Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / «Рахмет саған , Әліппе! (1-сынып) Ертеңгілік

«Рахмет саған , Әліппе! (1-сынып) Ертеңгілік

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Рахмет саған , Әліппе!

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Әліппеден үйренген білімдерін ортаға салу , ана тілі оқулығығымен таныстыру.

Оқушыларды өнерге, сұлулыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу, ата-анамен байланысты қамту

Сабақтың көрнекілігі: Әліппеге көп рахмет! Қош бол сүйікті Әліппем! шарлар,білім туралы нақыл сөздер,кеспе әріптер,суреттер. Ахмет Байтұрсынов,Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың суреттері.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Музыка ойнап тұрады.Балалар қолдарына гүлдер, шарлар ұстап екі-екіден кіреді.

ІІ. Ертеңгілікті ашу. Мұғалім: Құрметті ата-аналар және ұстаздар, қонақтар! Бүгін сынып оқушыларының «Рахмет, саған Әліппе» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер.Осыдан 4 -ай бұрын кішкентай бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығын жүрексіне аттаса, бүгін міне ,Әліппені аяқтап сауатты болып, өздері жазып, оқи алатын болды. Ертеңгіліктің басты мақсаты- жетістіктерді сіздермен бөлісу.Осы жетістіктерге олар алғаш қолдарына ұстаған кітаптары- «Әліппе» арқылы жетіп отыр.Әліппе-білім бастауы.Ендеше ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Бала деген , шіркін-ай, балдай екен! Тәттілігі жая мен жалдай екен! Арып-ашып даладан келгеніңде, Бал иісін таттырып алдайды екен!- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай балаларымыздың бал тіліне құлақ салайық.

Жүргізуші: Қайырлы күн,Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын. Өсті міне бойларың, Өсті ақыл-ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың !

Жүргізуші: Білім алу үшін ең алғаш біз қайда келдік ? Оқушылар: Білім ордасы-мектепке келдік. Жүргізуші: Олай болса, мектебімізге арнап ән айтайық. Хор: Мектебім Жүргізуші:Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Іші толы әріпке Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар Ол сүйікті - Әліппе! Ол сүйікті - Әліппе! Жүргізуші:Ендеше, бәрімізге қымбат «Әліппені» зор құрметпен ортамызға шақырайық. Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе (Әліппе ортаға шығады) Әліппе : Назерке Армысыңдар жас достар! Армысыздар, ата-ана , Болашаққа жол бастар , Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажайыптың, Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің. Қуанышы баланың, Қуанышы ананың. Жақсы білім көрімдік Болсын сізге халайық. Не үйреніп, не білдік ? Қане ортаға салайық! Нұрасыл: Әріп біткен шығыңдар, Орындарыңа тұрыңдар. Бастайық, кәне айтысты. Жібермейік намысты. А әрпі : Лейла Ә әрпі Ақбота А-а-алдадым, Ә деп ұзақ айтамын Айдан А-ны табамын, Ә деп үйге қайтамын Апа, аға, атадан Әкем, әжем, тәтеме А дыбысын санадым. Әдемі ән айтамын.

Б әрпі : Балауса Ғ әрпі : Әділ Бала-бала баламын, Ғалым болып аламын, Бау-бақшаға барамын. Ғаламға да барамын. Ба-ба-ба-лан Ғылым, білім-ілімді Барабанды қағамын. Ғибрат еткен баламын.

Д әрпі : Диас З әрпі: Ерхан Добым кетті домалап, Зырылдауық зырлама Дәу алаңды жағалап. Зейінімді ұрлама Достарымды шақырып Зыр-зыр етіп зырылдайсың Ұстамақпын қуалап. Бір орында тұрмайсың.

Е әрпі : Нұрасыл: Л әрпі: Ақтөре Еріккен есек кезінде, Лашын құсым самғай бер, Тігіпті етік өзіне. Шынықсың жас қанатың. Мұны көрген емен, Секіріп лағым ойнай бер, Есекке жарайсың деген. Шыңдалсын мықтап тұяғың.

О әрпі : Сымбат Ұ әрпі : Қанағат Ойна,ойна,ойна, Ұлар, ұлар, ұлармын, Ой білімге бойла. Ұшқырлыққа құмармын. Оқушылар бүгін Ұлы сөздің басында, Мерекені тойла Ұ әрпі болып тұрамын.

Т әрпі: Нұрсері П әрпі: Сымбат Торғай,торғай,торғайсың. Партада жатқан кітапты Табиғатты қорғайсың. Піл парақтап қарапты Ұя жасап берейін , Кітаптан алған білімге Талға неге қонбайсың? Пайдасына жарапты

Ф әрпі : Жаннұр Ы әрпі : Ерзат І әрпі: Самал Фарида мен Фатима, Ыдырыс-ау Ыдырыс, Ілияс-інім,Інжу-сіңлім. Фотоаппарат алыпты. Алдыңда үлкен бұрылыс. Інім-ілімді,сіңлім-білімді Фархад пенен Фариза , Жол тәртібін абайла, Інісіне бағалы , Фермаларға барыпты. Артыңда үлкен құрылыс. Інжу ішік алғанды.

Жүргізуші: Балалар мен сендермен бір ойын ойнасам деймін.Ойнаймыз ба? Балалар: Ия,ойнаймыз .(Осы кезде Әліппе болатын оқушыларды шығаруым керек) Жүргізуші:Балалар ,мен сендерге жұмбақ жасырамын.Сендер жұмбақты дұрыс тапсаңдар бір сөз шығуы керек.Қане, мұқият тыңдайық. Жүргізуші: Әжеде бар, атада жоқ, Әтеште бар, көжекте жоқ . ( «Ә» әрпі)

Мынау доға, қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? ( «Л» әрпі)

Ірімшікті жедің ғой, Тәтті екен дедің ғой. Оның атын біз жазған Қайсы әріптен басталған ? ( «І» әрпі)

Ата-анаңмен барып сен, Пілді көрдің парктен. Осы атаулар зер салшы, Басталған қай әріптен ? ( «П» әрпі)

Пілде бар, шілде жоқ. Допта бар, шарда жоқ. ( «П» әрпі) Ешкіде бар, қойда жоқ. Кеседе бар, қасықта жоқ. ( «Е» әрпі) Жүргізуші: Балалар қандай сөз шықты? Балалар: «Әліппе» Жүргізуші: Олай болса Әліппеге арнап ән орындайық. Хор: «Әліппе»

Самал: Әріптердің тойында , Әркім құмар ойынға. Әріптер сыр ашады, Әсем биге басады. Лейла Алфавиттің «А» тұрады басында, Ақбота Әрқашанда «Ә» тұрады қасында, Балауса Байқадың ба «Б» тұрады үшінші Ал осының сыры неде түсінші?

Лейла «А» деген, ол аналар ғой ардақты Акбота «Ә» деген, ол әкелер ғой салмақты. Балауса «Б» деген, ол балалар ғой әдемі, Біздің елде үшеуі де кәделі.

Хормен: Алшақ кетпей... Сондықтан да расында, Тұрады олар Алфавиттің басында.

Жүргізуші: Аққу –қаздай шалқыған Қос жұптасып маңдана. Вальс биін билейді Таң қалады ата-ана.

Би: Вальс Оқушылардың орындауында вальс биін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Әліппе туралы өлеңдерді сыйға тартайық.

Ақтөре: Сымбат: Келгенде алғаш мектепке, Енді жаза білеміз Білмеуші едік әріп те. Әріпті қосып әріпке Оқимыз қазір ертегі, Риза боп соған жүреміз Үйретті оны –Әліппе. Сүйікті біздің Әліппе! Нурасыл: Лейла: Әліппем,менің,Әліппем! Әліппем,менің,Әліппем! «А» деген бастап әріптен Сені қолға алып мен Сөз құрап, жаза басадым, Есігін аштым білімнің Тақылдап таңба танып мен. Ертеңгі сәуле жарықпен. Ерзат: Әліппем,менің,Әліппем! Өмірді келем танып мен. Қайталап айтам мың рет. Өзіңе көп-көп рахмет.

Жүргізуші: Сұрақтар: 1.Балалар ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім? –Ыбырай Алтынсарин 2.Ыбырай Алтынсарин аталарың қандай өсиет қалдырған? Оқушылар: Кел,балалар, оқылық. 4.Әліппенің атасы кім? -Ахмет Байтұрсынов Ақтөре: Абай атамыз-қазақ халқының ұлы ақыны.Оның оқу, өнер туралы өлеңдері бар. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан.

Әліппе: Менен қандай мақалдар үйрендіңдер?

Оқушылар кезекпен: Туған жердей, жер болмас, Туған елдей ел болмас .

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Оқу- білім бұлағы, Білім өмір шырағы .

Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.

Жүргізуші: Әліппені тани отырып, математикадан не үйрендік ? Кәне, Санамақ айтып жіберейік.

Бір дегенім-бесік, Шықтың содан өсіп.

Екі дегенім-елім, Далам,тауым,көлім.

Үш дегенім-үміт, Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім-төзім, Төзе білем өзім.

Бес дегенім-бақыт, Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім-ақыл, Тыңдағаның мақұл.

Жеті дегенім-жалау, Жүректегі алау.

Сегіз дегенім-сөзің, Серт беретін кезің.

Тоғыз дегенім-тоқтау, Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім-Отан, Қорға соны ботам.

Жүргізуші: Әліппе дос, балаларға ризамысың? Әліппе: Ризамын,ризамын.

Жүргізуші:Балалар сендерге осындай өнер, білімді үйреткен кімдер ? Хормен: Мектеп,мұғалім, ата-ана, әліппе. Жүргізуші:Осы сөздерді тақтаға жазып,буынға бөлейік.

Шаршамай өсірген Қатемді кешірген. Қадірлі ата-анам, Мен сенің көшірмем.

Ән: Қанағаттың орындауында « Ақ дидарлы анашым» әнін қабыл алыңыздар

Әділ: Диас: Бар кітапқа бас болған, Мектебің мынау класың Әліппе- ғылым анасы. Осында он жыл тұрасың. Әліппеден басталған, Тарыдай боп кіресің. Даналықтың данасы. Таудай болып шығасың.

Балауса: Ерхан: Ізгілікті ойға тоқитын Оқитын әрі жазатын, Шәкірт боп үздік оқитын. Білімге қол созатын. Әліппе атты кемемен, Оқушы болдық сауатты , Кеземін білім мұхитын Білімнің тегін қазатын.

Қанағат: Әліппе даңғыл жол ашты Жаңадан пәндер жалғасты. «Әліппе» сырын ашатын, Рахмет ұстаз алғашқы! Хор: «Мұғалім ол-біздің» Балаусаның орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

Жауқазындай жайнаған қыздарымыздың қазақ биін тамашалаңыздар. Әліппе: Рахмет ,балалар! Әріпті танып, тақылдап сөйлей аласыңдар.Енді сауатты жазу мен мәнерлеп оқытатын достарыңмен таныстырайын. Ол- Ана тілі. (Әліппе шығып кетеді)

Ана тілі Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің, Ана тілің біліп қой , Мақтанышың, елдігің.

Ақыл-ойын дананың , Ана тілден аламын. Ана тілі ардақты , Ақ сүтіндей анамның.

Ана тілім- құраным, Ана тілім- ұраным, Ана тілім болмаса, Мықты болмас тұрағым,

Ана тілім- елдігім, Ана тілім- ерлігім, Ана тілім болмаса, Бүтінделмес кемдігім. Оқушылар хормен: Ия, біз «Ана тілін» де жақсы оқитын боламыз. Жүргізуші: Ана тілі туралы қандай білетін өлең, тақпақтарың бар?

Жаннұр: Нұрсері: Ана тілің арың бұл, Ұлтын сүйген баламын , Ұятың боп тұр бетте. Ұлтым тілі анамның. Өзге тілдің бәрін біл , Қазақ тілі ортақ тіл , Өз тіліңді құрметте , Тілімнен ой аламын.

Жүргізуші: Рахмет «Ана тілі». Біз ана тіліміздің мәртебесін көтереміз деп уәде береміз.Енді сіз бізбен бірге болыңыз.

Кыздар мен балалардың биін қабыл алыңыздар

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі жазып, оқитын халге жетті, Құтты болсын білімі балалардың. Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын! Білімдерін ары қарай дамытатын , Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын. Осы оқушылардың арасында Қазақстанның келешегі, болашағы мемлекетіміздің келешек президенті, депутаттары, халық қалаулылары да бар шығар.Келешекте егемен еліміздің- Қазақстан Республикасының нағыз азаматы мен азаматшалары болатындарына үлкен сенім артамын.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров134
Номер материала ДВ-445636
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх