Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Разработка класного часа на тему "Оралқан Бөкеев"

Разработка класного часа на тему "Оралқан Бөкеев"

  • Классному руководителю

Документы в архиве:

Название документа Орал·ан Б▓кеев.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

1-оқушы

Баурайынан бақ кетпеген

Қойнауынан құт кетпеген

Сабасынан сүт кетпеген

Байлауынан ат ,басынан бақ,астынан тақ кетпеген

Тастай салған таяғы тамырланған тал боп өсетін

Жатып қалған тоқтысы жамыраған мал боп өсетін

Елінде өсиет бар

Жерінде қасиет бар

Ұлымен ұлықты болған

Қызымен қылықты болған

Ақсуат менің жерім, Үштөбе менің елім

2-оқушы

Шыңғыстайдың келбетін көктемдегі

Көрсем деуші ем,армандап көптен бері

Құшағына ап Алтайдың от шеңбері

Жабырқаған көңілім көкке өрледі

3-оқушы

Жылу беріп жаныма Мұзтау жақтан

Жүгіріп кеп бетімнен өпкен желі

Осы екен ғой Шыңғыстай –Оралқанның

Арман кезіп,ой кешіп өскен жері.





4-оқушы

Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған.

5-оқушы

Шыңғыстайдың шығыс бөлігін көктей ағып жатқан бұлақтың сол жағасындағы қаздай тізілген ағаш үйлердің бірі-Оралқан ағамыздың ата мекені еді.

6-оқушы

Шыңғыстай қалай кетсем оған қонбай

Киелі мекен керек маған да ондай.

Емдейтін сезімімен жүдегенде

Шығыстың ақын халқы,көк шынары.

7-оқушы

1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады.

8-оқушы

1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған. 1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.

9-оқушы

Ақ бас Алтайдың ақ бұрқақ Ақыны –
Кербұғы секілді Қазақтың кербезі!
Оғлан Ойлары тұңғиық тебіреніп,
Арудай Сезімі тәкаппар еміреніп,
Өзендей буырқанып тасыған арнасы;
Бұрынғы Әулие,
Кешегі Жыраулар жалғасы –
Оралхан!

10-оқушы

Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген қаламгер оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңғалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген “Қамшыгер” атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді.


11-оқушы

Сұңқардай шүйліп,
Лашындай түйіліп,
Тұйғындай толғанған;
Тілегі Алашқа,
Жүрегі Алтайға айналған,
Қаламы ғарышпен сүйісіп,
Кіндігі Еліне байланған –
Оралхан!



12-оқушы

Оралхан Бөкей - ақын. Әр әңгімесі, әр повесі ақындық жүрекпен өмір тылсымын терең түйсініп, сол жұмбақтан өзіндік тың пәлсапа түйе отырып жазылған».



13-оқушы

Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың – қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің, нар едің –
Туған өлкең - өр Алтайдың өзіндей»

14-оқушы

«Оралхан Бөкей – суреткер. Табиғат пен адам жанын ақындық көзбен жіті тінтіп, екінің бірі байқай бермейтін тылсым құпияларды өрнектейді. Және де сол суреттері өзі көргендегідей тылсым күйінде, жұмбақ қалпында тұңғиығына сыр бүгіп тұрады».

15-оқушы

Шоқпардай маңдайдан шексіздік шашырап,
Болмысы жаралған бір тентек Арманнан.
Тылсымнан тылсымға тылсым боп жалғанған

Көкірек көзінен аққудай ақиқат сұңқылдап,
Еркіндік қырандай қомданған!

16-оқушы

«Оралхан еш уақытта тақырыптан таусылып көрген жазушы емес. Бір-ақ сөйлемдік мәселеден қалауынша шығарма тудыра беруге қабілетті де, құдіреті де жететін. Сол себепті де болар, ол «Жоспарланған дүниемнің көптігі сондай, оларды ешқашан жазып тауыса алмайтын шығарма» деп қиналатын».

18-оқушы

Жан, Аға!
Өлімнен қорқатын мынау бір әлемге,
Өлмейтін Сөзіңді қалдырдың!

Ал, қазір біздің Жақ –
Биліктің қан – жынын ұртына тыққылап,
Қалғанын, мұртымен сүрткілеп жарысқан,
Ар өліп, тұншығып ұяттар,
сатқындар сатқынмен табысқан.
Сен айтқан: «Сейітқұлдар» - «құрметті әкімдер»,
Сен айтқан: «Анаулар» - «атақты данышпан».

Ақылын қорлаған, иманын таптаған,
Атасын, күшігін, айғырын мақтаған.
Не деген кө-ө-өп еді жазушысымақтар,
Шыбындай қаптаған!

Біздің Жақ осындай,
Ішімнен жылаймын, ызамен күлемін,

19-оқушы

«Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде – бірі қаламдастар мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын».

20-оқушы

Сен айтқан: «Бархандай» қан құсып жүрегім,
Сен айтқан: «Ақтандай» ашынып жүремін.
Жан, Аға!
Біздің Жақ мәз-мейрам рухани тұралап,
Жанымды кім келіп жұбатар?!
Хәлімді қай адам сұрамақ?!
Қайтадан оралшы біздерге, Оралхан,
ҰЯТТЫҢ отына өртенсін мына Жақ!!!  

21-оқушы

«Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».

22-оқушы

Орекең бар қазақтың баласы еді

Дарыны көп қазақтан басым еді

Өрлігі он атанға жүк болатын

Кейде маңғаз,кей сәтте тасыр еді.

Бәрін айт,бірін айт, беу жалған-ай

Мына өмірге өлердей ғашық еді.


23-оқушы


Оралханның сүйсіне сөз қылатын бір артықшылығы оның осы кезге дейін азын – аулақ шығармаларының бәрінде де табиғи сұлулыққа, жер, су, орман сұлулығына деген қамқорлық, қамқорлық қана емес – ау, шын құштарлық, перзенттік сүйіспеншілік сезіледі. Сондай ыстық леп, терең тыныстар еседі.

24-оқушы

Ардақта асылыңды ең дұрысы

Есті сөз ер туғызған ел ырысы

Оалқан ойлы сөздің бағбаны еді

Керілген өр алтайдың кербұғысы

Білетін тау қадірін,тас қадірін

25-оқушы

Цензураның мың ширатылған қызыл жылан жіптерімен қол-аяғы мықтап байланған О. Бөкей кеңесті кемсітудің жолын дәл тапты; ол – қазақты биіктету, рухын ояту... Қаламгер сондықтан да кітаптан кітапқа қазағын Алтайдың асқар шыңына өрлете берді. Ең аяғында, өзі де қасқа құлынын жетектеп, қар жамылған Мұзтаудың ұшар биігінде күнге қасқая қарап, Кербұғыдай қарысып тұрып қалды. Мәңгілікке!..

26-оқушы

Алтайда аңсағандай асқақ ұлын

Ұлылар үйірінен көрінбейді

Қайда екен кісінеген қсқа құлын

Айдын көл алыстаса болар сағым

Сиқырлы сұлу сөзден сарай салған

Ордалы ел ұмытпасын оралқанын.

27-оқушы

Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш - өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді.

28-оқушы

Бал татыр Бұқтырманың суын ішкен

Өзеннің күркіреме көктен кешкен

Алтайдан түлеп ұшқан өршіл қыран

Күн кешіп Шыңғыстайда ,осында өскен

Сілкініп өр Алтайдың тауы ,тасы

жоқтайды күңіреніп Оралқанды.

29-оқушы

Өріліп көкке таспен құздың басы

Елінің көгіндегі қыраны еді

Нұр шашып гаухар тастан тұрар еді

Айрылып жібек баулы сұңқарынан

Кәрі Алтай егіліп бір жылап еді.

.

30-оқушы

Әдебиетіміздің қазіргі аспанын жарқыратып тұрған аяулы жұлдыздарымыздың бірі, ғажайып нәзік суреткер, тамаша журналист Оралхан Бөкей қапыда,қиыр алыста оралмас сапар кешті, біз тіл жетпейтін өкініш кешіп, тағы жылап қалдық.

31-оқушы

Тұлғаңда ерек еді басқалардан

Кербездік,даралығын тастамаған

Жырладың туған жердің сұлулығын

Мәрттік пен арамдықты қоштамаған.

31-оқушы

Оралхан Бөкей – жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымдылыққа ие болды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді.

32-оқушы

Оралханның прозасы өзінің терең өміршеңдігімен құнды. Ол - өз оқырманың ешқашан жоғалтып алмайтын шын бақытты жазушы.

33-оқушы

Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда, Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де болады.

34-оқушы

Оралхан – бар жанрда бағын сынап, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қайраткер қаламгер».



35-оқушы

Есімі өзімізге де, өзгеге де кеңінен танылған ерекше талант иесі Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы еді. Оның алғашқы әңгіме – повестерінен –ақ («Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным») ешкімге ұқсамайтын өзінше сөз саптасы, асқақ мінезі, алғыр зерде – зейіні оқушысын бірден баураған болатын.

36-оқушы

«... артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұңғиығына, жан – дүние тереңіне ой – арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.

37-оқушы

Оралхан Бөкей заман тынысын, замандас бейнесін, әсіресе рухы күшті адамдар туралы, мөлдір махаббат, рухани тазалық жөнінде, жан сұлулығы жайында талмай ізденіп өткен жазушы.

38-оқушы

Жамылып қара бұлтын қасіреттің,
Үзілді ортамыздан қасиетті үн.
Ғұмырын соншалықты қысқа ғылып
Адалдық адамдығын басым еттің


Қиятын жан емес ең кісі өлімге
Сені ойлап аза-қайғым күшеюде.
Тағдыр-ай арманына жеткізбедің
Қырық тоғыз алып кеттің мүшелінде

39-оқушы

Оралхан – дүниеден озғалы, міне, тура он жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады.

40-оқушы

Тербеген құштар жүрек, сонар – таңы
Үзілді ширатылған ән арқауы.
Ұшырған Ақиығын шыңдарынан
Алтайдың сөнді бүгін жанартауы.

Жан едің жұрт жаудырған шын алғысын
Жан едің шыңда өскен шынар-мүсін
Шырылдап қалды артыңда қос балапан

Қапыда кеткен қайран,қыран құсым...!

41-оқушы

Оралханның сүйсіне сөз қылатын бір артықшылығы оның осы кезге дейін азын – аулақ шығармаларының бәрінде де табиғи сұлулыққа, жер, су, орман сұлулығына деген қамқорлық, қамқорлық қана емес – ау, шын құштарлық, перзенттік сүйіспеншілік сезіледі. Сондай ыстық леп, терең тыныстар еседі.

42-оқушы

Өр едің, өр Алтайдай тірегім ең
Айрылды қазақ сендей түлегінен
Өзіңді қастерлеген туған елдің
Жатарсың орын алып жүрегінен

Жататын араласып үміт-қайғы
Қапыда
Тағдыр жолы тұйықтайды....
Оралхан деген аттың орны бөлек
Ел-Ана!
Сені ешқашан ұмытпайды.

43-оқушы

Оралхан прозасымен де, драматургиясымен де, тіпті асқақ мінезімен де тұнып тұрған сөз өнерінің шебері болатын.

44-оқушы

Жазушы Бөкеев – туған өлкесі - әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы! Оның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес.

45-оқушы

Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың – қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің, нар едің –
Туған өлкең - өр Алтайдың өзіндей.










Үштөбе негізгі орта мектебі

















Сынып сағаты:Оралқан Бөкей

















Орындаған:

қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Қыдырқанова Әлия Қыдырқанқызы

























hello_html_442140f5.png

Асқақ едің, нар едің –
Туған өлкең - өр Алтайдың өзіндей.





ANIMASHKI_0103





цветы





цветыhello_html_m70c5e058.png



hello_html_59eb9cd0.png

















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров183
Номер материала ДВ-016193
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх