Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Рационал сандарды салыстыру 6 сынып математика сабағы

Рационал сандарды салыстыру 6 сынып математика сабағы



  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика

3-сабақ

Күні,уақыты:23.10.14

Сынып: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:Рационал сандарды салыстыру


Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдері:Автобус аялдамасы стратегиясы,Ыстық орындық сратегиясы,Басбармақ әдісі

Талантты және дарынды балалар: Құндызай,Қазыбек,Еңлік,Арай,Маржан,Болат.


Оқу мақсаттары:


Білімділік: Оқушылардың рационал сандарды салыстыру тақырыбы туралы түсінігін кеңейтеді.Сөздік қорларын байыту,өз ойларын жеткізе білуге үйрене отырып,ұжымда шағын топта жұмыс жасауды үйренеді.

Дамытушылық:Рационал сандарды салыстыру тақырыпқа сай берілген есептерді шешу арқылы дағдылары қалыптасады.

Тәрбиелілік.Оқушыларды бірін-бірі тыңдауға және сыйлауға тәрбиелеу.

Жетістік критерийлері:


Оқушының төменгі жетістігі:қабілетті оқушылармен бірлесе жұмыс істеп,тапсырмаларды орындайды.

Оқушының орташа жетістігі: қарсы топтарға сұрақтар қояды.

Оқушының жоғары жетістігі: танымдық сұрақтарға жауап береді,тақырыпты өмірмен байланыстыра алады.Деңгейлік тапсырмаларды орындай алады.Өкіл қызметін атқарады.

Ресурстар: интерактивті тақта,оқу құралдары,бақыт құсы, маркер,топтық жұмысқа арналған тапсырмалар

Математика 6 сынып Т.А.Алдамұратова,Т.С.Байшолпанов

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

(2 мин)

Сыныпты ұйымдастыру:

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.Сыныпта жайлы психологиялық ахуал орнату.

Ынтымақтастық атмосферасын құру үшін «Мен қандай баламын?» шарасы ұйымдастырылады.Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді.Қағаз ортасына «Мен» деген сөз жазылады.Алдын-ала оқушылар санына сәйкес қағазға жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады.Тақтаға жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап,сабағымызды бастайық.

Мұғаліммен амандасып,топтарға бөлініп отырады.


(3 мин)




(4мин)














(5 мин)


























(2 мин)









(2 мин)














(15мин)

























(2 мин)













(5мин)



















Оқушылар өздерінің алған күн шуағының нөмеріне сәйкес 1,2,3,4,5,6 топтарға бөлінеді.

Топ атауларын өздері қояды. Және ұрандарын қорғайды.


Үй тапсырмасын тексеру:

1) Интерактивті тақтада үй тапсырмасының дұрыс жауаптары беріледі.Сол жауапқа сәйкес «автобус аялдамасы» стратегиясы бойынша,әрбір топ көшбасшысы басқа топ мүшелерінің үй тапсырмасын тексеріп,кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтеді.

Оқушылар топпен орындағанда алмамен жеке орындағанда жапырақпен бағаланады.

Ӏ.Қызығушылықты ояту(кіріспе,ой қозғау)

Өткен сабақты еске түсірейік.

-Рационал сандар дегеніміз қандай сандар?

-Координаталық түзу дегеніміз не?

-Оң санның модулі?

-Теріс санның модулі?

Жауап береді.

Әр топқа тақырыпты өздері түсініп ашу мақсатында тапсырмалар беріледі.Сол тапсырмаларға сәйкес әр топ постер жасап қорғайды.

Тапсырма 1.Координаталық түзу бойында А(+3) нүктесі берілген.Осы нүктеге қарама-қарсы болатын В() нүктесінің координатасын тауып,координаталық түзуге салып,координаталарын өзара салыстырыңдар.

Тапсырма 2. Координаталық түзу бойында А(-0,5) нүктесі берілген.Осы нүктеге қарама-қарсы болатын В() нүктесінің координатасын тауып,координаталық түзуге салып,координаталарын өзара салыстырыңдар

Тапсырма 3. Координаталық түзу бойында А(1/5) нүктесі берілген.Осы нүктеге қарама-қарсы болатын В() нүктесінің координатасын тауып,координаталық түзуге салып,координаталарын өзара салыстырыңдар

Тапсырма 4. Координаталық түзу бойында А(-3,2) нүктесі берілген.Осы нүктеге қарама-қарсы болатын В() нүктесінің координатасын тауып,координаталық түзуге салып,координаталарын өзара салыстырыңдар

Әр топ постерлерін қорғап болғаннан кейін:

-Осыдан кейін координаталық түзу бойындағы сандар қалай орналасады екен? (бүтін сандар,бөлшек сандар (оң және теріс) сандарды орналастырдыңдар)

-Қалай ойдайсындар?-Не себептен бұлай орналастырдық?

-Осыдан шығатын қорытынды не?

Бүтін сандар,бөлшек сандар (оң және теріс) сандар рационал сандарды құрайды.

ӀӀ. Мағынаны ашу .Мағынаны ашу (танымдық кезең)

Мұғалім: Ендеше біз бүгін қандай сабақ өтеді екенбіз,қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар: Рационал сандарды салыстыру

Мұғалім: Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерімізге жазайық.

Әрбір топтағы тақтадағы таныстырылымдарды қолдану арқылы тақырыптың теориялық білімімен танысады және «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап береді және өз түсінігін баяндайды.

1) Сұрақтарға жауап беру

Теріс сандар мен оң сандардың айырмашылығы неде?

Өз-өзіне қарама-қарсы сан?

Бүтін сандарға қандай сандар кіреді?

Рационал санадар дегеніміз қандай сандар?

Координаталық түзу дегеніміз не?

2) Түсінік беру

Олардың таңбаларында.Оларды біз тек таңбалары арқылы ғана ажырата аламыз.

Ол сан 0 саны

Оң және теріс және 0 саны кіреді

Бүтін сандар,бөлшек санадр рационал сандар деп аталады.


Есептер шығару №390,392,394

Шығармашылық жұмыс(дарынды оқушылармен жұмыс)

1

Салыстырып,жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңдар:

1) (-5)*(-5,7), онда |-5|*|-5,7|

2) (-7)*(-6,3), онда |-7|*|-6,3|

3) (-2)*(-1,25), онда |-2|*|-1,25|

4)| (-9)*(-8,7), онда |-9|*|-8,7|

2

Салыстырыңдар:

|1,5|+|8|*|1,5+8|

|7|+|-|*|7-|

|-1|+|-4|*|4+1|

|2|+|-0,8|*|2-0,8|

3

Х-тің бүтін сан мәнін табыңдар:

1) 1 <х<2,4

2) -<х<

3) -8,5<х<-7,25

4) 20<х<21,3


«Рационал сандарды салыстыру» тақырыбын бекіту мақсатында

Басбармақ әдісін қолдану.

Сергіту сәті

1.Шеңбердің элементі?(радиус)

2.8 қандай сан? (аралас)

3.Шеңбер сызатын құрал?(циркуль)

4.Ұзындық өлшем бірлігі?(километр)

5.2 орынды ең кіші сан?(10)

6.Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар?(натурал)

7.Қосуға кері амал?(азайту)

8.1/50 қандай сан?(бөлшек)

9.Оң санға қарама-қарсы сан?(теріс)

10.Картаны сызуға қандай өлшем қолданамыз?(масштаб)

11.20 қандай сан?(бүтін)


Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды сергіту мақсатында сабақты қорытындылау үшін мына ертегіні пайдаландым.

Ертеде Данышпан деген елінде «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады.Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.

Байлық: менің арқамда ғана баласының төрт түлігі сай,үйі,дүние мүлігі ішіп-жемі мол болады.

Бақыт: Мен кімнің басына қонсам,соның атақ –даңқын шығарамын.Мансабын аспанға көтеремін.

Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды,нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.

Данышпаннан: «Байлық»-бір жұрттық, «Бақыт»-баянсыз, «Ақыл»-еңбек,білім деген сүйеніші ,тіреуі ,тұтқасы бар.Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да,бақытқа да кенеліп,мәнді де,сәнді де өмір сүреді.

Міне балалар бұдан шығатын қорытынды мынау.Ақыл,білім болған жерде бақытты да бай боламыз.Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып,білімді де,білікті азамат болып өсуіміз керек.





Әр топ басшысы топта неше оқушы шығарғаны және шығармағанын тексеріп шығады.














Координаталық түзуде нүктені тауып,орналастырады.Координаталарын салыстырады.



















Оқушылар рационал сандар қандай сандар екендігін айтады.












Ыстық орындық стртегиясы бойынша сұрақтарға жауап береді.













Әр топтан жеке сұрақтарға жауап береді.Жауаптарына сәйкес бағаланады.







Оқушылар есепті шығарады.



















Оқушылар сабақты түсінген,түсінбегендігін бас бармақтары арқылы көрсетеді.

(3мин)


(2 мин)

Жиынтық бағалау,формативті бағалау негізінде

Үйге тапсырма №391,393,395,396

«Бақыт құсы» рефлексия



Бақыт құсына оқушылар арман ,тілектерін жазады.







Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров63
Номер материала ДБ-331672
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх