Инфоурок Труд (технология) КонспектыҚұрақ құрау, сырлы өнер

Құрақ құрау, сырлы өнер

Скачать материал

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Әулиеағаш орта мектебі

технология пәні мұғалімі

Жұмағұлова Лаура Ахметқызы

 

Құрақ құрау, сырлы өнер

Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным - сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз садақаларда жыртыстан түскен мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандар мен тақиялар дайындайтын. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа, төсеніш ретінде пайдаланып жүр.  

           Құраққа қойылатын талап біреу - ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.

Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді. Құрақ құрау - қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.

Қазір ұлттық салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Ауылда да, қалада да көптеген қазақ отбасыларының төрінен қайтадан құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сияпат апаратын болды. Бір ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен-ақ ондағы тікше, шаршы құрақтарда небір бояу алмасуларының үйлесімді жасалғанын, осы құрақ бояуларының алмасуының, қиюластырылуының келесі құрақтарда қайталанбайтынын аңғарасың. Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», - деп те ойға қалатыныңды қайтерсің.

Құрақ маталары

*      Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.

*      Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.

*      Торқа – ең қымбат жібек мата.

*      Батсайы – қалың жібек кездеме.

*      Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.

*      Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.

*      Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.

*      Пай – жібек мата.

*      Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.

*      Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.

*      Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.

*      Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.

*      Насар – жібек кездеме.

*      Ұштап – ақ түсті тығыз мата.

*      Шыт – арзанқол жұқа мата.

*      Сәрпөңке – астарлық жібек мата.

*      Бояқ – кездеменің боялған түрі.

*      Борлат – қызыл түсті жұқа мата.

*      Тібен – түрлі-түсті қалың мата.

Құрақ құрау, оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.

Яғни, құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құрақ құрау, сырлы өнер"
Смотреть ещё 5 584 курса

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500 - 3000 жылдар бұрын дамып тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным - сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз садақаларда жыртыстан түскен мата қалдықтарын қалдырмай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандар мен тақиялар дайындайтын. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады. Жапон халқында құрақ «сашико» деп аталады. Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа, төсеніш ретінде пайдаланып жүр.  

 

           Құраққа қойылатын талап біреу - ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Шеберлер геометрияны оқымаса да бір бөлігін 5 - 6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб формаларының әдемі үйлесімін тауып құрастырған. Құрақ сұлулығы түсіне қарай және әрбір түс белгілі бір тәртіппен кездесіп отырса өрнек сұлулана түседі, ал ретсіз орналасса солғынданады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 236 680 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 10.02.2015 670
    • DOCX 32.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна
    Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна

    Информатика пәні оқытушысы

    • На сайте: 10 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 110049
    • Всего материалов: 60

    Об авторе

    Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті түлегі. Алғашқы ұстаздық жолы Алматы облысы Панфилов ауданы Енбекші орта мектебінен басталды.Ұстаздық жолым тек сәттіліктерден бастау алуда, негізгі мақсатым әріптестерден тәжірибе алмасу, білік, білім, дағдыны тереңдету, ізденіс-зерттеу жұмыстарымды жалғастыру. Ұлағатты ұстаздарға, әріптестеріме тек сәттіліктер тілеймін! Ұстаздарға сәттілік Ұстаздарға сәттілік шәкірттерін шыңдаған, Білім беріп әрқашан, тура жолға нық салған. Білім менен білікті таразылап әрқашан, Шәкірттері биіктен көрінсе болды қуанған

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 214 809 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Когнитивные процессы и эмоциональная регуляция: практическая психология самопознания

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Базовые принципы рисования: инструменты, композиция и формы

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Эмоциональное благополучие, учебная мотивация и адаптация учащихся: современные вызовы и педагогические решения

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек
Смотреть ещё 5 584 курса