Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Тесты / Разноуровневые задания по физике 7-класс на казахском языке
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

Разноуровневые задания по физике 7-класс на казахском языке

библиотека
материалов

Деңгейлік тапсырма 7 –сынып

Физикалық шамалар

I нұсқа

I деңгей

  1. Физикалық денеге мысал келтір.

  2. Мына сандарды стандарт түріне келтір: 48000; 0,000065

  3. Дененің ұзындығы 0,6 м. Осы ұзындықты сантиметр, миллиметр, километр түрінде жаз.



II - деңгей

  1. Сым темірдің диаметрін анықтау үшін оқушы ұзындығы 20 мм сымды қарындаш бойына қатарластырып 10 орам орады.Сым темірдің диаметрі қандай?

  2. Сhello_html_m17a1962c.gifуретте көрсетілген дененің көлемін табыңдар.Өлшемдері миллиметрмен берілген.









III – деңгей

  1. Жас бамбүк тәулігіне 86,4см–ге өседі.Ол секундына қанша өседі?



Деңгейлік тапсырма 7- сынып

Физикалық шамалар

II – нұсқа

I деңгей

  1. Физикалық заттарға мысал келтір.

  2. Мына сандарды стандарт түріне жаз: 296 000 000; 0.0058.

  3. Дененің биіктігі 12 м. Осы биіктікті сантиметрмен, миллиметрмен, километрмен жазыңдар.

II – деңгей

  1. Бактериялардың бір түрінің ұзындығы 0,05 мм. Қатар орналасқанда 1 см ұзындыққа осындай бактериялардың қаншасы сыяр еді?

  2. Суретте көрсетілген дененің көлемін табыңдар. Өлшемдері миллиметрмен берілген.

hello_html_3c205e6a.gif









ІІІ-деңгей

Егер 4 тәулікте тоғандағы мұз бірқалыпты 2 мм өсіп тұратын болса, онда бір ай ішінде мұз қандай биіктікке жетеді?

Деңгейлік тапсырма. 7-сынып

Механикалық қозғалыс. Жол. Жылдамдық.

Орташа жылдамдық

I-нұсқа

I-деңгей

  1. Төмендегі жылдамдықтарды м/с өлшем бірлігінде жазыңдар:

20 км/сағ., 36 км/сағ., 108 км/сағ.,

  1. Ұшақ 750 км/сағ. Орташа жылдамдықпен ұшып барады. Ол 6 сағат ішінде қанша жол жүреді?

II деңгей

  1. Екі дененің қозғалысы мына теңдеулермен берілген: х1=5t; х2=90+2t, х(t) тәуелділігінің графигін салып, олардың кездесу жері мен уақытын табыңдар.

  2. Жер бетінен 8 км/сек жылдамдықпен ұшырылған ракета неше минуттан соң одан 480 км ара қашықтыққа ұшып жетеді? Осындай ара қашықтықты ТУ-144 600 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жетеді?

III-деңгей

  1. Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 минут ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болғаны?



Деңгейлік тапсырма 7-сынып

Механикалық қозғалыс. Жол. Жылдамдық.

Орташа жылдамдық

II-нұсқа

I-деңгей

  1. Төмендегі жылдамдықтарды км/сағ. өлшем бірлігінде жазыңдар:

3м/с., 30 м/с., 45 м/с.,

  1. 4000 м жолды 50 м/с жылдамдықпен автомобиль қанша уақытта өтеді?

II-деңгей

  1. Екі велосипедшінің қозғалысы мынадай теңдеулермен берілген: х1 =5t; х2=150-10t тәуелділігінің графигін салып, олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.

  2. Пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен 45 км жүрген жолды, жылдамдығы 20 м/с мотоциклші қанша уақытта өтеді?

III-деңгей

  1. Әрқайсысының ұзындығы 360 м пойыз параллель жолмен бір-бірімен қарама-қарсы бірдей 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Екі пойыз кездескен соң соңғы вагондары ажырағанға дейін қанша уақыт кетер еді?





Деңгейлік тапсырма

7-сынып Масса

I-нұсқа

I-деңгей

  1. Массаның SI жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

  2. Денелердің массаларын кг мен өрнектеңдер:

4,5т., 0,75т., 4000г., 120г., 25г.,

  1. Көлемі 2 м3 тығыздығы 8500 кг/м3 жездің массасы қандай?

II-деңгей

  1. Екі арба әсерлескенде жылдамдықтары 0,2 м/с және 0,6 м/с-қа өзгереді.Үлкен арбаның массасы 0,6 кг болса, кіші арбаның массасы неге тең?

  2. Массасы 300 г білеушенің өлшемі 15*5*2 см. Білеуше жасалған заттың тығыздығын табыңдар.

III- деңгей

  1. Көлемі 15 см3 қандай да бір заттың массасы 109,5 г-ға тең. Осы заттың 1 м3-нің массасы қандай?











Деңгейлік тапсырма

7-сынып Масса

I-нұсқа

I-деңгей

  1. Тығыздықтың өлшем бірлігі қандай?

  2. Денелердің массаларын г-мен өрнектеңдер:

7,2 кг., 5,6 кг., 0,63 кг., 0,02 кг.,

  1. Көлемі 2 м3 өсімдік майының 1860 кг. Майдың тығыздығын табыңдар.

II-деңгей

  1. Массасы 40 кг бала су бетінде ағып бара жатқан массасы 0.8 т салдан 1,5 м/с жылдамдықпен жағаға қарай секірді. Сал қандай жылдамдыққа ие болды?

  2. Ұзындығы 10 м және көлденең қимасының ауданы 0,002 м2 болатын мыстан жасалған сымның массасын табыңдар. Мыстың тығыздығы 8900 кг/м3.

III-деңгей

Алматыдағы (Қ.Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы) телемұнараның биіктігі 108 м, оның массасы 304 т. Осы телемұнараның макетінің 108 см болса, оның массасы қандай болар еді?









Деңгейлік тапсырма

7-сынып Күш

I-нұсқа

I-деңгей

  1. Күштің белгіленуімен, өлшем бірлігін көрсет.

  2. Қандай күш әрекетінен қозғалыстағы дененің (басқа күштер әсер етпегенде ) жылдамдығы азаяды ?

  3. Массасы 80 кг денеге әсер ететін ауырлық күшін табыңдар.g=9,8 H/кг.

II-деңгей

  1. 2 H күш әрекетінен 0,04 м ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.

  2. Массасы 80 кг денені орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек, егер денемен жер арасындағы үйкеліс коэфициенті 0,6 болса?

III-деңгей

Горизонталь бағытпен қозғалып келе жатқан автомобильге 1,25 кH тарту күші, 600 H үйкеліс күші және 450 кH ауаның кедергі күш әсер етеді. Осы күштердің тең әсерлі күші неге тең?











Деңгейлік тапсырма

7-сынып Күш

II-нұсқа

I-деңгей

  1. Күшті өлшейтін құралды ата. Мына күштерді H-мен өрнекте: 0,78 кH., 4,6 кH., 52 кH.

  2. Қандай күш әрекетінен дене тік төмен түседі?

  3. 980 H ауырлық күш әсер ететің дененің массасын табыңдар. g=9,8 H/кг

II-деңгей

  1. Болаттан жасалған серіппе 120 H күштің әсерінен 0,015 м-ге ұзарды. Осы серіппенің қатаңдығын табыңдар.

  2. Массасы 75 кг дене 0.03 кH күш әсерінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэфициенті неге тең?

III-деңгей

Денеге бір түзу бойымен бір бағытта 20 кH және 30 кH екі күш әсер етеді. Осы күштерге қарама- қарсы бағытта 55 кH күш әсер етеді. Күштердің тең әсерлі күшін табыңдар.











Деңгейлік тапсырма

7-сынып Қысым

I-нұсқа

I-деңгей

  1. Атмосфералық қысымды кім алғашқы рет есептеген? Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған аспап қалай аталады?

  2. 0,2 м2 ауданға түсірілген 100 H күш әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

ІІ-деңгей

  1. Судың 60 см тереңдіктегі қысымын табыңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  2. Көлемі 6 м3 гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м2 болса, ол Жер бетіне қандай қысым түсіреді? (граниттің тығыздығы ρ=2600 кг/м3)

III-деңгей

  1. hello_html_m1944d7fc.pngСуреттегі U тәрізді

ауыздары ашық

түтікшеге біртіндеп

сынап құйылады.

Түтіктің бір жағында

су бар. Сынап

деңгейлерінің айырымы

һ=15 мм. Су қандай

биіктікке көтеріледі?



Деңгейлік тапсырма

7-сынып Қысым

II-нұсқа

I-деңгей

  1. Қысым қалай анықталады? Қысымның өлшем бірлігі қандай?

  2. 54 H күш 0,3 м2 ауданға әсер етіп, қандай қысым түсіреді?

ІІ деңгей

  1. Адам күректі 200 H күшпен басады. Күректің өткір жүзінің ауданы 0,8 см2 деп алып,оның топыраққа түсіретін қысымын табыңдар.

  2. Массасы 3 кг кіртасы үстел үстінде тұр. Кірдің табанының диаметрі 3 см болса, үстел бетіне қандай қысым түсірер еді?

ІІІ – деңгей

Текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған. Осы ыдыстың ішіндегі судың массасы 64 г болса, Судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай?













7-сынып

Деңгейлік тапсырма

Архимед заңы І-нұсқа

I-деңгей

  1. Архимед күші деп қандай күшті айтады? Оның өлшем бірлігі қандай? Төмендегі күштердің өлшем бірліктерін H-мен өрнектеңдер: 42 кH; 850000 мH; 0,47 MH.

  2. Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін Архимед күші ауырлық күшінен үлкен болса, дене батады ма?

  3. Суда жүзіп жүрген бөрене 0,05 м3 суды ығыстырса, бөрененің массасы қандай? Судың тығыздығы ρ=1000 кг/м3

ІІ-деңгей

  1. Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см бөренені суға тастасақ, көлемі қандай суды ығыстырар еді? Ағаштың тығыздығы 600 кг/м3.

III-деңгей

  1. Егер әр бөрененің орташа көлемі 0,8 м3, ал тығыздығы 600 кг/м3 болса, 25 бөренеден жасалған сал қандай салмақтағы жүкті суда ұстап тұрар еді?





7-сынып

Деңгейлік тапсырма

Архимед заңы ІІ-нұсқа

I-деңгей

  1. Архимед күшін қандай формуламен есптеуге болады? Төмендегі күштердің өлшем бірліктерін H-мен өрнектеңдер: 25 кH; 43000 мH; 78 MH

  2. Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін Архимед күші ауырлық күшінен кіші болса, дене батады ма?

  3. Суға көлемі 0,001 м3болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы ρ=1000 кг/м3

IІ-деңгей

  1. Ұзындығы 20 см, көлденең қимасының ауданы 4 см2 , тығыздығы 1250 кг/м3 дене серіппеге ілініп, тығыздығы 800 кг/м3 cұйыққа батырылған. Дененің сұйықтағы салмағын анықтаңдар.

ІІІ- деңгей

Іші қуыс темір шардың салмағын әуелі ауалады сонан соң керосинде динамометрмен өлшеген. Динамометрдің сәйкес көрсетулері 2,59 H және 2,16 H болса, шардың ішіндегі қуыстың көлемі қандай?





7-сынып .

Деңгейлік тапсырмалар

Жұмыс. Қуат. І-нұсқа

I-деңгей

  1. Жұмыс деп қандай шаманы айтамыз? Жұмыстың формуласымен өлшем бірлігі қандай?

  2. Төмендегі өлшем бірліктерді Дж-мен өрнектеңдер:

0.56 кДж; 1200 мДж; 450000 МДж

  1. Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарылады ма?

ІІ-деңгей

  1. 50 H күш әрекетінен дене 20 м жол жүретін болса, қандай жұмыс атқарылады?

  2. Электровоздың тарту күші 50 кH, оның 54 км/сағ орташа жылдамдықпен бірқалыпты 2 сағат жүріп отырғандағы істеген жұмысын табыңдар.

ІІІ-деңгей

Шығырдың көмегімен жүкті 0,8 мин ішінде 10 м биіктікке көтергенде, 120 кДж жұмыс істелінеді. Жүктің массасын, салмағын және оны көтеруге жұмсалған қуатты есептеңдер.







7-сынып .

Деңгейлік тапсырмалар

Жұмыс. Қуат.

IІ-нұсқа

I-деңгей

  1. Қуат деп қандай шаманы айтамыз? Қуаттың формуласымен өлшем бірлігі қандай?

  2. Төмендегі өлшем бірліктерді Вт-мен өрнектеңдер:

0,87 кВт; 4900 мВт; 1200000 МВт;

  1. Дене күш әрекет етпесе, бірақ қозғалыста болса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?

II- деңгей

  1. Қуаты 5000 Вт электроқозғалтқыш 30 минутта қандай жұмыс істейді?

  2. Қуаты 3000 кВт тепловоз 150 кН күшпен составты тартып келеді. Бұл составпен 48 км жолды бірқалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?



IIІ- деңгей

Тереңдігі 150 м шахтыдан көлемі 200м3 суды айдап шығару үшін қуаты 50 кВт насос қанша уақыт жұмыс істеу керек?







7- сынып

Деңгейлік тапсырмалар

Энергия I- нұсқа

I деңгей

  1. Қандай энергияны потенциалдық энергия деп атайды? Оның өлшем бірлігі қандай және неге тең?

  2. Төмендегі өлшем бірліктерді Дж - мен өрнектеңдер: 0,59 кДж; 74000 мДж; 0,21 МДж.

  3. Потенциалдық энергияға ие болатын денелерді мысалға келтір.



II- деңгей

  1. Масасы 50 кг дене 15 м биіктіктегі қандай потенциалдық энергияға ие? g=10 Н/кг

  2. Ұзындығы 1,5 м, ені 0,5 м және биіктігі 40 см бетон тақтаның энергиясы 690 кДж қандай биіктікте болатынын есептеңдер. Бетонның тығыздығы ρ=2300 кг/м3.



III- деңгей

Дене 10 м биіктіктен еркін құлайды. Жер бетінен 6 м биіктіктегі дененің жылдамдығы қандай? Жер бетіне соғылғандағы жылдамдығы қандай?











7- сынып

Деңгейлік тапсырмалар

Энергия I- нұсқа

I деңгей

  1. Қандай энергияны кинетикалық энергия деп атайды? Оның өлшем бірлігі қандай? Қандай формуламен есептеуге болады?

  2. Төмендегі өлшем бірліктерді Дж - мен өрнектеңдер: 1,6 кДж; 8100 мДж; 3,8 МДж.

  3. Кинетикалық энергияға ие болатын денелерге мысал келтір.



II- деңгей

  1. Масасы 8 кг дене 15 м/с жылдамдықпен қозғалса, қандай энергияға ие болады?

  2. Массасы 100 т ұшақ 200 м/с алып, 10 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?



III- деңгей

Массасы 9 г оқ қалыңдығы 5 см тақтайды тесіп өтіп, өзінің жылдамдығын 600 м/с - тен 200 м/с шамасына дейін кемітеді. Кинетикалық энергияның өзгерісін, үйкеліс күшінің жұмысын табыңдар.













Краткое описание документа:

 Предлагаемые разноуровневые задания охватывают весь курс физики 7 класса, что облечит работу учителя по проверке заний учащихся по той или иной теме.

 Задания составлены в соответствии с требованиями технологии дифференцированного обучения. По выполнению учащимися заданий данного типа можно оценить на какой стадии находится ученик по данной теме.

 Задания первого уровня предусматривают репродуктивную деятельность учащихся. То сеть соответсвуют первому уровню по таксономии Блума. 

 Следующия задания требуют умений учащихся интерпретировать знания т.е. соответсвуют более высокому уровню в классификации по Блуму. 

Автор
Дата добавления 19.01.2015
Раздел Физика
Подраздел Тесты
Просмотров997
Номер материала 319420
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх