Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Разработка годовых контрольных работ по физике для 7 классов

Разработка годовых контрольных работ по физике для 7 классов



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

7-сынып

I- нұсқа


1. Автомашина бензин құтысының сыйымдылығы 30 л.Оған толтыра құйылған бензиннің массасын есепте.


2. Болаттан жасалған серіппе 120Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы қандай?


3. Екі арба әсерлескен кезде олардың жылдамдықтары 20 және 60 см/с-қа өзгерді. Үлкен арбаның массасы 0,6 кг. Кіші арбаның массасы неге тең?


4. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см² болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?


5. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.


6. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін

анықтандар.


7. Массасы 1000 т поезд 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда, кинетикалық энергиясын тап


8. Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, 0,8 м/с жылдамдықпен, оны бірқалыпты тартып келеді. Ат 1 сағатта қандай жұмыс істейді?


9. Массасы 100 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып 10 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?


10. Қуаты 5 кВт, электр двигателін қозғалыс келтіретін механикалық күрек 144 т топырақты 10 м биіктікке 2 сағатта көтереді. Қондырғының ПӘК-ін тап.













II- нұсқа


1. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 250 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы

18,7 кг/м³ болса, оның көлемі қандай?


2. Егер динамометрдің серіппесі 5 Н жүктің әсерінен 4 мм-ге созылған болса, онда салмағы 10 Н жүктің әсерінен ол қанша мм-ге созылады?


3. Екі арба әсерлескен кезде олардың жылдамдықтары 20 және 60 см/с-қа өзгерді. Үлкен арбаның массасы 0,6 кг. Кіші арбаның массасы неге тең?


4. Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?

5. Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.


6 .Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды ығыстырып шығарады?

7. Қатаңдығы Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясын тап.

8. Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биіктікке 10 минут ішінде көтерілген болса, баланың өндірген куатын анықта.

9. Серіппелі пистолеттің серіппесінің қатаңдығы 400 Н/м. Оқтың массасы 5 г. Егер серіппе 2 см-ге сығылса, оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығар еді?


10. Кемеде салмағы 20000 Н трап ұзындығы 15 м көлбеу жазықтықпен судан

шығарылып алынды және 4,5 м биіктікке көтеріледі. Трапты тартып алатын тростың керілу күші 10000Н. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін тап.













7-сынып

1-нұсқа

1.Трамвай қозғалыс уақытының бірінші жартысын екіншісіне қарағанда 3 есе артық жылдамдықпен жүріп өтті.Егер барлық жолдағы орташа жылдамдық 20 км/сағ болса, онда трамвай жолдың екінші бөлігін қандай жылдамдықпен жүрген?

2.Көлденең қимасының ауданы 2мм2 мыс сым орамасының массасы 20кг.Орамын тарқатпай, сымның ұзындығын қалай табуға болады?Ол неге тең?(p=8900 кг/м3 ).

3.Радиусы 10 см ,қалыңдығы 1см іші қуыс мыстан жасалынған шардың салмағы қандай? (p=8900кг/м3, V=4/3πR3, шардың радиусы R)

4.U тәрізді қатынас ыдыстың ішіне сынап құйылды.Егер ыдыстың бір жағына бағанының биіктігі 0,8м су,ал екінші жағына бағанының биіктігі 0,2м керосин құйылса, онда керосин жағындағы сынап бағаны қанша биіктікке көтеріледі?(p=1000кг/м3, p=800кг/м3 , p= 13600кг/м3)

5.Мырыштан жасалынған қуыс шардың ауадағы салмағы 3,6Н, ал оны толығымен суға батырса, оның салмағы 2,8Н болады.Шардың ішіндегі қуыстың көлемі неге тең? ρс= 1000кг/м3 м=7100кг/м3 ,g=10Н/кг

6.Рычагтың көмегімен массасы 245кг жүкті бірқалыпты 6см биіктікке ұзын иініне 500Н күш түсіріп, одан осы күштің түсу нүктесі 0,3м-ге төмендеген.Рычагтың ПӘК-і қандай?

7.Қарындашқа оралған сым өткізгіштің ұзындығын ораманы тарқатпай ақ қалай анықтауға болады?







7-сынып

2-нұсқа


1.Саяхатшы 20 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат велосипедпен,сонан соң біраз уақыт 60 км/сағ жылдамдықпен мотоциклмен жүрді,барлық жолдағы орташа жылдамдығы 48 км/сағ болса,мотоциклмен қанша уақыт жүрген?

2.Консерві қалбырының ішін таттан сақтау үшін қалайымен қаптайды.оған 0,73г қалайы кетеді.Қалбырдың қалайы жабатын бетінің ауданы 400 см2 болса,қалайының қалыңдығы қандай болар еді?(p=7,3г/см3)

3.Адам салмағы 500Н жүкті көтере алады.Массасы 2 кг бос шелектің ішіне адам көтере алу үшін көлемі қанща сынап құюға болар еді?(p=13600кг/м3)

4.U әрізді қатынас ыдысқа су құйылған.Егер қатынас ыдыстың оң жағына массасы 8мг керосин құйылса, сол жағындаңы су бағаны қандай биіктікке көтерілер еді? Қатынас ыдыстың көлденең қимасының ауданы 2мм2 (p=1000кг/м3 , p= 800кг/м3 )

5.Іші қуыс жез кубтің массасы 170г, осы куб толығымен керосинге батырылғанда оған әсер ететін Архимед күші 4Н болған,қуыстың көлемі қандай? Ρк= 800кг/м3 ж=8500кг/м3

6.Массасы 15кг жүкті көлбеу жазықтықтың бойымен бір қалыпты орын ауыстырғанда, жүкке байланған динамометр 40Н-ға тең күшті көрсеткен.Көлбеу жазықтықтың ұзындығы 1,8м,биіктігін 30см деп алып,оның ПӘК-ін есептеңдер?

7.Қажетті құралдар:массасы белгілі гір тастар,жүкше,сызғыш. Осы құралдарды пайдалана отырып, ағаштан жасалынған жүкшенің массасын анықтауды түсіндір.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.06.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров33
Номер материала ДБ-130217
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх