Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / "Құрамында жалқы есімдер бар мақал-мәтелдер"

"Құрамында жалқы есімдер бар мақал-мәтелдер"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Құрамында жалқы есімдер бар мақал-мәтелдер


  1. Ай бетінде дақ бар.

  2. Ай қорланса, арбаңды сайла. Күн қорланса, күрегіңді сайла.

  3. Ай туса қуанба,

Жағымды туса қуан.

  1. Ай шалқасынан туса – ай бойы аяз.

  2. Ай қырынан туса, айбалтаңды сайла.

  3. Айдабол, ас ішерде пайда бол!

  4. Ақ Еділдің өзі болмасақ та, бұлағымыз.

Ақылды бастың өзі болмасақ та, құлағымыз.

  1. Ақырап – аспандағы Қамбар тоғысы.

  2. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,

Қарызынан құтыла алмайсың.

  1. Арғындар аса қонды,

Шөмекей баса қонды.

  1. Арғын – адыр,

Қыпшақ – шадыр.

  1. Арыстандай жігітте Алатаудай ақыл бар.

  2. Астраханда атты кісі таң болар.

  3. Атаңды Алатауда бір жығып ем (деме).

  4. Аяз би, әліңді біл.

Құмырсқа, жолыңды біл.

  1. Әзірейіл барда, жаным бар деме.

Барымта барда, малым бар деме.

  1. Әлім келсе, Арыс суын байлар ем.

  2. Әркімдікі өзіне,

Ай көрінер көзіне.

  1. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.

  2. Барар жерің Балқан тау.

Ол да біздің көрген тау.

  1. Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға сыймассың.

  2. Бидай – қырда.

Күріш – Сырда.

Жемістердің ғажабы – Жетісуда.

  1. Босаға батса, таң атады.

  2. Ботқаға қазан тоймас,

Пұттаған сөзді қолдаған құл

Мұхамметке үммет болмас.

  1. Ергежейліге есектен биік көлік жоқ.

  2. Ерді көрсең, Қыдыр тұт,

Асты көрсең, қадір тұт.

  1. Есімханның ескі жолы,

Қасымханның қасқа жолы.

  1. Жақсы – Ай мен Күндей

Әлемге бірдей.

  1. Жақсының сөзі – шамдай жарық, Айдай анық.

  2. Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.



Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров109
Номер материала ДВ-514823
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх