Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Рахмет, саған Әліппе!" ертеңгілігі

"Рахмет, саған Әліппе!" ертеңгілігі

Скачать материал

НЫҒЫМАН АЛШЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛАУЛЫ ОРТА МЕКТЕБІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рақмет, саған
Әліппе!

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

           Р.Т. Батырханова

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

 

Тақырыбы: Рақмет, саған Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін бекіту. Әдептіліке, сауаттылыққа баулып, білімін, өнерін көрсету.

Көрнекілігі: ана тілі, әліппе суреті, нақыл сөздер

Мұғалім сөзі:

    -Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Осыдан 4 ай бұрын ата- аналары жетектеп 1- сынып табалдырығынан аттатқан бүлдіршіндер бүгін сауат ашып, білім алып, мектеп сатысының бір кезеңін артқа қалдырды. Бұл кезең Әліппе кезеңі.

Жаза білер ол егер

Қолға берсең қаламсап.

Зуылдата жөнелер

Әліппені ала сап –деп ортаға бүлдіршіндерімізді шақырайық.

        Бұлт                                                      Күн

Алшынов Әділет                                  Жубай Аяулым

Муса Арайлым                                     Әмірхан Мұқағали

Ибрагим Ақмарал                                Мухамеджанова Кымбат

Кунанбаев Еркин                                 Батырханов Арман

Бурабай Ақбота                                   Серікбай Сәния

Баешов Ерсін                                        Төлеген Дастан                                   

Темирболатова Даяна

Музыка ойнайды.

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға!

-Білім әлемінің беташары - Әліппені табысты аяқтауымен құттықтаймын.

 (Сахнада «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары, яғни оқушылар бір - біріне қарама - қарсы тұрады).
Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде аспан әлемінің бір жағында «Күн» елі, бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап, шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен.
«Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.
Дастан (1 - оқымысты): - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
Әділет (2 - оқымысты): - Оның дұрыс - ақ, әріптес. Олардың балалары жақында білім бастауы «Әліппемен» қоштасу кешін өткізеді.
Дастан: - Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа әрқашан жаны жақын.
Әділет: - Жарайды, қоштасу кешін «Жерде» өткізетінін айтып хабарлайық.
Дастан: - Уа, «Күн» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші «Жерде» болады.
Әділет: - Уа, «Бұлт» елі білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші
«Жерде» болады.
Мұғалім: Міне сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен тойды «Жерде» өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл тойға ұзақ дайындалды.
Сөйтіп той болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Олар ұшып жерге де жетті. Бұл тойдың аяғы немен аяқталатынынан бейхабар еді. Оны алдын - ала болжамайық, одан да тойды бастайық.

Би ФЛЭШ-МОБ

 

 

Жүргізуші:  -Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын. Сендер соған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:

Болашаққа жол бастар,
Ол – сүйікті Әліппе!

Ол  - сүйікті Әліппе!
Жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
(Әліппе ортаға шығады)

-Сәлеметсіз бе, Әліппе!

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

               Армысыздар, ата-ана

               Болашаққа жол бастар

               Әліппең келді ортаға

               Білім деген ғажаптың,

               Әліппесін меңгерген

               Келешегі қазақтың

               Басталады сендерден.        

Жүргізуші: Балалар,алфавитте неше әріп бар?(42)

Қымбат:             Алфавитті біліңдер

                             Онда жүйе қалып бар.

                             Біздің қазақ тілінде

                             Қырық екі әріп бар

-          Осы алфавитегі әріптердің сыры неде екен? Оқушыларды тыңдап  көрелік?

Арайлым:

Альфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші

Мұқағали :

«А» деген ол –аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол – әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол – балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі

Алшақ кетпей

Сондықтан да расында,

Тұрады олар альфавиттің басында.          

Ақмарал:

-Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені»  бітірдік.

Арман:

-Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа  әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

 

 

 

Ақбота: Бар кітапқа бас болған

              Әліппе ғылым анасы

              Әліппеден басталған

              Даналықтың данасы.

Ерсін:   Мектебің мынау классың

              Осында он жыл тұрасың

              Тарыдай болып кіресің

              Таудай болып шығасың.

Әділет: Барлық әріп бағалы,

              Айттық әділ бағаны

              Әріпсіз сөз болмайды

              Буын онсыз толмайды.

Даяна:  Әліппем, менің әліппем

   Сені қолға алып мен.

   Есігін аштым мектептің

   Ертеңгі сәуле жарықпен.

Дастан: Әліппе деген алтын жол

               Апарар сені алысқа

               Жеңіл емес ауыр жол

               Тырмысып бақ намысқа.

Аяулым:Енді біз жаза білеміз,

                Әріпті қосып әріпке

                Риза боп саған жүреміз,

                Сүйікті біздің, Әліппе!

Әділет:   Барлық әріп бағалы,

                Айттық әділ бағаны

                Әріпсіз сөз болмайды

                Буын онсыз толмайды.

Сәния:   Ең алғаш  алғанымда «Әліппені»                              

               Қызығып қарай бердім  әріптерді.

               Мен үшін жұмбақ болып  қалар ма еді,

               Ұстазым оның кілтін алып берді.

Ән: Әліппе хор

1-тапсырма: «Әріптер әлемі» Оқушылар әріпті мүсіндеп көрсетеді. Қандай әріп екенін ата-аналар шешеді.

2-тапсырма «Менің есімім» Әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әрпімен басталатын сөздер айтады.

3-тапсырма: «Сөз құрастыр, тез құрастыр» Ең алдымен жұмбақ шешіп, оның шешуін әріптермен құрап жазамыз. Екі топтың қайсысы жылдам, әрі дұрыс құрастыра алады екен?

1.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.    (бор)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.  (кітап)

Құстай ұшар,

Қанатты тұлпар (ұшақ)

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (қарлығаш)

Мұғалім:

-Біз әліппеден ертегі оқыдық. Қане, қандай ертегілермен таныстық?

                 (аттарын атайды) 

Көрініс «Мақта қыз бен мысық»

 

 

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа  кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Әліппе:

Риза болып аттанам.

Рақмет айтып шаттанам

Оқумен өсіп толыңдар

Аман-есен болыңдар!

 

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Бірге:

Қош келдіңіз, Ана тілі.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,                           

Ақылы мен танымын                        

Түсіндірер бәріне                               

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің – құралың,

Ана тілің – ұраның

Ана тілің болмаса,

Мықты болмас тұрағың.

Мұғалім:

   Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бой тұмардай  қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол –ел, жер және  тіл. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім-тәрбиені –тіл арқылы үйренеді.Ана тілі деп атаудың себебі – анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын  сыйлайтын әр адам өз тілін де құрмет  тұтып жүреді.

Құстар биі

Ән: Қошақаным Орындайтын Баешов Ерсін

Үнді биі

Хор: «Әліппе әні»

Мұғалім:

Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.    Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Жусупова Ж.С береміз.

                                        

«Ақ тілек» ойыны
 -Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рақметімізді айтамыз. Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Рахмет, саған Әліппе!" ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 297 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2015 930
    • DOCX 33.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Батырханова Роза Толеуовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Батырханова Роза Толеуовна
    Батырханова Роза Толеуовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22813
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе