Инфоурок Начальные классы Конспекты"Рахмет саған Әліппе!" ертеңгілік

"Рахмет саған Әліппе!" ертеңгілік

Скачать материал



Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі







hello_html_m5159caef.gif







Тақырыбы:



hello_html_340f9855.gif





Мұғалімі: Торекулова Г.

Сыныбы: 1 «А»



















Қаратау қаласы



Сабақтың тақырыбы: «Рахмет саған Әліппе!»

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушылардың білімдерін бекіту, сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау.

2) Дамытушылық: Өз өнерлерін көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.

3)Тәрбиелік: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, әріптер, шарлар.

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына қош келдіңіздер дей отырып, 1 «А» сыныбының «Рахмет саған Әліппе!» атты ертеңгілігімізді бастайық.

Мұхамедәли: Қайырлы күн, уа, халайық!

Айдана:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая аламыз сіздерді

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Мұхамедәли:

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл – ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар –

Ол сүйікті - Әліппе!

Ол сүйікті - Әліппе!



Мұғалім:

  • Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Мұғалім: Балалар, бұл кім келген? Әліппе қайда?

Мыстан кемпір: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен мыстан кемпірмін, мен Әліппені тығып қойдым. Егер сендер өнерлеріңді көрсететін болсаңдар, Әліппені босатамын.

Темірлан:

Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Нұрай:

Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай берді әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Нұрби:

Әліппем – жаттаған жақсы әнім,

Сенімен мектепті ашқаным.

Ұстаздың соңына ілесіп,

Бастадым білімнің дастанын.

Алижан:

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпте.

А-дан бастап әріпті

Теріп маған танытты.

Ақниет:

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың сауатты

Білімнің кілтін ашатын.

Абылай:

Қош бол, сүйікті әліппем,

Тіл тұсауын кестің сен.

Аяулы анам болып сен

Айыбымды кештің сен.

Мыстан кемпір: Балалар, мен сендердің әліппеге арналған өлеңдеріңді тыңдап, сендердің білімді, өнерлі бала екендеріңе сендім! Осы уақытқа дейін достарың болып келген сендердің сүйікті Әліппелеріңді босатайын. Ендігі өнерлеріңді Әліппеге көрсетіңдер!

Әліппе:

Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата – аналар!

Әліппе келді ортаға

Менің атым - Әліппе!

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Ағаң менен әпкең де.

Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер!

Иманғали:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым ағасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Ақтілек:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны Әліппе!

Ерасыл Жанай:

Іші толы әріпке,

Мынау әйбат әліппе.

Барлық ілім – білімнің

Әжесі осы Әліппе.

Альфия:

Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе.

Ән: «Әліппе»

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын дұрыс табыңдар. Бір сөз шығады. Қанеки мұқият тыңдаңдар.

  1. Әжеде бар, атада жоқ,

Әтеште бар, көжекте жоқ. (Ә)

  1. Мынау – доға, қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (С)

  1. Ірімшікті жедің ғой,

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қайсы әріптен басталған? (І)

  1. Ата-анаңмен барып сен,

«Пілді» көрдің «парктен»

Осы атаулар зер салшы

Басталған қай әріптен? (П)

  1. Пілде бар, шілде жоқ,

Допта бар, шарда жоқ. (П)

  1. Ешкіде бар, қойда жоқ,

Кеседе бар, қасықта жоқ. (Е)

Мұхамедәли:

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Айдана:

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

Гауһар:

«А» деген ол аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол ол әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Би.

Аксана:

Мынау менің кітабым,

Аса құрмет тұтамын.

Шөліркемес ашып сан

Білім нәрін жұтамын.

Біздің келер шамамыз,

5-ке 3-ті қосамыз.

10-нан 5-ті алып,

Жауабын тез табамыз.

Мұғалім: Математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер? Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.

Бейімбет:

Бір дегенің – білім,

Білім жарқын күнің.

Екі дегенім – еңбек

Еңбек бәрін жеңбек.

Арай:

Үш дегенім – үміт,

Үмітсіз жоқ жігіт.

Төрт дегенім – талап

Талмайтұғын қанат.

Бақдәулет:

Бес дегенім – бірлік,

Бірліксіз жоқ тірлік.

Алты дегенің – арман,

Атар таңың алдан.

Абылай:

Жеті дегенің – жігер,

Жеңер жолын білер.

Сегіз дегенің – сенім,

Сүйенішің сенің.

Дарина:

Тоғыз дегенің – талғам,

Тура жолға салған.

Он дегенің – Отан,

Отанды сүй ботам.

Ендігі кезекті көрініске берейік.

Ән: «Ертегілер.»

Әліппе: Құрметтеріңе рахмет, балалар.

Мұғалім: Балалар, сендер «Әліппені» бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі келеді.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім – ұраным

Ана тілім – құралым.

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Хормен:

Әліппемен қоштастық.

Ана тілімен достастық.

Мұғалім: төрлет «Ана тілі»

Сымбат:

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай силап бағып қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ерасыл:

Ана тілің арың – бұл,

Ұятың боп құрметте.

Өзге тілдің бәрін біл –

Өз тіліңді құрметте!

Ән хормен: «Отан»

Жігіттер: «Қара жорға» биі.

Жарайсыңдар жігіттер. Ендігі кезекті ойынға берсек. Сахнаға Гауһар, Ақтілек, Сымбат шығарып осы қыздардың әкелерін шақырғым келіп отыр.

Қыздардың аналары жұмыс бабымен басқа қалаға кетті. Мектепке шаштарын өріп келу керек және кешікпеу керек. 5 минутта өріп сабаққа жіберу керек.

Рахмет құрметті ата-аналар!

Келесі би сіздерге арналады, аяулы ата-аналар, қабыл алыңыздар!

Мұғалім: Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ. Сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Еліміздің қалаулы азаматтары болыңдар. Сонымен, бүгінгі «Рахмет саған Әліппе!» атты ертеңгілігімізді аяқтай келе сөз кезегін ата-аналарға берейін.















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Рахмет саған Әліппе!" ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2016 687
    • DOCX 65.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Торекулова Гулсара Ахметхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18066
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 27 регионов