Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / "Құрақ құрау жолдары" (сабақ жоспары)

"Құрақ құрау жолдары" (сабақ жоспары)

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Күні:03.03.16

Сабақ: № 24

Сабақтың тақырыбы: Құрақ әшекей,құрақ құрау технологиясы.

Сабақтың мақсаты: құрақтың шығу тарихымен,оның қажеттілігімен таныстыру, құрақ құрау технологияларын меңгерту;

а) Білімділік: Құрақ құрауға геометриялық фигураларды пайдалана білуді,оларды түрлендіре білуге үйрету;  

ә) Дамытушылық: құрақты қазіргі заман талабына сай жаңартып құрай білуге үйрету;

б) Тәрбиелілік: ұлттық салт-дәстүрді,өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.Шеберлікке,ұқыптылыққа,төзімділікке баулу.

Пәнаралық байланыс: тарих,сызу,геометрия,бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: сызғыш,бор,қатты түсті қағаз,мата түрлері,ине,жіп,қайшы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Өткен сабақты қайталау.

1)Қайталау барысында оқушылар өздері түсті қағаздан жасаған құрақ түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіреді.

2)Оқушылардың құрақтың шығу тарихына байланысты жинаған аңыз әңгімелерін тыңдау.

1-оқушы:

Құрақтың қасиеті «Құдай құрастырсын» деген ырымға байланысты.Ертеректе баласы шетіней берген ата-ана көрші ауылға барып үй-үйден құрақтың қиындысын жинайды.Бұл жиналған қиындыны «жиынды» деп атаған.Осы жиынды матадан жас нәрестеге астарлап,етегін қайырмай «сілекей»,яғни көйлек тіккен.Етегін қайырмаған себебі артынан бала ілессін,құралсын деген ниетпен қайырмаған.

2-оқушы:

Біздің ата-әжелеріміз ертеректе жазу-сызу болмаған кездің өзінде түрлі геометриялық фигураларға ұқсастырып құрақтар тіккен.Оны тікелей сұлу табиғатпен байланыстырып алған.Мысалы: «ботакөз» құрағы, «қошқар мүйіз», «жұлдыз» құрағы, «алма» құрағы, ұшқан құстың,тырнаның ұшуына қарап «тырна қатар» құрағын құраған. Мұнда ақ пен қара түс өзара үйлесім табады.

Ағы-көңілімнің ақтығы.

Қара-көңілімнің қарар танысын деп түске көп көңіл бөлген.

3-оқушы:

«Қошқар мүйіз» оюын тікелей малмен байланыстырып,оны аса бір дәлдікпен құраған.Мұнда да ұрпағым малды,жанды болсын деген ырымдарға балап тіккен.

III. Сабақтың негізгі бөлімі.

Бүгінгі күнде ата-бабамыздың айналысқан қандай да бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған.Қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Өнердің басқа түрлері сияқты құрақ құрау да оқушылардың ой-өрісін,білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол.Құрақ құрау барысында оқушылар түрлі геометриялы фигуралардың басын құрастыруды игеріп,үшбұрыштың қабырғасы мен төртбұрыштың табаның бір-біріне тең болуын,өлшемі арасындағы байланыстылықты есептеуді үйренеді.Ал құрақ композициясын құрастыру мен түстердің үйлесімділігін табуда бейнелеу өнерінің білімін пайдаланамыз.

Құрақты тігу барысында матаның қалың,жұқалығын қатаң ескеруіміз қажет.Егер матаның қалыңдылығы тура келмесе ол үлгіде басқа матамен қабаттап тігеміз.Сонымен бірге тіккен құрағымыз мықты әрі сәнді көрінуі үшін құрақты астарлап тігуіміз керек.Ол үшін алдымен құрақтың үлгісін жасап,өлшемін алған соң,сол өлшемде астар алып құрақты тігуді бастаймыз.

IV.Сарамандық жұмыс.

Сабақты қауіпсіздік ережелерін еске түсіруден бастаймыз.

1.Инемен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесі;

2.Қайшымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесі;

3.Тігін машинасымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.

Сабақтың ұраны:

«Талаппен баста,талғаммен аяқта».

Сыныптағы қыздарды төрт топқа бөлемін.Әр топ өздері қалаған құрақ түрлерін құрайды.

I топ. «Витраж» құрағынан жастықша құрау. «Витраж» деген сөздің мағынасы түрлі-түсті бояумен әйнекке композиция жасау.Бейнелеу өнерінде оны бояулармен жасаса,еңбек сабағында біз матадан тігеміз.

Құрақты тігу үшін 16 дана қырқылған төрт бұрышты мата қажет. Ортасындағы гүлше жапырақтарын шығару үшін 24 дана қырқылған мата қажет. 16 х 16-16 дана 4х4-16 дана.

II топ. «Шатыр» құрағынан көрпеше құрау.Шатыр құрақты тігу үшін матаның қиындысынан алты дана немесе сегіз дана етіп ромбы тәрізді қиық формалар пішіледі.

-Бірінші номерлі ромбы екіншіге тігістіріледі.

-Тігістірілген бірінші номерлі және екіншіге үшінші тігістіріледі.

Екі, үш бұрышты төрт бұрышты қиындыларды алып, қарама-қарсы бұрыштарға тігістіру керек.Дөңгелек формадағы шатыр құрақ осылай жасалады.

Енді сегіз қанатты шатыр құрақтың жасалу жолына назар салыңыздар.

1.Дайындалып пішілген сегіз ромбы тәрізді қиындыны қарама-қарсы түсті екеуін бір-біріне тігістіріп,алдымен бірге екіні, соңынан үшке тігістіріледі де, келесі төртіншіге тігістіріледі.

2.Дайындалып пішілген сегіз ромбы тәрізді қиындыны қарама-қарсы түсті екеуін бір-біріне тігістіресін,алдымен бірге екіні,соңынан үшке тігістіріледі де, келесі төртіншіге тігістіріледі.

3.Енді келесі төрттік бір-біріне тігістіріледі де екі төрттік бір біріне тігістіріледі.

4.Төрт үшбұрыш,төрт төртбұрыш әр түсті матадан қиылып,пішіледі де,қарама-қарсы үшбұрыш пен қарама-қарсы төртбұрышқа тігістіріледі.Одан соң айнала төңірегіне өз қалауына басқа түсті матамен көмкеріледі.Осымен шатыр құрақтың бұл түрі бітеді.

III топ.

«Саты немесе баспалдақ» құрағынан жилет тігіп үйрену.

1.Екі түсті матадан жіңішке қиынды алу керек.

2.Кішкене төртбұрыш алып,дайындаған екі жіңішке мата қиындысын қалағанша баспалдақ тәріздес етіп тігістіру керек.Саты құрақ бітті.

IY-топ. «Тырна» құрағынан жастықша құрау.

1.Тырна құрақ үшін бес,алты бір түсті матадан үшбұрыш және он,он екі басқа түсті матадан үшбұрыш пішіліп дайындалады.

2.Бір түсті бір үшбұрышқа басқа түсті екі үшбұрыш тігістіріледі.

3.Дәл осы әдіспен бес,алты үшбұрышқа он,он екі үшбұрыш тігістіріледі.

4.Бәрі бір-біріне тігістірілген соң екі жанына түрлі-түсті матадан шеттік жүргізіледі.Сонымен тырна құрақ даяр болады.

V.Сергіту уақыты. Мақал-мәтелдер сайысы.

VI.Сабақты қорытындылау.

Төрт топтың жұмысына қарап талдау жасаймыз.Әр топтан жұмысына қарап талдау жасаймыз.Әр топтан 1 оқушы қарсы топтың жұмысына өз пікірін айтады.

1)Құрақ құраудағы негізгі талаптар.

2)Құрақ құрау өнеріндегі симметрия,композиция ұғымдары нені білдіреді?

3) Ырғағы дегеніміз не?

4) Түс үйлесімділігін қалай түсінесің?

VII. Оқушылардың жұмысына,біліміне қарай бағалу.

 


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-501851

Похожие материалы