Инфоурок Музыка Рабочие программыРабочая программа по теории

Рабочая программа по теории

Скачать материал

Түсініктеме

 

     «Музыка теориясы» пәнінің жұмыс бағдарламасы, мамандық бойынша 0404000-аспапта орындаушылық; 0407000-ән салу; 0405000-хор дирижеры, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 30. 12. 2010 жылғы №587 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасының негізіне сай құрастырылды. Пәннің жалпы сағат саны: 74.

     Музыка теориясы пәні кәсіби музыкалық оқу орындарында негізгі пәндердің бірі. Бұл оқушылардың алғашқы музыкалық сауатын ашатын, олардың кәсіби дамуына бағыт беретін, музыка өнерінің заңдарын бекітетін пән.

     Музыка теориясы негізінің қиындығы оның негізгі тақырыптарының неше түрлі бөлшектерден тұратындығын да, жалпы бұл тақырыптарды меңгерудегі жұмыс бағыттарының көлемі әр-түрлі болуында. Сондықтан  да жұмыс түрлері әр  қилы. Ол әр  тақырыптарға қатысты мәліметтерді түсіндіру және мазмұнын айтып беру; әр тақырыптарға байланысты бір әуендерді аспаптарда ойнап, іс жүзінде көрсету; музыкалық шығармаларды немесе жеке бір әуендерді ойнатып немесе дауыспен айтқызып үйрету; сондай-ақ гаммаларды, интервалдарды, аккордтарды құрып, жаздырып, бір-бірімен байланыстырып класста және үйге ауызша немесе жазбаша тапсырма беріп орындату керек. Ноталардың ұзақтық түрлерін белгілі бір өлшемдерде, тактіге бөліп, топтастырып, мелизмдерді айырып оқу, орындай білу, музыкалық шығармаларды жоғарыда аталған тақырыптар негізінде талдау жасай білу, әуендерді ойдан шығарып жаза білу.  Мінеки, осылардың барлығы музыка теориясы негізінде орындалып, көптеген мағлуматтар меңгеріледі.

   Музыка  теориясының негізі - музыкалық білімінің ғылыми қалыптасқан қағидалары мен тәсілдерін жазып, оқуға үйретеді. Демек, музыка теориясы –музыка ғылымының өзіне тән түпкі  тамыры болып есептеленеді, өйткені  бұдан  гармония, полифония т. б, пәндер тармақталып , дараланып шығады.
 

    Музыка теориясы негізінің мақсаты мен міндетін  шамамен былайша баяндап айтуға болады:

 

1. оқушыларға музыка жазумен орындау тәсілдерін меңгеруге  қажетті білімді үйретіп, атап айтқанда – музыкадағы мәнерлілік құралдарың меңгеру: әуеннің, ырғақтың, тембрдің, гармонияның, фактураның және т.б., сонымен қатар музыканың даму негізінде жатқан зандылықтарды игеріп, оны дағдыға айналдыру.

2 оқушылардын алған музыкалық білімің  іске асыру , музыкалық тәрбие мен оқудың нақтылы негізін салу.   

     

  Әр сабақтын өту барысында ұйымдастыру тәртібі әр түрлі болуы мүмкін.  Мысалы, ұстаз бүгінгі сабақта жоғарыда аталған тақырыптардағы жұмыстардың қай түрлеріне көп көңіл бөлгісі келеді. Бұл ұстазға байланысты. Өйткені кейбір тақырыптарды меңгерудегі жұмыс түрлерінің  бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан да бүгінгі тақырыпты меңгерудегі кейбір жұмыс түрлерін класта өтіп (мысалы, бастапқы ұғым, мағлұмат); кейбір жұмыс түрлерін үйге тапсырма ретінде беріп орындату; мүмкін кейбір жұмыс түрлерін келесі сабаққа қалдырып, жалғастыра өту; кей сабақтарда шығармашылық тапсырмалар көп орын алуы мүмкін, ал кейбір сабақтарда теориялық ауызша сұраққа көп көңіл бөлінуі мүмкін; енді бір сабақтарда аспаптарда ойнатып жаттықтыру жұмысы немесе теорияның кейбір негіздерін нота дәптеріне, я болмаса тактіге жаздырып үйрету жұмысы; бақылау жұмыстары, музыканы талдау т.т.с.

   Алайда музыка тілінің кейбір негіздерін жазып құруды дағдыландыру үшін әр жеті сайын қадағалап, іс жүзінде өте қажетті пән негіздерін барлық оқу кезеңдерінде оқтын-оқтын қайталап отыруды ұмытпау керек. Оқу барысында өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, оқушыларға сабақ барысында түсіндірілген теориялық білімдерді толықтырып тереңдете түсу үшін үйге тапсырма беріледі.

 

Теория пәнінің негізгі жұмыс формалары:

 

1.Сабақ барысында түсіндірілген мағлұматтарды  жазған конспектісінен оқып меңгеру.

2 Жазбаша жаттығулар, неше түрлі жазу таңбаларын  әрі әдемі,  әрі дұрыс жазып үйрену, сондай-ақ тез жазып үйрену, дыбыстардан интервалдарды, аккордтарды, гаммаларды,ладтарды құрып үйрену; созылымдықтарды топтастыру т.б.

 3. Нота таңбаларын  аспапта орындап оны тексеріп, оқытып, ойнатып үйрету.

4. Теориялық білімдерді іс жүзінде музыкалық шығармаларды танып, талдай білу керек.

 

 

Шамамен алынған  тематикалық жоспар

 

Бөлімдермен тақырыптардың атаулары

Сағат саны

 

1 семестр

 

1

Дыбыс.Оның биіктігі.

6

2

Музыканы  нотамен жазуы.

6

3

Өлшем және ырғақ.

10

4

Интервалдар.

8

5

Лад және тональдік А.

4

 

Бақылау жұмысы.

2

 

Қорытынды:

36

 

2 семестр

 

1

Лад және тональдік В.

8

2

Үндестіктер.

10

3

Мажор және минор тональдіктеріндегі интервалдар.

4

4

Күрделі өлшемдер мен  мөлшерлер.

2

5

Халық ладтары

2

6

Туыс тональдіктер. Хроматизм.

2

7

Тональдікті анықтау. Транспозиция.

2

8

Модуляция.

2

9

Мелодия.

2

10

Мелизмдер.

2

 

Бақылау жұмысы. 

2

 

Қорытынды:

38

 

Барлығы:

74

 

 

Курс көлемі – 74 сағат

Негізгі  бөлім

 

                                     

І  тарау.  Дыбыс.

 

 Дыбыс. Оның биіктігі. Олардын қасиеттері. Музыкалық жүйе. Дыбыс қатарлары.  Сатылар. Олардын аттары. Октавалық жүйе.Үн және жарты үн. Қозғау белгілері .Өзара тепе-тең дыбыстар./энгармонизм/. Диатоникалық және хроматикалық  бүтін үн мен жарты үн.

                                  Практикалық тапсырмалар:

 

       1)Теориялық негіздерге анықтама беру.  

       2)Әр-бір дыбыстардардан диатоникалық және хроматикалық                жарты, бүтін  үн жоғары және төмен  құру.

       3)Дыбыстардың әріптік атауларын қолдана отырып нота сызығына жазу, фортепианода ойнау.

       4)В.Хвостенко: 7 бет .№ 1. 2. 6; 11 бет. №5-14. Энгармониялық дыбыстар: 13 бет № 1-6.

       5)Фортепианода: 12 бет: № 1-10; 14 бет № 1-4.

 

ІІ  тарау. Музыканы нотамен жазу.

 

Музыкалық дыбыстың  биіктігін жазу. Бес сызық. Созымдылықтың жазу түрлері. Кілттер. Созымдылық ұлғайту белгілері. Тыныс белгілері. Фортепиано музыкасын жазу. Акколада. Ансамбль , хор музыкасын  жазу. Нота жазбаларының қысқарту белгілері.

 

                                  Практикалық тапсырмалар:

 

      1) Теориялық негіздерге анықтама беру

      2) Берілген дыбыстардан  дыбыс қатарың құру.

      3) В.Хвостенко: 24 бет № 6-12. 28 бет № 3;5.

      4) Фортепианода: 25 бет № 1 а-з.

 

ІII тарау. Өлшем және ырғақ.

  

 Музыкалық өлшемдер мен мөлшерлер.  Ырғақ түсініктемесі. Ноталардың  созымдылығы.  Ырғақтың негізгі бөліну тәсілі. Такт. Қарапайым өлшемдер мен мөлшерлер. Қарапайым тактылардағы созымдылықтардын топталуы.

 

                              Практикалық тапсырмалар:

 

      1) Теориялық негіздерге анықтама беру

       2) Жазбаша В.Хвостенко 45,49 бет № 17-20.

      3) Фортепианода: 59 бет № 1-30.

 

IV тарау. Интервалдар.

 

Интервалдар. Арақашықтық. Қарапайым  интервалдар.  Олардын  сан жане сапа көлемі. Диатоникалық интервалдар. Ұлғайтылған және кішірейтілген  интервалдар. Интервалдардын энгармониялық тепе-теңдігі. Интервалдардын айналымдары. Консонанс және диссонанс интервалдары. Курделі интервалдар.

 

                              Практикалық тапсырмалар:

 

      1)Теориялық негіздерге анықтама беру.

      2)Берілген дыбыстардан қарапайым интервалдарды жоғары және төмен қарай құру.

      3)Берілген дыбыстардан интервалдарды құрып айналдыру.

      4)Берілген дыбыстардан ұлғайтылған және кішірейтілген интервалдарды құрып айналдыру.

      5)Берілген интервалдардын энгармониялық теп-тең интервалдарын анықтау.

      6)В.Хвостенко:  95 бет № 7-11;  98 бет № 16-22; 30-32; 105 бет № 38-40.

      7)Фортепианода:108 бет № 6-7; 10; 102 бет  № 15.

 

V тарау. Лад және тональдік А

 

Лад және тональдік. Лад түралы жалпы мағлүмат. Мажорлық лад. Натуралдық лад басқыштарының  қасиеттері.  Тональдік.  Кварта-квинталық шеңбер. Гармониялық және мелодиялық мажор.

 

 

 

                                  Практикалық тапсырмалар:

 

     1) Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

     2) Берілген дыбыстардан мажорлық гамма құру.

     3) Карта-квинталық шеңбер бойынша  барлық мажорлық гамма құру.

     4) Берілген дыбыстардан гармониялық және мелодиялық гамма құру.

     5) Кілт белгілері бойынша тональдіктерді анықтау.

     6) В.Хвостенко: 128 бет № 1-20; 136 бет № 1-3.

     7)Фортепианода: 134 бет № 1-7. Өткен тональдіктерді кварта-квинталық шеңбер бойынша фортепианода ойнау.

 

VІ тарау. Лад және тональдік Б

 

Лад және тональдік. Минорлық лад. Тональдік.  Гармониялық және мелодиялық  минор.  Кварта-квинталық шеңбер. Тональдіктердің  энгармонизмі. Аттас тональдіктер.

 

                             Практикалық тапсырмалар:

 

     1)Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

     2)Берілген дыбыстардан   минорлық гамма құру (жоғары, төмен).

     3)Кварта-квинта шеңбер бойынша барлық минорлық гаммалар құрып ойнау.

     4) Берілген  дыбыстардан гармониялық және мелодиялық гамма қүрып ойнау.

     5) Кілт белгілері бойынша тональдіктерді анықтау.

     6) В.Хвостенко: 138 бет № 1-10; 142 бет № 1-13.

     7) Фортепианода: 141 бет № 1-5; 145 бет № 1-5; берілген әуендердің ладтарың, тоникасын, ладтын тұрақты және тұрақсыз дыбыстарын  анықтау 154 бет № 1-20.

 

VІІ  тарау. Үндестіктер.

 

 Үндестіктер. Үндестіктердің түрлері.  Үшдыбыстылық.  Олардын айналымдары.  Мажордың және минордың  негізгі үшдыбыстықтары. Қосымша үндестіктер. Олардың тізбектері.  Септаккорд. Ладтағы септаккордтар. Доминантсептаккорд. Доминантсептаккордтың  айналымдары. Олардың  шешілуі. Кіріспе септаккорд. Олардың айналымдары және шешілуі.

 

 

                                  Практикалық тапсырмалар:

 

     1) Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

2)Берілген дыбыстардан жоғары, төмен және ортасынан үшдыбыстықтарды құру. В.Хвостенко: 184 бет № 1-8.

3)Үшдыбыстықтарды айналдыру: В.Хвостенко 186 бет № 1-3.

.   4)Берілген тональдіктерде негізгі үшдыбыстықтарды құрып, айналдырып ойнау. В.Хвостенко 188  бет № 1-6.

     5) Қосымша үндестіктерді құрып ойнау. В.Хвостенко 195 бет №1-10.

     6) Барлық тональдіктерде доминантсептаккордты, олардың айналымдарын құрып, шешу және ойнау.В.Хвостенко 199 бет № 1-6; 200 бет № 1-7;

7) Кіріспе септаккорд.В.Хвостенко 203бет № 1-6.

 

VІІІ тарау. Ладтағы интервалдар.

 

Мажор және минор тональдіктеріңдегі  интервалдар. Негізгі мажор және минор  интервалдары.  Гармониялық және мелодиялық  мажор мен  минордың интервалдары. Тұрақты және тұрақсыз интервалдар.

 

                                  Практикалық тапсырмалар:

 

     1) Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

     2) Кварта-квинталық шеңбер бойынша барлық мажор және минор тональдіктеріңде к2; ү2; к3; ү3; т4; ұл4; т5; кт5; к6; ү6; к7, ү7 интервалдарын анықтап жазу.

     3) Берілген тональдіктерде характерлі интервалдарды құрып, айналдырып, шешімің жасау. В.Хвостенко 174 бет № 1-10; 179 бет № 1-8.

     4) Фортепианода берілген тональдіктерде характерлі интервалдарды шешімімен ойнау.

 

ІХ тарау. Өлшем және ырғақ.

  

 Күрделі өлшемдермен мөлшерлер. Күрделі мөлшерлердің  топталуы. Күрделі –аралас  өлшемдер мен  мөлшерлер. Олардын топталуы. Ауспалы  өлшемдер мен мөлшерлер. Ән шырқау  музыкасындағы ноталардын топталуы. Синкопа.  Темп.

 

 

                               Практикалық тапсырмалар:

 

     1) Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

     2) Жазбаша В.Хвостенко: 52 бет № 1-13.

     3)Фортепианода В.Хвостенко 61 бет № 25-40.

 

Х тарау.  Халық ладтары.

  

 Халық  музыкасындағы ладтар. Басқа ладтар. Жетібасқыштық ладтардың  ерекшелігі. Пентатоника. Ауыспалы ладтар. Ауыспалы-параллельді лад және мажормен минор. Басқа ладтар.

 

                       Практикалық тапсырмалар:

 

     1) Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

     2)  Берілген дыбыстан халық ладтарын құру.

      3) Фортепианода В.Хвостенко 203 бет № 1-50 -берілген әуендердің ладтарын ойнап анықтау.

 

ХІ тарау.   Хроматизм.

 

 Туыс тональдіктер. Хроматизм. Альтерация. Хроматикалық интервалдар. Хроматикалық гамма.

 

                                 Практикалық тапсырмалар:

 

     1) Берілген тональдіктерде хроматикалық интервалдарды құру.

     2) Берілген дыбыстардан хроматикалық гамма құру.

     3) В.Хвостенко 211 бет № 3—5.

     4) Фортепианода берілген әуендердің тональдігің анықтап, кездескен хроматикалық дыбыстарды тауып, ойнап көрсету.В.Хвостенко 215 бет № 1-17.

 

ХІІ  тарау. Транспозиция.

 

 Тональдікті анықтау. Транспозиция. Трансползицияның түрлі әдістері:а) берілген интервалдарға; б) диатоникалық және хроматикалық жарты бүтің тонға жоғары немесе төмен; в) кілтті ауыстыруарқылы.

 

Практикалық тапсырмалар:

 

     1) Теориялық негідемелерге анықтама беру.

     2)Жазбаша В.Хвостенко 260 бет № 1-5- берілген әуендерді ½үн, 1 үн, 1 ½үн, 2 үндерге жоғары, төмен транспозициялау.

     3) Фортепианода осы әуендерді ойнау.

 

ХІІІ  тарау.  Модуляция.

 

     Модуляция. Модуляцияның түрлері, әдістері, ережелері. Ауытқу. Модуляция туыс тональдіктері.

 

Практикалық тапсырмалар.

 

    1) Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

    2) Фортепианода берілген әуендерде тоника арқылы модуляцияны ойнап анықтау: В.Хвостенко 219-221 беттердегі әуендер.

 

ХІV  тарау.  Мелодия.

 

  Мелодия./әуен/ Әуен туралы түсінік. Әуеннің  өзіндік ерекшеліктері мен қозғалыстық бағыттары. Әуеннің Құрылымы. Интонациялық даму негізі. Кульминация.  Динамикалық  таңбалар. Талдау.

 

 

 

Практикалық тапсырмалар:

 

     1) Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

     2) Берілген әуендерде В.Хвостенко 240-241бет № 1-10  әуендердің дәл қайталануын, секвенциялық қайталануын, вариациялық қайталануын ойнап, анықтау.

 

 

ХV  тарау. Мелизмдер.

 

   Мелизмдер туралы түсінік. Олардын түрлері. Кішкене әуендік әшекейлер.  Форшлаг. Мордент. Группетто.  Трель. Кейбір орындау  әдістері. Легато. Стаккато. Портаменто.  Глиссандо. Арпеджиато.

 

 

Практикалық тапсырмалар.

 

1)   Теориялық негіздемелерге анықтама беру.

2)   Жазбаша: В.Хвостенко 276 бет № 1-13. мелизмдердің құрылу тәсілдерің көрсету.

3)   Фортепианода В.Хвостенко 280-284 беттердегі әуендерде мелизмдер түрлерің қолданып, ойнап көрсету.

 

Емтихан талаптары.

 

 Оқушылардын білімің тексеріп бағалау үшін оқу жоспары бойынша музыка теориясының негізің аяқтаған соң емтихан өткізуі шарт. Емтихан  ауызша, жазбаша және музыкалық шығармаларды талдау тұрде өткізіліп бағаланады.

 

І Жазбаша  жұмыстарда шамамен мынадай тапсырмалар қамтылуы тиіс:

1 Берілген дыбыстан –диатоникалық және хроматикалық жарты үн мен бүтін үн жоғары немесе төмен құру;

2 Берілген дыбыстан- жоғары немесе төмен интервалдарды құру; 

3.Беріген тональдікте мажорлық және минорлық гаммалардың  үш тұрің бір октава көлемінде жоғары-төмен жазу;

4.Берілген  тональдікте аккорд тізбектерің құру;

5. Берілген дыбыстан - 13 аккорд құрып, шешімің жасау;

6. Берілген тональдікте характерлі интервалдар, үштондар, хроматикалық интервалдарды құрып, шешілімдерің жасау;

7. Берілген дыбыстан мажорлық және минорлық хроматикалық гамма құру;

8.Берілген созымдылықтарды бір өлшемге, тактіге бөліп топтастыру;  

9.Берілген интервалдарды анықтап айналдыру;

10.Берілген дыбыстан халық  ладтарының: гаммаларын жазу т.б.

     

ІІ Ауызша - емтихан - билет арқылы өткізіледі. 

 

 

Емтихандық билеттің құрылымы:

 

1.Теориялық сұрақ.

2.Практикалық тапсырма: гаммалардың түрлерің , аккорд тізбектерің, секвенцияларды т.б. фортепианода ойнау.

3. Музыкалық шығармаларды талдау – музыкалық қүрылымы; тональдік жоспар; функцияларды анықтау; лад-ырғақтық ұйымдастырулары т.б.

 

Оқулықтар:

 

1. В.А. Вахромеев  «Элементарная теория музыки»

2. И.В. Способин «Элементарная теория музыки»

3. В. Хвостенко «Задачи и упражнения по элементарной теории музыки»

 

 

 

 

                                                                   

                  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рабочая программа по теории"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 058 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 1208
    • DOCX 98 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батырова Алтын Айткалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батырова Алтын Айткалиевна
    Батырова Алтын Айткалиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9864
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении академическому вокалу

Преподаватель академического вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания специального фортепиано в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе