Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Рахмет саған, Әліппе" (2 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Рахмет саған, Әліппе" (2 сынып)

библиотека
материалов

46 жалпы орта білім беретін мектеп











Тақырыбы:



«Рахмет саған, Әліппе! »

















Дайындаған: Ысқақова Ақзия

Нұрбергенқызы





Тақырыбы : «Рахмет саған, Әліппе! »

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

1.Безендірілуі: «Рахмет саған, Әліппе! » сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі «Рахмет саған, Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Рахмет саған, Әліппе! » атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

Ерте , ерте ,ертеде бір жаһанда «Әліпби » атты ел болса керек. Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып, көкке шарлап өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?

Бала күлкісі: Ия , Ханшайым біз қайда келдік. Естуімше,1 «Д » сынып оқушылары бүгін әліппемен қоштасып жатыр деп еді.

1- жүргізуші Ханзада

Армыссыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп , инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

2- жүргізуші Ханшайым

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға

Сахынаның бір бұрышын алма ағашын бейнесінде безендіру.Сахна бұрышынды сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді

.Сиқыршы қыз: Ой,бүгін күн қандай тамаша! Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай! Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен? Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің? (Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылар ортасына келеді)

Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым?

Ханзада : Армысыз, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы: Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын ?

Ханшайым: Кішкентай сиқыршы, сіз біздің мектебімізде тұрсыз. Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «Д» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!

Сиқыршы: Рахмет, маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?

Ханзада : Әрине болады.

Ханзада:

Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым:

Ханзада, мұның да бір себебі болар-ау!

Ханзада:

Иә,солай шығар! Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін бақтың іші тып-тыныш?

Ханшайым:

Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

Cиқыршы қыз:

Бұл бақта неше жылдан бері ешқандай кеш, ешқандай мереке өтпейді. Сол себептен осындағы тіршілік иесінің бәрі ұйқыда.

Ханшайым:

Онда оларды оятайық. Сен бізге көмектесші.

Сиқыршы қыз:

Мынау тұрған жұмыртқалардың ішінде бірнеше балапандар бар. Соларға жан бітірсем, олар осы баққа тіршілік енгізеді.

(Сахнада жайлы ертегілер әнімен жұмыртқаларға жан бітіреді)

Ән: «Ертегілер»

(жұмыртқадан шыққан балапандарға жан бітіп, балапандар биін билеп, орындарына жайғасады) «Балапан »

Ханшайым:Саламатсыздарма кішкентай балапандар? Сендер келіп едіңдер бақтың іші жайнап кетті ғой.

Ханзада:

Кішкентай балапандар айтыңдаршы, біз ханшайым екеуміз осыдан бірнеше жыл бұрын жеміс алма ағашын отырғызған едік, алайда ағаш бізге жемісін берер емес. мұның сырын қалай білуге болады?

Сиқыршы қыз:

Оның сырын мен айтайын ханзада мен ханшайым. Сіздер ағаштарың жеміс бермеді дейсіңдер ме? Бұл кішкентай бүлдіршінде № 46 ЖОББМ –нің 1д сыныбының бүлдіршіндері. Сендер ағаштарыңыз жеміс бергенін жақсы көрсеңдер, мен осы бүлдіршіндеріме берген білімімнің жемісін көргім келеді. Ал білім басы әліппеден бастау алады. Міне біз сол әліппеден алған біліміміз арқылы сендердің ағаштарынның жеміс беруіне көмектеседі. Солай ма балалар?

Балалар біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?

- 40

- Онда неше таңба бар?

- 2

Бұл әріптерді біз қайдан үйрендік?

- Әліппеден

- Ендеше біз әліппені ортаға шақырайық

- Әліппе келеді.

Әліппенің сөзі

Армысыздар, жас достар !

Армысыздар, ата-аналар !

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Менің атым – Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Бауыржан да, Мәлік те.

Балалар, мен сендермен төрт ай бойы бірге жүрдім. Бар білімімді, күш жігерімді сендерге арнап, сауаттарыңды аштым. Балалар, енді ата-аналарға , ұстаздар мен қонақтарға төрт айы бойы менен не үйренгендеріңді көрсетіңдерші.

Сиқыршы қыз

Әліппе біздің бүлдіршіндеріміз сенен әріп танып, міне бүгін қоштасқалы отыр. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздері қосып оқып, өздері жаза алады.

Әліппе:

Барлық әріпті меңгердік пе?

Ия

Сиқыршы қыз:

Біздің бүлдіршіндер барлық әріптерді үйренді. Ендеше таныған әріптерін еске түсіре отырып біздің бүлдіршіндеріміз ханзада мен ханшайымға ағаштарының жеміс беруіне де көмектеседі.

Ханзада : Алфавиттің А тұрады басында

Ханшайым: Әрқашанда Ә тұрады қасында .

Байқадың ба,

Ханзада

Б тұрады үшінші,

Ал осының

Сыры неде түсінші

1-оқушы

А деген ол – Аналар ғой ардақты,
2- оқушы

Ә деген ол- Әкелер ғой салмақты.

3-оқушы

Б деген ол – Балалар ғой әдемі...

Бірге : Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей,

Сондықтан да

Тұрады олар

Алфвиттің басында

. Сиқыршы қыз. :Ал, кәнекей достарым,

Асқақ әнге салайық.

Думандатып мейрамды,

Шырқып-шырқап алайық – деп сахна төріне «шақырамыз.

Ән

4-оқушы

Гүлдер,гүлдер көп гүлдер

Өте берсін көп күндер

«Г» дыбысын үйреніп

Гүлге қарап өсіңдер

-оқушы

Ғасыр,ғылым ғаламшар,

Ғайша ғалым Ғаламдар

Ғарышкерлер ғарышкерлер

Сөзінде Ғ дыбысы қараңдар

6-оқушы

Добым-добым домалақ,

Домалатсам жоғалат

Домбырамен күй тартып,

Д ны айту оңай ақ

7-оқушы

Ерлік,еңбек елдікпен,

Егеменді теңдікпен

Емендей мықтымыз,

Е дыбысын білдік біз

8-оқушы

Жан-жағыма жантайдым,

Жапырақтай жалпайдым

«Ж» әрпін жаздым жа

Жарға қарай шалқайдым

9-оқушы

Заман,заңғар биікте,

Құзғындарға ілікпе

Бізден басқа балалар

З дыбысын біліп пе?

11-оқушы

Ине ұстай аламын

Икемімді табамын

Инеліктей иіліп,

«И» әрпін саламын

12-оқушы

Күндей күліп өсеміз,

Көңілді кең көшеміз

«К» дыбысы көп екен,

Кітабымды көрсеңіз.

13-оқушы

Қауын,қарбыз жинаймыз

Қағазды бос қимаймыз

Қ дыбысы қатаң ғой

Оны қалай айтпаймыз

14-оқушы

Лағым менің лағым,

Селтеңдейді құлағың

Босқа жүрмей сенімен

«Л»-дан сөзді құрадым

15-оқушы

Ақ мақтаны терейік

Мектепке тал егейік

Мерекелі жиында,

М ны айтып берейік

Сиқыршы қыз.

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер!

Сахнада «Вальс биі» қабыл алыңыздар

16-оқушы

Нан-әлемнің азығы

Дастарқанның қазығы

Нар сөзінен балалар

Н дыбысын таныды

17-оқушы

Балпаң-балпаң басайық

Аңдарға жем шашайық

«Ң» дыбысын білмеген

Балалардан қашайық.

18-оқушы

Он саусағым ойнасын

Бояп-бояп қоймасын

Отан, орман сөздерін,

«О» әрпімен ойлайсың

19-оқушы

Бала отыр партада

Оқы, үйрен шаршама

«П » дыбысы дауыссыз

Мәлім болды баршаңа.

20-оқушы

Ризамыз оқуға

Ретімен тоқуға

«Р»-ды айту қиын-ақ

Кейбіреулер қорқуда

21-оқушы

Тайға мініп шабамыз.

Тау мен тасты табамыз.

Тарақ тайлақ тауықтан,

«Т » дыбысын табамыз.

22-оқушы

«У»-дауысты дауыссыз

Айыра білсең қауіпсіз

Уық,уыс сөздерін

У дан бастап айтамыз

23-оқушы

Ұршықтай зырлаймыз

Ұяны сырлаймыз

Ұлт, ұят сөзінен

Ұ дыбысын жырлаймыз.

24-оқушы

Үй мен үйшік жасайық,

Үзеңгіні басайық

Үрлеп үлкен шарларды ,

Ү әрпін жасайық

25-оқушы

Шеңбер жасап тұрайық,

Басымызды бұрайық

«Ш» дыбысын білеміз

Сөзден сөйлем құрайық

26-оқушы

Ыдыс, ырыс сөздері

Ұқсас екен өздері.

Ы дыбысы құрап тұр.

Дәл осындай сөздері.

27-оқушы

Ою,жою, сою,

Тәттілерге тою

Тыю,жою, қию

Барлық сөзде ю

28-оқушы

Қояным, шаяным,

Суретін бояды

Сөздермен осындай

Я дыбысын ойладым.

Ән әліппе

Ханшайым:

Ой, қандай керемет! Біздің ағашымыз жемісін берді.

Ханзада:

Балалар рахмет сендерге, сендердің білімдеріңнің арқасында біз ағашымыздың жемісін көрдік. Осының барлығы әліппенің арқасы екенін ұқтық.

1-оқушы:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2-оқушы

Әліппе деген алтын жол

Апарады сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

3- оқушы

Бар кітапқа бас болған

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған.

Даналықтың данасы

4-оқушы

Көзге ыстық көрінер,

Оқулығы, партасы

Оқу қызық болғаны,

Мұғалімнің арқасы.

Хор: «Мұғалім ол біздің »

Әліппе: Рахмет балалар! Әріп танып, білім алып, міне ағаштың жеміс беруіне көмектеріңді тигізіп жатырсыңдар.

Балалар,мен сендерге ризамын.

Жер бетінде адам өмір өткізер

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімнен аспанға жол салар.

Білім теңізіне салған кемелерің өрге жүзсін дей отырып, мен сендермен қоштаспақпын:

Маған әліппе оқулықтарыңды қайтарып берсеңдер. Мен келесі жылы мектеп табалдырығын атайтын балаларға жол жүрмекпін.(Әліппені әр оқушы сүйіп, пәндерге тапсырады.)

Сиқыршы қыз: Ханзада мен ханшайым міне,көрдіңіздер ме,Әліппенің арқасында алма ағашымыздың жеміс бергенін.

Ханшайым: Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге көп рахмет!

Ханзада : Әріптер,көп-көп рахмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер

Ау, балалар, балалар,

Ау, болашақ , даналар,

Кәрі- жасқа ой сала,

Үйрететін ой-сана

Ана тілін сүйіңдер,

Осыған бас иіңдер!

Қош болыңдар балалар, мені ұмытпаңдар

Бәрі: Таныстырған 40 әріппен,

Қош бол, қасиетті Әліппем!

Қош бол, құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Хор: Рахмет саған әліппе !

Сиқыршы қыз. :

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.

Алдарыңызда қазіргі үнді биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!

«Үнді биі»

Алдар көсе

Мен Алдармын, Алдармын.

Барлығыңды алдармын.

Дүйім жұртты таң қалдырып.

Талайларды алдадым.

Ана жақтан атқа мініп, нән тон киіп бай шығады.

Алдар көсе.

Алдар секіріп, өлең айтып тұрады.

Бай

Әй, Алдар, мына қақаған аязда осы сенің не сиқырың бар, тоңбайтын.

Алдар.

Менің тонымның сиқырлығы сонша, кірген суық мына жеңімнен шығып мына жеңімнен кетеді.

Бай

Ой, шын айтасың ба?

Алдар

Ойбай, нанбасаңыз киіп қараңыз.

Бай

Олай болса, екеуміз тонымызды ауыстырайықшы.

Алдар.

Алдады деген осы болады.

Сиқыршы қыз

-Ханзада мен Ханшайымның мақсаттары көңілсіз тұған бақты жарқырату еді. Міне бүгін осы мақсаттары орындалып, өз жөндеріне кетті.

Би

Хор. Мектебі.

Қорытынды.

Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров80
Номер материала ДБ-012005
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх