Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Разработка к 20 летию АНК" Бір шаңырақ астында"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Разработка к 20 летию АНК" Бір шаңырақ астында"

библиотека
материалов

ҚХА 20жылдық мерекесіне арналған халықтар фестивалі

Тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»

Мақсаты: 2015-Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған мектепішілік іс-шара. Еліміз белгілі бір тарихи, саяси оқиғалардың нәтижесінде өмір сүріп жатқан барлық этностар достығының ең басты және берік іргетасына айналды. Оқушыларға Қазақстанда тұратын халықтардың тарихымен, мәдениетімен таныстыру.

1 Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. «Бір шаңырақ астында» мерекелік фестивалімізге қош келдіңіздер.

2жүргізуші: Қазақ халқы ғасырлар бойы аса ауыр сынақтан өтіп, мемлекетін де құрды, тәуелсіздігін де алды.

2жүргізуші: Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ.

1 жүргізуші: - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган- Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

2 жүргізуші: Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының 20 жылдығын тойлап жатыр. 20 жылдың ішінде Ассамблеяның құрылымы нығайып, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.

1 жүргізуші: Бүгінде елімізде 130-дан астам этностар бірлікте, татулықта, бір ел-бір тағдыр болып, өмір сүріп жатыр.

2 жүргізуші: Ортаға «Саржаулау» биімен «Шабыт» би тобын шақырамыз.

2 жүргізуші: Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің көпұлтты халқымыздың бірлігін сақтайтын мәңгілік қорғанына айналды. Ол бірлік, тұрақтылық, толеранттық, жалпыға ортақ еңбек, патриотизм сияқты ортақ құндылықтарымызды қазақстандықтардың санасына сіңіруде.

1жүргізуші: Сен білесің елімізде қазақтардан кейін саны бойынша қандай халық басым?

2 жүргізуші: Әрине, ол орыс халқы. 2009 жылғы санақ бойынша орыс халқы 23,3%құрайды. Алғаш орыс халқының Қазақстан жеріне көшуі 18 ғасырдың І жартысы. Бүгінде олардың саны 4 млн жетіп, Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды.

1 жүргізуші: «Калинка» биімен орыс халқын қарсы алыңыздар

2 жүргізуші: 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат ассамблеядан сайлау құқығына ие болды.

1 жүргізуші: Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. . Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді.

2 жүргізуші: олардың қатарында өзбек халқына арналған мектептер мен мәдени орталығы бар. Бүгінде өзбек халқы орыс халқынан кейін 3 орында, елімізде 500 мыңдай өзбек өкілдері тұрады.

1 жүргізуші: «Достлык» атты өзбек тобын қарсы алыңыздар

1 жүргізуші: . Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды.


2 жүргізуші: Сабантой демекші.16 ғасырда Қазан хандығының құлауы нәтижесінде қазақ жерінде алғаш татарлар қоныстана бастады. Бүгінде тамыры бір татар халқы Қазақстанның солтүстігі мен шығысында көп қоныстанған.

2 жүргізуші: Алдарыңызда «Сарман» татар тобын қарсы алыңыздар

1 жүргізуші: 2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды.

2 жүргізуші: . Бір шаңырақ астында татулығы жарасып, ел тарихын жасасып жатқан жүз отыздан астам ұлт өкілдері қазіргі таңда өздерін «қазақстандықпыз» дегенді мақтанышпен айта алады.

1жүргізуші: олардың қатарында украин халқы де бар. Алғашқы украин халқының бір тобы 18 ғасырда Қазақстан жеріне қоныстады. Украин халқының орталықтары көкшетау, Петропавл. Қарағанды, Семей, Қостанай қалаларында жұмыс істейді. Украин халқы өзбек халқынан кейін 4 орында саны бойынша.

2 жүргізуші: «Украински новини» тобын қарсы алыңыз!

1 жүргізуші: Бүгінде Қазақстан көпұлттық мәдениет пен бірлікті дамытуға бағытталған ішкі саясатты ұстанып келеді. Мұнда әр халықтың өз мәдениеті мен дәстүрін көркейтудің мүмкіншіліктер аясы кең.

2 жүргізуші: Таяу Шығыс халықтарынан біздің фестивалімізге «Хадише» биімен биші қызымыз Ақботаны қарсы алайық

1 жүргізуші: 20ғасырдың басында Қазақстан жері мен халқы саяси аударылған халықтарға екінші отанына айналды. - Біз қазақ халқына шынында борыштармыз, – дейді Қазақстан корейлері филиалының төрағасы Юрий Югай. – Қазақстан репрессияға ұшырап, қазақ даласына жер аударылған барлық ұлыстарға туғанындай жәрдемдесті. Ата-бабаларымыз: «Қазақтарды сыйлаңдар, біздің тірі жүргеніміз, сендердің амандықтарың тікелей бауырмал қазақ халқының арқасы», дейтін. Сол қамқорлықты бүгінгі буын – біз де жақсы сезінеміз.

2 жүргіізуші: «Коре Сарам» корей тобын қарсы алыңыздар

1жүргізуші:  Ішкі саясат Қазақстан қоғамында ұлтаралық ынтымақтастық пен халықтар достығының көркейіп дамуына қолайды жағдай тудырды. Бүгінгі республикамыздағы діни конфессиялар мен ұлттар, ұлыстар арасындағы қарым-қатынастар отандас халықтардың шынайы достық пейілдерін паш етеді

2 жүргізуші: Қазіргі кезде Үндістан халқының азаматтары елімізде білім алып, жұмыс істеп жатыр. Екі ел арасында достық қарым –қатынас, экономикалық жағы күннен-күнге өсіп жатыр.

1жүргізуші: «Сатавари» биімен үнді қызын қарсы алайық.

1жүргізуші: 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше, бүгінде бұл аталған достық шаңырағы қазақ жерінде тіршілік ететін ұлттық-мәдени орталықтардың басын қосатын және аз ұлттардың мүддесін қорғайтын мекеме есебінде нәтижелі жұмыс жасауда.

2 жүргізуші: Кавказ халықтарының басым легі 1944 жылы ақпан айында Сталиннің жарлығымен Қазақстан ға 480мың шешен және 100 мыңдай ингуш халқы жер аударылды. Бүгінде кавказ өкілдері еліміздің әр бағытында жан аямай жұмыс істеуде

1 жүргізуші: «Вайнах» тобын ортаға шақырамыз

2 жүргізуші: Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етуде.

1 жүргізуші: Бүгінгі «Бір шаңырақ астында» атты халықтар фестивалі мәресіне жетті. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, халықтар достығы кеңейе берсің. Барлық қатысушыларымызға алғысымызды білдіреміз.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров184
Номер материала ДВ-100440
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх