Инфоурок / Математика / Конспекты / "Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасы" тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

"Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасы" тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

 №3

Сабақ өтілетін күн: 20.02.2016 жыл

7-сынып 12 каб.

Мұғалім: С.Д.Нурсапанова

Барлық оқушы саны: 16

Қатысқаны: 16

Сілтеме

Оқу жоспары, күнтізбелік жоспар

Ә.Н.Шыныбеков Алгебра 7 

Сабақ тақырыбы

 Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасы

Мақсаты

Рационал бөлшектердің қосындысы мен айырмасы туралы түсінік беру;

Жай бөлшектер мен рационал бөлшектерге амалдар қолданудағы ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білу.

Түйінді идеялар

Рационал бөлшектерге амалдар қолдану.

Әдіс-тәсілдер

Жекелей, жұптық, топтық жұмыс, баяндау

Көрнекіліктер, ресурстар

Интерактивті тақта, оқулық, маркер, түрлі түсті  қағаз, тақта, компьютер, стикер

Дерек көздері

Оқулық,электронды оқулық, дидактикалық материал, әдістемелік құрал.

Оқыту нәтижелері   

  • Тақырыпқа теориялық талдау жасай біледі;

  • Қосу және азайту амалдарын еркін қолдана алады;

  • Топпен, жұппен және өздігінен жұмыс істей алады;

  • Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін  еркін қолдана алады;

Сабақ барысы

І кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының  іс - әрекеті

Қызығушылықты ояту:

  • Ұйымдастыру, жағымды атмосфера орнату 2

 

Топқа бөлуді ұйымдастырады.

Сергіту сәті:«Көңіл күй лентасын» таратады.

 

Топқа бөлінеді.

Өз көңіл күйіне сай ленталарды таңдайды.

  • Үй тапсырмасын тексеру

  • Қарастырған үй тапсырмасы бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі

  • Белсенді әрекетке жұмылдырылады

  • Ойлау жұмысына ынталандырылады 5′

Үй тапсырмасын тексеруді ұйымдастырады. Топта  бір-бірінің үйге берілген № 511,512 есептерін тексеруді тапсырады.

Дәптерлерін жинап алады.

Өткен тақырыптарды пысықтау үшін ауызша сұрақтар қояды:

  1. Теңбе-тең түрлендіруді қандай есептер шығаруда қолданасың?

  2. Теңбе-тең түрлендіру кезінде қандай тәсілдерді қолданасың? Мысал келтір.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады. Кері байланысқа шығады.

Үй жұмысы топта тексеріледі. Қателері болса бір-бірінің қатесін жөндейді.

Дәптерлерін оқытушыға жинап береді.

Қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді.

 

2-кезең. Мағынаны ажырату 10′ 

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады.

Жаңа тақырыптың мақсатын анықтайды.

Оқушылардың қызығушылығын оятады.

Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстырып,  жаңа сабақ жоспарына тоқталады.

Жаңа тақырыпты оқулықтан оқуға беріледі. Бағыт бағдар береді, сырттай бақылайды. Білім дағдыларын анықтайды.

 

 

 

 

Мақсат қойғанда оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалім барлығын қосып ортақ мақсат жасайды.(жекелей оқушылар)

Оқушылар оқулықтан тақырыпты өз беттерімен оқып шығады.

Оқып болғаннан кейін жұппен, топпен талқылайды. Пікір қосады. Қажеттілерін дәптерге жазады. Ортақ шешімге келеді. Постер жасау арқылы қөрсетеді. Топ жетекшісі қорғайды.

Бағалау парағы толтырылады

3-кезең. Ой- толғаныс 20′

- талдау , өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

- жинактау, бір-бірімен ой бөліседі;

- сабақ қорытындысы.

Топқа сұрақтар беріледі.Сұрақтарға мысалдар келтіру арқылы өз тұжырымын қорғауды тапсырады.

1. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз?

2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосып азайтамыз?

Берілген сұрақтар бойынша жұппен, топпен жұмыс жасайды. Берілген тапсырмаларды мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді. Ортақ пікірге келеді. Жауабын тақтаға жазып,  кезекпен қорғайды. 7′

 

 

3. Жай бөлшектерді қосып алудан, рационал бөлшектерді қосып алудан айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?

Бағыт бағдар береді, қолпаштайды.

3 сұрақты жекелей жұмыс жасайды, содан кейін топта талдайды. Пікір алмасады, толықтырады. Тақтаға шығып ортақ кестесін құрайды.

Бағалау парағы толтырылады.

Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындауды ұсынады.

 

 

 

А деңгейі №511(тақ), 513  (1,3)

В деңгейі №522, 524(1,3) Берілген есептерді өз беттерімен шығарады. Ойларын айтады. Барлығы қабылданады. Жауаптың барлық нұсқасы талданады. Ең тиімді тәсілмен тақтаға шығарады.

А және В деңгейлерінің есептерін шығарған оқушыларға С деңгейінің есептері беріледі. Нәтижесін тексереді.

 

С деңгейі №534 [есептердің шешімі қосымшада көрсетілген]

Бағалау парағы толтырылады.

 

Логикасын дамыту үшін  слайдтағы тапсырмаларды көрсетеді.[есептер презентацияда көрсетілген]

Берілген есептерді ауызша талдап жауап береді.

Бағалау парағы толтырылады.

Бағалау 2′

Шығу парағы бойынша жазбаша жауап беруді ұсынады. Осы сұрақтар сабақты қорытындылап, оқушылардың білімін бағалайды.

Сабақ барысында толтырылған бағалау парағы  бойынша жиынтық бағалау жүргізеді. [бағалау парағының үлгісі қосымшада көрсетілген]

Шығу парағы бойынша сұрақтарға  жазбаша жауап береді:

1. Бүгін не үйрендің?

2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

3. Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару қажет?

Топ басшысы мен пән мұғалімі ортақ балдарын шығарып бағалайды.

Келесі оқуға арналған тапсырма 1′

Есептер шығару:  №512, №517,  №526. Рационал өрнектерді көбейту және бөлу тақырыбын оқу.

Қорытынды

Рефлексия 1′

«Екі жұлдыз бір тілек»

 


Общая информация

Номер материала: ДБ-002849

Похожие материалы