1. «Абайтану» курсы оқыту қандай оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады?
«Абайтану» курсы ҚР Білім
және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту
жүзеге асырылады.
2. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды қалай
ұйымдастырады?
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және
ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық
күнтізбелік күндерге назар аударылды.
3. Оқушыларда оқытуда барлық
жұмыс түрлерін орындау үшін
10-11сыныптарда шет тілдері бойынша неше жұмыс дәптерлері болуы қажет?
Оқушыларда оқытуда барлық жұмыс түрлерін орындау үшін
10-11сыныптарда шет тілдері бойынша 1 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы
дәптерлері болса, онда жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы
тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған, осыған орай 1 дәптер
жүргізу ұсынылады), шет тіліндегі сөздерді жазу үшін сөздік дәптер, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптер
(кабинетте жыл бойына сақталады) болуы қажет.
4. Шет тілі мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестігі неше мұғалімнен құралады?
Кемінде 3 шет тілі
мұғалімнен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
болып табылады.
5. Бір жылда неше
әдістемелік бірлестіктің отырысы өтеді?
Оқу жылына 6 әдістемелік
бірлестіктің отырысын өткізу ұсынылады.
6. Әдістемелік бірлестіктің
әр отырысында нелер болу керек?
Әдістемелік бірлестіктің әр
отырысы ақпараттық танымдық сипатта болу керек: баяндамалар, пікірталастар,
презентациялар мен коучингтер.
7. Өзін-өзі танудың пәндік
саласы әр оқушының қандай білім беру процесін ұйымдастыруды көздейді.
Өзін-өзі танудың пәндік
саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы
және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім
беру процесін ұйымдастыруды көздейді.
8. Жалпы білім беретін
мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» курсын неге байланысты жүзеге
асады.
Жалпы білім беретін
мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8
қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.
9. Тiл туралы
Заңның 24-шi бабында не туралы айтылған?
Тiл туралы
Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына
кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi
басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының
Заңдарына сәйкес жауапты болады?» делiнген.
10.Тіл Заңының 5-бабында не туралы айтылған?
Тіл Заңының 5-бабында
орыс тілін қолдану айтылған.
11.
Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы қай бапта көрсетілген?
Мемлекеттің
тіл жөніндегі қамқорлығы 6- бапта көрсетілген.
12. Тіл
туралы Заң неше тарау және қанша баптан тараудан тұрады?
Тіл туралы
Заң 6 тарау және 27 баптан тараудан тұрады.
13.Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына
қосылуға ұмтылыс неше кезеңнен тұрады?
Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына
қосылуға ұмтылыс екі кезеңнен тұрады.
14.Сол кезеңді атап көрсет?
Бірінші кезең 2030 жылға дейінгі, екінші
кезең 2030 – 2050 жылдар
аралығында.
15. «ҚР Тілдер туралы Заңының 11- бабына
сәйкес азаматтардың өтініштеріне жауаптары мен басқа да құжаттар қай тілде
беріледі?»
«ҚР Тілдер туралы Заңының 11- бабына
сәйкес азаматтардың өтініштеріне мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұйымдардың
жауаптары мен басқа да құжаттар мемлекеттiк
тiлде немесе өтiнiш жасалған тілде беріледі»
16.Тiл туралы
Заңның 9-шы бабында не туралы айтылған?
Тiл туралы
Заңның 9-шы бабында «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде
әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге
аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыстілде жүргiзiлуi мүмкiн»
делiнген.
17. Қазақ
тілі қандай тілдер тобына жатады?
Қазақ тілі
түркі тілдес тілдер тобына жатады.
18.«Орфография»
қай елдің сөзі? «Орфография» грек елдің сөзі.
19. Заңңама дегеніміз не? Заңңама
белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
20. ҚР
Заңының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» қабылданған күнін көрсетіңіз?
«Нормативтiк
құқықтық актiлер туралы» ҚР Заңының қабылданған күні1998 жылғы 24 наурыз.
21.Мемлекеттік тіркеуге
жататын мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері қандай мемлекеттік
органда тіркеледі?
Мемлекеттік тіркеуге жататын
мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері ҚР Әділет министрлігінде
мемлекеттік органда тіркеледі.
22.
Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы қандай мерзімде жүзеге
асырылуы тиіс?
Нормативтік
құқықтық актілердің ресми жариялануы олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік
отыз күн ішінде мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
23.Тіл
Заңының 25 тараудың 1-бапта не туралы
айтылған?
Тіл Заңының
25 тараудың 1-бапта ономастикалық комиссияның құзыретi айтылған.
24.Тіл Заңы бірінші қай жылы қабылданды?
Тіл Заңы бірінші 1989 жылы, 22 қыркүйекте
қабылданды.
25.Тіл Заңы қайта қаралып, Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығымен бекітілген жыл?
Тіл Заңы қайта қаралып, 1997
жылы, 7 шілдеде Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген.
26. 4-тарау, 19-бапта не айтылған?
4-тарау, 19-бапта топонимикалық
атауларды, ұйымдардың атауларын пайдалану тәртiбi айтылған.
27. «Өзін-өзі тану» пәнін қандай мұғалім жүргізеді?
«Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта
даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
28.Қазақ тілі пәнінен 5-9 сынып оқушыларында болуы тиіс дәптерлер
саны қанша?
Қазақ тілі пәнінен 5-9 сынып оқушыларында болуы тиіс дәптерлер
саны жұмыс дәптері-2, жазба жұмыс дәптері -2, сөздік дәптер – 1, барлығы
– 5.
29.2014-2015 оқу
жылынан бастап рухани-адамгершілік білім беретін
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының қандай моделі жүзеге асырылуда?
2014-2015 оқу жылынан
бастап республиканың рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі
тану» бағдарламасының тереңдетілген кіріктірілген моделі жүзеге асырылуда.
30. Шет тілі дәптерінің сырты қай тілде толтырылады?
Шет тілі дәптерінің сырты шет тілінде жазылып толтырылады.
1.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.