Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" тәрбие сағаты 7 мамыр

"Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" тәрбие сағаты 7 мамыр

Скачать материал

Тақырыбы: «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар».

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, ардақты азаматтар, қымбатты әкелер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.  Кешіміздің эксперттік тобы:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!

Құрметті әкелер, біздің ұлдар! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Әкелерді құттықтауға қыздарды ортаға шақырамыз.

Тақпақтар:

Аружан

1.Нағыз әке  ақылгөй де асқар жан

Барлық ұрпақ әкелерден басталған

 Ал әкелер өздеріне арналған

Бүгінгі той қуаныш пен мереке

Алима

2.Әкем менің асқар тауым тірегім

Бәрінен де сен қымбатсың білемін

Қанат қағып кетсем алыс қияға

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім

Айым

3.Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің әр  айың

Тойларыңыз құтты болсын әкелер

Балаларың төге берсін мерейін

Анеля

4.Есімде бейнесі әкемнің

Күлімдеп маған қарайтын

Мен саған талпынсам

Құшағын жая сап көтеріп алатын

Бибигуль

5) Сәулелі сөз сөне ме

Орны бөлек батаның

Бізге тәлім өнеге

Ақ тілеуі әкенің

Назерке

6) Әр сөзінің ақырын

Жақсылыққа тірейді

Қадап айтып ақылын

Көпке бақыт тілейді

Айғаным

7) Атамның ән күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мейірімі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет  ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып

Назым

8) Әкем шытса қабағын

Байқа балам дегені

Алған көп ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны

 

Айдынгуль

9) Бойға қуат береді

Әй жарайсын дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді

Арайлым

10) Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз

Сұлушаш

11) Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіне

Сағыныш сазды жүрекпен

Сыр арнаймын өзіңе

 

Жүргізуші: Өсірген баптап баласын

Әкелер әркез Жарайсың

Бар өнерін үйреткен

Оздырған да жүйріктен

Әке деген ардақты ат

-Келесі ән барлық әкелерге арналады. Қыздардың орындауында «Асыл әке» әні. Ду қол соғып қыздарды ортаға шақырамыз.

 

Ал ендеше ортаға екі әкені шақырамыз. Қазір сіздеркүштеріңізді сынайсыздар. Ойынның аты Кім мықта? 

 

Жүргізуші: Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Ортаға біздің  болашақ сарбаз қыздарымызды шақырамыз.

Би «»Сарбаздар»

 
Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп «Бала тілегі» әнімен қыздарды ортаға шақырамыз.

Келесі ойың Кім тапқыр? Жұмбақтар шешу

Жүргізуші: Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті
қыздардың орындауындағы Тока тока биіне береміз.

Жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп «Қуанышым сен» әнін тарту етеді. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі
Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.

Келесі ойын «Өнерлі әке». Ортаға әкелер шығады. Таңертен қыздарыңыздың шашын қалай жинайсыздар? Ең әдімі шаш үлгісін көрсету.

 

Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп құрметті  біздің ұлдар сендерге қыздар атынан шағын сыйлық сыйлағылары келіп тұр. Қазір мен ортаға бір бірден шақырамын.

 


Ең салмақты Нұрдаулет

Салады әдемі сурет.

 

Альтаир біздің ақылды

Сандарды тез санайды.

 

Ерқанат біздің ерке

Тұрады таңертен ерте.

 

 

 

Дархан біздің тәртіпті,

Ұғады тез сабақты.

 

Ерсұлтан біздің ұқыпты,

Дәптерге қатесіз жазады.

 

Кіп-кішкентай Таурат

Ақырғы сапта тұрат.

 

Мейрамбек біздің өнерлі

Қыздардан артық билейді. 


Келесі сөз кезегін эксперттік топқа береміз. Марапаттау.

Жүргізуші: 
Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 7мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
 
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" тәрбие сағаты 7 мамыр"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.08.2015 8187
    • DOCX 19.1 кбайт
    • 81 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Камина Акбала Канатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Камина Акбала Канатбековна
    Камина Акбала Канатбековна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19407
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 683 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 372 человека

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе