Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Құрастыру "Мерекелік ашық хаттар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Құрастыру "Мерекелік ашық хаттар"

библиотека
материалов


Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Қағазбен құрастыру

Тақырыбы: «Мерекелік ашық хаттар»

Мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, қағазды қос бүктеу, пішініне сәйкес әшекейлей білуге және аналарына сыйлық жасау арқылы анаға құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал -жабдықтар: үлгі көрнекіліктер, түрлі түсті қатты және жұқа қағаздар, пішіндері әр түрлі: тіктөртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, желім, қайшы.

Сөздік жұмыс: ашық хат, қос бүктеу, «саусақпен сындыру»


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалардан аналар мерекесі қарсаңында аналарына қандай сыйлықтар жасағысы келетінін сұрау, үлгі суреттерді көрсетіп, кім қандай түсті, қандай пішінді таңдағысы келетінін сұрау.

Өздеріне ұнаған түсті қағаздар мен пішіндерді таңдап алады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балаларға аналарына арнап ашық хат жасаудың жолдарын түсіндіреді. Өздері таңдап алған қағаздарды ортасынан қос бүктеп, оны саусақпен бастырып, сындырып алуды ұсынады. Бүктелген тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектерді алдын ала дайындап, қиылған әртүрлі өрнектермен әшекейлейді. Оны жолақ қағаздармен безендіруге болады. Өрнектердің түстерін балалар өздерінің қалауы бойынша таңдайды және өздігінен дербес әшекейлейді.

Балалар қағаздарды бүктейді, ою өрнектерді таңдайды, жіңішке жолақтар қиып алады, оны ашық хаттың бүктелген түп жағына тігінен жапсырады.













Рефлекциялық-түзетушілік

Балалардың жасаған ашық хаттарын көріп, әдемі жасалғандарын мадақтайды.

Әр бала өз ашық хаттарын көрсетіп, қалай безендіргенін айтып береді.


Күтілетін нәтижелер:

Біледі:ата-ананы сыйлауды, құрметтеуді.

Игереді:ашық хат жасаудың бірнеше түрлерін жасауды;

Меңгереді:қағазбен құрастыру дағдыларын


Білім беру саласы:«Таным»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:ҚМТҚ

Тақырыбы:«4 цифрымен танысу. Үлкен кіші, кішкентай, баланың зейінін дамыту.»

Мақсаты:4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; сандық қатардағы орнын анықтау, өзге цифрлар арасынан табу, «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету.

Көрнекіліктер: үлкен, кіші заттардың салыстыруға арналған суреттері.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ жауап, практикалық.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы

Балаларға жұмбақ жасырады:

Әйгерім өз себетіне

Үш саңырауқұлақ салды

Қарап жүрмей тағы да

Тал қасынан біреуін алды.

Жоғалтпайық уақытты

Бізге тек санау ғана қалды.

Төрт



Ұйымдастырушылық-ізденістік

1-тапсырма:

Педагог суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады. Содан соң сұрақ қояды:

-Неше дөңгелек салдыңдар?

-Неліктен?



2-тапсырма:

Педагог өлең оқып береді:

Білек күші тасыған,

Төрт күрескер ағаң,

Қолын қойып беліне

Шаршамайды ешқашан.



Педагог балаларға 4 цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені білдірсе, сонша моншақ бояуды тапсырады. Содан соң өзге цифрлардың арасындағы төрттіктерді тауып, оларды қоршап шығуды тапсырады.



«Санамақ». Сергіту минуты.

Бір, екі, үш, төрт,

Жиналамыз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт

Секіреміз бәріміз.

Бір, екі, үш, төрт,

Отырамыз бәріміз.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Педагог балаларға мынадай тапсырма береді: барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғары жолаққа қойып шығуларың керек. Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.

Педагог 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және ір жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.

баладан шаршылардың көлемі қандай және ір жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.

3-тапсырма.

Балалар 1-қатарды неше киіз үй тұрғанын санайды, олардың көлеміне назар аударады.

4-тапсырма.

Балаларға жұмбақ жасырады:

Мені қардан жасапты

Ойланып көр,

Қолым таяқ,

Мұрным сәбіз

Көзім көмір.

Педагог әр түрлі аққаларды көрсетеді.

Егер тапсырма дұрыс орындалған болса, төрт дөңгелек боялуы шарт.











Төрт

Үшке бірді қоссақ төртеу болады.







Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.



















Екі аяқтап алға қарай, бір орында тұрып секіреді,отырады. Қолдарын жан-жаққа созады.









Балалар шаршыларды санайды.

























Тапсырманы орындайды.













Аққала








Рефлекциялық-түзетушілік

Өзін өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Әйгерімнің себетінде неше саңырауқұлақ бар екен?

-Сендер қандай цифрмен таныстыңдар?

Педагог балаларды мадақтайды.



Төрт саңырауқұлақ.

Төрт цифрымен.


Күтілетін нәтижелер:

Біледі: 4 цифрын, «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін;

Игереді: 4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақты шешу.

Меңгереді: 4 цифры туралы түсінікті.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров907
Номер материала ДВ-336043
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх