Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Рабочие программа Ашық сабақ Тақырыбы: "Туған жерім"

Рабочие программа Ашық сабақ Тақырыбы: "Туған жерім"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырып: Тұздар гидролизі

Сабақтың мақсаты: тұздар гидролизі туралы түсінікпен танысу.Тұздар гидролизінің теңдеулерін құруды үйрену,әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын болжап айта білу

а) Білімділік мақсаты : Бейорганикалық қосылыс кластарын еске түсіре отырып тұздарға жалпы сипаттама беру, оларды жіктеу, алу және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру, білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білуге дағдыландыру.

ә) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде жеке, топтық, ұжымдық қарам - қатынасқа баулу , ой пікірлерін өзара бөлісуге, достыққа , адамгершілікке тәрбиелеу

б) Дамытушылық мақсаты: Ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту . Көрнекілігі: сызба , слайд, электронды оқулық, кестелер , бейне тәжірибе,


Күтілетін нәтиже:

1.Тұздар гидролизі туралы түсініктері қалыптасады.

  1. Гидролиз теңдеулерін құра алады,ерітінділерін ортасын болжап айтады.

  1. Өз бетінше тапсырманы орындайды.

  2. Сұрақ қоя біледі.

  3. Топпен жұмыс жасайды.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 

1. «Бес жолды өлең» стратегиясы

  1. Сұрақ-жауап

  2. Бағытталған оқыту

  3. Сұрақты тап

  4. Тақырыптық теннис

  5. Кубизм стратегиясы


Көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты  слайдтар, электронды

оқулық, үлестірмелі тапсырма парақшалары, бағалау

парақтары,  кубиктер,  әртүрлі геометриялық пішіндер

қиындылары.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру.

Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу

II.Үй тапсырмасын сұрау: 

І Ертегі арқылы бейорганикалық қосылыс қасиеттеріне шолу жасау. Ерте – ерте, ертеде , ешкі құйрығы келтеде , химияның жерінде, элементтер елінде «Бейорганика» деген шал өмір сүріпті. Оның 4 ұлы болыпты .Бір күні шал балаларын жинап алып өсиет айтыпты : «балаларым, мен қартайдым , төрімнен көрім жақын. Талапты азамат ертеңгі күнін ойлап, бір апта уақыт беремін, жан - жақты зерттеп, шарлап , әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер» - депті .Ұлдары әке сөзін құп алып, жол жүріп кетті. Уәделі күні сапардан ұлдары олжалы оралыпты. Оның ұлдары кімдер?

Олжалары не ?

Жауабы: ұлдары оксид , қышқыл , негіз және тұз

1. оксид – қышқылдық , негіздік 2. негіз - сілтілер , негіздер

3. қышқыл - оттекті , оттексіз; негізді

4. Тұз - ?

Содан бері балаларына осы олжалары өмірлік азық болып келеді екен.

  1. Қышқылдар дегеніміз не ?

Қышқылдың негіздік оксидпен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар, түзілген зат қай класқа жатады?.

  1. 2. Қышқылдар неше топқа жіктеледі?



  1. 3. Оттекті қышқылдарға мысал келтір, оларды ата



  1. 4. Оттексіз қышқылдарға мысал келтір, оларды ата



  1. 5. Қышқылдарды алудың неше әдісі бар ? (3)



  1. 6. негіздер дегеніміз не? Негіздердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесу теңдеуін жазып, түзілген заттың қай класқа жататынын атаңдар.



  1. 7. Қышқылдардың тағы қандай химиялық қасиетін білеміз?



  1. 8.Сілтілердің химиялық қасиетін жазыңдар. Қышқыл, негіз,оксидтердің олжаларынан” бейорганика” шалдың 4-ші ұлы тұздың дүниеге келетініне көзіміз жетті. Сұрақ. Тұз дегеніміз не? Оның неше баласы бар? Оның олжасы қандай?




III.Мағынаны тану.

 Бағыттталған оқыту. Алдымен тақырып бойынша түсінік беру.

Тақтаға күшті қышқыл, күшті негіз,  әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдардың формулаларын жазу.

Тақырыпты алдын-ала  бөліктерге бөлу. Оқушылар әр бөлікті оқығаннан кейін сұрақтар қою.

1.Бейтарап ерітінді қандай ерітінді.

  1. Сілтілік ерітіндіде қандай иондар артық болады?

  2. Сутек иондары артық болса, қандай ерітінді болады?

2-бөлім бойынша

  1. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизі кезінде ерітіндіде қандай иондар жиналады және орта қандай болады?

  2. Тұздар гидролизі деген не?

3-бөлім

  1. Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизінде қандай иондар артық жиналады және орта қандай болады?

  2. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролиздену процесі қалай жүреді?

4-бөлім

  1. Сутектің көрсеткіш деген не? Қалай өрнектеледі?

  2. Бейтарап, сілтілік, қышқылдық ортада рН қалай сипатталады?

  3. Тұздар гидролизінің биосферадағы маңызы қандай?

 «Сұрақты тап»:Топтарға парақшалар таратылып беріледі: 1. Әр топ жауап жазады. Сағат тілімен бір-біріне ауыстырады.

2.Жазылған жауапқа сұрақ жазады.

Одан кейін сұрақтарға жауаптарды табады. Әр топтан сұрақты және оған жазылған жауапты оқиды.

Сергіту сәті: Тақырыптық теннис

Тақырыпты қорытындылау

«Кубизм»  стратегиясы

Кубиктің алты қырына жазылған тапсырмалар

Үйге: §12 №9 есеп 10- жаттығу тұздарды алуға бірнеше мысалдар келтіру

Бағалау.

 

 





Автор
Дата добавления 18.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров70
Номер материала ДБ-087510
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх