Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Рахмет саған, Әліппе- ертеңгілік
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Рахмет саған, Әліппе- ертеңгілік

библиотека
материалов

Ашық тәрбие сағаты « Рахмет саған Әліппе!»
Мақсаты:

1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата - аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір - бірін сыйлауға, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:
Тақырып жазылған, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері.
Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларыңыздың білім шынына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Бүгінгі біздің 1 - сынып оқушылары әзірлеген «Рахмет саған әліппе» атты ертеңгілігімізді тамашалауға қош келіпсіздер. Әліппе жас жеткіншектердің алғашқы кітабы. Балада кітапқа деген қызығушылық осы кітаптан басталады. Бұл біздің алғашқы жеткен алғашқы жетістігіміз, шыққан асуымыз. Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды белі бесіктен шықпастан бастап жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу, бүгінгі біздердің- ұстаздардың, ата- аналардың міндеті. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттағын жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, білім бастауы Әліппені аяқтап отыр. Олай болса, осы жеткіншектердің ұзақ өміріндегі алғашқы асқан асуы, алғашқы мерекелері бәрімізге де құтты болсын. Мұғаліммен бірге, оқушымен қоса оқыған ата- аналар еңбегіміздің жемісін көрейік.

Өсті міне бойларың
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың, деп бүгінгі «рахмет саған Әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім:
- Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе,
Ол - сүйікті Әліппе!

Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе ортаға шығады:
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!


1 – оқушы: Еркеназ
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштаспақ.


Лейла:

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде? Түсінші.


А-деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә-деген ол -әкелер ғой салмақты

Б-деген ол –балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

2 оқушы: Самат

Әліппені құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет.
Дақ түсірмей бір бетке.


3оқушы: Кенжалы

Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

4 оқушы: Алинна
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар,

5 оқушы: Мирас
Қош бол,құтты Әліппе,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

6 оқушы: Айсулу

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің сүйікті Әліппем,

Сенің арқаң оқи жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім

7 оқушы:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

1 оқушы: Еркеназ

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

2 оқушы: Алинна

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.


3 оқушы: Мирас

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

4 оқушы: Самат

Келгенде алғаш мектепке 

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.

5 оқушы: Кенжалы

Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған 

Даналықтың данасы.

6 оқушы: Лейла

«5»- болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

7 оқушы: Айсулу

Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.


8 оқушы: Мирас

Алақай-ау, Алақай!

Алақай-ау, Алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай!

Осыдан да көлемді

Оқи аламын өлеңді.

Бардым бүгін мектепке,

Оқушымын мен енді!

Хор: Әліппе

Мұғалім:
-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен кімдер? 
Оқушылар (хормен): 
-МЕКТЕП! 
- ӘЛІППЕ! 
- МҰҒАЛІМ! 
- АТА-АНА! 
Олай болса, мен сендерге сұрақ қою арқылы білімдеріңді тексеріп көрейік.
Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма? (5 бес)

42 жауынгер
Сапын түзеп тұрады,
Бүлдіршіндер қауымы
Сырын терең ұғады. (Алфавит)

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (Бор)

Алты қырлы,
Алтын сырлы. (Қарындаш)

Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (Алфавит)

Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап)

Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты. (Өшіргіш)
Апта күндерін ата?
Қазір қай мезгіл?
Қазақстан Республикасының Президенті?
Ең кіші сан?

Сурет сабағына керекті құрал- жабдықтар?

Көру мүшесі

Дыбысты не істейміз?

Әріпті?

Екі таңбалы сан

Дене шынықтыру пәнінен беретін мұғалімнің аты?

Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! 
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, бұған. Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.

1.Шарға әріптерді жазып дауысты, дауыссыз дыбыс екендігін ажырату. Сол әріптен сөз құрату. (кітап)

Содан соң шыққан сөзді оқимыз. Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім:

Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек:

Онда мен де кітап оқығым келеді. 
Мұғалім:

Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек:

Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :

-Рахмет, шәкірттерім! Сендер әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. 
-Қане, әліппеге Қош айтайық! 
Рахмет саған Әліппе әнін орындайық 

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шағырайық.

Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе:

Қош болыңдар, балалар!

Балалар:

Қош бол, Әліппе!
Мұғалім:

«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған 
Рахмет ұстаз алғашқы.

Ән: «Мұғалім ол біздің»

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады. Енді шағын концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!

1.Ән: «Қошақаным»

2.Би:

3.Ән: «Бала тілегі»

4.Көркем сөз «Ғылым таппай мақтанба»

5.Би:

6.Хор: «Біз - өмірдің гүліміз»

Мұғалім:

Енді біз жаза біліміз,

Әріпті қосып әріпке.

Ырза боп саған жүреміз,

Қош бол сүйікті әліппе,- дей отырып бүгінгі «Рахмет саған, Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтай келе бүгінгі бүлдіршіндерді құттықтау үшін сөз кезегін мектебіміздің басшысы Ділдебеав Жангелді Серікбайұлына береміз.

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Барлықтарыңызға көптен- көп рахметімізді айтамыз.

















































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-376511

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"