Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Рахмет, саған ӘЛІППЕ!" атты тәрбие сағаты (1 сынып)

"Рахмет, саған ӘЛІППЕ!" атты тәрбие сағаты (1 сынып)

Скачать материал



Нұрай Так,так ,так

Бәрін бері қара.

Бүгін бізде

Болмақ қандай шара?


Досжан Тағзым етем, тақсырым,

Айтайын мен жан сырын

Естідім ұзынқұлақтан

1 «Ә» сыныбынан.


Нұрай Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

1 сынып оқушыларын ортамызға!


Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.


Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу» . Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Әліппе, саған мың алғыс!» ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың,

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік


Досжан

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

ӘН: «ӘЛІППЕ» ХОР 1:38

Нұрай

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.


Досжан Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?
Хормен: Әліппе досымыз!
Досжан Иә ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.

Әліппе: Ернұр Әліппе әнімен 2:38 мин

Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Досжан Әліппенің тойында

Әркім құмар ойынға

Әріптер сыр ашады

Қыздар биге басады


АҚҚУ БИІМЕН ҚЫЗДАРДЫ ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР 2 мин


Инабат Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.


Темірлан: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ боп,

Сауатты боп, шықты міне балаңыз.


Нұртас Бірінші беттен елімнің,

Ел таңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын сәнімін.


М.Аружан: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп-те.

Оқимыз қазір ертекте,

Үйретті оны Әліппе.


Эльдар

Ата-анамнан кейінгі

Екінші адам өмірде

Бала бол деп зейінді

Мейір құйған көңілге

Тәрбиелі білікті

Ол ұстазың сүйікті

Шәкірт қана алаңы

Өсиеті адалдық

Тентек сотқар баланы

Шығаратын адам ғып

Тәрбиелі саналы

Ол ұстазың сүйікті



Досжан: Қайыржан Аружанның орындауында «Бақытым» әнін қабыл алыңыздар 3:03


Қарақат Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.


Гаухар Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын.

«Әліппе» атты кемемен,

Кеземін білім мұхитын.


Айбике Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріппке.

Риза болып саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.


Назерке Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа,

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.


Досжан:Флешмоб биін қабыл алыңыздар 3 мин



Нұрай: Айбикенің орындауында «Оқуда озат боламын» әнін қабыл алыңыздар



Ж.Аружан Жақсы кітап-Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық.

«А» - дан бастап әріпті,

Түгел маған танытты.


Жания Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің сүйікті әліппем
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім


Аянат Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті, «Әліппемен»

Ризамыз бәрімізді таныстырған.

Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.


Досжан

Өнерліге әсем ән мен сән керек,

Өнегені қанжығаға өңгереді.

Өзбек биін билегенде Инабат

Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп.

  • Би: Шығыс биі 01:35



Зәуре Әліппем,менің әліппем!

Өмірді көрем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет!


Арнұр Арналды ұстаздарға
Құрмет деген, төр деген.
Біздің елде адам бар ма
Ұстаз алдын көрмеген?


Жанель Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреткен!

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеткен.


Ақниет: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен


Досжан: Қандай ертегі білеміз?


Шалқан ертегісін

Шалқан ертегісін шал –Кемпір –Қызы –, иті-, мысық –Тышқан

Ертеде бір шал шалқан егіпті. Ол шалқанын күні-түні күтіп баптапты. Күзде піскен шалқанын жұлып алмақшы болады. Шалқанды ары тартады, бері тартады шалқанды жұлып ала алмайды. Содан кемпірін шақырады.

  • Кемпірім кемпірім бері кел – дейді

Кемпірі келіп тартады ары тартады бері тартады тартып жұла алмайды.

Содан кемпірі қызын шақырады

  • Қызым, қызым бері кел – дейді

Қызы келіп тартады ары тартады бері тартады тартып жұла алмайды.

Содан қызы итін шақырады

  • Итім итім бері кел – дейді

Иті келіп тартады ары тартады бері тартады тартып жұла алмайды.

Содан иті мысығын шақырады

  • Мысығым, мысығым бері кел – дейді

Мысығы келіп тартады ары тартады бері тартады тартып жұла алмайды.

Содан мысығы тышқанын шақырады

  • Тышқаным тышқаным бері кел – дейді.

Тышқаны келіп тартады ары тартады бері тартады тартып жұлып алады.

Алпамыс Келгенде алғаш метепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе
.


Аян А-деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә-деген ол -әкелер ғой салмақты

Б-деген ол –балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.





Нұрислам Достастырған өзіңмен
Ұстазыма мың алғыс.
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс.

Эльдар: А- ны айтқанда дауысымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.


Қ. Аружан


«Рахмет саған әліппем» атты әнді қабыл алыңыздар. 2:30 мин

Әліппе: Ризамын балалар
Меңгердің болмадың босқа те
Ана тілі атты әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер

Әліппе:
- Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар.
Хормен: «Қош бол, құтты Әліппем!»

Ана тілі:Аружан Ж.

Ана тілі : Армысыңдар ағайын

Қош келіпсіз баршаңыз

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана-тіліңмін

Байыптап жақсы оқысаң

Негізгі менде білімнің.

Ана тілің құралың

Ана тілің ұраның

Ана тілің болмаса

Мықты болмас тұрағың


Даниал Ақыл ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

ӘН: «БАЛҒЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ». ХОР 2:31

Нұрай: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Досжан:

Аманат жүгін көтерген

Ұстаздық оңай іс емес

Шаршауын шәкірт өтеген

Ұстаздар осал күш емес

- дей келе сөз кезегін мектеп меңгерушісі Балжан апайға беріледі.



Нұрай

Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді,

Үйрететін тәрбие мен тәлімді.

Мектептегі істерінен бақ тауып,

Шығарды ғой талай талант өнерді.

дей келе сөз кезегін мектебіміздің ұстаздарына береміз.


Досжан: «Ана дегеніміз – әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген екен. Олай болса жарық дүние сыйлаған аналарымызға сөз кезегін береміз.


Нұрай Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.


Досжан:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

дей сөз кезегі Анар апайға беріледі.


Нұрай Әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.

Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз-ау,

Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.


Досжан

Алдында ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман - есен болыңдар -



Нұрай Құрметті ата- аналар, ұстаздар, қонақтар, Уақыт та талай жерге таяп қалды. Осымен мереке тойымыз аяқталды.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Рахмет, саған ӘЛІППЕ!" атты тәрбие сағаты (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 888
    • DOCX 34.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсадыкова Анаргуль Болатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18476
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции