Инфоурок / Биология / Рабочие программы / РАБОЧАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА ПО БИОЛОГИИ

РАБОЧАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА ПО БИОЛОГИИ

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАКЕМЕР КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ

КЕЛІСІЛДІ

Колледж әдіскері

_________________ Г.Б.Итанова

«_____»_______________2015ж.

БЕКІТЕМІН

Колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

________________Г.К.Азилова «____»__________2015ж.




Биология пәнінің

ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы: Электр, электр техникалық қызмет көрсету (02), Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы - машинист

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 1

Семестр: 1

Сағат саны: 56

Теориялық сабақтар: 48

Тәжірибелік сабақтар: 8

Бақылау жұмысы: 2

Сынақ: 2





Оқу жұмыс бағдарламасы ҚР БҒМ 03.04.2013 жылғы №115 бұйрығымен бекітілген.

Жұмыс бағдарламасын құрастырған оқытушы: Умирбаева К.А

Оқу жұмыс бағдарламасы циклдік комиссиясының отырысында талқыланды.

хаттама, «___»_______2015 ж.

ПЦК меңгерушісі______________Таширова Г.А.

1. Түсіндірме жазба

Бұл үлгілік бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 бұйрығымен мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына сәйкес әзірленген. ‹‹Биология›› пәні бойынша, жаратылыстану-матеметикалық бағыттағы, бұл үлгілік бағдарлама Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 03.04.2013 ж. №115 бұйрығын негізге ала отырып жасалды.

Оқу пәнінің білім мазмұны теориялық және қолданбалы негіздер мен ‹‹Жалпы биологияны›› оқытуға бағытталған бөлімдер мен тақырыптарды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау мәселелері, зертханалық жұмыстарда берілген.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі - кәсіптік құзырлығында, яғни білім алушының алған білімдерін болашақ маман ретінде кәсиби деңгейде қолдана білуінде.

Оқытудың мақсаты:

- тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру;

- тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушылырға ұғындыру;

- жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;

- өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;

- органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;

- организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

- органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыру;

- адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалаптастыру.

Оқытудың міндеттері:

- түр және оның критерий туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;

- эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;

- экологиялық факторлар және пәнінің рөлін ашу;

- экологиялық міндеттерін ашу;

- экосистема, биоценоз, биосфера ұғымдарының маңызын ашу;

- экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің ашып көрсету;

- табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнән ашып көрсету;

- Қазақстанның табиғатын қорғау туралы Қазақстан Резпубликасының заңдарын негіздеу;

- цитологияның міндеттерін игеру;

- жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;

- энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;

- органикалық дүниедегі көбею әдістерімен жасушалардың бөліну типтерін игеру;

- организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;

- тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

- өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

- селекция және биотехнология негіздерін сипаттау.





2. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

Білім беру бағдарламасының

жоспарланған стандарты

бойынша құзыреті

Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша білім нәтижесі

Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеру қажет:

БҚ 1.Ғылыми және көпшіліккеарналған әдебиеттерді пайдалануда арнайы пәндік және атау көрсеткіштерін қолдануға даярлығын; кеңейтілген жоспар-мәтіннің тезисін құрастырып,конспектілер, рефератар құрастыру;

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар біледі:

- тірі табиғаттың негізгі құрылым деңгейлерін;

- жасуша теориясының негізгі қағидаларын;

- жасушаның химиялық құрамын;

- жасушалардың бөліну тәсілдерін, организмдердің көбею әдістерін;

меңгереді:

- автотрофтар мен гетеротрофтарды;

- прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын;

- митоз бен мейозды анықтауды;

- организмдердің көбею әдістерін ажырата білуді;

дағдысын қалыптастырады:

- табиғатты көркем қабылдау;

- жазбаша зерттеу нәтижесінің есебін дайындау;

- микроскопты пайдалана білу;
- жасушаның қарапайым препараттарын жасау;

құзыретті:

- жасушалық теория туралы білімдерін органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеуге пайдалануға;

- салауатты өмір салтын насихаттауға;

- тамақтану нормасын анықтауға;

БҚ 2.Рефераттар, презентациялар даярлау; жұмыстарды орындауда электрондық ресурстарды, интернетті пайдалана білу;

біледі:

- тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті;

- белгілердің Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтарын;

- генетикалық терминдер мен символдарды;

- селексияның әдістері мен жетістіктерін;

меңгереді:

- Қазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дмуын;

- тұқымқуалайтын аурулардың алдын алудағы генетиканың рөлін;

- никотин, алкоголь және басқа да наркотикалық заттардың тұқымқуалаушылыққа әсерін;

дағдасын қалыптастырады:

- шағылыстыру сызба нұсқаларын құруда, зат және энергия алмасумен, генетикалық және молекулалық биологияға есептер шығаруда арнайы генетикалық ұғымдар мен белгілерді пайдалану;

- генетикалық есептер шығару;

- жеке бас гигиенасын сақтау;

құзыретті:

- тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті және селекция түрлерін бейнелейтін кестелер құрастыруда оқулықтың және басқа оқу құралдарының мәтіндерін пайдалануға;

- ғылыми және көпщілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атаулық көрсеткіштерді пайдалануға;

Кәсіптік құзірет:

КҚ 1. Тірі және өлі материяның белгілерін ажырата білу; жасушалық теорияның маңызын түсіне білу

біледі:

- өсімдіктер мен жануарлар жасушасын салыстырып, олардың олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

- теорияны талдау және қорытынды жасау;

- органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеу үшін жасушалық теорияны қолдану;

меңгереді:

- материалдың ең бастысын ажырата білу;

- өз ойын еркін талдап жеткізу;

дағдысын қалыптастырады:

- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- жеке бас гигиенасын сақтау;

- органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеу үшін жасуша туралы білімін пайдалану дағдыларын көрсете білу;

құзыретті:

- тірі организмдерге тән қасиеттерді оқу барысында өлкетану материалдарын кеңінен пайдалану;

КҚ 2. Жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу

біледі:

- ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атаулық көрсеткіштерді пайдалану;

меңгереді:

- жеке азамат ретіндегі белсенді көзқарасын білдіру;

дағдысын қалыптастырады:

- жазбаша және ауызша еркін тілдесу;

- пікірталас, пікіртартыс жүргізу;

құзыретті:

- алдына қойылған мақсатқа пара-пар әдіс-тәсілдерді таңдап, іріктеу






4. Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны.


Кіріспе.

Биология - тіршілік туралы ғылым.Тіршілік - материя қозғалысының көрінісі. Тіршіліктің негізгі қасиеттері.

І бөлім.Цитология

Тақырып 1.1. Цитология ғылымы. Цитология пәні және міндеттері.

ІІ бөлім. Жасушалық теория

Тақырып 2.1. Жасушаның ашылуы, зерттеу тарихы, жасушалық теорияның негізгі қағидалары, оның биология ғылымының дамуындағы маңызы. Тақырып 2.2. Жасушаның химиялық құрамы.Су және бейорганикалық заттар.

Тақырып 2.3. Жасушаның құрамындағы органикалық қосылыстар. Липидтер. Көмірсулар. Ақуыздар. Олардың биологиялық рөлі және оның қасиеттері. Ферменттер, олардың тіршілік әрекеттерін реттеудегі рөлі.

Тақырып 2.4. Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі.

Тақырып 2.5. Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функциялық құрылыс ерекшеліктері. Жасушаның негізгі құрам бөліктері. Жасуша мембранасы,құрылысы мен қызметі.Цитоплазма . Ядро.

Тақырып 2.6. Жасушаның мембраналы және мембранасыз органоидтері. Гольджи жиынтығы және лизосома.ЭПТ. Митохондрия. Рибосома. Пластидтер мен вакуольдер.

ІІІ бөлім. Тіршіліктің жасушалық емес формалары.

Тақырып 3.1. Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы.

ІV бөлім. Жасушадағы зат және энергия алмасу.

Тақырып 4.1. Жасушадағы зат алмасу.АТФ.

Тақырып 4.2. Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы.

Тақырып 4.3. Өсімдік жасушасындағы пластикалық және энергетикалық алмасудың ерекшелігі. Фотосинтез. автотрофты және гетеротрофты жасушалар. Хемосинтез.

4.4. Нәруыз биосинтезі, генетикалық ақпараттың негізгі - ген туралы түсінік .

Тақырып 4.5. Гемеостазтуралы түсінік. Жасушадағы зат және энергия алмасу процестерінің реттелуі.

V бөлім. Организмдердің көбеюі және дамуы.

Тақырып 5.1. Жасушаның бөлінуі. Митоз.

Тақырып 5.2. Оргнизмдердің көбею жолдары.

Тақырып 5.3.Жыныс жасушаларының бөлінуі. Мейоз. Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану және оның генетикалық маңызы.

Тақырып 5.4. Онтогенез - организмдердік жеке дамуы. Эмбриондық және постэмбриондық даму.

Тақырып 5.5. Организмнің дамуы және қоршаған орта.

VI бөлім. Генетиканың негіздері

Тақырып 6.1.Генетиканың даму тарихы. Г.Мендель,оның еңбектері.

Тақырып 6.2. Тұқымқуалаушылықтың гибридиологиялық әдісі. Моногибридтік будандастыру.Басымдылық көрсету заңдылығы.Мендельдің І- және ІІ заңдары.

Тақырып 6.3. Дигибридті будандастыру. Мендельдің ІІІ заңы. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы.

Тақырып 6.4. Генотип - біртұтас жүйе. Хромосомалық және цитоплазмалық тұқымқуалаушылық. Белгілердің анықталуында аллельді гендердің өзара әрекеттесуі және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулері.

VII бөлім. Өзгергіштік заңдылықтары

Тақырып 7.1. Өзгергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік. Мутациялар.

Тақырып 7.2. Мутациялардың себептері мен жиілігі. Мутагендік факторлар. Үйлесімдік өзгергіштік.

Тақырып 7.3. Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік. Белгілермен қасиеттердің дамуы және олардың жарыққа шығуында сыртқы орта жағдайларының рөлі.

VIII бөлім. Адам генетикасы

Тақырып 8.1. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адам белгілерінің тұқымқуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері. Генетикалық аурулар.

Тақырып 8.2. Биологиялық және әлеуметтік тұқымқуалаудың арақатынасы. Генетиканың әлеуметтік проблемалары. Гендік инженерияның этикалық проблемалары.

Тақырып 8.3. Генетикалық болжау және медициналық - генетикалық кеңес беру, оның практикалық маңызы, міндеттері және болашағы.

ІХ бөлім. Селекция және биотехнология негіздері

Тақырып 9.1. Селекцияның міндеттері және әдістері. Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығуы туралы ілімі. Заманауи селекцияның жетістіктері

Тақырып 9.2. Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар - биотехнологиялық нысандар.

Тақырып 9.3. Тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру.

Х бөлім. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және

оның алғашқы кезеңдері

Тақырып 10.1. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар.Тіршіліктің пайда болу процесін және мәнін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар. Ф.Редидің тәжірибелері, В.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері.

Тақырып 10.2. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. А.И.Опариннің теориясы, С.Миллердің тәжірибелері.

Тақырып 10.3. Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері. Фотосинтездің жүруі.Эукариоттардың, жынысты көбеюдің және көпжасушалылықтың пайда болуы.

ХІ бөлім. Эволюциялық ілімнің негіздері

Тақырып 11.1. Эволюциялық идеялардың даму тарихы. К.Линней, Ж.Б.Ламарктың эволюциялық ілімі, оның негізгі қағидалары және оған берілген баға.

Тақырып 11.2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы.

Тақырып 11.3. Түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар. Түр түзілудің жолдары және жылдамдығы. Географиялық және экологиялық түр түзілу.

Тақырып 11.4. Табиғи сұрыпталудың формалары. Организмнің тіршілік ортасына бейімділігі- табиғи сұрыптаудың нәтижесі.

Тақырып 11.5. Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі.

ХІІ бөлім. Микроэволюция

Тақырып 12.1. Мутациялардың эволюциялық рөлі. Популяциялардағы генетикалық процестер. Харди-Вайнберг заңы.

Тақырып 12.2. Микроэволюция және популяция туралы ұғым. Сұрыптау. Сұрыптаудың түрлері. Тіршілік үшін күрес.

Тақырып 12.3. Табиғи сұрыпталу эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші. Бейімделушілік - эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.

ХІІІ бөлім. Макроэволюция

Тақырып 13.1. Макроэволюция. Палеонтологиялық дәлелдемелер. Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері.

Тақырып 13.2. Эволюцияның негізгі бағыттары. Биологиялық прогресс және биологиялық регресс.

Тақырып 13.3. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары. Эволюцияның негізгі заңдылықтары.

ХІV бөлім. Жердегі органикалық дүниенің дамуы

Тақырып 14.1. Жер тарихы және оның зерттеу әдістері. Жер тарихының шежіресі. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы.

Тақырып 14.2. Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Кайназой заманында тіршіліктің дамуы.

Тақырып 14.3. Төрттік кезең: сүтқоректілердің эволюциясы. Маймылдардың дамуы. Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адам тәріздес маймылдардың жалпы ата-тектері.

ХV бөлім. Адамның шығу тегі

Тақырып 15.1. Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар. Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар.

Тақырып 15.2. Антропогенездің қозғаушы күштері, адам нәсілдері. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері.

ХVI бөлім. Экология негіздері

Тақырып 16.1. Экология ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемалары. Экология ғылымының зерттеу әдістері. Экологиялық білім мен тәрбие беру ұстанымдары. Қазақ халқының экологиялық қағидалары.

Тақырып 16.2. Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары. Орта факторлары, оларға бейімделу және тіршілік формалары. Абиотикалық факторлар.

Тақырып 16.3. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері. Экологиялық дағдарыстар мен апаттардың жалпы сипаттары.

Тақырып 16.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. ‹‹Қызыл кітап›› және оның рөлі.

ХVІІ бөлім. Биосфера негіздері

Тақырып 17.1. Биосфера және Жер ғаламшары биомассасынықасиеттері.

Тақырып 17.2 В.И.Вернадский және оның биосфера туралы ілімі.

ХVІІ бөлім. Бионика

Тақырып 18.1 Табиғаттағы тіршілік формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары.









5. Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі


5.1. Негізгі әдебиеттер:

1. Қасымбаева Т., Мухаметжанов К. ‹‹Жалпы биология›› жаратылыстану-математикалық бағытта 10-11 класс, Алматы, Мектеп, 2014

2. Сартаев А., Гильманов М. ‹‹Жалпы биология›› жаратылыстану-математикалық бағытта 10-11 класс, Алматы, Мектеп, 2014

3. Сәтімбеков Р., Әлімқұлова Р., Шілдебаев Ж. ‹‹Биология›› 11 класс, Алматы, Мектеп, 2013

4.Жатқанбаев Ж., ‹‹Экология›› Атамұра, Алматы, 2013

5. Гильманов М.К. ‹‹Биология›› Атамұра, Алматы, 2013


5.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Мұхаметжанов К., Қасымбаева Т. ‹‹Жалпы биология›› Хрестоматия Алматы, Мектеп, 2014

2. Дюсебаев М.К., Кашкарова З.А. ‹‹Экология негіздері›› оқу құралы, Алматы, 2011

3. Сартаев А ‹‹Жалпы биология есептері мен тапсырмалары›› Алматы, Мектеп 2014

4. Сартаев А., Қисымова А. ‹‹Жалпы биология›› Әдістемелік нұсқау, Алматы, Мектеп 2013

5. Сәтімбеков Р. ‹‹Биология›› Әістемелік нұсқау , Алматы, Мектеп, 2013

6. Гильманов М., Сартаев А. ‹‹Жалпы биология›› Хресиоматия, Алматы, Мектеп 2014

7. Қисымова А. ‹‹Жалпы биология›› жұмыс дәптері, Алматы, Мектеп, 2014


5.3. Оқытудың қосымша ұсыныс құралдары

1. Компьютерлік сынып

2. Интерактивтік тақта

3. Элекрондық оқу құралдары

4. Электрондық әдістемелік жүйе

5. Әдістемелік көмекші құралдары(кестелер, сызбалар)

6. Әр түрлі деңгейге арналған тест тапсырмалары

7. Өзіндік және бақылау жұмыстарының жиынтығы



















3. Пәннің тақырыптық жоспары


Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Сағат саны


Кіріспе


1

Биология-тіршілік туралы ғылым.

1


I бөлім.Цитология


2

1.1.Цитология ғылымы.Цитология пәні және міндеттері.

1


II бөлім. Жасушалық теория


3

2.1.Жасушаның ашылуы, зерттеу тарихы, жасушалық теорияның негізгі қағидалары, оның биология ғылымының дамуындағы маңызы.

1

4

2.2.Жасушаның химиялық құрамы.

1

5

2.3.Жасушаның құрамындағы органикалық қосылыстар.

1

6

2.4.Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі.

1

7

2.5.Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функциялық құрылыс ерекшеліктері

1

8

2.6.Жасушаның мембраналы және мембранасыз органоидтері.

1


III бөлім. Тіршіліктің жасушалық емес формалары.


9

3.1.Вирустар және фагтар.ЖИТС-тің вирусы

1


IV бөлім. Жасушадағы зат және энергия алмасу.


10

4.1.Жасушадағы зат алмасу.АТФ.

1

11

4.2.Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы.

1

12

4.3.Өсімдік жасушасындағы пластикалық және энергетикалық алмасудың ерекшелігі.

1

13

4.4.Нәруыз биосинтезі,генетикалық ақпараттың негізі-ген туралы түсінік.

1

14

4.5. Гомеостаз туралы түсінік.

1


V бөлім.Организмдердің көбеюі және дамуы.


15

5.1.Жасушаның бөлінуі.Митоз.

1

16

5.2.Организмдердің көбею жолдары.

1

17

5.3.Жыныс жасушаларының бөлінуі.

1

18

5.4.Онтогенез-организмдердің жеке дамуы.

1

19

5.5. Организмнің дамуы және қоршаған орта.

1


VI бөлім. Генетика негіздері


20

6.1.Генетиканың даму тарихы.Г.Мендель, оның еңбектері.

1

21

6.2.Тұқымқуалаушылықтың гибридиологиялық әдісі.

1

22

6.3.Дигибридті будандастыру.

1

23

6.4.Белгілердің тіркес тұқымқуалауы.

1

24

6.5.Генотип-біртұтас жүйе.

1


VII бөлім.Өзгергіштік заңдылықтары


25

7.1.Өзгергіштіктің негізгі формалары.

1

26

7.2.Мутациялардың себептері мен жиілігі.

1

27

7.3. Фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік.

1


VIII бөлім.Адам генетикасы


28

8.1.Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері.

1

29

8.2.Биологиялық және әлеуметтік тұқымқуалаудың арақатынасы.

1

30

8.3.Генетикалық болжау және медициналық-генетикалық кеңес беру оның практикалық маңызы, міндеттері және болашағы.

1


IХ бөлім. Селекция және биотехнология негіздері


31

9.1.Селекцияның міндеттері және әдістері

1

32

9.2.Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологиялық нысандар.

1

33

9.3.Тамақөнімдерін, дәрумендерді,ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру.

1


Х бөлім. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдері.


34

10.1.Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар.

1

35

10.2.Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.

1

36

10.3.Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері.

1


ХІ бөлім. Эволюциялық ілімнің негіздері.


37

11.1.Эволюциялық идеялардың даму тарихы.

1

38

11.2.Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы.

1

39

11.3.Түр түзүлуі туралы қазіргі көзқарастар.

1

40

11.4.Табиғи сұрыпталудың формалары.

1

41

11.5.Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі.

1


ХІІІ бөлім. Микроэволюция


42

12.1.Мутациялардың эволюциялық рөлі.

1

43

12.2.Микроэволюция және популяция туралы ілім.Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші.

1


ХІІІ бөлім. Макроэволюция


44

13.1. Макроэволюция.

1

45

13.2. Эволюцияның негізгі бағыттары. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары мен жолдары.

1


ХІV бөлім. Жердегі органикалық дүниенің дамуы


46

14.1. Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.

1

47

14.2. Мезозой және кайнозой замандарында тіршіліктің дамуы.

1

48

14.3. Төрттік кезең: сүтқоректілердің эволюциясы.

1


ХV бөлім. Адамның шығу тегі


49

15.1. Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар.Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар.

1

50

15.2. Антропогенездің қозғаушы күштері, адам нәсілдері. Биологиялық түр ретіндегі адамның қасиеттері.

1


ХVI бөлім. Экология негіздері


51

16.1. Экология ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемалары. Қазақстанда қалыптасқан эколдогиялық проблемалар.

1

52

16.2. Организмдердің әртүрлілігі және тіршіліктің орталары.

1

53

16.3. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері.

1


ХVІІ бөлім. Биосфера негіздері


54

17.1. Биосфера және Жер ғаламшары биомассасының қасиеттері. В.И.Вернадский және оның биосфера туралы ілімі.

1


ХVІІІ бөлім. Бионика


55

18.1. Табиғаттары тіршілік формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары.

1

56

Сынақ

1


Барлығы

56


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-414543
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>