Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Разработка Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа.

Разработка Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа.


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Абуова Фатима Кизадулайновна,

учитель курса «Человек.Общество.Право»

ГУ «Средняя школа №29» г.Актобе



Тақырыбы: Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа.

Мақсаты:оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің құқық бұзушылығын алдын-алу, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі...
Бірінші бөлім: Құқық туралы жалпы түсінік..
Екінші бөлім: «Сенің құқығың» - баптарды еске түсіру.
Үшінші бөлім: Мен заңды қаншалықты білемін?

Төртінші бөлім: Ситуациялық жағдайларды шешу

Бесінші бөлім: Қылмыскер бала қайдан шығады?

Қорытынды.


  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
    Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жасөспірім және қылмыстық жауапкершілік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
    Бүгінгі іс-шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғаймыз. Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Ал осындай жағдайлардың алдын алу үшін,болдырмау үшін әрқайсымыз не істеуіміз қажет? Қалай ойлайсыңдар? Оқушылар сендердің осы орайда міндеттерініз қандай? Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты оқушыларды қазірден бастап заң нормаларын білуге үйрету, заңды бұзбауға, құқықтық сауаттылықтарын арттыру болып табылады.
    Жалпы тәрбие қалай қалыптасады? Қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтар туып отыр.Осы сұрақтарға оқушылар сендердің ойларыңызды, пікірлеріңізді білсек? (слайд көрсетіледі)



Слайд6

I. Сабағымыздың бірінші бөлімінде құқық туралы жалпы түсінік беріледі.(слайд)
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық. (слайд)
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы түгелімен құқыққа арналған.(слайд)

Құқықтық білім дегеніміз не?Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны, заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Яғни жас адамдардың ақпаратты тез қабылдап есте сақтау қабілеті жоғары саналады. 

C:\Users\Asus\Desktop\dH4GyOtwTlM.jpg
«Сенің құқығың!» баптарды еске түсіру (слайд)
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
22-бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

Бала мен ата-ананың құқықтары  мен  міндеттері белгіленген заңдар – бұл

  1. Бала құқығының   Декларациясы

  2. ҚР бала құқықтары туралы Заңы

  3. ҚР Конституциясы

  4. Білім туралы Заң

  5. Неке және отбасы туралы Заң

  6. Балалар  құқығының  КонвенциясыӘкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс
    Осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар

  7. C:\Users\Asus\Desktop\55e5514434ea6.jpg









Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-ананың міндеттері де көрсетілген.

ІІ бөлім «Жастар арасындағы қылмыстар»
Мұғалім сөзі (слайд)
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі.Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Сотталған жас өспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жеделдамибастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. C:\Users\Asus\Desktop\i.jpg


Сабақтың екінші бөлімінде жасөспірімдерге қолданылатын қылмыстық жауапкершіліктер туралы анықтама беріледі.
Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда мәйітті немесе олардың көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.Жасалатын іс-әрекеттің қауіптілігі жасөспірімге «өзгенің өмірі мен мүлкіне тиіспе», - деп бала кезінен ата-анасы немесе тәрбиелеушілерінің үйретуіне байланысты.
Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Өсе келе жасөспірім жасалатын әрекеттерді өзі бағалап, таңдау жасай алады.

ІІІ бөлім «Ситуациялық жағдайларды шешу: Жағдаят №1

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып ал керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере  салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.

Сұрақтары:

  1. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

  2. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

  3. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?



  1. C:\Users\Asus\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\20151112_081814.jpg

Жағдаят №2

Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар арақ ішкен үш жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын ол жақсы түсінді. Арақ ішіп алғандар Маратқа бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Жігіттер Маратты ұруға келе жатады. Сонда Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан бірінші жігітті басынан ұрып құлатады.
Сұрақ:
• Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?



Кезекті тренингке берейік.

C:\Users\Asus\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\20151112_084007.jpg

«Ыстық  алақан» деп аталады

Нұсқау: Бір –бірлерімізге қарсы тұрып, алақандарымызды бір – біріне түйістіреміз.Көңіл күйлерімізді көтеру үшін, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз


Қорытынды. Сонымен, құрметті оқушылар, ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі сабақтың негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен аяқтайық. (слайд)
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Ұрлық түбі ... (қорлық)
3. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
4. Әділ істің...(арты игі)
5. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
6. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
7. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).
Осымен біздің кездесу тәрбие сағатымызда өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер оқушылар сіздерге өте керекті деп ойлаймын. Келген қонақтарымыз ұстаздарға да рахмет айтамыз.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру - деп болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.















































«Жасөспірім және зиянды әдеттер»





ТАҚЫРЫБЫ: «Жасөспірім және зиянды әдеттер»
Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
- Жүргізуші:
- Эксперт қонақтары
- Сынып жетекшілер, ата – аналар
Көрнекіліктер: Көрме «Зиянды заттар», видеоролик, номинациялар, слаидтар, жағдаяттар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздермен, бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер! Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады.
Сонымен, бүгінгі тақырып: «Жасөспірім және зиянды әдеттер» бүгінгі ток – шоуымызды «Сонымен, солай дейік...» бағдарламасы негізінде өткізгелі отыр.
Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт - наша, темекі, арақ.
Ал, енді сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр:
Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген.
Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.
Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.
Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.
Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13 - 15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.
1. Бүгінгі таңда елімізді толғандыратын адамның денсаулығына әсер ететін қандай зиянды заттарды білесіздер?
2. Темекі шегетін адамның өмірі қысқа болады ма?
3. Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)
4. Темекі шегудің алдын алу жолдары қандай? (темекі тастағысы келгенге көмек көрсету, қоғ/қ орындарда темекі шеккенге тыйым салу, кәмелетке толмағандарағ темекі сатпау) (темекі туралы слайд жүріп жатады)
5. Насыбай құрамында не бар?
6. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)
(насыбай туралы слайд)
- Оқушылар темекі жайлы өз ойын айтып шықты, сол жауаптармен келісесіз бе және темекі адам ағзасына қандай әсері бар екенің айтып кетсеңіз?
Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15 - 20 жас кем. Баланың миының дамуының 40 - 60 пайыз артта қалу себебі ата - аналарының маскүнемдігі.
Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар - 7 %, жасөспірімдер - 37 %, жастар - 54, 5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата - аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. «Арақ ішу – айып, мас болу - қылмыс» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Арақ ішкен адам қандай болады?
3. «Арақ ішу, жерде аунау...» дегенді қалай түсінесіздер?
4. Арақ ішіп қылмыс жасаған адам заң алдында қалай жасасын өтейді?
5. Отбасының бұзылуына ішімдіктің әсері бар ма?
6. Қалай ойлайсыздар, маскүнемдікке салынудың басты жолдары не?
- Жасөспірімдер құқық бұзушылық іс әрекет жасаса қалай жазаланады?
( насыбаймен ұсталынса, ішімдік ішкен болса т. б.)
Есірткі – бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т. б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.
2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Есірткінің кең тараған түрлері қандай?
2. Тәуелділік дегеніміз не?
3. Тәуелділіктің белгілке?
4. Есірткінің ағзаға әсері және зардаптары?
5. Нашақор адамның достары бар ма?
6. Есірткіні қолдануға не итермелейді? (қызығушылықтан және жаңа сезімге талпыныстан. Адам өзіне белгісіз нәрсені сынағысы келеді.)
- Жарма ауданы бойынша есепте тұрған нашақорлар бар ма? Тіркелген бе?
Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:
1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.
2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.
3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.
Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15 - 20 жас кем. Баланың миының дамуының 40 - 60 пайыз артта қалу себебі ата - аналарының маскүнемдігі.
Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар - 7 %, жасөспірімдер - 37 %, жастар - 54, 5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата - аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Ішімдіктер адам ағзасының қандай мүшелерін зақымдайды?
2. Ішімдіктің болашақ анаға, ана құрсағындағы балаға әсері бар ма?
3. Адам арақ ішпей өмір сүре ала ма?
4. Қалай ойлайсыздар, маскүнемдікке салынудың басты жолдары не?
Қонақ: Салтанат Жеңісқызы – мектеп медбикесі ортаға шақырылады.
- Ішімдіктің жасөспірім ағзасына зияны қандай?


https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=05ed3cb9d320ffe48e7fc8a59cbc80a8&n=33&h=190&w=273
Жағдаяттар:

1. Сынып жетекшілерге.

Сыныптағы бір оқушы қалтасынан қолын алғанда байқаусызда насыбай түсіп қалды.
Сіз байқап қалдыңыз, ол сізді көрген жоқ. Ақырын жан жағына қарады да, қалтасына салып алды. Сіздің әрекетіңіз?
2. Оқушыларға.
Сенің жан досын бар. Екеулерің 1 сыныптан бастап оқисыңдар. Бір – бірлеріне көмектесіп, өз сырларынды айтып, ақылдасып, бірге жүресіңдер. Кейінгі кезде досыңның өзгергенін байқадын. 1 рет шылым шегіп жүргенін, сыра ішкенін, аузына насыбай салғанын естідің. Сенің әрекетің?
Қойылған жағдаяттарға сынып жетекшілер мен оқушылар өз ойларын айтып, белсенді қатысып отырды.
Қортынды сөзді тәрбие ісінің меңгерушісі Журсінбаева Гүлнара Тұрлыбекқызына беріліп, қортындысы бойынша 3 номинациямен «Ең белсенді ата - ана», « Ең белсенді сынып жетекшісі», « Ең белсенді оқушы» дипломымен марапатталды.
- Бүгінгі ток шоу бойынша сендер көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын, болашақта зиянды әдеттерден айлақ жүреді деп сенеміз. Сонымен, солай дейік, солай болатына сенейік!
Нашақорлық – ғасыр дерті
Отаным – Қазақстан егеменді ел,
Қазағым жомарт менің, береген ел.
Қазағымның атсақ деп атңы болып,
Келеміз болашаққа елендеумен.
Біз – мынау жаңа ғасыр түлегіміз,
Еліміздің ертеңгі тірегіміз.
Замананың дертіне қарсы тұрар,
Бай болсын дарындыға туған елім.
Қаршадайдан білім қуып біз өскен,
Қазақ елі дамуға бет түзеген.
Бүгін мына жаудай тиген халқыма
Мен заманның дертіменен күресем.
«Нашақорлық – дерт десем» таңданбандар,
Әуес болсаң, тойғандағың.
Бұзылғаның, ағайын, наша шегіп,
Ел артынла керексіз қалғандығың.
Бас игеннің санасын сөндіретін,
Нашақорлық дерті мынау ғасырдың,
Қауіпті ел мен ұлтқа төңдіретін.
Өнер – білім жиырма бірінші ғасырыдң
Жылдар сайын ұлы айбыннын асырдың.
Нашақорлық қайғы болып халыққа,
Дамуына тұсау болар ғасырдың.
Ойлан, жасым,
Әуес болсаң көп істерге селтеңдеп,
Жанарыңда қайғы тұрар мөлтендеп.
Душар болып нашақорлық дертіне
Қалма артыңы қасіретті мол теңдеп.
Егеменді елің барда Қазақтайын,
Жыр ете бер еліңді, қазақтарым,
Қарсы тұрып мынау ғасыр дертіне
Өсиетін ата – баба сақта, ағайын.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 23.03.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров114
Номер материала ДВ-549760
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх