Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚР тұңғыш президент күніне арналған "Бәйтеректің тарихы" сценарий

ҚР тұңғыш президент күніне арналған "Бәйтеректің тарихы" сценарий

Скачать материал

Ж.М.Ешимкулов

М.М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының «Глобус» жас театралдар клубының жетекшісі. Павлодар қаласы

Бәйтеректің тарихы.

Сахнаның ортасында жас ағаш өсіп тұр. Бала Сұлтан оның астын қопсытып, су құйып қарап жұр. Бір кезде  маңдай терін сүртіп,шаршағандықтан шалқая жатып еді, көзі ілініп кетті. Қарсы алдынан ұзын таяғын ұстаған ақ сақалды, ақ киімді әулие пайда болды. Бала Сұлтан әулиенің сұлбасын көргеннен бастап, басын көтеріп, амандық сұрауға кірісті.

Сұлтан: Ассаламуғалейкум ата! Жолыңыз болсын!

Әулие: Уаалейкумассалам, Сұлтан. Қалың қалай?

Сұлтан: Амандық ата,  сіз менің есімімді қайдан білесіз?

Әулие:  Хех, сенің атыңды мен қойғам ғой. Қарашы уақыттың зымырағанын. Кеше ғана бір жапырақ ет едің, бүгін ер жетіп, бойың маған жетіп қалыпты.

Сұлтан: Рахмет ата!

Әулие: Сұлтан, бүгін саған көп сыр ашамын. Тарих сырын.

Сұлтан: Ата, неге маған?

Әулие: Өйткені ертен ел тірегі болатын өзің, тарих сырының қатпар-қатпарын терең ашып көрмесең, білмесең, сезбесең, ертең ел түгілі, өзіңді де басқара алмайсын.

Сұлтан: Ата, мен әлі еш нәрсеге түсініп тұрғаным жоқ.

Әулие: Жүр, артымнан ер. Бәрін өз көзіңмен көріп, бәрін өзің түсініп, жүрекпен сезінесін. Алдымен қасиеттің ақ сүті тамған Баянауыл өңіріне саяхатымызды бастаймыз!

Сұлтан: Ата, ол жер алыс емес пе?

Әулие: Білмегенге алыс, білген жанға таяқ тастам жер ғана. Артымнан еріп отыр.

Сұлтан Әулие атаның артынан еріп сахнадан шығып кетті.

№1. Муз.номер.

Баянауыл өлкесі. Әулие мен Сұлтан Машекең отырған таманға бет алып бара жатты.

Машекең: Сезіп едім келеріңді қайран бабам,

                   Етегіңді ұстап келген кім бұл балаң?

Әулие: Аманбысын Мәжһүр Жүсіп. Бұл болашақтың баласы. Елдің тірегі.

Машекең: Сезіп тұрмын, көздерінен өшпейтұғын жалынды көріп тұрмын.

Әулие: Дұрыс байқағансын. Елі үшін атқа қонар азаматтар бағзыда заманнан бері көзге бірден ілінген. Жүсіп, еліңнің жағдайын айт. Естісін, білсін, сезінсін! Елінің өткенінен хабардар ет!

Машекең: Баян етейін, білсін. Кем-кетік тұстарын байқасын! Айтар болсам.

Ағайын барды күндеп көре алмайды,

Жоқ болса, жомарттық қып бере алмайды.

Кәнеки, бермегенің сол емес пе,

Білмеген-білген тілін неге алмайды?

Екі көз бір-біріне дұшпан болып,

Болса да қандай жақын сене алмайды.

Ұрысса қатын-бала әлдеқандай,

Үйіне бір-бірінің ене алмайды.

Өмірі итжығыспен бара жатыр,

Белгілеп бірін-бірі жеңе алмайды.

Көлденең ағайындар дәлелат қып:

"Бұзылма сендер бүйтіп!" — дей алмайды.

Бастаса пайдалы іске біреу шығып,

Соңына көмек беріп ере алмайды.

Мал беріп жамандықты сатып алып,

Берсе де жақсылықты тек алмайды.

Арада бұзықшылық өрті жанса,

Құйса да топан суын, сөне алмайды.

Әуре боп, бірін-бірі жоғалтам деп,

Татулық, ынтымаққа келе алмайды.

Дау десе, жаны құмар бейшараның,

Онымен ешбір нәрсе өне алмайды.

Аударып ақпейілін бұзықтыққа,

Жүре алмай түзулікпен, оңалмайды.

Береке кәсібінде болмаған соң,

Түзеліп еш шаруасы оралмайды.

Біреуі біреуінен артық болса,

Бір-бірін ілтипатпен тең алмайды.

Дұшпаны сырттан болған жесе-дағы,

Онда да тізе қосып келе алмайды,

Жамандап бірін-бірі мұқатса да,

Ешкімнен: "Мұның жөн!" — деп, шен алмайды.

Майда бол, жігіт болсаң, тал жібектей,

Жақсы емес қатты болу тікенектей.

Ғылымың болса-дағы ұшан-теңіз,

Пайда жоқ: ез халқыңа қызмет етпей!

Көрген мен көрмегенде көп парық бар,

Ашылмас(з) жігіт адам сыннан өтпей!

Лайықсыз ерсілікке арандама,

Әр істің мазмұнына көзің жетпей!

Ғибрат ал: жақсыларға жақын жүріп,

Қаша гөр жамандардан аулақ шеттей!

Не нәрсе талаптансаң табынады,

Опа жоқ: ер жігітке жапа шекпей!

Самалы әрекетегің сол сықылды,

Алмассың егінді орып, тұқым сеппей!

Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз,

Жатырқап еш адамды сыртқа теппей!

Кезінде кезең жерден қосылып қал,

Бәйгеге ұлы дүбір қалма ілікпей!

Мақсаты асыл болып ойыңдағы,

Алла һәм ер тілегін мақұл еткей!

Түгелі кемесіне мініп шыққан,

Ғылымның тәлиптерге нұрын төккей!

Аз біліп, көпке ғашық болғандардың

Ләззаты таңдайынан жүрер кетпей!

"Канағат, көп білдім!"- деп, айтпа өнерге,

Көре бер басқалардың азын көптей.

Жасында қалсаң мақрұм, сан соғарсың,

Қуарып қурай болып, қалма көктей!

Шалқайып үйде жатсаң, дәнеме жоқ,

Сарп етіп жытһа дейін малды төкпей!

Таппасаң дертке дауа, ғазизларым,

Надандық дауасы жоқ ауыр дерттей!

Сұлтан: Білдім, түсіндім, сездім ел жағдайын сөзіңізден! Рахмет сізге.

Әулие: Бір адамнан тыңдағаныңды есепке алма! Халық бір адам емес, ол көпшілік!

Сұлтан: Құрметті Мәшһүр ата батаңызды беріңіз! Мұндай мүмкіндік күнде туа бермейді!

Машекең: Елің үшін өзіңді құрбан ет! Мейлі олар бәрін бірден біле қоймас, бірақ жасалған жұмыс еш уақытта ұмыт қалған емес! Көгере бер, өркендей бер, еш уақытта еңбек етуден жалықпа! Аман бол балам! Әумин!

Сұлтан: Әумин! Рахмет сізге, рұқсат болса біз атанайық!

Машекең: Бір айтарым, асығып жүз адым жасағанша, асықпай бір анық, нық адым бас!

Әулие: Жүр, балам!

Машекең қалта сағатына қарап, орынынан тұрып, шығып кетеді. Әулие мен Сұлтан Жаяу Мұса тарапқа бара жатты. Сахнаға Шорманның Мұстапасына арызын айтып Жаяу Мұса шығады.

Жаяу Мұса: Ей, Мұса, мен не қылдым саған, жарқын,

Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын.

Бұзауын ауылымның қырып салдың.

Көрерсің не болғанын істің артын.

Мақтанба басыңызда бағыңызда,

Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.

Сізге де сорлы болу қиын емес

Басыңнан бағың тайған шағыңызда

Сұлтан: Ассаламуғалейкум!

Жаяу Мұса: Уаалейкумассалам! Қайдан жүрген баласын?

Әулие: Ел қамын беліне байламақ боп жүрген бала!

Жаяу Мұса: Қайран Бабам, бұл баланы да бізді сиқылды тәрбиеге алдың ба?

Әулие: Дұрыс байқап айтың, ел тарихын білмеген бала, елдің болашағын қалай құрмақ!

Жаяу Мұса: Біздің күйді кешіп жүрмесе болғаны

Әулие: Тарт тіліңді. Әр адамның тағдыр жолы әрқилы. Бұл баланың жолы жарқын! Одан да өз жағдайыңды жырға қос!

Жаяу Мұса:

№2. Ақ сиса әні

Сұлтан: Халық айтса, қалт айтпайды! Рахмет сізге!

Жаяу Мұса: Қандай биікте тұрсаң да, аяғыңның астындағы халықтың бір бөлігі екеніңді еш уақытта ұмытпа!

Әулие: Сөздің асылы - кез келген асыл тастан да қымбат! Бұл сөздерді ұмытпа!

Сұлтан: Ұмытпаймын баба!

Әулие: Артымнан еріп отыр. Тек кішкентай білгеніңмен шектелуге болмайдығ әрі қарай біліп, дами түсу керек!

Жаяу Мұса таяғына сүйеніп, сахнадан шығып кетеді. Әулие ата мен Сұлтан сахнаның бергі жағына қарай бет алды. Бұл жерде интелегенция өкілдері стилінде киінген екі кісі бір-бірімен әңгіме дүкен құрып, сөйлесіп келе жатты. Оны бірі Жүсіпбек, екіншісі Сұлтанмахмуд.

Махмуд: Өзіңізбен жүз көріспегелі бір жылдың жүзі болыпты. Көп уақыт тоқтауға келдіңіз бе?

Жүсіпбек: Қазірге алдан шығып жатқан жолдың сағалары көп, бірақ қай біріне толық тоқтам жасап адым басарымды білмей жүрмін.

Махмуд: Оңай емес...

Жүсіпбек: Амандығың қалай? Соңғы көргеннен қарағанда біраз оңала бастаған сыңдысын!

Махмуд: Бір Алланың қалауымен бәрі.

Әулие ата мен Сұлтан байқаған екі оқымысты. Өз әңгімелерін кейін шегіндіре тұра, Әулие ата мен Сұлтан таманға ұмтылды.

Әулие: Амансындар ма? Ел үшін тер төгіп шаршамадыңдар ма?

Жүсіпбек: Шаршасақ та, бір күн келіп бәрі де ақталады емес пе? Халық түсініп, жеміс гүлі гүлденер!

Махмуд: Ақталмаса да, елге береріңді ішіңе салып отырғанда не пайда? Одан да өзің білгенді үйрет, оқысын, білсін!

Әулие: Жарайсындар азаматтар!

Сұлтан: Елдің халін айтар сөздеріңіз бар ма?

Жүсіпбек: Мына бала, өзі кішкентай болса да. Көзі ашық, көкірегі ояу сыңды ғой!

Махмуд: Нағыз ұлттың болашағы! Үйренем дегенде, айтайық! Ұранымыздан бастасақ! Бағытымызды білсін!

Жүсіпбек: Қазағым, қақтықпа, қамалма!

Ел болар қамыңды амалда!

Кетті түн, атып таң, шығып күн,

Сал малды, сал жанды, аянба!

Мал баққан, жай жатқан ел едік,

Бейнетті көп тартқан ер едік,

Қаны жат, тілі жат, діні жат

Жат елден таяқты жеп едік.

Жатқа жем бай едік, кен едік,

Бағын жоқ биліктен кім едік,

Партия сұрқия, қым-қиғаш,

«Басы аман» көп надан сен едің.

Зарыққан, талыққан шағына

Тап болды бостандық бағына!

Ұйымдас, ұрандас, жағалас!

Сен де мін бабанның тағына!

Құның жоқ, қорлықта өшіп ең,

Терезең төремен болды тең.

Намыстан, кайраттан қатарға ені

Басқадан кем болған сенің нең?

Ұраным, қорғаным, сен Алаш!

Жолына кұрмалдық мал мен бас!

Өнер тап, өрге шап, қару ат.

Аллалап алға бас, ал Алаш!!!

Сұлтан: Ата, бір кезең болса да, әр адамның айтары өзіне сай өзгеше екен!

Әулие: Міне балам, сен бәрін түсініп келесін! Енді бұйыртқаны сезіну ғана!
Махмуд: Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек кана оқуменен өнер білмек,

Өнер-білім, адалдық, ар-намысты

Жоятын надандық қой емсіз індет.

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса баска елдердей қатарға енбек.

Білімге ел боп аңсап құмарланса,

Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.

Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,

Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек.

Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң,

Байлығыңа иелік бермес күндеп.

Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек.

Өнермен техникалы жұмсап еңбек.

«А, құдай, өзі берден» түк шықпайды,

Талаптанып, талпынсаң сонда бермек.

Алдыңғы ел малға емес, жерге сенбек,

Бар мұқтажы адамның жерден өнбек.

Басқаға малайлыққа жеккен күшті

Жұмсасақ өзің үшін шындап терлеп.

Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік,

Сонда ғана аларсың сен де теңдік.

Надандықтан екенін білесіз бе,

Көрінгенге болғаның семіз жемдік.

Сұлтан: Сөзінде жан бар екен! Әр азамат осылай ойлар болса, біз ел боламыз! Мәңгілік ел боламыз!

Әулие: Бәрі дұрыс балам! Рахмет сендерге Алаштың аяулы азаматтары, талаптарың арта түссін.

Махмуд: Сізге рахмет! Саған да рахмет, бала Сұлтан! Ұмытпа, қараңғы қазақ көгіне күн болам десең, оқудан талма! Ізденісте бол!

Жүсіпбек: Өзгелермен тең қарым-қатынаста бол! Жақсылық пен тыныштық туын жоғары көтерген сайын өзің де рұхани жоғарлай түсесін.

Жүсіпбектің сөздерін тыңдап төртеуі де сахна сыртына шығып кетеді.

№3.Муз.номер

Сәтпаев пен Байзақов екеуі келе жатыр.

Иса: Өнер – еркіндікті қалайды ғоой Қаныш аға, сіз белесіз ғой! Саясатты жыр ету, әндету ол дегеніміз барып тұрған ашық қиянат қой!

Қаныш: Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес. Туған мекенді, салт-дәстүрді жырға қос, кім саған олай істеме деп айтады екен?!

Иса: Айтуға оңай. Соңғы кездері қолыма қалам алып ой қиялына қол созып, тебірене кетем! Кенет, өзімді тоқтатып жазғанымды оқысам, шошынғаннан көзім шарасынан шыға жаздайды.

Қаныш: Сен билікке қарап емес, жерге қарап еңбек ет!

Иса: Қаныш аға, мен сіз емеспін! Мен жер қазып, ол жерден дүние табатын адам болсам, бейқам өмірімді сүре беруші едім.

Қаныш: Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.

Иса: Түсінгендей болып жатырмын. Қазір-қазір...

Қойын дәптерін шығарып, жаза бастады. Бір кезде

Иса: Қарашы домбыраның еркесіне,

Исаның шығып алды желкесіне,

Домбыра - екі ішекті, тоғыз перне,

Арқаның кез болдың ғой серкесіне.

Толқынды топшыменен қақ айырып,

Өлеңнің мен жүзейін өлкесіне.

Самғайын қанатымды жел үйіріп,

Қонғандай Оқжетпестің өркешіне.

Қаныш: Жарайсын болады екен ғой! Жырласаңда өзгені, өздігіңнен тайынбай жырла! Күйге қос! Қазақты ұмытпасаң болғаны!

Ортаға Әулие мен Сұлтан шығады.

Әулие: Міне, балам! Бұл кісілердің әр қайсысы бір-бір кітап!

Қаныш пен Исаны байқаған Әулие

Әулие: Сұлтан, не тұрсын жасы үлкендердің амандығын біл.

Сұлтан екі тұлғалы азаматқа жақындап

Сұлтан: Ассаламуалейкум елі үшін еңбек еткен азаматтар!

Иса: Уаалейкумассалам! Дана бала!

Қаныш: Өркеніңіз өсін!

Әулие: Көріп отырғандарыңдай, бұл елдің болашағы! Айтар ақылдарың болса айтасаңдар!

Иса: Алдымда ағам тұрғанда, кіші басымен не айта алам!

Қаныш: ...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.

Сұлтан: Бұл сөзіңіз, тас бетіне қашап жазылған таңба болсын жадымда.

Иса: Тапқырлығыңа ризамын!

Қаныш: Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі.

Сұлтан: Рахмет сіздерге!

Әулие: Балам, жолымызды жалғастырайық.

Әулие мен Сұлтан сахнаның бұ жағына, Қаныш пен Иса о жағына шығып бара жатты. Иса артынан қайта-қайта қарап Сұлтанның тапқырлығына дән риза болып, Қанышқа әңгіме айтып бара жатты.

№4. Исаның әні немесе күйі.

Әулие ата мен Сұлтан Ш.Аймановтың түсірілім алаңынан өтіп бара жатты.

Әулие: Бұл кісінің еңбегі ертеңгі күні жарқырып, алтын қорға кіреді.

Сұлтан: Мен бұл кісіні танимын!

Әулие: Әрине...

Сұлтан: Бұл Шакен Айманов ағамыз емес пе?

Әулие: Дәл өзі, қасындағы жүрген кісі туған інісі Каукен!

Сұлтан: Ол кісінің Қараторғай әні анамның әлди сыңды құлағымда мәңгі ойнап тұрады.

Әулие: Олай болса, өзін шақырып әніне мауқымызды басайық! Бүгінгі күн оңай болған жоқ.

№5. Қараторғай әні.

Әулие ата мен Сұлтан бастапқы көріністегі жас ағаштың қасына келіп тоқтады.

Әулие: Бұл ағашты күтіп, баптай білсең ертеңгі күні алып Бәйтерекке айналды. Бүгінгі алған сабақтарыңды өмір бойы ұмытпа! Бабалардың өсиетті өзіңе бойтұмар болсын!

Сұлтан: Ұмытпаспын баба! Бәрі үшін өзіңе алғысым шексіз!

Әулие: Сұлтан, ұмытпа!

Әулие Сұлтанның кеудесіне қолын қояды.Жарық сөніп, сахнадағы барлық реквезиттер мен актерлер шығып кетеді.

Экранда Нұрсұлтан Әбішұлы ҚР презиедентті болып сайланған күннен, қазіргі таңдағы Астана қаласымен, Бәйтерек туралы бейне үзінді көрсетіледі. Соңында Нұрсұлтан Әбішұлының Бәйтерек басына қолын қойып тұрған суретпен бітеді. Режиссердің шешу бойынша патриоттық «Көк тудың» желбірегені әнін қоюға болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚР тұңғыш президент күніне арналған "Бәйтеректің тарихы" сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2017 599
    • DOCX 30 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ешимкулов Жаксибек Махаматкулович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21545
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов