Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Рабочие программы / "Құрақ құру" ашық сабақ 8 сынып технология
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

"Құрақ құру" ашық сабақ 8 сынып технология

библиотека
материалов

hello_html_6cc24e6d.gifhello_html_be722b5.gifhello_html_5141e113.gifСабақтың тақырыбы: "Құрақ құрай білу де өнер"

Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы оқушылардың түсінігін арттыру. Қазақ қолөнеріндегі құрақтың шығу тарихына тоқталу. Тұтыну заттарында немесе бұйымдарында қалай пайдалану керектігін үйрету.

Құрақ түрлерін, тігуді меңгерту.

Білімділік: Мата қиындыларынан түрлі құрақтар тігіп үйрену. Құрақ қиындыларын әзірлеуді мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.

Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, ұқыптылыққа,төзімділікке, шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулу. Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған, жан дүниесін бай, ой-өрісі кең тұлға тәрбилеу.

Сабақтың түрі: ізденіс-шығармашылық

Сабақтың формасы: практикалық дағдыны қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: Қажетті құрал-жабдықтар : интерактивті тақта, құрал-жабдықтар, ине, жіп, қайшы, дайын үлгі, сызғыштар, мата қиындылары, құрақтан жасалған бұйымдар түрлері.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу, математика, эканомика .

Сабақтың оқыту әдісі: Іздену, түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, көрнекі арқылы көрсету, сарамандық жұмыс.

І. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

б) Сабаққа дайындығын тексеру, құралдарын толықтыру.

в) Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

г) Бағалау бетшесін таныстыру.

Сабақтың басталуы:

Тренинг жүргізу: «Тәрбие бастауы» тренингтің жүргізілу шарты оқушылар қол ұстасып тұрып бір-біріне сәттілік тілей отыра,атын атап, адам бойындағы қасиеттерді айтады. Мысалы. Әсем ұқыпты бол, ..... .

Тренингті ұстаз бастайды, соңығы оқушы ұстазға сәттілік тілейді.

Сабақтың жүрісі. Дәтерді ашып сабақтың тақырыбын жазу.

Тақтадағы сабақ жоспарымен таныстыру.


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесінен басталады.

Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.

Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейміз. Біздің бүгін айтқалы отырған құрағымыз көл жағасында өсетін шөп, өсімдік емес, мата қиындысынан құралып жасалатын көрпе-көпшік ретінде пайдаланатын құрақ. Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар.

Халықтың ұлт екенін айыратын 3 негізгі арнасы бар:

- тіл өнері

- саз өнері

- қолөнері

Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын

өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.

Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.

Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады. Шаршы, алтыбұрыш, трапеция,тең бүйірлі үшбұрыш, пирамида, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм.

Құрақтың атаулары әр түрлі:

а) қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ.

б) орыс тілінде құрақ құру өнері «лоскутное шитье» немесе «мозаика».

в) жапон тілінде құрақ құрау өнері «сашико».

г) ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «печворг» және «квилт»- деп атайды.

Құраққа қойылатын талап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.

Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді. Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.

Құрақтың түрлері төрт топқа бөлінеді:

1.Табиғат. 2. Жануарларға. 3. Геометриялық. 4. Аспан әлемі.


Сендерге үйге құрақ құрау өнері туралы ізденіс жұмысы тапсырылған. Ендеше, кім нені біліп келгенініне ой бөлісейік.


1.Құрақ- дегеніміз не, құрақтың мағынасын түсіндір?

Слайд №5. Құрақ құрау, ұлттық қол өнерінің бір түрі. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.

Бұл қолөнердің негізі әртүрлі символдармен де байланысты. Мәселен, үшбұрыш құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе-теңдік пен тұтастық. Бал арасының ұясы негізінде «Алты табақ» құрағы пайда болған. Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Сонымен қатар құрақ өнері арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне салуға болады екен. Баяғы Сақ заманынан бастап, өмір құбылыстарын қолөнер арқылы көрсетуге машықтанған көшпелілердің қолөнер дәстүрінің нысандық мәні бар. Сол кездегі «жұп», «су» секілді мағыналы ою-өрнектер күні бүгінге дейін өз мән-мағынасын жоғалтпады.

2. Слайд № 6,7. «Құрақ көрпе – отбасындағы береке-бірліктің белгісі»- деп әжем айтты.

Бұрындары қазақтың ісмер қыз-келіншектері мата қиындыларынан көрпе-көпшікке көздің жауын алардай құрамыс тыс тігуші еді. Әдетте көрпе-көпшіктің қырық құрақ тысында сан алуан сәнді түс керемет үйлесім тауып, көз қуантады.

Қазір ине ұстап, қазақтың ұлттық киімін тігіп, ою-өрнегін ойып, жоғалып бара жатқан мәдени мұрасын қайта жаңғыртып жүрген шеберлер саусақпен санарлық қана.

«Шеше көрген тон пішер» дегендей әсіресе, қыздарға «Іс тіге білу баға үшін емес, өмірлеріңізге керек» деп отырады. Киіз басып, ою ойып, құрақ құрап, алаша тоқыған бұл кісілер бүгінде өмірден озған. Бірақ, өздері жоқ болса да, ұрпақтарына қалдырған бұйымдары көп. Сірә, «Өнер өлмейді» деген осы болса керек.


3.Ал құраққа қандай маталар қолданылады?

Слайд №8. Құраққа мынадай маталарды қолдануға болады: Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата. Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт. Торқа – ең қымбат жібек мата. Батсайы – қалың жібек кездеме. Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі. Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш. Пай – жібек мата. Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата. Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата. Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі. Насар – жібек кездеме. Ұштап – ақ түсті тығыз мата. Шыт – арзанқол жұқа мата. Сәрпөңке – астарлық жібек мата. Бояқ – кездеменің боялған түрі. Борлат – қызыл түсті жұқа мата. Тібен – түрлі-түсті қалың мата.

4. Құрақтың қандай түрлері бар? Слайд №8.Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы – нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы – құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі – құрақтардың ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі, кекілік қас – ақ және қара маталардың қиындыларынан кекіліктің қасына ұқсатып тігілген құрақ, қайшы құрақ – кекілік қас құрағының негізінде тігіліп, көздігінің жанына қайшы пішініндегі кішкене құрақтың ұластырылған түрі, таңлай құрақ – адам таңдайының пішініндегі өте майда құрақтар, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б

5.Құрақтың жасалу жолы қандай?

Слайд №9. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай құрақ құрайсың, сол құрақтың сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен, әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігеміз. Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.

6. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.

Слайд № 9. Пішілген қиымды маталарда іске асыру:

2. Құрақ жастық, құрақ көрпеше тігіп, үйдің сәнін кіргізу.

Құрақ бірнеше түрге бөлінеді:hello_html_2a25376c.jpg

Шатыр құрақ.

Бота көз құрақ.

Тырна құрақ.

Қарсы құрақ.

Саты құрақ.

Ши құрақ

Қайшы құрақ.

Махмат құрақ.

Жұлдыз құрақ.

Оюлы құрақ.


7. Құрақ құрау үшін алдымен не істеуіміз керек?


Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек,сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады.Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстін бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көніл бөлінеді. Құрақ құрау, қалдық қалдырмау.

8. Құрақ тұралы қандай ырым тиымдар білесіңдер?

Салт дастүр ретінде, құрақ құрап, қыз жасауына міндетті түде қосады, ол жас отбасының жеке отбасы деген мғынаны білдіреді. Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата-бабамыз ұзатылған қыздың артынан жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде «Аққу құрақ» көрпесін апарған.

Қонағын төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол – сыйластықтың белгісі. Дүниедегі әрбір зат майда бөлшектерден құралады. Сол секілді әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын құрайды. Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп тоқтамаған отбасылардың үйін «тіл-көзден аман болсын» деп ырымдап, «қырық құрақ» құрап, баласын соған ораған екен.


Мұғалім сөзі.

Әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын көрсетеді”- деп, әжелеріміз айтадып. Сол себепті қыз барған үй берекелі болсын деп құрақ сыйлайды.


Қазақтың дәстүрінде бар осынау қолөнер түрін әлем елдерінің біразы қолданады екен. Мәселен, құрақ өнерін орыстар «лоскутное шитье», жапондықтар «сашика», ал ағылшындар «почворк» дейтін көрінеді.

Жаңа сабақ:

ІІІ. Сарамандық жұмыс.


Бағалау бетшесі

Үй тапсырмасы

Өзіндік баға

Бір-бірін бағалау

Топ басшысың бағасы

Қоытынды ұстаз бағасы







Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру. Соның ішіндегі біз төртбұрыш, ромб, үшбұрыш пен жұлдызша құрағын жасап көрпеше тігу.

1 Кіріспе нұсқа.

1.1 Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.

1.2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.

1.3. Құрақ көрпеше ішіне мақта немесе жүн салу.

1.4. Ашық жерлерін біріктіру.

1.5. Буйымды дайындау.

1.6. Шығынын есептеу және бағасын тағу.

1.7. Бұйымды жарнамалап қорғау.

2 Ағымды нұсқа.

Қауіпсіздік ережесі

Инені киімге қыстыруға болмайды.

Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.

Инені жіпсіз тастауға болмайды.

Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

Инені ине қадағышқа шаншы.

Қайшыны ашық тастама.

Тпасырма:

Сегіз жапырақ құрағын құрcтырып, көрпеше тігу.

- Жалпы құрақ құрауда аса шеберлік қажет екендігін ескертемін.

- Құрақ құрағанда мата таңдау және мата түстері туралы ұлттық ұғымдарды айтамын. Қызыл түс – гүлдің, қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді; Сары түс - күннің белгісін білдіреді; Көк түс – аспанның, судың белгісін білдіреді; Жасыл түс – даланың көгал шөбінің, жердің белгісі.

- Сегіз жапырақ құрағын геометриялық фигуралар арқылы құрылады. Осы фигуралар арқылы ең алдымен үлгілер дайындап аламыз.(интерактивті тақтада 12 слайд арқылы суретін көрсетемін).

- Дайындап алған үлгілерді мата бетіне түсіріп, қырқып алынады.


- Екі жапырақша бөліктерін бір – бірімен беттестіріп, қол тігіспен тігіледі. Жапырақшаларды екі – екіден тігіп алу қажет.

- Сегіз жапырақшаларды беттестіріп тіккен соң, жан – жағындағы бөлшектерін біріктіріп тігеміз. (беттестіріп тігу жолдарын интерактивті тақтадан 13 слайд арқылы көрсетемін көрсетемін).

Сегіз жапырақ құрағын құрау әдісінің нұсқау картасын оқушылармен бірігіп құраймыз.

Оқушыларға түсінікті болу үшін алдын ала түрлі – түсті қағаздан дайындалып қойылған құрақ үлгілерін таратып беріп, сегіз жапырақ құрағын құрастыртамын. (әр оқушы түс үйлесімділігін таңдай отырып, құрастырады).


- Әр оқушыға нұсқау картасының сызбасын таратып беремін.


Сарамандық жұмысының орындалуы: Сұраныс: құрақ көрпеше.


1.Қатты қағаздан үлгілер дайындап алу. ( жеке тапсырма) жеке 8 кәсіпкер.

2.Матаға үлгіні түсіріп алып, қырқу.

3.Екі жапырақты бір-бірімен беттестіріп тігу.( жеке орындау)

Серіктесу және болшектермен мақал –мәтел айтып аумасу.

Өнер туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?

- Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын

- Өнер сыры – өрнекте.

- Ою ойғанның ойы ұшқыр.

- Ою ойған сызу да сызады.

- Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп.

- Өнерсізден құт қашады.

- Құрақ – қиялдың жемісі

- «Өнерлі болу – зейнет, өнерсіз болу бейнет.

- «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ».

4. жұптасып орындау, 4 жұп

Сергіту сәті: әр түрлі құрал жабдықтың қолдануын көрсету.

5.Қалған жапырақтарды бір- бірімен қосып тігу. (топтасу, 2- топ)

6.Жапырақтарды қосып алғаннан кейін жан жағындағы бөліктерін келтіріп тігу. (2-кі топ бірігіп ұжым болады). Ұжым болғанда басшысы мен есепшісін сайлап алу.

7. Құрақ тың астарын пішу. Бұйымның астарлығын шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызып аламыз.

-Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу.

-Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу.

-Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу.

-Бір шетінен 5-7см тігусіз жер қалдыру.

-5-7 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу.


Басшының мақсаты: өндірілген өнімді халыққа жарнмалау.

Есепші: шығынды есептеу бағалау.

Бұл материалдық өндіріске жатады, себебі пайдаланатын өнім.

Шығынды есептедік:

  1. Бұйымның барлық өлшемі : Ұзындығы- , ені-

  2. Есеп шотымыз бойынша бұйымды - теңгеге бағаладық, сбебі матамыз бүлүр, қымбат емес.


ІV.Ой толғаныс кезеңі. Сабқты қорыту.

Тест

1. Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?

А.4 Ә.5- Б.2 В.3

2. Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?

А. 19-20- Ә. 15-16- Б.17-18 В. 16-17

3. Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?

А.Зооморфты Ә.Космогоникалық- Б. Геометриялық В. Тұрмыстық

4. Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?

А.Word Ә.Power Paint Б.Paint B. Exsel


5. Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады?

А.Өсімдік тектес Ә. Геометриялық Б.Космогоникалық В.Тұрмыстық

6. Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?

А.Печворк Ә. Patchwork Б.Ласкутная техника В. Сошико

7. Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?

А. Үлгісіне Ә. Көлеміне Б.Тігісіне В. Орындалуына

8. 26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?

А. Қызғалдақ Ә.Жұлдызша Б. Аққу В.Иықты

9.Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?

А.Былғары Ә. Тері Б. Мата В. Полиэтилен

10.Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?

А. 15-20мм Ә. 20-25мм Б.2-3 мм В. 5-10мм

Дұрыс жауаптар:

1- Ә , 2-А, 3-Ә, 4.-Б, 5-А, 6- В, 7-А, 8- А, 9.-Б , 10-в.


Оқушыларға ізгілендіру диаграммасы әдісін дәптерге толтыру.

Құрақ туралы нені білімін? Нені білдім? Нені білгім келеді

Мұғалім қорыту сөзі: Қазақта аналар өз қолдарымен қыздарына құрақ көрпе жасаған. Біріншіден құрақ құрау қызына қандай да бір үнемшіл бол, бірді екіге құрай біл десе, екіншіден әлем ақыл, сана, мейірімнен құралғанын түйсіндіру. Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ана ендеше халқымыздың салт - дәстүрінің қаймағын бұзбай келер келешекке жеткізетін де өздеріңіз. Қорыта келетін болсақ, біз сіздермен құрақ құраудың түрлерімен, пішілуін, тігілуін үйрендіңіздер. Енді өздеріңіз құрақтың түр - түрін тіге аласыздар.

ҮІ. Үйге тапсырма. Құрақты аяқтап тігу, қиялдарыңыздағы құрақ түріне мата, ине - жіп алып келу.

ҮIІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып сұрақтарға жауап беруіне және сарамандық жұмыстарына қарай білімдерін бағалау.

ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру




hello_html_37e83041.gif

hello_html_m747c263e.gif



























Сабақты құрып өткізген hello_html_6491a03c.png

технология пәнінің мұғалімі

Мурзагалиева У.Ж.







2014ж

Экономика:

Бұл материалдық өндіріске жатады, себебі пайдаланатын өнім.

Шығынды есептедік:

  1. Бұйымның барлық өлшемі : Ұзындығы- , ені-

  2. Есеп шотымыз бойынша бұйымды - теңгеге бағаладық, сбебі матамыз блүр, қымбат емес.



Экономика қоғамдық ғылым ретінде 3 сұраққа жауап беруі тиіс:

  1. Не өндіру керек – қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі тиіс.

  2. Қалай өндіру қажет – қандай ресурстар, технологиялар арқылы өндіру қажет.

  3. Кім үшін қажет – дайын тауар қалай бөлінеді, кімге араналады, кім сатып алады.





Меншік түрлері:

  1. Жеке иемдену формасы (жеке меншік).

  2. Ұжымдық иемдену (акционерлік қоғам, серіктестік, кооператив)

  3. Қоғамдық иемдену (мемлекеттік)

Нарық механизмінің элементері:

  1. Баға – тауардың ақшалай көрінісі.

  2. Сұраныс – төлем қажеттілігі бар қажеттілік.

  3. Ұсыныс – өндірушінің сатуға дайындаған тауарлардың саны.







Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: "Құрақ құрай білу де өнер"

  Сабақтың мақсаты:Құрақ туралы оқушылардың түсінігін  арттыру. Қазақ  қолөнеріндегі құрақтың  шығу тарихына тоқталу. Тұтыну  заттарында немесе бұйымдарында  қалай пайдалану керектігін үйрету. 

Құрақ түрлерін, тігуді меңгерту.

Білімділік:     Мата қиындыларынан түрлі құрақтар тігіп үйрену. Құрақ  қиындыларын әзірлеуді  мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні   пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.

Дамытушылық:  Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру,  эскизді матаға  сыздыру,  эскиз бойынша матаны қию, құрақ   қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік,   икемділігін дамыту.

Тәрбиелік:   Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге,  ұқыптылыққа,төзімділікке, шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулу. Құрақ құрау  өнері арқылы эстетикалық,  ойлау қабілеті терең дамыған, жан дүниесін бай, ой-өрісі кең тұлға тәрбилеу.

Сабақтың түрі: ізденіс-шығармашылық

Сабақтың формасы:  практикалықдағдыны қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: Қажетті құрал-жабдықтар :интерактивті тақта,  құрал-жабдықтар, ине, жіп, қайшы, дайын үлгі, сызғыштар,  мата қиындылары,  құрақтан жасалған бұйымдар түрлері.

 Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу, математика, эканомика .

Сабақтың оқыту әдісі:   Іздену, түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен    жұмыс, көрнекі арқылы көрсету, сарамандық  жұмыс.

 І. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

б) Сабаққа дайындығын тексеру,  құралдарын толықтыру.

в) Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

г) Бағалау бетшесін таныстыру.

Сабақтың басталуы:

 Тренинг жүргізу:  «Тәрбие бастауы» тренингтің жүргізілу шарты оқушылар қол ұстасып тұрып бір-біріне сәттілік тілей отыра,атын атап,  адам бойындағы қасиеттерді айтады. Мысалы. Әсем  ұқыпты бол, .....  .

Тренингті ұстаз бастайды, соңығы оқушы ұстазға сәттілік тілейді.

Сабақтың жүрісі. Дәтерді ашып сабақтың тақырыбын жазу.

Тақтадағы сабақ жоспарымен таныстыру.

 

 

Автор
Дата добавления 12.01.2015
Раздел Технология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1661
Номер материала 287558
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх