Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Құрастыру сабағы "Көп қабатты үй"

Құрастыру сабағы "Көп қабатты үй"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:Құрастыру

Тақырыбы:Көп қабатты үй

Мақсаты: Құрылыс материалын пайдаланып бір немесе көп қабатты үйлерді және мұналараларды құрастыра білуге үйрету, олардың өзара қатынасымен ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру дағдыларын қалыптастыру, өзара қарым-қатынас жасай білу мәдениетін тәрбиелеу.

Қолданылытын көрнекі құралдар: құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жайнап түсті даламыз,

Жайнап түсті қаламыз.





Шеңберге тұрып қимыл қозғалыс жасайды








Ұйымдастырушылық-ізденістілік

Суретпен жұмыс:

-Балаларға суретті көрсетіп ,талдау жасау.

-Балалар сендер мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Үйлер қандай екен?

Үйді жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек екенін балаларға ойлануға және таңдауға тапсырма беріледі.

Алдымен үйді құрастыру жолдарын көрсету.Бір қабатты үйге төрт текше,екі үшбұрыш керек және оны қалай қою керек екенін түсіндіру.Ал көп қабатты үй жасау үшін бірнеше текшелер, бірнеше кірпіштер қажет болады. Ол үшін текшелерді түстеріне сәйкес орналастыру керек,екі қызыл текше, оның үстіне ұзын сары түсті кірпіш қойылады,оның үстіне екі жасыл түсті текше қойып, сары кірпішті орналастырып, оның үстіне көк түсті үшбұрыштарды қоямыз, сонда көп қабатты үй дайын болады

Сергіту сәті:

 Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн










Үйлерді

Көп қабатты,бір қабатты



Өз ойларын жеткізуге тырысады











Балалар мұқият тыңдайды

























Қимыл-қозғалыстарын жасайды

Рефлексиялық

түзетушілік

Қорытындылау:

Балалардың құрылыстарын мұқият қарап шығып әр баланың жұмысын жеке талдау жасау.Балаларды мадақтау.








Күтілетін нәтиже:

Біледі:құрылыс материалдарын пайдалана отырып үйлер және мұнаралар құрастыра алуды.

Игереді: үйдің көп қабатты, бір қабатты, «биік», «аласа» деген ұғымдарды және іс-әрекет барысында көрсете алуды.

Меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлеміне,пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра алуды.





















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров3233
Номер материала ДВ-353104
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх