Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Рабочие программы / Рабочие программа денгейлік оқу С есебі

Рабочие программа денгейлік оқу С есебі

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Байкенжеева Роза Максутовна Мұғалім портфолиосы С есебі

2- топ ІІІ деңгей

Қызылорда қаласы 03.06.2015


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Мен өзгеремін ,себебі мен білім бергенді жақсы көремін , балаларды жақсы көремін оларды мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын ұстаздың қажет екендігін білеміз. Сондықтан мен де, балаларда өгеруі қажет деп санаймын.

Осы мақсатта ІІІ (негізгі) деңгей бойынша біліктілігімді арттырудамын. Алғашқы күндері қандай ортаға келдім деп ойланып жүрдім, бұл бағдарламаның мақсаты қандай тиімді жақтары бар, неге бағытталған сұрақтар ойлантатын, кейін келе бағдарлама мазмұнын түсіне бастадым. Наурыз айындағы бірінші бетпе-бет кезінде тренеріміз сіздер өзгергілеріңіз келеме? деген сұрағына біз қалай?, неге өзгеру керек?-деген ойда болдық. Келе-келе бұл сұрақтардың да жауабын таба білдік деген ойға келдім. Бірінші бетпе-бет кезінде, оған дейін де кері байланыс, рефлексия жазу 1.Рефлексия туралы не білесіздер?.2.Деңгейлік бағдарлама, рефлексия да рефлексияның орны қандай?. 3. Рефлексия маңызды ма? Ия/жоқ? Неліктен?4.Рефлексияның бізге көмегі қандай? Оған қалай жете алдыңыз?5. Рефлексияны мұғалімдер үшін жеңіл/қиын қылатын не?сияқты сұрақтарға жауап іздедік. Жeкe бaсымдaғы өзгeрiстeр: бiрiншi «бeтпe-бeт» кeзeңiнiң бaрысындa бiлiмдi бaғдaрлaмaның 7 модулiн өзара ықпaлдaстыру арқасында, тiзбeктeлгeн сaбaқтaр топтaмaсын яғни ортa мeрзiмді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарларды дайындауым болды.Бұл жоспарларды дайындау кeзінде қобалжуда,түсінбеушілік те көп. теп кездесті. Ортa мeрзiмдi жоспaрымды құрғанымда бұрынғы күнтiзбeлiк жоспaрмен aйырмaшылығын айқын байқадым .Өзгерісті орта мерзімді жоспарлауға қатысты тақырыптық - күнтізбелік жоспарға сай қысқа мерзімді жоспар формасын құрумен жалғастырдым. Балалар бойында алғаш сабағымнан бастап өзгеріс енгізе алдым деп айта алмаймын, бірақ барынша тырысып бақтым. Жоспарлаған сабағымның әр кезеңінде әр-түрлі әдіс-тәсілдер, яғни стратегиялар қолданып отырдым.

Оқушының өзін-өзі бағалауы, бағалауға керитерийлер қою сынды жұмыстарды білмейтінмін.Облысымыздың әр аудандарынан келген мұғалімдермен бір топта жеті модульді егжей-тегжейлі талдап талқыладық.Бірінші бетпе-бет кезеңінің аяғына дейін мен де топпен жұмыс жасауды, орындаған тапсырмаларға рефлексия жасауды, уақытты тиімді пайдалануды үйрендім. Сонымен қатар, мен қарым – қатынастың маңыздылығын, оқудың бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмағандығы –менің өсуімнің тоқтағанын білдіретіндігін түсініп, көкейімдегі күдікті ойлардан сейіле бастадым. Қазіргі мектеп қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалыққа құмар мұғалімдерге аса зәру. Сол себепті кез-келген инновациялық тапсырмаларды шешуге қабілетті,шығармашылық тұрғысынан қарайтын аса білімді мамандар қажет. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» кітабымен теория бойынша талқылау жасап,оның әр-бір термин сөздеріне мән беріп,авторларын еске сақтау керектігіне аса назар аудардық.Дегенмен осы авторларды есте сақтау мен үшін қиынға соқты.Осы курстың бағдарламасына қатысу барысында менің түсінігім өзгерді. Бiрiншi «бeтпe-бeт» кeзeңi aяқтaлып, aлғaн тeориямды прaктикa жүзiндe iскe aсыру мaқсaтымeн Х ортa мeктeбiнe тәжiрибeгe кeлдiм. үш айлық оқудың мақсаты туралы қысқаша айтып өттім. Мұғалімдердің басты мақсаты білім беру мақсатында оқушылардың білімін жетілдіру. Оқушыны жан-жақты сана-сезімі дамыған тұлға ретінде қалыптастыру әрбір ұстаздың басты парызы. Оқытудың қазіргі заманғы әдістерін өзімнің күнделікті сабағыма енгізуді мақсат еткенімді түсіндірдім. .

Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады.Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі. Бағдарламаның осы теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып және «Бетпе-бет» кезеңінің бірінші деңгейінде алған білімдерімізді онымен ұштастыру арқылы мектептегі тәжірибе кезінде оны жүзеге асыруға тырыстым. C:\Users\User\Desktop\20150515_112000.jpg C:\Users\User\Desktop\Роза апай\20150512_114504.jpg

1-сурет. Мектеп әкімшілігімен кездесу 2-сурет. Желілік қауымастық мүшелерімен

кеңесу.

мектеп басшысына, оқу ісінің меңгерушісі және әріптестеріме курстан алған әсерімді бөлісу болды

Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жеті модулді кіріктіріп сабақ өткізетінімді және сол сабаққа қатысып, алған әсерлері туралы ой бөлісетіндерін айтты. . Осыдан соң мен өзім оқып келген ІІІ деңгейлік курстың мақсаты мен міндетін айқындап, бағдарламаның басты ерекшелігіне, негізгі күтілетін нәтижесіне, бағдарламаның 7 модуліне қысқаша тоқталып өттім. Олар деңгейлік оқуға барғысы келетіндерін, болып жатқан өзгерістерден хабардар болғысы келетіндіктерін айтып өтті. Осыдан соң мен өзім оқып келген ІІІ деңгейлік курстың мақсаты мен міндетін айқындап, бағдарламаның басты ерекшелігіне, негізгі күтілетін нәтижесіне, бағдарламаның 7 модуліне қысқаша тоқталып өттім. Олар берілген тапсырмаларды белсене, сұрақтарға сыни ойлана жауап беруге тырысты.Ричард Дарант ұсынған «Үздік» сабақтың алты белгісінде

1. Оқушылардың барлығы бүкіл уақыт аралығында белсенді жұмыс істейді. Мұндай сабақтардың ерекшеліктері олардың өміршеңдігі, сондай-ақ оқушыларға уақыт, орын мен ой беретін зерттеу әдістері болуы тиіс.

2. Оқыту орынды, ақпарат беретін және мақсатқа бағытталған болуы керек. Сәтті сабақтарға тән ерекшеліктері олардың іс-әрекеттерінің мақсатпен сәйкестілігі. Басқа сөзбен айтқанда, іс-әрекет үйренудің мақсатына сәйкес келіп, қалаулы нәтижеге жетумен аяқталуы тиіс.

3. Оқушыларға сабақ ұнайды және оларды өздерінің оқулары қызықтырады. Кез келген бақылаушы ортақ мақсат сезімін сезіне алады. Оқушылар тапсырмаға кірісіп кеткен және осы арқылы басқаларды жігерлендіруге тырысады. Оқушылар өздерін қызықтыратын мәселелерді зерттегілері келеді.

4. Оқушылардың табыстарға қол жеткізуі. Қызығушылық білдірген және белгілі мақсатты көздеген оқушылар табыстарға қол жеткізеді және, бұл фактінің өзі бұдан да қызығып, мақсатқа ұмтылуға итермелейді.

5. Бағалау сабақ беруге және оқытуға тиімді әсер етеді. Сәтті сабақтарда мұғалім сабақ жоспары бойынша жүрмей, тек оған сүйенеді.

6. Мұғалім сауалнамасы оқушылардың ойлау қабілетін ашады, айқындайды және кеңейтеді деп

(ресурстар)көрсетілген. Бұрынғы сабақта мұғалімнің сыныптағы әрекеттері: ауызша хабарлама жасаушы,тапсырмалар беруі ,сабақ барысында жетекші роль мүғалім атқарады. Оқушылар әрекеті: көбі әрекетсіз отырады, тәртіп ережелерін бұзады,сабақтың қалыпты өтуіне кедергі келтіреді.Қазіргі сабақ барысындағы оқушылар әрекеті: бүкіл сабақ барысында белсенді жұмыс істейді сабақ өміршеңдігі , оқушылардың ой –өрісін, дамытуға , зерттеу жүргізуге машықтанады. Дәстүрлі сабақ –мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен,тіл алғыштығымен,нәтижелілігімен сипатталады. Дәстүрлі сабақ кезінде оқушылар сынып бөлмесінде қатар-қатар қойылған парталарда жұп болып отырады.Бұл жерде оқушыларға тақта дұрыс көрінуі ,мүғалімнің назарында болады.Мұғалім оқушыларды қалаған жеріне отырғызады. Барлық сабақта оқушы сол орында отыруға міндетті болатын.Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмаларды орындау кезінде ұжымыма барған кездің өзінде мендегі сыртқы келбетімнің өзінде өзгерістің барын айтып жатты. Мен алдымен өзгерісті таңдап алған сыныбымнан бастасам деген ойда болдым. Сыныпқа кіргенде-ақ оқушыларым менен үлкен жаңалық күтіп тұрғандай болды. Мен оқушыларыма бір ай бойы жан-жақты жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді бұрында пайдаланатын едік ,алдағы уақытта әдіс-тәсілдерді жетілдіре түсеміз. Жaңa әдіс-тәсілдерді пайдаланып, стикерлер арқылы оқушыларды топқa бөліп aлдым.МАН 38-бетте көрсетілгендей сұрақ қою арқылы мен оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырадым; Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтай алдым;Білімге құштарлықты дамыта отырып және зерттеу жұмысын жасауға ынталандырадым;Оқушылардың сыни тұрғысынын ойлауына ықпал етуге талпындым;оқушылардың бір-бірінен үйренуіне,басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына үйрете отырып балалардың түрлі мүмкіндіктерін ашу мақсатында тақырыпты сұрақ қоюдан бастадым.Балаларға бұрын осы тәсілдермен өткен сабақтар ұнай ма? деп сұрақ қойғанымда «бізге деңгейлік курсты оқып келген ұстаздарымыздың сабақта қолданатын әдіс-тәсілдері ұнайды» -деген жауап алдым. Сондықтан оқушылардың қалай оқу керектігіне, назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға етіп қалыптастыру әр мұғалімнің міндеті. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс. Бұл оқытудың басты бағыты ойлауды дамыту, яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады .Мeн сaбaқ бeрe отырып ұстаздарға да өзгeрiс eнгiздiм дeп ойлаймын себебі, жaңa әдiс-тәсiлдeргe қызығушылық тaнытқан кейбір әріптестердің әсіресе мектепке келгеніне 5-6 жыл болған ұстаздарымыздың маған қояр сұрақтары көп болды.Бұл тәсілдердің біз элементтерін денгейлік курсқа бармасақта пайдалансақ бола ма?,тиімділігін көріп алдағы уақытта жетілдіретін тұстарының бар екенін денгейлік курсқа барып келген ұстаздарымыз өз кеңестерін берді. Олар деңгейлік оқуға барғысы келетіндерін, өзгергілері келетіндіктерін айтты. Олар берілген тапсырмаларды белсене, сұрақтарға сыни ойлана жауап беруге тырысты. Алғашқы сабақты өтетін күн де келіп жетті. Оқушы алдына бірінші баратын мұғалімдей жүрегім дүрсілдеп, қобалжыдым. Қалай бастаймын, жаңаша сабақ қалай болады деген сұрақтар көңілді күпті қылуда. Алғашқыда қобалжығанмен, үйреніп қалған жолға түсіп алып жүре бердім. Сабақтың мақсатын «4 апта ішінде 9-сынып оқушылары «Солтүстік Қазақстанның экономикалық аудандары» тарауы бойынша экономикалық ауданардың шаруашылығын зерттейді, жиналған мәліметтерді талдайды, географиялық орны мен табиғи жағдайларын зерелейді Астана қаласының тарихын,ЭКСПО-2017 жобасы туралы талқылайды» деп СМАРТ-қа сай алдым. Сабақ барысында жеке-дара, жұптық жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың өз бетінше оқу, топтық талқылау, зерттеу жүргізу дағдыларының қалыптасуына ықпал ете алдым. Оқушыларды сабаққа тарту мақсатында олардың бүкіл үдеріс бойына белсенді отыруларына ықпал ете отырып, бірлесіп ақпарат іздеу, тиімді тұрғыда ойлауға ықпал ететін жаттығулар іздей отырып, оқушылардың оқуға деген ынталарын арттырып отырдым.

Берілген оқу мақсатына жету үшін Бағдарламаның 7 модулін ықпалдастыра отырып, тиімі әдістерді қолдану жоспарланды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Блум таксономиясы», «Кеңейтілген тапсырмалар», «Пазл әдіс», «Өкіл әдісі» «Зерттеушілік әдіс», «Жоба қорғау», «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиялары таңдалды.Алғашқы сабақта Өзімде уақытты тиімді пайдалану дағдысы қалыптаспаған.Себебі берілген тапсырмаға уақыт дұрыс бөлінбеген. Мен өз сұрақтарыма аналитикалық талдау жасай отырып, қадағалау, түрткі және бағыттау сұрақтарын пайдаландым. Оқушы орындайтын тапсырмалар жиынтығының көп болуы да әсер етті.Алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмас үшін жұмыс жасаймын.Сондай-ақ әр тапсырманың орындалу барысын үнемі назарда ұстау қажет екенін түсіндім

Алдағы уақытта сабақтарымда АКТ құралдарын әрбір сабақта қолдануды көздеп отырмын.Тізбектелген сабақтар топтамасындағы жоспар бойынша өткен сабақтарымда мен сабаққа мақсат қоюды, күтілетін нәтижеге қолжетімді болуды көздедім. Берілетін тапсырмалар жиынтығын балаларға түсінікті, сабақта тиімді болатындай етіп жасауды үйрендім. Маған критерий қою,жалпы бағалау модулін түсіну алғашқы уақытта өзім бірінші бетпе-бет кезінде толық түсінбегендіктен болуы керек оқушыларды бағалауды сабақ кезінде тиімді пайдалана алмай жүргенімді мойындадым.Оны сабағыма енген желілік қауымдастық мүшелері де өзіме ескертті.Кейінгі сабақтарымда бұл кемшіліктен жақсы нәтиже шығарғанымды әріптестерім айтып өтті. Нe ұнaды,қандай нәрсе ұнамады, немесе нe қиын болғaнын жaзды.Тәжірибе кезінде оқыту үшiн бaғaлaудың eң мaңызды құрaлы кeрi бaйлaныс eкeнiн ұқтым.

C:\Users\User\Desktop\Роза апай\сканерленгендер\Изображение 021.jpgC:\Users\User\Desktop\Новая папка\Изображение 026.jpg

4-сурет. Кері байланыс

Менің байқағаным алдыңғы сабақтарға қарағанда оқушылырда сабаққа деген белсенділік артқан. Көшбасшылық оқушылардың сабақ үдерісі барысында өздерінің көкейінде мазалап жүрген сұрақпен танысатына қуанып қалды. Алайда, оқушы көп мәлімет аламыз деп ойлағандықтан маған «ЭКСПО туралы,оның келешекте Еліміз үшін дәл қазіргі таңда оған қанша қаражат бөлініп жатыр» деген сұрақты қоя отырып,өздеріне қосымша ақпарат алғылары келгенін білдім. Мен осы өздерінің қойған сұрақтарына жауапты.Ұялы телефон, Интернет көзінен ақпараттарды іздеуді өздеріне тапсырдым. Нәтижесіне содан кейін Неге? деген сұраққа жауапты топтық талқылау арқылы тапты. Алғашқы кезде мінезі ұяң, топқа қосыла бермейтін С денгейлі оқушымыздан да ілгерілеушіліктің болатынын байқауға болады.

  • Емін-еркін оз ойларын менің айтқаным дұрыс болмайды-ау деген ой жоқ.Пікірлерін ашық ортаға сала алады,жеткізе алады.Сондықтан болар өз-өзеріне деген сенімділік басым. Сондықтан алдағы курстан кейінгі сабақтарымда сәтті тұстарым көп болады деген нық сенім пайда болды. Оқушыларымды өзім көшбасшы бола алсам жан-жақты тәрбиелей аламын.Жаңа бағдарламаның мұғалім үшін де ,оқушы үшін де тиімді жағының көп екенін білдім.Келесі сабақтарымды одан әрі ілгерілететініме кәміл сенімдімін.Оқушыларымның өзін заман ағымына сай жаңалық күтіп тұрғанын сезіндім. Баланың ойлау қабілетін ашатын, айқындайтын сұрақтар топтамасын көбейту. Тиімді сабақты анықтайтын алты принципті басшылыққа алуым қажет. Сабағымның сапасын арттыру үшін бағалаудың 12 стратегиясын қолдануым қажет. оқытуда алға қойған мақсат пен міндет - оқушының бүкіл өміріне жеткілікті, өз білгенін керек кезінде пайдалана алатын тұлға тәрбиелеу;

білімдерін арттыру, оқытуды қолдау мақсатында оқыту үшін бағалау әдістерін жүйелі түрде қолданып отыру;

оқушының іскерлігі мен шығармашылық дағдыларын қалыптасыруға арналған белсенді оқу ортасын қалыптастыру әрбір үстаздың басты міндеті екенін әрқайсысымыз естен шығармауымыз қажет.Алдағы уақытта жеті модулдің негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып ұзақ мерзімді жоспар жасай аламын,оқушылардың сөйлеу шеберліктерін арттыруда жұмыс жасаймын.








































































































11


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров243
Номер материала ДВ-401115
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх