Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Рабочие программы математика (2 класс)

Рабочие программы математика (2 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


«Кім білімді,кім күшті» ойыны

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық!

Балалар,бәріміз ортаға шығып, « жылылық шеңберін» құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен,көтеріңкі көңілмен,күлімдеген көзбен жеткізейік:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2 сыныптар арасында өтетін

«Кім білімді,кім күшті»» атты сайысына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар , бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
2 «а» сынып «Білгірлер» , 2 «ә»сынып «Алғырлар»
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.







«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.


«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.

«Ой тастау»
- Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер?
- Бүгін ұлттық ойыны арқылы қызықты математика елінде сабағымызды бастаймыз.
-Ойынның ережесін көріп жүрсіңіздер, олай болса топтар болып жарысып, білімдерімізді сарапқа саламыз.
- Абай атамыз, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Біз бүгін математикадан білімімізді жарысқа саламыз.

* Сайыс шартымен таныстырайын:
1 – айналым «Бәйге»
2 – айналым «Көкпар».
3 – айналым «Жорға».
4 – айналым «Қызықты жетілік»

1-айналым «Бәйге»
«Білгірлер»
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. 4 ондықтан құралған сан. Қырық
4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
5. 1 сағатта неше минут бар?

6. Азайту амалының атауларын ата.

7. Сағаттың қысқа тілі қалай аталады?
8. Периметрді қалай табамыз?
«Алғырлар»
1. 1 дм - де неше см бар? (10см)
2. Қарама-қарсы қабырғалары тең фигура. Төртбұрыш
3. Қосуға кері амал?
4. Қосу амалының атауларын ата.
5. 1 метрде неше сантимер болады?
6.1 аптада неше күн бар? (7күн)
7.Сағаттың ұзын тілі қалай аталады? (минуттық)

8. 5 ондықтан құралған сан.

2-айналым: «Көкпар»

«Білгірлер» «Алғырлар»

  1. Мысалды шығар:
    90 +10=100 80-50= 30
    24+2=26 35+2=37
    38-8=30 56+1= 57
    72+2=75 40-10=30
    25+3=28 24+3=27
    40-20=20 30-7=23




2.«Математикалық бейнелі сөз» шешу

1-топ


, hello_html_m65a9da7f.jpg hello_html_m45439ff9.jpg hello_html_m201dfc40.jpg «Азайту»

2-топ


hello_html_m70b86292.jpg,,,, hello_html_7de20c53.jpg ,, Р «Метр»


3.«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
5. Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
3-айналым «Жорға»

- Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
1. Математикалық өлең есеп

«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)



6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)


Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)

Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде?
(45 алма)

100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады.
(70 асық)

«Дәл,жауап!»ойыны
1- топ -----------------------------2-топ
1. Амалды орында:
27 + 42 ------------------------28 + 32
а) 69---------------------------а) 60
ә) 47 --------------------------ә) 61
б) 29 --------------------------б) 62
2. 1 жылда қанша ай бар? --------1 аптада қанша күн бар?
а) 12 -------------------------------------------а) 7
ә) 18 -------------------------------------------ә) 14
б) 36 -------------------------------------------б) 21
3. Сатылғаны-10 л ------------------------- Кесе – 70 теңге
Қалғаны – 30 л ----------------------------- Қасық – 30 теңге
7. Болғаны - ? ------------------------------- Барлығы - ?
а) 10 --------------------------------------------а) 40 теңге
ә) 33 -----------------------------------------ә) 90 теңге
б) 40 -----------------------------------------б) 100 теңге
4. Салыстыр:
8 жүздік * 6жүзд -----------------------9 жүзд * 5 жүзд
Минутпен өрнекте: ----------------------Сағатпен өрнекте:
2сағ 20 мин = --------------------------------1 тәуілік 4 саға=
а) 120 ә)140 б) 160 --------------------------а) 20 ә) 28 б) 24
4-айналым « Қызықты жетілік»
Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де Математика

- Ең маңызды ғылым бұл,
Қызықты тапсырмалар.
* Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (1 бұзау, 3 тауық)

Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян
• Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? 2кг
• Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? 4 тәулік
* Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр? (ж/м-1 ,мотоцикл-2,велосипед-1).

.«Сиқырлы кестелер»

Бос торкөзге 4,5,6,7,8,9 сандарын қойып баған бойынша ,қатар бойынша қосқанда 15 шығатын болсын.

1-топ

9

1

5

4

8

3

2

6

7

2-топ





8

1

6

3

5

7

4

9

2

Қорытындылау.

- Осымен, балалар «Кім білімді, кім күшті » атты сайысын аяқтай отырып.

Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.08.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров229
Номер материала ДA-010719
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх