір әлем

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу. Мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын дамыту.

1-жүргізуші:

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы дана менен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.

2-жүргізуші:

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындары кемде -кем.

Ән: Саржайлау

 

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, Алаш жұрты!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.

1жүргізуші:  Шындығында да Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнайды. Ең бірінші бақытым деп білген халқына донор секілді  бүкіл күш-қуатын сарп етті.

«Үш бақытым» өлеңі Сағынай Ернұр

2-жүргізуші: Ендеше, өздеріңіз көріп- сезіп отырғандарыңыздай бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, миллион сырлы сезімнің егесі– Мұқамедқали, Мұқағали Мақатаевқа арналады.

«Менің анкетам» өлеңі

«Арыз жазып кетейін » өлеңі

«Қарасаз» өлеңі

«Сүйемін, өскен Отаным» өлеңі



1-жүргізуші:  Өзінің «Менің анкетам» деген өленіңде  жазылғандай  М.Мақатаев  1931 жылы Алматы облысы , Нарынқол  ауданында  дүниеге келген. Әкесі соғыста қайтыс болған. Анасының  аты–Нағиман. Әже баласы болған соң анасын «Нақа» деп атаған. Туған апасы: «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халқымды сүюге үйреткен–әжем» деп ылғи сол Нағиман әжесін үнемі еске алып отырады дейді.
2-жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, Қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

«Майгүлге» өлеңі

«Әке аманаты» өлеңі

«Әке» өлеңі

«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі

Ән : Сенің көзің


1-жүргізуші: Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
2-жүргізуші: Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.

1-жүргізуші:  Өз Отанының кең алқабында, кең атырабында, кең құшағында туылған адам қандай бақытты?!

«Поэзия» өлеңі

«Өлең деген тумайды жайшылықта» өлеңі

2-жүргізуші:

Поэзия –  сәулелі сезімнің сыңғырлы үні, жүрек дүрсілі һәм қоңырауы. Ол –жаңару мен түрленудің, нәр берудің құралы.

Мұқағали:

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын,–

десе, замандасы, әріптесі рухани достарының бірі – жұмбақ ақын Жұмекен:

Күпі киген ақынның
Костюмді ойы – тамаша,
Киіндірген Абай тек қара өлеңді жаңаша.
Қағып-сілкіп күпіні – шекпен алған сол ақын – 
Шекпен киген кешегі Мұқағали болатын.

деп оны жылы қабылдайды, мойындайды.
Ендеше, Мұхаңның ілеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясының төркінін ұғудың да сәті келген сияқты.

«Ей, өмір», «Елім барда», «Жастық», «Көнемізде»

«Автограф», «Қара өлең», «Шыда, шыда» өлеңдері

1-жүргізуші:

Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән-жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды.

1-жүргізуші: Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мені алғайсың», «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды берші маған», «Бала ғашық», тағы басқа әндері.
2-жүргізуші: Олай болса, ақынның әндеріне кезек берейік.

Ән: «Бақыт деген»,

«Мен деп ойла» әндері

1-жүргізуші:

Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты:
 «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.

2-жүргізуші:

Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түкте емес. Біріктіріп қарағанда ол-поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай

Мұқағалидың өз дауысындағы өлеңін тыңдау

1-жүргізуші: Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ. Ол өлең болып өмір сүрді де, өлең болып жатып үзіліп кетті. Өлеңнің соңғы жолын жазуға көңіл құдіреті жеткенімен қолының әлі келмей әлсіреп барып көз жұмды.

2-жүргізуші: Жазушы баспасының ұжымы қайта құру және демократия

талаптарын ескере отырып, республикалық «Тұлпар» сыйлығының статусын бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.

Тұңғыш белгіленіп отырған «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.


«Әйелдер – ай», «Қариялар азайып бара жатыр», «Өмір жайлы», «Шәмілге хат», «Күндестік құрысын», «Дәрігеріме», өлеңдері


«Мұқағалиге арнау», «Балашақтан болашаққа»


1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары – біздерміз!


2-жүргізуші:  «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан – ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілік өмір! Осымен «Әр өлеңі- бір әлем» атты Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!








ХАБАРЛАНДЫРУ!!!





13 - ақпан күні сағ:12.30 «Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш болады.







Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі

және кітапханашылар



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әр өлеңі-бір әлем атты М.Мақатаевқа кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 574 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 2240
    • DOCX 25.9 кбайт
    • 43 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даукеева Ажар Абибуллакызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даукеева Ажар Абибуллакызы
    Даукеева Ажар Абибуллакызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11261
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация социально-педагогической деятельности в условиях реализации ФГОС

Социальный педагог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 875 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 886 человек

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Курс повышения квалификации

Эмоциональное выгорание социальных работников. Профилактика и методы борьбы

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе